АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 11.10.2016


ОҚЫРМАНДАРМЕН ОЙ БӨЛІСКЕН БАС ҚОСУ

Күні: , 136 рет оқылды

14708093_195973050812591_5359574642581522090_o10 қазан күні облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов ауданымыздың Жалпақтал, Жаңажол ауылдық округтеріндегі басылым оқырмандарымен кездесті. Оқырмандармен емін-жарқын жүздесуде облыстық қоғамдық-саяси басылымның қазіргі жай-күйі, ұстанып отырған бағыт-бағдары және соңғы кездері газет беттерінде жарық көрген көкейтесті тақырыптардағы мақала-материалдары әңгіме арқауына айналды. Сонымен қатар келер жылы 100 жылдығын тойлағалы отырған облыстық басылымның Елбасы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қалық бұқараға жеткізудегі, түсіндірудегі, қалың бұқараны адал еңбекке жұмылдыру, халықтың денсаулығын нығайту бағытындағы шаралар мен жат діни ағымдардан ел-жұртты сақтандырудағы ақпараттық-насихаттық жұмыстардың жайы баяндалды. Оқырмандармен пікір алмасу барысында басылымның мазмұн-сапасын жақсарту бағытындағы ой-пікірлер айтылды. Әсіресе, облыстық «Орал өңірі» газеттің арзан сенсация қумайтыны, басты бағыты мемлекеттік саясатты дер кезінде жеткізуге, елдің көкейінде жүрген түйінді түйткілдерді тарқатуға, ауыл-аймақтың дамуындағы жылт еткен жаңалық-жақсылықты көрсетуге ұмтылатыны патша көңіл оқырмандардың назарында екен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, соңғы кездері діни бағыттағы, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына, денсаулықтарын күтуге үндейтін бірқатар мақала санаға салмақты ой салады. Сонымен қатар ауыл тұрғындары облыстық газетте тәртіп пен тәрбие, еңбек адамдары туралы көбірек жазылса екен деген ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


«АУЫЛ БАТЫРЫ» 15 КҮН «ДЕМАЛДЫ»

Күні: , 142 рет оқылды

14601004_195590064184223_1661360944373737499_nҚараоба — ауданымыздағы әлеуметтік жағынан да, мәдениеті жағынан да жақсы көрсеткіштерге жетіп жүрген ауылдық округ болып саналады. Алайда, ел болғасын бір тентек жүреді ғой. Соның бірі ауыл тұрғыны Д-ны айтуға болады. Ол бір жыл ішінде тентектіктің түр-түрін көрсетіп, «ауыл батыры» атағын алды. Енді Д-ға бұл аздық еткен сияқты. Өткен тамыз айында ауылдағы мешітке «тойып» барып, имамның бөлмесінің есігін сындырды. Онымен қоймай имамды «әдемі» сөздермен сыдыртып өтті. Бұны кім кешіре қойсын?! Зәбірленушілер құқық қорғау органдарына шағымданды. Аудандық сот Д. ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, осы баппен 15(он бес) тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды. Сөйтіп, «ауыл батыры» 15 күн «демалды».

Гауһар ӘДІЛЖАН


ТҰРАРБЕК ТАҒЫ ДА ЖЕҢДІ

Күні: , 170 рет оқылды

14633275_195557994187430_305740415557644803_oБостандық орта мектебінің мұғалімі Асланбек Сармалаев бокстан үйірме ашып, оқушыларды боксқа баулуда. Ол жаттықтырып жүрген оқушылары аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлдемен оралуда. Осындай оқушыларына төккен еңбегінің жемісі де көрініп жүр. Сондай оқушыларының бірі –Тұрарбек Қалиев жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатының, Қазақстан Республикасының аймақтық чемпионатының алтын медалін, Қарағанды облысы Қ.Сәтбаев қаласында өткен Қазақстан чемпионатында қола жүлде иегері, облыстық деңгейде ұйымдастырылған 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта 40 келі салмақта алтын медалін, ауданымызда өткен жерлесімз Марат Елеусіновтің жүлдесіне арналған бәсекеде 44 келі салмақта да алтын медальдары сынды жүлделері бар. Тұрарбек осы жарыстармен қоса күні кеше ғана, яғни 15-21 қыркүйек күндері жаттықтырушысы Асланбек Сармалаевпен Атырау каласында өткен бокстан КСРО спорт шебері Қамбар Андашевті еске алуға арналған Республикалық турниріне қатысып, күміс жүлдегер атанды. Тұрарбек інімізге алда алар белестері көп болып, жеңістің шыңынан көріне берсін деген тілегімізді білдіреміз.

Гаухар ӘДІЛЖАН


«АЗАМАТ» КЛУБЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Күні: , 138 рет оқылды

14566422_195466580863238_866928655606396428_o5-7 қазан күндері Орал қаласында БҚО Білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жас құтқарушылар» облыстық слеті өтті. Жарысқа 13-16 жас аралығындағы ұл-қыздардан құралған 8 аудандық және 1 қалалық команда қатысты. Осы жарысқа ауданымыздың А. Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі Саясат Әбукенов жетекшілік ететін «Азамат» клубы да қатысып, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 2 орын иеленді. Жарысқа қатысуға қолдау көрсетіп, көмектескені үшін аудандық № 19 өрт сөндіру бөлімінің командирі Т.Бөпішевке ризашылықтарымызды білдіреміз.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.