АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.10.2016


ІШКІ ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

Күні: , 73 рет оқылды

14525041_195458804197349_9031926475007954739_oБүгінде аудан аумағында жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Соның бір айғағы «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 227 млн 966 мың теңге, жергілікті бюджеттен 107 млн. 278 мың теңге қаражат бөлініп, аудан орталығындағы және Жалпақтал ауылындағы 4329 метр ішкі жолдарға қара жамылғы төселсе, 3306 метр жаяу жүргіншілер жолы да салынбақ. Жөндеу жұмыстары аудан орталығында басталып та кетті. Қазіргі уақытта Қ.Жақыпов көшесі жөнделіп жатыр. Кезекте С.Сейфуллин және Ш.Шарафутдинов көшелері тұр. Жөндеу жұмыстарын «Юнисерв» ЖШС жүргізуде.

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАЛПАҚТАЛДА ПОШТАШЫЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 74 рет оқылды

14524486_194727764270453_8022101367149644408_o9 қазан — Дүниежүзілік пошта күні мерекесіне орай 8 қазан күні Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің қызметкерлері пошта алаңында жастармен бірлесіп, флеш-моб ұйымдастырудан басталды. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» пошташылардың төл мерекесі. Адаммен бірге жаралған ақпарат беру, хабар алмасу, сәлемдеме, хат тасымалдау секілді қызметтің бұл түрінің тамыры тереңде жатыр. «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған» пошташылардың төл мерекесі. Адаммен бірге жаралған ақпарат беру, хабар алмасу, сәлемдеме, хат тасымалдау секілді қызметтің бұл түрінің тамыры тереңде жатыр. Сонымен қатар мерекелік дастархан басында пошта байланыс бөлімшесінің басшысы Нұрхат Булаев мерекемен құттықтап, игі тілегін жеткізді.Ал, аудандық пошта байланыс торабында көп жылдар ерен еңбегімен халыққа қызмет көрсетіп, бүгінде зейнеткерлікке шыққан Л.Горынина, В.Метронина әріптестерін осынау атаулы күнмен құттықтап, алға қойған мақсаттарға жетуде сәттілік тіледі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


КОЛЛЕДЖДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

Күні: , 106 рет оқылды

14615680_194723837604179_3842720916322255799_o8 қазан күні Жалпақтал ауылының орталық саябақтағы шағын футбол алаңында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арналған шағын футболдан колледж лигасының аймақтық жарысының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа Ақжайық, Тасқала, Бөкейорда, Тайпақ, Жаңақала, Жәнібек, Жалпақтал колледждері қатысты. Ашылу салтанатында Жалпақтал колледжінің директордың өндірістік оқу жөніндегі орынбасары Талғат Биғалиев сөз сөйлеп, футболшыларға сәттілік, төрешілерге әділдік тілеп, Ел Тәуелсіздігігің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар жарыстық бас төрешісі Аслан Алданов ойын ережесімен таныстырды. Ойын жалғасуда.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 78 рет оқылды

14560007_194690594274170_5802732147602340632_oАуданымызда ауылдар мен елді мекендерді абаттандыру мақсатында жасалып жатырған жұмыстар жылдан-жылға артып келеді. Соның бір айғағы аудан орталығында көшелерге тал-теректер отырғызылып, «Достық», «Нұрлы бақ» саябақтары ашылып, ауылымызыға ерекше көрік беруде. Осы орайда 8 қазан күні аудан орталығындағы мекеме, кәсіпорын және қоғамдық ұйымдардың ұжымдары сенбілікке шығып, абаттандыру жұмыстарына ат салысып жатыр. Көшеттер отырғызылатын шұңқырлар қазылып, көшелерде тазарту жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындары да осындай сенбіліктерге қатыспағанымен өз көшелері мен үйлерінің айналасын тазартып, тал-теректер егуде.

Қайрат ЖАҚЫП


16 БЕТ БОЛЫП ШЫҒУЫНА ҚУАНЫШТЫМЫЗ!

Күні: , 70 рет оқылды

14444935_194431800966716_6138113364404482175_oҚазіргі күнде ақпарат ағыны өте көп. Бірақ мерзімді баспасөздің алар орны ерекше. Осы орайда аудандық «Ауыл айнасы» газетінің арқалар жүгі ауыр деп санаймын. Себебі елімізде жүргізіліп жатқан іргелі істерді және Елбасының сындарлы саясатын халыққа жеткізуде бірден-бір насихат құралы — газет. Енді 2017 жылдың баспасөзге жазылу науқаны басталды. Естіп жатырмыз — аудандық газет 12 беттен 16 бетке көшірілмекші екен. Бұл мәселені аудан әкімдігі және ішкі саясат бөлімінің қолдауы — құптарлық іс. Сонымен қатар баспасөзге жазылушылардың да ниеті осыған саяды. Өйткені үлкен аудан болғандықтан газет бетіне оқырмандардың және салалық мекемелердің материалдарына орын болмай қалып жатады. Бұлай болатын себебі газет бетінде көбінесе көп аудан әкімдігінің және мәслихаттың құқықтық — нормативтік актілері жарияланып, бұған оқырмандардың түсініспестігі көп болады. Сондықтан келер жылдың газеті 16 бетпен шығуына біз қуаныштымыз!

Миржан ҚАРАБАЛИН, Аудандық балалар- жасөспірімдер туризм орталығының бөлім меңгерушісі, өлкетанушы


-ОРАЛМАНҒА ҚАНДАЙ КӨМЕГІҢ БАР? –Т.ЕСБОЛОВ МЫРЗА

Күні: , 76 рет оқылды

14566492_194361417640421_4604598045566745393_oРедакцияға Қошанкөл ауылынан Айна Еруалиева деген азаматша келді. Ол өзінің өтінішін жеткізді. -Өзім Саратов облысының Александров-Гай ауданында дүниеге келдім. 2001 жылы Қошанөкл ауылының азаматы Мұстафа Еруалиевке тұрмысқа шықтым. Бірінші кезде Александров-Гайда тұрдық. Содан 2007 жылы ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес Қазақстанға оралман ретінде көшіп келіп, азаматтық алдым. (Оралман куәлігі №92, 2007 жыл) Ресейде 3 баламыз дүниеге келсе, көшіп келгеннен кейін 1 баламыз дүниеге келді. Қазіргі күнде 4 баламыз бар. Өзімнің мамандығым – мал дәрігері. Келгеннен бері тұрақты жұмысқа орналаса алмай, маусымды жұмыстарға ғана шығып жүрмін. Ауылдағы мал дәрігерлік қызметте істеп жүрген адам зейнетке шыққаннан кейін, осы қызметке кіру жөнінде «Қазталов аудандық ветеринариялық станциясы» МКК-нің директоры Талғат Есболовқа жолығып едім, -әзірше орын жоқ, -деді. Бірақ балабақшада істеп жүрген адамды қызметке алды. Бүгінгі күнде жолдасым да, өзім де жұмыссызбын. Қазақстан Республикасыының «Көші-қон туралы» Заңына сәйкес елге оралған қандастарымызға барынша қолдау жасау керектігі көрсетілген ғой. Сондай көмекті мен де көргім келеді, -деді ол бізбен әңгімесінде. Біз оралманның айтқан өтінішін Т.Есболовтың назарына жеткізуді жөн санадық.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ҚЫЗЫЛ-АЙ» БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

Күні: , 68 рет оқылды

14590048_194360880973808_1437389171426438888_o7 қазан күні Қайырымдылық айлығына орай «Қызыл-ай» қоғамдық ұйымының төрайымы Салтанат Дүйсенғалиева көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және педагогикалық-психологиялық түзеу кабинетінің оқушыларына сый-сияпаттарын тарту етті. Әлеуметтік педагог Альбина Рысқалиева, ерте жастан дефектолог Эльнора Жәрдемәлиева бұл берілген мектеп үлгісі киімдерін 15 балаға үлестіріп берді. Қайырымдылық айлығына арналған кездесуде педагогикалық-психологиялық кабинетінің тәрбиеленушісі Қарақаттың анасы Гүлдәрия Жүсіпова осындай көмек қолын созып жатырған «Қызыл-ай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салтанат Дүйсенғалиеваға ризашылығын жеткізді. «Қызыл-ай» қоғамдық ұйымының төрайымы Салтанат Дүйсенғалиева балаларды қайырымдылық жасауға, бір-біріне мейірімді болуға, қомқорлық көрсете отырып,болашақтарының жарқын болуын тіледі. Барлық балалар арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.

Жұлдыз АСҚАР


«ҚАЗПОШТА» ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

Күні: , 70 рет оқылды

14525052_194061477670415_66981999593636385_o6 қазан күні Дүниежүзілік пошта күніне орай аудандық «Қазпошта» торабы өз қызметін тұтынушыларға мерекелік дастархан жайды. Жалпы, алыс-алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған «Қазпошта» мекемесі қазіргі күнде заман талабына сай түрлі техникалық құралдармен жабдықталып, тұтынушыларға жедел әрі сапалы қызметтер көрсетіп келеді. Аудандық «Қазпошта» мекемесінің басшысы Жанар Нәсекенқызы өз сөзінде: — Біздің басты мақсатымыз – газет-журналдарды оқырманға уақтылы ұсыну және тұлғалардың сәлем хаттарын сенімді әрі бүтіндей жеткізу. Бастысы – қазіргі күнде қарапайым тұтынушыларға және пошта қызметкерлеріне қолайлы болуы үшін «электрондық қызмет» әдісі қолға алынды. Яғни, әрбір тапсырыс беруші қолындағы штрих-код арқылы өзінің күткен дүниесінің қай жерде екенін, қай уақытта жеткізілетінін білуіне мүмкіндігі бар. Біздің қызметкерлер де тұтынушыларға барынша қолдау көрсетіп, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып отырады. Бүгін бізге келуші тұлғаларға арнайы дастархан жайып, мекеменің қызметі туралы ақпараттармен бөлісе отырып, тұтынушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйладық, -деді.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.