АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 06.10.2016


«ТИМУРШЫЛАР» СӨЗІМЕН ЕМЕС, ІСІМЕН КӨРІНЕДІ

Күні: , 110 рет оқылды

14612351_194010587675504_8452349975662974439_o«Мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Жастар – ел ертеңі»,-деп жатамыз. Қоғамыздың іргесін нығайту үшін бүгінгі жас буынға үлгілі, өнегелі тәрбие беру, елжандылыққа баулу – мемлекеттік жастар саясатының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар, еліміздің жас азаматын Отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда ардагер ата-әжелеріміздің өмірі мен еңбек жолдары таптырмас үлгі. «Тимуршылар» командасы деген баяғы Кеңес Одағы кезінде кең таралған үрдіс еді. Ол кезде де мектеп оқушылары жалғызбасты қарт ата-әжелердің үйлеріне барып, қолғабыс көрсетіп, суын тасып, отынын жарып, үйін тазалап, әктеп беретін. Көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуды өз ұранына айналдырған «тимуршылардың» қазіргі аяқ алыстары мақтауға тұрарлық. Жастық шақтарын ел мен жердің гүлденуіне арнап, маңдай терлерін төккен ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелерге құрмет көрсету – бүгінгі буынның басты парызы деп білеміз. Мектеп оқушыларын өз елінің патриоты болып өсуге, салауатты өмір салтын, тазалық мәдениетін насихаттау және үлкендерге құрмет көрсету мақсатында Жалпақтал ауылында да игі істер атқарылуда. Жақында қамқорлық айлығы кезінде Жалпақтал аграрлық салалық және технологиялар колледжінің студенттері мен Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің оқушылары соғыс және еңбек ардагері Жұмат Сәрсембиевтің және тыл ардагері Валентина Молоткованың шаңырақтарында болды. Осы білім ордалары ұжымының оқушыларды еңбекке, үлкенге құрмет етуге, мұқтаж жандарға көмек беруге тәрбиелеп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қаншама қарт адамның алғысына бөлену, балалардың мерейін өсіріп, өмірге деген, адамдарға деген сүйіспеншілігін арттырмай ма? -Оқушылар жыл сайын өз көмектерін аямай келеді. Тек қана қомқорлық айлығы кезінде емес ай сайын көмек көрсетіп келеді. Ауламызды тазалап, біркелкі жұмыстар атқарды. Блаларымызға мың да бір рахметімді айтамын,-деген ардагер атамыз, оқушыларға өзінің ақ тілегін айтып, батасын берді. Қорыта келе айтарымыз, білім ордаларындағы ұстаздар қауымы бүгінгі ұрпағымыздың бойына қамқорлық жасай білу, қайырымдылық сынды қасиеттерді сіңіріп жатқаны әркімді қуантады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ – «ТАЗА ЖАҒАЛАУДА»

Күні: , 74 рет оқылды

14543932_194018907674672_5102863356879599273_oЖақында К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары Қараөзен өзені жағалауын тұрмыстық және қатты қалдықтардан тазалау мақсатында «Таза жағалау-2016» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Бүгінде өзен маңайын төңіректейтіндер тек тынығып қана қоймай демалыс мекендерін ластап кететіні жасырын емес. Осы мақсатта К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің оқытушылары мен оқушылары Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне орай «Таза жағалау-2016» экологиялық акциясы оздырылды. Акцияның мақсаты ауыл іргесіндегі Қараөзен өзені жағалауының экологиялық ахуалын жақсарту, жас ұрпақты туған өлкенің табиғатына сүйіспеншілікпен әрі ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. Сондай-ақ әрбір тұрғынның қоршаған ортаны сақтау мен оны қорғауға жауапкершілігін арттырып, туған өлкеміздің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуға дағдыландыру болып табылатын. Ұстаздар мен мектеп оқушылары ұйымшылдықпен атсалысып, белсенді жұмыс істеді. Өзен жағалаулары қоқыс-қалдықтардан тазартылып, жаңғырып қалды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


«ҚАЗПОШТА» ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

Күні: , 148 рет оқылды

14525052_194061477670415_66981999593636385_o6 қазан күні Дүниежүзілік пошта күніне орай аудандық «Қазпошта» торабы өз қызметін тұтынушыларға мерекелік дастархан жайды. Жалпы, алыс-алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған «Қазпошта» мекемесі қазіргі күнде заман талабына сай түрлі техникалық құралдармен жабдықталып, тұтынушыларға жедел әрі сапалы қызметтер көрсетіп келеді. Аудандық «Қазпошта» мекемесінің басшысы Жанар Нәсекенқызы өз сөзінде: — Біздің басты мақсатымыз – газет-журналдарды оқырманға уақтылы ұсыну және тұлғалардың сәлем хаттарын сенімді әрі бүтіндей жеткізу. Бастысы – қазіргі күнде қарапайым тұтынушыларға және пошта қызметкерлеріне қолайлы болуы үшін «электрондық қызмет» әдісі қолға алынды. Яғни, әрбір тапсырыс беруші қолындағы штрих-код арқылы өзінің күткен дүниесінің қай жерде екенін, қай уақытта жеткізілетінін білуіне мүмкіндігі бар. Біздің қызметкерлер де тұтынушыларға барынша қолдау көрсетіп, өз жұмыстарын жауапкершілікпен атқарып отырады. Бүгін бізге келуші тұлғаларға арнайы дастархан жайып, мекеменің қызметі туралы ақпараттармен бөлісе отырып, тұтынушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйладық, -деді.
 

Жұлдыз АСҚАР


ИНТЕРНАТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНУДА

Күні: , 76 рет оқылды

14525015_193982641011632_4551828214121951696_oКөптен әңгіме болып жүрген үлкен құрылыс аудан орталығында интернат салу жұмысы басталды. 100 орындық интернат құрылысының іргетасын қалау жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысты Сәбит Бекқалиев басқаратын «Сәтті Сәулет» ЖШС атқаруда. Қазіргі күнде 20 жұмысшы қызу жұмыс үстінде. Ел Тәуелсізідігінің 25 жылдық мерейтойында ауданымыздағы үлкен қуаныштың бірі деуге болады.
 

Гауһар ӘДІЛЖАН


АРДАГЕРЛЕР, ЖАРАЙСЫЗДАР!

Күні: , 88 рет оқылды

14560025_193794214363808_7202618940611652462_o 14566437_193794197697143_1629059619408899939_o 14589788_193794797697083_6977417976946060683_o5 қазан күні  Орал қаласында өткен «Тәуелсіздікке тағзым» атты ардагерлер арасындағы облыстық өнер фестивалінде Қазталов ауданының ардагерлері өз өнерлерін ортаға салып, жүлдегер атанды. Хор жанры бойынша ардагерлерден құралған хор ұжымы жерлестеріміз Серік Сүлейменов пен Нұрлан Нығметовтың «Аудан әнім» және Өтеген Шоқпановтың «Тәуелсіз елім — Қазақстан» атты әндерін орындап, бірінші орынға ие болды. Сондай-ақ 1970 жылы Қарағанды қаласында өткен республикалық бишілер байқауының лауреаты Айымжан Ахметова анамыз «Келіншек» биімен екінші орынға көтерілсе, «Мерейлі отбасы- 2016» байқауының жеңімпазы атанған Халықтық Беғалиевтер отбасылық ансамблінің жетекшісі Марат Беғалиев вокал жанрынынан дипломант атанды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев ағамызды әңгімеге тартқанымызда,- бүгінгі фестивальге  қатысып, өнерлерін ортаға салған барша ардагерлерге алғысым шексіз! Ал, осы хорға дирижерлық етіп, біздерді дайындаған Сағит Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы директорының міндетін атқарушы Мира Сүндетова қызымыздың және музыкамен сүйемелдеген аудандық саз мектебінің ұстаздары Ерлан Уаресов пен Қайрат Баймурзиндердің еңбектерін атап айтуға болады. Алдағы уақытта осы ардагерлер хорына Халықтық атақ алу үшін еңбектенеміз дегім келеді,- деп сөзін түйіндеді ардагеріміз. Ардагерлер, жарайсыздар!

Қайрат ЖАҚЫП


ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢДЫ ҰЛЫҚТА!

Күні: , 80 рет оқылды

14524421_193764057700157_4693751314353989162_o 14556620_193763144366915_3578063401235324888_o 14615792_193762444366985_1703278435432731373_o 14615818_193763817700181_5769955761740556556_oҚазан айында аталып өтетін мерекелер ішіндегі ең ұлық та ұлағатты мерекенің бірі – Ұстаздар күні. Осыған орай 5 қазан күні Қараоба ауылындағы Ғұмар Қараш атындағы мектеп- гимназиясында ұстаздардың төл мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Шараға қатысушылар алдымен Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай 25 түп ағаш отырғызды. «Біздің студияда» тақырыбымен ток-шоу ретінде ұйымдастырылған қызықты кештің алғашқы қонақтары болып студия төріне шақырылған әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, ауандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин шараға қатысушыларды құттықтап, -Ұстаз – бала көңілдеріңіз әр оқушының жан-дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуші. Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық. Еліміздің болашағын жасайтын жас ұрпақты тәрбиелеу жолында тек жетістіктер тілейміз, — деген лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ қонақтар өздерінің алғашқы ұстаздары туралы жылы естеліктерімен бөлісіп, қазіргі заманда мұғалім мәртебесін көтеру, ұстазға қандай қасиеттер қажет деген сауалдарға орай өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар ұстаздық жолда еңбек өтілдеріне және отау құрғандарына 25 жыл толып отырған Бостандық орта мектебінің мұғалімдері Жұмабек пен Айгүл Мұқановтар отбасы да студия төрінде өз естеліктерімен бөлісті. Мерекелік шарада аудандағы үздік ұстаздар мен барлық білім беру мекемелеріндегі оқытушыларға жұмыста белсенділік пен жоғары жетістіктерге жеткені үшін аудан әкімі арнайы алғыс хат табыстады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Күні: , 74 рет оқылды

14542533_193713151038581_3328256536683271726_o5 қазан күні аудандық спорт кешенінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде сөз алған аудандық жұмыспен қамту бөлімінің орталығының директоры Жүсіп Шакуов сөз алып, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне мемлекет тарапынан көңіл бөлініп отырғандығын, осы орайда жәрмеңкенің жұмыссыз жүрген адамдарға септігі тиетіндігін айтып өтті. Жәрмеңкеге 23 жұмыс беруші 58 бос жұмыс орнын ұсынған болатын. Сол бос жұмыс орнына жәрмеңке қорытындысында 43 адам жұмысқа орналасты.

Жұлдыз АСҚАР


ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Күні: , 130 рет оқылды

14542444_193710537705509_5062759411345811998_o5 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі аудандық кеңес отырысы өтті. Кеңесте күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық тәрбие жұмыс орталығының директоры Илан Нағымов, аудандық туризм және экология орталығының бөлім меңгерушісі Мержан Қарабалин, аудандық спорт мектебінің директоры Руслан Шәріпқалиев қосымша білім беру орталықтары, спорт мектептерінің, спорт кешені, жастар демалыс орталықтарының ауыл жастарымен атқарылып жатырған жұмыстары жөнінде хабарлама жасады. Сондай-ақ кеңесте аудандық жастар демалыс орталығының директоры Дархан Жалиев,- мемлекет тарапынан жастарды қолдау шаралары жыл өткен сайын артып келе жатқанын атап өтіп, жастармен атқарылған жұмыстар жөнінде түсінік берді. Кеңесте күн тәртібінде қаралған мәселелерге орай аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Әсем БОЛАТ


КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 72 рет оқылды

14500377_193702194373010_6521417736734789700_o5 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы ҚР мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері, аудандық әділет басқармасы, ардагерлер қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық әділет басқармасының бас маманы Аягүл Темрешева және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, полковник Өркен Өтебасов аудандық әділет басқармасы мен қорғаныс бөліміндегі ҚР мемлекеттік рәміздер қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ комиссияда мемелекеттік стандарттарға сәйкес емес мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру жөнінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі Болат Төлеушов, Ақпәтер ауылдық округі әкімі Есенгелді Айсағалиев және Талдықұдық ауылдық округінің бас маманы Гүлнәр Санкубаева хабарлама жасады. Космиссияда өзге де бірнеше сауалдар қойылып, нақты жауаптар қайтарылды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ

Күні: , 70 рет оқылды

14543762_193695127707050_8711109382336809732_o5 қазан күні мәслихаттың кезектен тыс 6 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі, оның орынбасарлары, мекеме-кәсіпорын басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты. Сеесияда Қазталов аудандық мәслихатының 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 39- 6 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Жадыра Сүндетова хабарлама жасады. Күн тәртібінде басқа да қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.