АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 26.09.2016


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА 1 КҮНДІК ОҚУ ӨТТІ

Күні: , 174 рет оқылды

14500725_190134104729819_9036813505219343322_o 14500545_190134931396403_9190400868431248951_o26 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту» мемлекеттік кәсіпорны, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» мүмкіншілігі шектеулі балалардың күндіз болуына арналған мемлекеттік әлеуметтік мекемесі және Қазталов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкелер арасында «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында 1 күндік оқу өтті. Біліктілікті арттыру семинары барысында «Шапағат» мүмкіншілігі шектеулі балалардың күндіз болуына арналған мемлекеттік әлеуметтік мекемесінің бастығы Тұрсынай Дәрібаева және «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту» мемлекеттік кәсіпорнының бас әдіскері Назгүл Жұмашевалар мемлекеттік қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмысы кезінде кездесетін мәселелер және осыған байланысты туындайтын сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітіп, ақпарат берді. Сонымен қатар оқу барысында аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің басшысы Дилара Салыхова «Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық, әлеуметтік-медициналық қолдау туралы» баяндама жасады. Семинар кезінде қатысушылар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар қайтарылды. Оқу соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«НҰР ОТАНДЫҚТАР» АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУҒА ҚАТЫСАДЫ

Күні: , 168 рет оқылды

14480575_190094961400400_4725160218234820836_o26 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «25 игі іс» акциясы шеңберінде 26 қыркүйек-2 қазан аралығында егде адамдарды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында шаралар өткізу жөнінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және бастауыш партия ұйымының төрағаларымен мәжіліс өткізді. Мәжілісте тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектер ұйымдастыру және оларға мерекелік шаралар өткізу тапсырылды. Мәжіліске қатысқандар өзара жұмыстар бөлісті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТӨРТ ПӘТЕРЛІК БАСПАНА САЛЫНУДА

Күні: , 180 рет оқылды

14468203_189427814800448_3232923020699523641_o24 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында салынып жатырған тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен танысып қайтты. Жалпақтал ауылының ортасында құрылысы басталып, аяқталмай қалған бұл нысан ұзақ жылдар бойы жарамсыз болып тұрған еді. Аудандық бюджеттен 26 млн теңге қаражат бөлініп, бос тұрған нысанның қалпына келтіру жұмыстары басталып та кеткен. Құрылыс жұмыстарын «Жолаушы Жол» ЖШС атқаруда. Бұл нысан жуық арада пайдалануға берілмек.

Қайрат ЖАҚЫП


КӨШІМ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Күні: , 124 рет оқылды

14468159_189421164801113_4629992492361730198_oҚазталов ауданының суландыру жүйесінің негізін Қараөзен мен Сарыөзен өзендері құрайды. Осы екі өзен арқылы көлдер мен шабындықтарға су шығарылып, көрші Жаңақала ауданына да су жіберіледі. Ресей жерінен бастау алатын қос өзеннің көрші елге тәуелді болып, өздерінен артылған ғана суға қанағат қылып отырғанымыз да жасырын емес. Оның үстіне судың қымбаттауы тағы бар. Осы проблемалық мәселені шешу бағытында, ұзындығы 130 шақырымды құрайтын Киров су қоймасы мен Көшім каналы қалыпқа келтіріліп, Қараөзен өзеніне канал тартылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 827 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда бұл жұмыстардың екінші кезеңі іске асырылуда. Жөндеу, құрылыс жұмыстарын «АзияТехСтрой», «Водстрой» ЖШС және «ҚазВодСтрой» мемлекеттік мекемесі жүргізуде. Осы орайда 24 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов аталмыш құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың атқарылуы барысымен танысты. Облыс басшысы бұл жұмыстардың екінші кезеңі аяталғаннан кейін, үшінші кезеңі басталатынын айтып өтті. Осы бағытта үшінші кезең жұмыстарының сметалық құжаттары жасалатынын да жеткізді. Үш кезеңнен тұратын бұл жұмыстар аяқталған жағдайда Жайық өзенінен Қараөзенге тікелей су жеткізіліп, Сакрыл су қоймасы да суға толып, ауданымыздағы су мәселесінің шешілетінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар өңір басшысы Чапаев-Қазталов бағытындағы жол салу, жөндеу жұмыстарымен танысып өтті. Өңір басшысының ауданымызға іссапары кезінде облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов және Қазталов ауданы әкімі бірге жүрді.

Қайрат ЖАҚЫП


-УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ,- ДЕДІ САҒЫНБЕК

Күні: , 180 рет оқылды

14372362_188985118178051_8052097638230267815_o23 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Қошанкөлдегі «Сәйгүлік» жылқы мұражайының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылысшыларға мұражайда атқарылып жатырған жұмыстарды мерзімінде бітіруге тапсырмалар берді. Осы жұмысты жүргізіп жатқан атыраулық Сағынбек,- менің арғы тегім Қыпшақ. Ұлан- ғайыр далада, сонау Отырарда Қайырхан бабамыз өмір сүрген. Шыңғысхан әскерлерімен шайқасқан. Ал қыпшақтар ат үстінде өмір сүрген ғой. Сондықтан еліміздегі тұңғыш мұражай жұмысын жүргізіп жатқаныма қуаныштымын. Уақытылы аяқтаймыз,- деген уәдесін берді. Қошанкөлден қайтып келе жатырғанда алдымызды жылқы үйірі кесіп өтті. Үйір ішіндегі бір құлын суретке түсіріп жатырған біздерге едірейе бір қарады да, ойнақтап кете барды. Шамасы құлын,- уақыттарыңды текке жібермей, біздер туралы жасап жатырған жұмыстарыңды тездетіңдер,- дегені болар…

«Ауыл айнасы» ақпарат


ШЕТЕЛДІК ФЕРМЕРЛЕРДІ ШАҢҒА ҚАПТЫРЫП КЕТЕДІ

Күні: , 136 рет оқылды

14434871_188980204845209_2987225603602711683_oЕл Тәуелсіздігі халыққа,- не берді?- десе мына суреттерден жауап алуға болады. Бүгінгінің жастары білмейтіні сөзсіз, Кеңес одағының миллиондаған малын баққан малшы, шопандар қамыстан салынған лашықта, жыртық-жамау қорада мал бағып, жадау үйде тұрды. Тек олар кеуделеріне «Күн көсем» бейнеленген темір медальдарды таққанға, «Запорож», «Москвич» мінгендеріне мәз болды… Ал Тереңкөл ауылдық округі «Кеңдала» шаруа қожалығының жетекшісі Әбуғали Ғұмаровтың тұрғын үйі мен қора жайы шетелдің фермерлерін шаңға қаптырып кетеді. Адам тұрмысына қажеттің бәрі бар. Енді шеберхана салу үстінде. Аудан әкімімен болған әңгімеде Әбуғали Қошанкөл ауылындағы «Сәйгүлік» жылқы мұражайына ақшалай демеушілік жасайтынын жеткізді. Әбуғали,- ұлтымыздың болмысын бейнелейтін жылқы жануарына арналған мұражайға біз көмектеспегенде, кім көмектеседі?!-деді. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- жарайсың, Әбен!- деген тілегін жеткізді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


НҰРСАЙЛЫҚТАРҒА МӨЛДІР СУ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Күні: , 132 рет оқылды

14434872_188975001512396_7346685271630670507_oМына суреттен көріп отырғандай енді ауыз су зардабын ұзақ жыл тартқан нұрсайлықтар (Тереңкөл ауылдық округі) ауылдан 11 шақырым Апандойдан тартылатын мөлдір суға қарық болмақшы. Қазірдің өзінде ауыл ішіне су құбырлары тартылу үстінде. Есімі өңірімізге белгілі, «Құрылысгаз» мекемесінің директоры Кәримолла Жақыпов (ауданымызда құрметпен Кәрақаң атанған) құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ бұл мекеме күрделі жөндеу жүргізіліп жатырған мектепке де қол ұштарын беріп отыр. Енді осы су құбырының басы-қасында былайша айтқанда «айқайшысы» нұрсайлық «Т.Эдисон» Амангелді Саматов болса, оның ұлы Роберт су қоймасының жетекшісі болмақшы. Биыл мектебі заманауи жөнделген, әрі ауыз су проблемасы шешіліп жатырған нұрсайлықтар Ел Тәуелсіздігінің ұлы мерекесін жарқын көңілмен қарсы алары сөзсіз.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«НҰРЛЫ БАҚ» НҰРЛАНА ТҮСУДЕ

Күні: , 80 рет оқылды

14468580_188967691513127_1843921840870977604_oӨткен жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мерекесіне орай аудан орталығында «Нұрлы бақ» саябағы ашылған болатын. Сол ашылу салтанатында БҚО-ның Ассамблея мүшелері келіп, жеміс ағаштарын отырғызған болатын. Бүгінде олар жайқалып өсіп тұр. Енді аудандық балалар тәрбие орталығы және саз мектебі ұжымының күшімен Қыран бүркіттің мүсіні бой көтеріп, субұрқақ орнатылуда. Осы жұмыстармен танысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- жақын арада облыстың Ассамблея мүшелері Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандарға іссапары басталмақшы. Сол кезде өткен жылы ашылған саябақ жұмысының әрі қарай дамып келе жатырғанын көретін болады,- деді. Қолы «алтын» тәрбие орталығының басшысы Илан Нағымовтың еңбегінің нәтижесі бар екенін айта кеткен жөн.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.