АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 23.09.2016


ДЕПУТАТ САЙЛАУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 128 рет оқылды

14380008_188867201523176_9174430165917576326_o23 қыркүйек күні Қайыңды ауылдық округінде осы округтен сайланған аудандық мәслихат депутаты Салтанат Өтеғұлова өз сайлаушыларымен кездесті. Кездесуге келген ауыл тұрғыны, «Балдырған» балалар бақшасының тәрбиешісі Дидар Еселбаева өзінің жиі ауыратынын, соның салдарынан атқарып жүрген қызметінің қиынға соғып жүргенін айта келіп, денсаулығына байланысты зейнеткерлікке шығу үшін кейбір құжаттардан қиындық болып тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар басқа да кездесуде болған сайлаушылар өздерінің толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде әңгімелер қозғады. Аудандық мәслихат депутаты өз кезегінде сайлаушылар айтқан мәселелер бойынша жұмыстанатынын жеткізді. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты Салтанат Өтеғұлова «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп оқушысы Мәдина Шәкенге оқу-құрал жабдықтарын сыйға тартты.

Жұлдыз АСҚАР


«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯ АЯСЫНДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ

Күні: , 90 рет оқылды

14409636_188866231523273_8427177791795577433_o23 қыркүйек күні Қайыңды ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов және аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева «Әділет кеңес береді» акциясы аясында қоғамдық қабылдау жасады. Қоғамдық қабылдауға келгендер өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салып, тиісінше жауаптар алды. Сонымен қатар қоғамдық қабылдауға келгендерге құқықтық көмектер, түрлі шаруаларға байланысты тиісті құжаттарды толтыру тағы басқа да мәселелер бойынша түсініктер берілді.

Жұлдыз АСҚАР


ҚАН ҚЫСЫМЫМЫЗДЫ ӨЛШЕТЕЙІК!

Күні: , 70 рет оқылды

14444804_188821258194437_8146894057280674211_o23 қыркүйек күні «Дүниежүзілік жүрек күніне» орай Қазталов аудандық орталық аурухана қызметкерлерінен құрылған топ мекеме, кәсіпорын және тұрғын үйлерді аралап, тұрғындардың қан қысымын өлшеп, денсаулық күтімі туралы ақыл-кеңестерін берді. Топ құрамында білікті психолог, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің медігері және әлеуметтік қызметкер бар. Акция 28 қыркүйек күніне дейін жалғасады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КІТАПХАНАДА ӨТКЕН ТАРТЫМДЫ КЕШ

Күні: , 118 рет оқылды

14361292_188808821529014_4536603497148087937_o22 қыркүйек күні аудандық кітапхана және Қазталов орта мектебі жанындағы жатақхананың бірігуімен ұйымдастырылған аудандық кітапханада Тілдер күні мерекесіне орай «Тіл – ұлттық руханиятымыздың өзегі» атты меркелік кеш өтті. Шараның мақсаты – оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу. Кеш шымылдығын аудандық оқырмандарды қамту бөлімінің жетекшісі Жазира Егізалиева ашып, барша шараға қатысушыларды тіл мерекесімен құттықтады. Шарада кітапханашылар дайындаған «Мақтан тұтар – қазақ тілім», «Тіл- ұлттың басты негізі» атты бейнетаспа көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ қызықты өткен шарада мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу үшін «Жалғасын тап» ойыны ойнатылып, ана тілі туралы көркемсөз оқылды. Шараға қатысушы жастар арасында мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы пікір алмасып, сауалдарға тұшымды жауаптар алынды. Шара соңында оқу залының кітапханашысы Ләззат Сүйінішқалиева кітап көрмеге библиографиялық шолу жасап, қатысушы қонақтарға алғыстарын білдірді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ҚАЗАҚ ТІЛІ – МӘҢГІЛІК ТІЛ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Күні: , 286 рет оқылды

14435089_188511138225449_5810182300578248315_o22 қыркүйек күні Тілдер күніне орай Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлнұр Зейінқызының ұйымдастырумен «Қазақ тілі – мәңгілік тіл» атты дөңгелек үстел оздырылды. Дөңгелек үстелде 11 сынып оқушылары қазақ тілінің мәртебесі туралы пікірлерін ортаға салса, 10 сынып оқушысы Еркін Ерболат қазақтың қара домбырасымен күмбірлеген күй орындады. Сондай-ақ Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жасұлан Шүкіров, — қазақ тіліміздің қадір-қасиетін жоғалтпау үшін алдымен өзіміздің сөйлеу мәдениетімізден бастауымыз қажет. Біз анамызды қалай сүйсек, өз ана тілімізді де қастерлеп, ұлттық құндылығымызды жоғалтпауымыз керек. Өйткені біз өз тілімізді дұрыс меңгере алмай, басқа ұлт өкілдеріне сөйлете алмаймыз, -деген тұшымды пікірін жеткізді. Дөңгелек үстелге аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Гүлжан Базартаева, оқырмандар бөлімінің кітапханашысы Ләззат Сүйінішқалиева тіл туралы тағылымды ойларын жеткізсе, Қазталов мектебінің кітапханашысы Бақтығұл Нәбиева «Біздің күнпарағымыз» айдарынан әзірленген қазақ тілі туралы көрнекіліктерді таныстырып өтті. Жалпы тіл күніне арналған дөңгелек үстелде мәнді де мағыналы ой айтылып, бүгінгі ұрпақтың санасын ұғындыратындай осындай тәрбиелік мәні зор кештер әлі де жалғасын табады деп сенеміз.

Жұлдыз АСҚАР


ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ӨНЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ЖАСАДЫ

Күні: , 110 рет оқылды

14390814_188458814897348_1757668464393981652_n«Нұр Отан» партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Мейірбек Рамазанов пен Жұмабек Хайруллин өздерінің сайлау округтеріндегі әлеуметтік мәселелерге жіті көңіл бөліп, олардың барынша шешілуіне атсалысып келеді. Шынында да халық қалаулылары немесе еліміздің басты қозғаушы күші партиясының мүшелері өздеріне тапсырылған істерге ықпал ететіні белгілі. Осы орайда аудан орталығындағы саз мектебінің аспаптары ескіріп, тозығы жеткендіктен ондағы шәкірттердің өнер әлеміне тереңірек енуіне кері әсерін тигізіп тұр еді. Осы мәселені ескерген депутаттар сессияда музыкалық аспаптар алуға қаржы бөлдіруге ықпал жасады. Соның нәтижесінде аудандық саз мектебіне 6 млн.-ға жуық қаражат теңгеге фортопьяно, баян, домбыра тағы басқа да музыкалық аспаптар алынды. Енді осы мектепте оқып жатқан шәкірттер жаңа аспапты үйреніп, қуаныш үстінде жүр. Аудандық саз мектебінің директоры Жадыра Тілеубаева,- халық қалаулыларының өнерге деген осындай қамқорлықтары үшін ұстаздар, шәкірттер және ата-аналар атынан рахметімді жеткіземін,-дейді. Қос өзеннің ортасында жатқан еліміз өнерлі. Олай болса, саз мектебінен де әлі талай дарынды шәкірттер шығары сөзсіз.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ»

Күні: , 120 рет оқылды

14361369_188454961564400_2116123755644799837_o22 қыркүйек – Тілдер күні мерекесіне орай Әжібай ауылдық кітапханасында балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты мерекелік кеш өтті. Кештің мақсаты – қазақ тілі мәртебесін көтеру, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілділік саясатын дамыту. Шараға Бірік ауылдық округінің әкімі Бекқали Мусин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Тұяқ Жалмұқанов, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлдана Дәулетова, аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева, ауыл ардагерлері, тіл мамандары, кітапханашылар, мектеп оқушылары қатысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Үштұғырлы тіл туралы айтсам, мемлекеттік тілді бәрі меңгеру керек. Орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты тілінің бірі. Ағылшын тілі — әлемдік аренаға шығу жолы» деген болатын. Осыған орай мерекелік шара үш тілде жүргізілді. Сонымен қатар Ақжайық, Жаңақала аудандары кітапханаларымен онлайн түрде мерекеге орай ұйымдастырылған шараларды тамашалап, өзара лебіздерін жеткізді. Шара аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырған «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» тақырыбындағы пікірсайысқа ұласты. Пікір алмасу барысында аудандық тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұяқ Жалмұқанов, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мирболат Мырзағалиев, ардагер-ұстаз Гүлбаршын Исмурзина, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ораш Малаев, аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева тіл туралы, қазақ тілінің тарихы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Шара барысында сондай-ақ сұрақтар қойылып, интеллектуалдық ойын ойналып, әндер шырқалып, би де биленіп, оқушылар үш тілде өлеңдер де оқыды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ»

Күні: , 84 рет оқылды

14379596_188387771571119_4217128906616679239_oАна тілі — әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Қазақ тілі – ғажайып тіршілік әлемі. Ол- қазақ халқының тарихымен астасып, Қазақстан мемлекетінің тірлігімен тыныстап жатқан құбылыс. Қазақстанда да тіл – қазақ елі үшін бағасын жоғалтпаған құндылық. Осыған орай 22 қыркүйек күні аудандық жастар демалыс орталығында мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тіл мерекесі күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты мерекелік шара өтті. Шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев мерекемен құттықтап, бүгінгі таңда мемлекеттік тілді дамыту жолында бар күш-жігерімізді аямайық! – деген тілегін жеткізсе, Қазталов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абзал Есенғазиев, аудандық жастар демалыс орталығының директоры Дархан Жалиев айтулы меркемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді Сондай-ақ шарада аудан көркемөнерпаздарының тіл туралы шырқаған әндерімен қатар Қазталов орта мектебінің 7 сынып оқушыларының оқыған поэзиясы шараға қатысушы қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Әсем БОЛАТ


МҰРАТ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Күні: , 82 рет оқылды

14359199_188199941589902_1919109107334535695_n21 қыркүйек күні Ақжайық ауданында өткен Ақжайық ауданының құрметті азаматы, «КСРО-ның озат мәдениет қызметкері» белгісінің иегері, таңдаулы әндердің авторы Ғұбайдолла Хибашевтың әндерін орындаушылардың III Республикалық «Ақжайық — өлкем» атты ән байқауында жерлесіміз Мұрат Ахметов үздік өнер көрсетіп, асқан талантымен танылып, II дәрежелі дипломға ие болды. Мұраттың жеңісі құтты болсын ағайын!

«Ауыл айнасы» ақпарат


ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Күні: , 138 рет оқылды

14362581_188114218265141_7675613670274674069_o21 қыркүйек күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңеске ауылдық округ әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық орталықтандырылған аурухана қызметкерлері, ардагерлер, әйелдер бірлестіктері қатысты. Кеңесте аудандық орталықтандырылған аурухана директоры Қайырбай Алтаев, — Ана мен бала өлімін азайту бойынша шаралар қабылдау, гендерлік теңдікті ілгері жылжыту жөнінде хабарлама жасады. Сондай-ақ, — тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі мәселелер бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері М.Тілеубаев баяндап өтті. Кеңесте қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.