АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 20.09.2016


ҚЫЗЫҚТЫ САЙЫС ОЗДЫРЫЛДЫ

Күні: , 80 рет оқылды

14352242_187679004975329_4524817679315039113_o20 қыркүйек күні аудандық кітапхананың балалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстан халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында «Ана тілің – ар-ұятың» атты зияткерлік ойыны оздырылды. Қызықты өткен ойын барысында оқушылар ана тілі туралы өлеңдер оқып, түрлі викториналық сұрақтарға жауаптар берді. Ойын нәтижесінде Қазталов орта мектебінің 4 сынып оқушыларынан құралған «Білгірлер» командасы 1 орынға, «Алғырлар» командасы 2 орынға ие болды. Осы сайыста үздік танылған Диляра Дәуренова мен Зухра Мақсотова арнайы дипломмен марапатталды. Шара соңында сөз алған балалар бөлімінің меңгерушісі Меңсұлу Сейфуллина ойынға қатысқан оқушыларға алғысын білдіріп, қатысушыларды марапаттады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МАҒАН ЕҢБЕК ЕТІП, ХАЛЫҚПЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛҒАН ҰНАЙДЫ,-ДЕЙДІ МАЙРА АПАМЫЗ

Күні: , 78 рет оқылды

14361404_187597018316861_5251468849263736058_oЕңбек – қашанда адамзат өмірінің арқауы. Қандай қызмет етсең де, ол сенің еңбекпен тапқан нанының тәттісі. Иә, біздің аналарымыз қандай жұмысқа болмасын білек сыбана кірісіп, жолдасының қас-қабағына қарап, балаларын бағып-қағып, сол кездегі қиын кезеңдердің бәріне шыдай білді. Тіпті, үйдің барлық шаруасын шалқытып, нағыз өз ісінің маманы ретінде қызметін де абыройлы атқарды. Міне, сондай асыл аналарымыздың бірі – қазталовтық Майра Саматова. Майра апамыз сауда саласында 40 жыл бойы еңбек етіп келе жатыр. Апамыз жұмыс жасайтын «Сымбат» дүкеніне бара қалсақ, тұтынушыларды жылы шыраймен қарсы алып, шығарып салады. Майра апаның бойындағы ерекше қасиеті де осында жатыр. — «Еңбектің наны тәтті» деп жатамыз. Бүгінде жастарымыздың бойында еңбекке деген талпыныс күштірек. Себебі қаладағы сауда орталықтарына бара қалсаң, өрімдей жас қыздар мен атпалдай азаматтарды көресің. Олар да қыстың қақаған аязына, жаздың аптап ыстығына төзіп, отбасын асырап күн көріп жүр. Міне, нағыз еңбек деген осы. Мен өзім 1975 жылдан бері осы сауда саласында жұмыс жасап келемін. 1997 жылы жұмысшылар коорпорациясы жабылып қалды да, сол кезден бастап жекешелендірілген дүкендерде еңбек еттік. Аллаға шүкір, қазір осы тапқан еңбегіміздің арқасында осындай жағдайға жетіп отырмыз. Қазір зейнеткерлік жаста болсам да, үйде отырмай, осы салада қызмет етіп келемін. Маған еңбек етіп, халықпен тығыз байланыста болған ұнайды, -дейді Майра апамыз. Иә, расыменде маңдай термен тапқан ақшаны қай нәрсенің де өз игіліне жаратамыз. Осындай адал еңбектің дәмін татып отырған жылы жүзді, мейірімді Майрадай аналарымыздың қатары көбейе берсін демекпіз.

Жұлдыз АСҚАР


ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Күні: , 160 рет оқылды

14333017_1819747558271374_6633173280226458043_n 14432989_1819747411604722_1182471711662063898_n12-16 қыркүйек күндері Орал қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президентінің — Елбасының тестілерінен БҚО чемпионаты өтті. Президенттік нормативті тапсыруда Қазталов ауданы төмендегідей нәтижеге ие болды. 11- 13 жас аралығында Айшабибі Мұрадимова 1500 м жүгіруден 1 орын, ұзындыққа секіруден 2 орын. 60 метрге жүгіруден 2 орын иеленді. 16 — 17 жас аралығында Жанар Балмашева Жекелей 2 орын. (Ұзындыққа секіру 1 орын, 60 метрге жугіруден 2 орын, денені жатып көтеру 2 орын) 18 — 23 жас аралығнда Сұлтан Ғұмар 100 м жүгіруден 2 орын, ұзындыққа секіруден 1 орын иеленді. 40 жас жоғары. Дәурен Қабдолов 100 метрге жүгіруден 2 орын, жүзуден 3 орын иеленді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ӘКЕ — ЖЕТІ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕП ОТЫР

Күні: , 126 рет оқылды

14425456_187582864984943_1696302088472266115_oБұл фәниде дүниеге келген әрбір адамның тағдыры маңдайына жазылып келеді дейді. Кім білген? жазыла ма, жазылмай ма? Оны бір Алла ғана біледі. Алайда адамдар өз тағдырын өзі жасайды, өз тағдырына өздері қожа. Қала берді қамшының сабындай ғана қысқа өмірді мәнді де, сәнді де өткізу адамның өз қолында дейміз. Менің бұл мақаламдағы кейіпкер өмірдің соқтықпалы жолдарынан барынша абыроймен өтіп келе жатқан азамат деп айта аламын. Өйткені, кейбір адамдар кездескен өмір қиындығына шыдай алмай морт сынып жүнжіп кетіп жатады. Тіпті олар өзінің отбасы түгіл қара басын алып жүре алмай, мына жарқын өмірден шапағат сәулені де сезе алмай қалады. Ондай адамдарды басқа жақтан іздемей-ақ қасымыздан да көріп жүрміз. Жасұлан аға тағдыр тәлкегімен жеті баланы өзі тәрбиелеп өсіріп отыр. Біз көбінесе-көп бала тәрбиесін айтқанда ананың рөліне көбірек мән береміз. Алайда кейбір әкелердің ана орнына ана болып отыратынын, тіпті олардың нәзік жандылардан да артық балаға жан шуағын себетінін байқамай жатамыз. Жасұлан аға өзінің балаларына жан шуағын беріп отырған, былайша айтқанда «ӘКЕ» деген қасиетті ұғымды сездіріп отырған жан. Мектеп жасындағы балалары жауқазындай өсіп келе жатыр. Ал олардың тәртіптері қай жағынан алғанда да басқаларға үлгі болғандай. Міне бұл Жасұлан ағаның еңбегі. Енді осындай шаңырақты шайқалтпай, балаларын жаутаңдатпай , ел қатарынан қалғызбай өсіріп отырған ӘКЕГЕ қоғамдық ұйымдар қандай көмектер көрсетуде? Үйіне кірдім. Басқалар қызығын көріп отырған көгілдір отын жоқ. Жеті балаға тамақты Жасұлан аға электр плиткасымен пісіріп беріп отыр. Аздап ойланайықшы?! Өзіміз де қазан-ошақтың басында жүретін адамдармыз ғой. Сонда көгілдір отынды пайдалана отырып, күнделікті тамақ пісіруге үлгіре алмай жатамыз. Ал, Жасұлан аға жеті баланың мектепке уақытында баруы үшін үлгіреді. Ал, қыс айында үйді отынмен жылытуға да (жаз бойы қысқыға отын жинау) қаншама еңбек керек. Бірақ ағамыз бұның бірде-біреуіне мойымай келеді. ЕНДІГІ АЙТПАҒЫМЫЗ –ҚАЗАН АЙЫ КЕЛЕ ЖАТЫР. ҚАЗАНМЕН БІРГЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕЛЕДІ.Улап-шулап бір қап астығымызды, бір тіркеме шөбімізді,КИЮГЕ ЖАРАМАЙ ҚАЛҒАН КИІМ-КЕШЕГІМІЗДІ ҚОЛТЫҚТАП АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА ҚАРАЙ АҒЫЛАМЫЗ. БҰЛАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ТАБЫС ЕТІП, ҚОЛДАРЫ ТИІП ЖАТСА БІЗ СИЯҚТЫ ТІЛШІЛЕРДІ БІРГЕ АПАРЫП, ШЫРТЫЛДАТЫП СУРЕТКЕ ТҮСІРІП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА БӨЛЕНГЕНДЕРДІҢ АЛҒЫСТАРЫН ЖАУДЫРЫП ЖАТҚАНДАРЫН КӨПШІЛІККЕ ҰСЫНЫП ЖАТАМЫЗ. СОСЫН АЙЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫНДА ПӘЛЕНШЕ КӨМЕК ЖАСАДЫҚ, ПӘЛЕНШЕ АҚША АУДАРДЫҚ, -ДЕП ҚҰЛАШ-ҚҰЛАШ ЕСЕП БЕРІП ЖАТАМЫЗ. ИӘ, БҰЛ ДА ДҰРЫС БОЛАР. Ал, жылда бір келетін қайырымдылық айлығында балаларын қаңғытпай, үй жарығын өшірмей отырған осындай Жасұлан сияқты ағаларға неге көмек бермеске? Неге үйіне көгілдір отынды тартып беруге қолдау жасамасқа? Шаңыраққа көгілдір отынды ел болып, тартып берсе күні ертең «КӘРІ ҚҰДАНЫҢ» қаһары келгенде мектептен келген бұл үйдің балаларының жылы үйде жандары жадырамай ма?! Жандары жадырай отырып, әке пісірген тәтті тамақты ішіп отырып, ел ағаларына балалық пәк жүректен шыққан тілектерін айтар еді. КЕЛЕ ЖАТҚАН ТАУЫҚ ЖЫЛЫНДА КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРІҢІЗДЕРШІ,БАУЫРЛАРЫМ! –ДЕГІМ КЕЛЕДІ.

Жұлдыз АСҚАР


БАҒДАРЛАМА БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Күні: , 124 рет оқылды

14352050_187337551676141_56777439902273452_o 14372065_187337558342807_3210537842301090350_o 14434816_187337555009474_1860320327788107576_o19 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында семинар өтті. Семинарға «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институты» мекемесінің директоры, ғылым кандидаты, доцент Үмбетқали Жаңабеков, ғылыми-зерттеу институтының бас әдіскері Амангелді Әміров, аталмыш институттың бас маманы, магистр Дәурен Кемешев және барлық ауылдық округ әкімдері қатысты. Шарада сөз алған «Батыс Қазақстан ғылыми-зерттеу институтының» директоры Үмбетқали Жаңабеков бағдарламаның негізгі ережелері және оның жүзеге асу жолдарына тоқталып, бағдарламаның бірінші кезекте жұмысқа орналасуға, жеке жұмысты ұйымдастыруға тигізетін көмегі жөнінде түсіндіріп өтті. Сондай-ақ семинарда магистр Дәурен Кемешев бағдарламаның ауылдық жерлерде жүзеге асырылуының тәжірибелік қырлары бойынша сөз өрбітті. Семинар соңында арнайы тренинг өткізіліп, «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының негізгі ережелері және оны жүзеге асыру тетіктері бойынша тестілеумен қорытындыланды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


ҚАЙБОШЕВТЕРДІҢ ЖОМАРТТЫҒЫ

Күні: , 78 рет оқылды

14310301_403351499789308_2284884020085199460_o 14372282_403351769789281_1422097669922075263_oАдам баласы еңбекпен көркейеді ғой. Соның ішінде қараобалықтар еңбек десе, жанып кетеді. Сөзіміз дəлелді болсын. Сонау Кеңес заманы кезінде ен жайлауды малға толтырған аға-апаларымыздың ісін бүгінгі күнде олардың ұрпақтары жалғастыруда. Үлкендер айтады:- Сол кезеңде 100 қойдан 150 қозы алған, 100 сиырдан 90 бұзау алғандарға үкімет жеңіл көлікті сыйға берген көрінеді. Ал бүгінде бұл үрдіс үзілді ме? Жоқ, үзілген жоқ екен. Осындай еңбек адамдарын құрметтеуді Мереке аға мен Лиза апа жалғастырып келе жатыр. Олар өздерінің шаруа қожалықтарында жұмыс жасайтын еңбек адамдарын əркезде де марапаттап отырады. Соның бір айғағындай бұрын еңбек етіп, бүгінде зейнет жасындағы аға-апаларды «Кенбай» қыстағына алып барып (сол жерде мал баққандар) ескі орындарын көрсетіп,сол жерде бүгінгі ардагерлер сонау-у-у жылдардағы жұмыс істеген уақыттарын еске түсіріп, бүгінгі буынға бата беріпті. Бұл да тəлім аларлық іс деп білеміз. Бұны аға ұрпақ пен бүгінгі жас буынның байланысы деуге болады. Бұдан кейін округ орталығында Қайбушевтер өздерінің еңбек адамдарын салтанатты түрде марапаттады. Соның ішінде біраз жылдан бері еңбек етіп жүрген Ерген Қалиевке жеңіл көліктің кілтін ұстатты. Ал қалғандары да елеусіз қалмай, сый -сыяпатқа ие болды. Міне, азаматтық! Енді мынаған назар аударайықшы. Шындығы керек, кейбір шаруа қожалықтары өздерінің малшы — шопандарына жарытымсыз еңбекақы төлеп, олармен ренішке барып жатады. Осының салдарынан ол шаруа қожалығының малы жоғалып жатады, немесе шаруалары жүрмейді. Əрине, малшылар бар ынтасын салып істемегесін не шаруа оңсын?! Ал Қайбошевтердей еңбек адамын құрметтесе, бəлкім барлық шаруа қожалықтарының да шаруасы дөңгеленіп кетер еді… Мен осындай адамдардың дауысын алғаныма, олардың аманатын арқалап жүргеніме бек қуаныштымын!

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.