АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 09.09.2016


ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Күні: , 74 рет оқылды

14238353_182936878782875_7425135388945503057_n7 қыркүйек күні Бөкей Ордасы ауданының орталығы Сайхын ауылында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шағын футболдан ашық турнир өтті. Турнирге көршілес Ресей Федерациясынан Жоғарғы Басқұншақ және Төменгі Басқұншақ, Жәнібек, Жаңақала, Бөкей ордасы, Қазталов аудандарының командалары қатысты. Қазталов ауданының құрамасы топтық ойындарда РФ Жоғарғы Баскұншақ командасын 7-2, Бөкей ордасы командасын 6-2 есебімен ұтып бірінші орынмен шығып жартылай финалда Бөкей ордасы командасын 2-1 есебімен жеңіске жетіп финалға жолдама алды. Финалда Жәнібек ауданы футболшыларымен 6-6 есеппен тең түсті. Қосымша уақытта да тең түсіп, пенальти тебуден жеңіліс тапты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын Жәнібек ауданы, 2 орын Қазталов ауданы, 3 орын Бөкей ордасы командалары иеленді. Роман Нағымов турнирдің «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ДАНИЯРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Күні: , 78 рет оқылды

14207774_1654907414820835_4430622809399179003_o 14231758_1654907468154163_3968457478619795094_o 14305319_1654907424820834_4234783463416012258_o8 қыркүйек күні Бразилия елінде өткен XXXI-ші жазғы Олимпиялық ойындардың чемпионы, жерлесіміз Данияр Елеусіновтің құрметіне «Достық» саябағында аудан көркемөнерпаздарының концерті өтті. Концертте аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, — бүгін біздің ауданда үлкен мереке. Ақжайықтың алтын ұлы Даниярдай баламыз өз туған еліне ат басын тіреді. Әрине, күздің самал желімен шырқаған әндерді сіздермен бірге тамашалай алмайды. Бірақ арыстай әкесі Марат пен Данияр сіздерге ыстық ықылыстары мен сәлемдерін жолдап, ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ тағы да елге қайтып келетіндерін айтты, -деді. Мерекелік кеште ауылдық округтердің өнерпаздары да өнерлерін көрсетті. Жерлесіміз Даниярдың құрметіне туған елдің ашық аспанында от шашу болды.

Жұлдыз АСҚАР


МАРАТ АҒАМЫЗҒА ТЕМІР ТҰЛПАР СЫЙЛАДЫ

Күні: , 72 рет оқылды

14195910_182923088784254_364454291654580959_o 14258234_182924692117427_8834430533420851766_oДаниярдың осындай биіктерге жетуіне жаттықтырушысы, әкесі Марат Тәліпұлының зор еңбегі бар. Елжанды Марат ағаның Даниярдың алтынына қосқан үлесін айтсақ, бұл алтын Қазақстанның алтыны деп мақтанышпен айтуға болады. Қазталовтықтардың құрметіне риза болған ағамыз сахнада ән шырқап, спорт пен киелі өнерді қатар меңгергендігін көрсетті. Салтанатта Данияр туралы бейнефильм көрсетіліп, ән-жырдан шашу шашылса, флешмоб та ұйымдастырылды. Сонымен қатар жерлестері Марат ағаға бүгінгінің темір тұлпарын сыйға тартты. Туған ауылдың осындай құрметі үшін Марат, Данияр Елеусіновтер жерлестеріне шын жүректен алғыстарын білдірді. Аудан орталығында болған Марат, Данияр Елеусіновтермен кездесуде аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -аудан орталығында Данияр Елеусінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салынатынын қуанышты түрде жеткізді. Бұл қуанышты хабарды Марат Елеусінов ағамен болған әңімеде ол: -аудан орталығынан осындай кешен салу аудан әкімі Нұрлан Мағазұлының бастамасы еді. Осы ұсынысты ол бізге жеткізді. Кешегі өңір басшысымен болған әңгімеде Алтай Сейдірұлы бұл мәселенің шешімін табатынын айтып өтті, -деді. Лайым да осы қуанышты жаңалық жалғасын тапсын, -дейік!

Қайрат ЖАҚЫП


ЧЕМПИОН ТУҒАН АУЫЛЫНДА

Күні: , 78 рет оқылды

14138752_182921288784434_8963598426412871021_o 14231898_182921602117736_1929389062250818607_o 14241608_182921398784423_2892686056736648164_o 14242306_182920928784470_6766158235808873693_o 14257712_182920228784540_5424348567200631710_o 14258340_182921458784417_3223599913551501200_o8 қыркүйек күні олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтердің жанұясын қазталовтықтар қуана қарсы алды. Бұның алдында өзінің кіндік қаны тамған Қайыңды ауылында болып, құрметке бөленген еді. Аудандық мәдениет үйіне жиналған халықта есеп жоқ. Барлығы да қуанышты. Қалай қуанбайсың? Сонау оңтүстік Америкадағы жүздеген елдер жиналған дүбірлі додада топ жарып, еуропалықтарды, қарақұрлықтың небір мықтыларын тұқыртып, финалда өзакалардың мықтысын жеңіп, көк байрағымызды желбіреткен оғлан туған елге келіп жатырғанда еңкейген кәріден еңбектеген балаға шейін мәдениет үйінің жанынан табылуы дұрыс қой. Жиналған көпшілік алдында Даниярға «Қазталов ауданының құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табыс етілсе, құттықтау сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, ұлттық өнерімізді жер жаһанға танытып жүрген Баян Қабиева, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бекбол Уртаев, көршілес Александров-Гай ауданынан келген бокс жаттықтырушысы Ербол Бажиков, аудандық спорт мектебінің бокс үйірмесінің жаттықтырушысы Асланбек Сармалаев, -Даниярдың жеңісі – бүкіл қазақ елінің жеңісі! Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойында 25 жастағы жалындаған Данияр бүгінгінің қаһарманы деуге болады, -деген тілектерін жеткізіп, сый-сияпаттарын жасаса, ал Асылбек Сыралиев ағайындары атынан чемпионға 1 млн теңге қаражат тарту етті.

Қайрат ЖАҚЫП


ЕЛ СЕНІМІН АҚТАҒАН ЕР ЖІГІТ ДАНИЯР! Қайыңды ауылында

Күні: , 68 рет оқылды

14289992_182703335472896_6727885422705160761_o 14258110_182703872139509_641600297306684307_o 14257461_182702682139628_5666690046744843524_o 14242313_182702685472961_4685599990715909722_o 14241474_182702845472945_2877546845166043010_o7 қыркүйек күні Рио Олимпиадасында алтыннан алқа тағынған, Қазталовтың алтын ұлы Данияр Елеусінов кіндік қаны тамған Қайыңды ауылына келді. Даниярды асыға күткен жерлестерінің ыстық ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Туған ауылына сапары барысында Данияр Ұлы Отан соғысының боздақтарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұдан кейін чемпион Қайыңды мәдениет үйінде аулдастарымен жүздесіп, ағайынның қойған сауалдарына жауаптар берді. Арнайы концерттік бағдарламаға ұласқан кеште қайыңдылықтар жерлестері Марат Елеусіновке шапан жауып, Олимпиада чемпионы Даниярға сәйгүлік мінгізіп, ақ баталарын берді.

Қайрат ЖАҚЫП


ЕЛ СЕНІМІН АҚТАҒАН ЕР ЖІГІТ ДАНИЯР!

Күні: , 120 рет оқылды

14231247_182696065473623_5386608117723197351_o 14249910_182696538806909_5060303203318379927_o 14258165_182696078806955_5763353472340873446_o 14258206_182696428806920_8523015597704904189_o 14305303_182696565473573_6737667992655637880_o 14305348_182696258806937_7824167899368097300_o7 қыркүйек күні ауданымыздың мақтанышы, жерлесіміз, 69 келі салмақта бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов арнайы Қазталов ауданына ат басын бұрған болатын. Кіндік қаны тамған Қайыңды ауылына жасаған сапары кезінде Данияр Елеусінов және әкесі, жеке бапкері Марат Елеусінов жол бойындағы Ақпәтер аулына соғып, жергілікті жанкүйерлермен жүздесті. Чемпионды қарсылап алған ақпәтерлік ағайын Даниярға жергілікті өлкетану мұражайын аралатып, ауылдастар атынан сәйгүлік мінгізді.

Қайрат ЖАҚЫП


ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЖАЛПАҚТАЛДА

Күні: , 99 рет оқылды

14195221_1654123438232566_5562190265783384328_o 14205944_1654123748232535_8401955481161234740_o 14242383_1654124341565809_4546447349046115838_o 14258182_1654123848232525_4789662836744558088_o 14258190_1654123624899214_5014524428975102289_o7 қыркүйек күні бокстан ХХХІ Жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов ауданымыздың Жалпақтал топырағына ат басын тіреді Жалпақталдықтар зор қошеметпен қарсыла алып, Жалпақтал мәдениет үйінде ауылдастармен, спорт жанкүйерлермен кездесті. Ең алдыменен әкесі, бапкері Марат Тәліпұлы екеуі Кеңес Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайыновқа тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Ал «Қыз Жбек» термешілер ансамблі әсем әнмен қарсылап алса, «Шапағат» әжелер бірлестігі Олимпиада чемионына шашу шашты. Мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы Олимпиада чемпионына өзінің жүрекжарды лебізін білдірсе, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Ж.Ақбайдың «Жалпақтал» атты кітабы мен естелік сыйлық тарту етті. Кездесу соңында бапкері, әкесі Марат Елеусінов қолдау білдірген барша ағайындарға өзінің ризашылығын білдірсе, Олимпиада чемпионы зор қошемет көрсеткен жұртшылыққа, қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғысын айтты.Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен болған кездесуде айтыскер ақын Сәрсенғали Бисенғалиев өзінің жыр-шумағын арнаса, Жалпақтал мәдениет үйінің әншілері ән-жырдан шашу шашты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ТУҒАН ЖЕРІНДЕ

Күні: , 215 рет оқылды

14202767_1654069418237968_3818512473382754379_n 14237614_1654069551571288_4100219492337292385_n 14237633_1654069624904614_2600671259396777616_n7 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ РИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ОТБАСЫМЕН ТУҒАН ЖЕРІ ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНА КЕЛДІ. АУДАН ШЕКАРАСЫНАН АУДАН БАСШЫСЫ НҰРЛАН БЕКҚАЙЫР, АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ, СПОРТ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ ЗОР ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫЛАП АЛДЫ. ДƏМНЕН АУЫЗ ТИІП, ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ, ƏНШІ САЗГЕР АСЫЛХАН БУЛТАНОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНА АРНАУЫН АРНАДЫ.

ЛАҢКЕСТІККЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

Күні: , 64 рет оқылды

14188395_182536512156245_966140617064728270_o7 қыркүйек күні аудан орталығында лаңкестіктің алдын алу, ведомствоаралық әрекетті одан әрі нығайту мақсатында лаңкестікке  қарсы күрес жөніндегі облыстық және Қазталов аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен «Антитеррор-2016» оқу-жаттығулары өткізілді.
Жаттығуға шекара, полиция, қауіпсіздік комитетінің, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің және медицина қызметкерлері қатысып, лаңкестіктің алдын алуға даярлықтарының жақсы екендіктерін байқатты

Әсем БОЛАТ


ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Күні: , 68 рет оқылды

14195977_182514648825098_5982766305268332868_o 14257744_182514205491809_8016100703827068364_o«Қазақстан-2030» Стратегиясына сәйкес әлеуметтік-еңбектік қатынастар саласын жетілдіру Қазақстанның дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Мемлекеттік саясат халықтың жұмыспен қамтылуын көтеруге, лайықты жалақыға, қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз етуге және еңбекті қорғауға бағытталған. Қазіргі күнде елімізде шағын және орта бизнес күннен күнге дамып келеді. Осыған байланысты жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздар қатары да сәйкесінше кемуде. Дегенмен осы жаңа жұмыс орындарына қабылданған жалдамалы жұмысшылардың еңбек заңнамасына сәйкес құқықтары өз деңгейінде сақталмауда. Еңбек заңнамасының бұзылуы қазіргі уақытта жұмысшылардың еңбегін еңбек шартын құрмастан пайдаланудан, зейнетақы қорына қаржы аудармаудан, демалыс және еңбек уақыты режимін бұзудан, еңбек демалысын өз уақытында бөлмеуден, жалақыны өз уақытында төлемеуден туындап отыр. Сондай-ақ жұмыс беруші тарап өз жұмысшылары санын дұрыс көрсетпей, жасырып қалуда. Бұл өз кезегінде жұмыссыз тұрғындар санын көбейтіп, кері әсерін тигізуде. Осы мәселелерге орай 7 қыркүйек күні аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық жұмыспен қамту бөлімі, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және қоғамдық кеңес өкілдері дүкендер мен қоғамдық тамақтану орындарын аралап, жеке кәсіпкерлік иелерімен және жұмысшылармен сұхбаттасып, сауалнама жүргізді. Сауалнамадан байқалғандай кейбір жұмыс берушілер өз жалдамалы қызметкелерімен келісім-шарт жасамаған және зейнетақы жарнасын да аудармай отыр. Осы олқылықтарды болдырмау үшін жұмыс берушілерге аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолығып, қажетті кеңес алуларына болатындары жөнінде түсінік берілді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.