АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 02.09.2016


АҚПӘТЕРДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Күні: , 96 рет оқылды

14138147_180258815717348_8435606715609162430_o1 қыркүйек — Білім күніне орай Ақпәтер орта жалпы білім беретін мектебінде салтанатты шара өтті. Шарада облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Тапашұлы және аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова сөз алып, барша бүлдіршіндерді білім күні мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылын табысты бастауға тілектерін білдірді. Сондай-ақ Ақпәтер орта мектебінің директоры Кеңес Жұмағалиев,- мектебіміз жаңа оқу жылын 216 оқушымен бастағалы отыр. Биылғы жылы өткен ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміз 65 пайыз көрсеткішті көрсетуде, — деді. Мерекеде 1 сыныпқа қадам басқалы отырған оқушылар тақпақтарын айтып, «Кербез» домбырашылар ансамблі күмбірлете күй тартса, ұстаздар әннен шашу шашты. Салтанатты шарада облыстық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Айдар Тапашұлы мен аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова 1 сынып оқушыларына Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың атынан «Менің Отаным – Қазақстан» кітабын салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар шарада алғашқы қоңырау соғу салтанатына 1 сынып оқушылары Әлімжан Елеш мен Фариза Робертова ие болып, қоңырауды сыңғырлата соқты. Салтанатты шарадан соң барлық оқушыларға «Мен өз елімнің патриотымын» атты алғашқы сабақ өткізілді.

Әсем БОЛАТ


СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮНІ

Күні: , 74 рет оқылды

14188133_1650259885285588_7248072039073168270_oКүз мезгілінің алғашқы айының бірінші күнімен тұспа-тұс келетін Білім күнінде ауданымыздың іргелі мектептердің бірі Жалпақтал ауылындағы К.Меңдәлиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде күмбірлеген қоңырау соғылды. «Мектеп — кеме, білім — теңіз». Сол білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып, нұр құятын — мектеп. Ал, алтын ұя алыстан «мен мұндалап» жарқырап тұрса, қай шәкірттің болмасын, кеудесін қуаныш кернейтіні айқын. Сонымен, жаңарған білім ошағы жалпы саны 500 шәкіртті құшақ жая қарсы алса, соның ішінде 55 оқушы мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. Мерекелік шарада мектеп басшысы Салтанат Кәрімқызы сөз сөйлеп, 1 сыныпқа қабылданып отырған оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сонымен қатар мерекеміздің мәртебелі қонағы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Қадер Нұрғалиев оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өз лебізін білдірді. Әсем би, әуезді әнмен көмкерліген жиынға жиналғандар да ыстық лебіздерін жолдап, тіпті, өлең-жырларын да арнап жатты. Салтанатты шараның маңызды рәсімі, яғни, қоңырау соғу рәсімі мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 1 сынып оқушылары Аягүл Құрманғали мен Алдияр Бекежанға бұйырды. Олар соққан сыңғырлаған қоңырау үнімен оқушылар «асыға жеткен, сағына күткен» алтын ұяларына қарай бет алып, «Мен, өз Отанымның патриотымын!» тақырыбындағы алғашқы сабақтарын бастап та жіберді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЕКІ ШАҢЫРАҚТА СӘБИЛЕР ҮНІ ЕСТІЛДІ

Күні: , 107 рет оқылды

14206036_179888492421047_1507349991302792572_o1 қыркүйек күні аудандық перзентханада екі сәбиді дүниеге келді. «Ақ орамал» акциясы жүріп жатқан кезде дүниеге келген сәбилермен және олардың аналары Айнұр Зайнуллина мен Тойдық Асанғалиеваның денсаулықтары жақсы. Қуанышқа бөленген жас аналарды аудандық аналар кеңесі, Қазталов ауылдық әкімдігі құттықтап, әр шаңырақта сәбилердің шатты күлкісі көп болсын! – деген тілектерін жеткізе келе, олардың бастарына ақ жаулық тақты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҚОНЫС МЕКТЕБІНЕ 40 ЖЫЛ

Күні: , 80 рет оқылды

14115586_179817802428116_298670902443996536_o1-қыркүйек. Қоныс ауылы. Аудан орталығынан небәрі 15 шақырым қашықтықта тұрған ауылда қуанышты шара. Өйткені, Қоныс мектебінің құрылғанына биыл 40 жыл толды. Осы жылдар ішінде бұл білім ордасынан талай жүздеген шәкірттер түлеп ұшып, еліміздің әр түкпірінде жүр. Олар осы білім ордасынан алған өнеге-тәрбиесінің арқасында еліміздің саналы азаматтары қатарында. Білім күніндегі салтанатты жиында сөз алған мектеп директоры Өбилә Аяп мектептің 40 жылдық тарихына тоқтала келіп, жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ салтанатты жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері Асыл Кенжеғалиева, аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев, ардагер ұстаз Бәтима Тұяқова құттықтау сөз алып, оқушыларға, ұстаздарға шынайы лебіздерін жеткізді. Салтанатты жиында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетсе, ұстаздарға алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар мектептің ұстазы Гүлдана Жұмағазиеваға ҚР-ның «Шығармашыл тәжірибелі ұстаз» төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді. Міне, алғашқы қоңырау да соғылды. Болашақты жасайтын бүлдіршіндер партаға отырып, алғашқы сабақты да бастап кетті. Cалтанатты шарадан кейін 40 жылдық мектеп тарихына байланысты көрме таныстырылып, мектеп ұжымының ұйымдастыруымен концерт ұйымдастырылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Күні: , 76 рет оқылды

14114970_179816949094868_5856504804842863269_oЕлордамыз Астана қаласындағы «ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Кітапхана жұмысындағы инновациялық тәсілдеме» атты кітапхана қызметкерлеріне арналған қашықтықтан өткізген Республикалық сайысында Қазталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі ЖАЗИРА ЕГІЗАЛИЕВА 1 ОРЫНДЫ және оқу залы бөлімінің кітапханашысы ЛӘЗЗАТ СҮЙІНІШҚАЛИЕВА 3 ОРЫНДЫ жеңіп алды. Кітапханашылардың жеңістері құтты болсын!

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ТАБЫСТЫ БОЛҒАЙ!

Күні: , 82 рет оқылды

14115391_1650160778628832_6042665746443679232_oКүздің алғашқы күні мектеп оқушылары үшін қуанышты күн. Үш ай бойы демалып, достары мен мектебін сағынған шәкірттер мен биылғы жылы алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін алғашқы қоңырау соғылар күн. Алғашқы оқу жылының басын Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары асыға күтті. Таңнан жиналған оқушылардың қуанышында шек жоқ. Алғашқы қоңырау салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, мектеп директоры Сабыржан Миржанұлы сөз алып, жаңа оқу жылында мектеп оқушылары мен ұстаздарға табыс тіледі. Биылғы жыл Тәуелсіздікке 25 жыл қарсаңында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебіне мемлекет тарапынан 162 млн. 636 теңге қаржы бөлініп, «Батыс Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көптен күткен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл жаңартылған білім ордасы оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз. Алғашқы білім күні әр сынып оқушылары өз сыныптарында сынып жетекшілерімен тәрбиелік сағаттарда мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, құндылығын түсіну мақсатында сабақ өткізді.

Жұлдыз АСҚАР


ЕЛАМАН ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Күні: , 78 рет оқылды

14103024_179464585796771_1286169062131087208_oҚазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ күресінен Кеңестер Одағының спорт шебері Мәлік Сүлейменов атындағы қазақ күресінен ересектер арасында өткен республикалық турнирде 55 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Еламан Меңдігереев жүлделі 3 орынды жеңіп алды. Еламан Қазталов ауылының тумасы. Қазталов аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорт шебері Әділбек Алғазиевтің жетекшілігімен алғашқы жаттығуларын бастаған. Еламанды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да бағындырар белестері көп болсын деген тілегімізді жеткіземіз!!!

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.