АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Сентябрь, 2016


БЮРОДА ҚАРАЛҒАН КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР

Күні: , 128 рет оқылды

14481723_191328337943729_6561367892318585845_o29 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес бюросының мәжілісі өтті. Кеңес бюросына аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы филиалының фракция мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Кеңесте аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің маманы Маржан Сәрсенғалиева, — «Ақбұлақ» бағдарламасын іске асырудағы бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы туралы» және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Марат Тоясов, — «аудандық филиалдың ішкі партиялық жұмыстары туралы» хабарламалар жасады. Ибн Синаның “Ауру көбінесе ішкен астан пайда бо¬лады, соның ішінде, әсіресе, ауыз судан болады” деп ескерткеніндей, халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы зор. Осы орайда «Ақбұлақ» бағдарламасының басты мақ¬саты – халықты қажетті мөлшердегі және сапа¬сына кепілдік берілетін ауыз сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі күнде көп уақыттардан бері нұрсайлықтар (Тереңкөл ауылдық округі) ауызсудан көп қиындықтар көрген еді. Енді соның шешімі табылып, Алла қосса жақын күндері нұрсайлықтар мөлдір суға мейірлене қанады. Сонымен қатар Қазталов ауылына да «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Міне, «Нұр Отан» партиясының тұғырнамасында көрсетілген міндеттер іске асырылып жатыр деген сөз. Осыған орай аудандық филиалдың кеңес бюросында қаралған мәселенің ауданымызда нақты орындалуына, оған бақылау жүргізуде әрбір партия мүшесінің табанды күш-жігер жұмсау қажеттігі сөз болды. Кеңес бюросында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Жұлдыз АСҚАР


КҮН ТӘРТІБІНДЕ — ЖАСТАРДЫ ИМАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ

Күні: , 120 рет оқылды

14435251_191310814612148_3911672268932589230_o29 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мәжілісі өтті. Мәжілісте ислам дінінің құндылықтары, салт- дәстүрді насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жасөспірімдердің дәрігерлік тексерістен уақытылы өтуі жөнінде келелі әңгімелер айтылды. Аудан әкімдігі жанындағы мәжілісте Болашақ, Қарасу, Талдықұдық ауылдық округінің әкімдері Қобылан Дүйсенов, Эдуард Ешмұқанов, Ақмарал Қуанышқалиева, аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының маманы Мақсат Нығметов, Жалпақтал аудандық аурухананың дәрігері Нұрсәуле Нығметова, атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде хабарлап өтті.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ

Күні: , 115 рет оқылды

14525102_191310177945545_6115060534033972183_o29 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. — Мәжілісте ауданның әлеуметтік кешендерінің қысқы мусымға әзірлігі жөнінде — аудандық автомобиль жолдары, тұрғын үй құрылысы бөлімінің бас маманы Салауат Байдуллин хабарлама жасады. Бұл мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Досжан Ахметов, аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев, Жалпақтал аудандық ауруханасы директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Сәлім Қалиев өздерінің салалары бойынша қысқы маусымға әзірліктер жөнінде баяндады. Сондай-ақ мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,- ауданда қайырымдылық айлығын ұйымшылдықпен өткізу туралы,- хабарлап өтті. Аудан әкімдігінің мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдады.

Әсем БОЛАТ


ДІНИ РУХАНИЯТ ЖӨНІНДЕ ӘҢГІМЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

Күні: , 104 рет оқылды

14481756_191237674619462_7580217634787468860_oДін мен ғылым секілді екі үлкен тақырыпты қаузамас бұрын «Ислам қандай дін?» деген сұраққа жауап іздесек. Ислам – адамның екі дүниесін де бірдей қамтитын хақ дін. Бұл орайда жалпақ даланы желіп өткен бабаларымыздың ықылым заманда-ақ таңдағаны имам Ағзам Әбу Ханифа мәзhабы. Ханафи мәзhабы тұла бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл құндылықтарға бай. Осы мәселелердің халық арасында қандай бағытта түсінік жұмыстары жүргізіліп жатқанынан танысу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева Талдықұдық, Жалпақтал ауылдық округтерінде болды. Халықпен кездесуде Талдықұдық ауылында мешіт үйін салу, иманды жергілікті жерден даярлау мәселелері айтылса, Жалпақтал ауылында имам Тілепберген Нұрәлиевпен кездесуде аудандағы алты діни бірлестіктің жәй- күйі әңгіме болды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ҮЗДІК ҰЙЫМ» АНЫҚТАЛДЫ

Күні: , 142 рет оқылды

14500414_190526511357245_7290983455841435328_o«Нұр Отан» партиясы – қоғамды ұйыстыратын және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш екені анық. Партия Доктринасы «Нұр Отанның» ХХІ ғасырдағы миссиясын және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі біздің алар орнымызды айқындайды. 27 қыркүйек күні «Үздік бастауыш партия ұйымы» «Нұр Отан» партиясының республикалық байқауына қатысушы аудандық бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары бағаланды. Бұл байқауға Тереңкөл, Қазталов, Бостандық, Жаңажол, Қошанкөл бастауыш партия ұйымдары қатысты. Байқауда партиялық жобаларды іске асыру, ұйымдағы қызметтің БАҚ-та жариялануы, мүшелік жарналардың жиналуы, халықтың көкейкесті мәселелерін шешу жолындағы жұмыстары және басқа да партиялық жұмыстарға сараптама жасалды. Байқауға қатысқан бастауыш партия ұйымдарының қай-қайсысында да оң жұмыстар бар. Яғни бұл халық сеніміне ие болып отыр деген сөз. Байқау нәтижесінде 100-ден жоғары партия мүшесі бар Қошанкөл бастауыш ұйымы (төрағасы Мирбол Адаялиев) және 100-ге дейінгі партия мүшесі бар Тереңкөл бастауыш партия ұйымы (төрайымы Жанар Какимова) аудандық байқауда жеңімпаз атанып, облыстық байқауға жолдама алды. Бұл жеңімпаз атанған бастауыш партия ұйымдарына облыстық байқауда да жеңімпаз болуларыңызға «нұротандықтар» тілектестіктерін білдіреді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА 1 КҮНДІК ОҚУ ӨТТІ

Күні: , 162 рет оқылды

14500725_190134104729819_9036813505219343322_o 14500545_190134931396403_9190400868431248951_o26 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту» мемлекеттік кәсіпорны, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» мүмкіншілігі шектеулі балалардың күндіз болуына арналған мемлекеттік әлеуметтік мекемесі және Қазталов ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкелер арасында «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас дағдылары» тақырыбында 1 күндік оқу өтті. Біліктілікті арттыру семинары барысында «Шапағат» мүмкіншілігі шектеулі балалардың күндіз болуына арналған мемлекеттік әлеуметтік мекемесінің бастығы Тұрсынай Дәрібаева және «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту» мемлекеттік кәсіпорнының бас әдіскері Назгүл Жұмашевалар мемлекеттік қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмысы кезінде кездесетін мәселелер және осыған байланысты туындайтын сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітіп, ақпарат берді. Сонымен қатар оқу барысында аудандық психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің басшысы Дилара Салыхова «Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық, әлеуметтік-медициналық қолдау туралы» баяндама жасады. Семинар кезінде қатысушылар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар қайтарылды. Оқу соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«НҰР ОТАНДЫҚТАР» АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАУҒА ҚАТЫСАДЫ

Күні: , 160 рет оқылды

14480575_190094961400400_4725160218234820836_o26 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «25 игі іс» акциясы шеңберінде 26 қыркүйек-2 қазан аралығында егде адамдарды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында шаралар өткізу жөнінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов қоғамдық ұйымдар жетекшілерімен, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және бастауыш партия ұйымының төрағаларымен мәжіліс өткізді. Мәжілісте тыл еңбеккерлеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектер ұйымдастыру және оларға мерекелік шаралар өткізу тапсырылды. Мәжіліске қатысқандар өзара жұмыстар бөлісті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТӨРТ ПӘТЕРЛІК БАСПАНА САЛЫНУДА

Күні: , 172 рет оқылды

14468203_189427814800448_3232923020699523641_o24 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында салынып жатырған тұрғын үй құрылысы жұмыстарымен танысып қайтты. Жалпақтал ауылының ортасында құрылысы басталып, аяқталмай қалған бұл нысан ұзақ жылдар бойы жарамсыз болып тұрған еді. Аудандық бюджеттен 26 млн теңге қаражат бөлініп, бос тұрған нысанның қалпына келтіру жұмыстары басталып та кеткен. Құрылыс жұмыстарын «Жолаушы Жол» ЖШС атқаруда. Бұл нысан жуық арада пайдалануға берілмек.

Қайрат ЖАҚЫП


КӨШІМ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Күні: , 114 рет оқылды

14468159_189421164801113_4629992492361730198_oҚазталов ауданының суландыру жүйесінің негізін Қараөзен мен Сарыөзен өзендері құрайды. Осы екі өзен арқылы көлдер мен шабындықтарға су шығарылып, көрші Жаңақала ауданына да су жіберіледі. Ресей жерінен бастау алатын қос өзеннің көрші елге тәуелді болып, өздерінен артылған ғана суға қанағат қылып отырғанымыз да жасырын емес. Оның үстіне судың қымбаттауы тағы бар. Осы проблемалық мәселені шешу бағытында, ұзындығы 130 шақырымды құрайтын Киров су қоймасы мен Көшім каналы қалыпқа келтіріліп, Қараөзен өзеніне канал тартылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 827 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда бұл жұмыстардың екінші кезеңі іске асырылуда. Жөндеу, құрылыс жұмыстарын «АзияТехСтрой», «Водстрой» ЖШС және «ҚазВодСтрой» мемлекеттік мекемесі жүргізуде. Осы орайда 24 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов аталмыш құрылыс нысандарын аралап, жұмыстардың атқарылуы барысымен танысты. Облыс басшысы бұл жұмыстардың екінші кезеңі аяталғаннан кейін, үшінші кезеңі басталатынын айтып өтті. Осы бағытта үшінші кезең жұмыстарының сметалық құжаттары жасалатынын да жеткізді. Үш кезеңнен тұратын бұл жұмыстар аяқталған жағдайда Жайық өзенінен Қараөзенге тікелей су жеткізіліп, Сакрыл су қоймасы да суға толып, ауданымыздағы су мәселесінің шешілетінін айта кеткен жөн. Сонымен қатар өңір басшысы Чапаев-Қазталов бағытындағы жол салу, жөндеу жұмыстарымен танысып өтті. Өңір басшысының ауданымызға іссапары кезінде облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов және Қазталов ауданы әкімі бірге жүрді.

Қайрат ЖАҚЫП


-УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ,- ДЕДІ САҒЫНБЕК

Күні: , 172 рет оқылды

14372362_188985118178051_8052097638230267815_o23 қыркүйек күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Қошанкөлдегі «Сәйгүлік» жылқы мұражайының құрылыс жұмыстарымен танысты. Құрылысшыларға мұражайда атқарылып жатырған жұмыстарды мерзімінде бітіруге тапсырмалар берді. Осы жұмысты жүргізіп жатқан атыраулық Сағынбек,- менің арғы тегім Қыпшақ. Ұлан- ғайыр далада, сонау Отырарда Қайырхан бабамыз өмір сүрген. Шыңғысхан әскерлерімен шайқасқан. Ал қыпшақтар ат үстінде өмір сүрген ғой. Сондықтан еліміздегі тұңғыш мұражай жұмысын жүргізіп жатқаныма қуаныштымын. Уақытылы аяқтаймыз,- деген уәдесін берді. Қошанкөлден қайтып келе жатырғанда алдымызды жылқы үйірі кесіп өтті. Үйір ішіндегі бір құлын суретке түсіріп жатырған біздерге едірейе бір қарады да, ойнақтап кете барды. Шамасы құлын,- уақыттарыңды текке жібермей, біздер туралы жасап жатырған жұмыстарыңды тездетіңдер,- дегені болар…

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.