АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 26.08.2016


ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Күні: , 114 рет оқылды

14066238_177165826026647_1861134996355829524_o 14068589_177165959359967_133414676941428352_o 14114828_177165869359976_6725557692878888273_o26 тамыз күні аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өрле, Қазақстан!» атты ақпарат – насихат тобы қазталовтық жастармен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – облыстағы жастарға қатысты жүргізіліп жатырған жұмыстар: «100 нақты қадам», «Дипломмен ауылға», «Қолжетімді баспана – 2020» сынды түрлі деңгейдегі мемлекеттік,салалық, өңірлік бағдарламаларды ауыл жастарына түсіндіру болып табылады. Кездесуде облыстық «Жас қанат» ЖҚБ-нің менеджері Манарбек Әжікенов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңестік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Нұржан Әткешов және облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының менеджері Нұрбол Қырықбаев, — жалпы, елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мәселен, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында соңғы жылдары жастар арасында жұмыссыздық деңгейі азайып келуде. Ендігі бір басты назардағы мәселе бұл — ауылдық елді мекендерге жастарды жұмысқа тарту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай сындарлы саясатын барлық жастар бір кісідей қолдап, жүзеге асыруға атсалысады деген ойдамыз. Өйткені еліміз жастарға өзінің аялы алақанымен нақты қамқорлығын көрсетіп отырса, өз кезегінде жастар да осы қамқорлыққа лайықты үн қосуға ұмтылатыны анық,- деді. Сондай-ақ кездесуде Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі АҚ облыстық филиалының кеңесші маманы Азамат Сағынбай,- жаңадан отау құрған жас отбасылардың тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері бойынша кеңес берді. Сонымен қатар кездесуде облыс, аудан көлеміндегі жыл бойына атқарылған жұмыстар жәйті туралы бейнекөрініс жастар назарына ұсынылды.

Әсем БОЛАТ


«АҚ ОРАМАЛ» БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ

Күні: , 100 рет оқылды

14067931_177092522700644_358115695187382079_o 14068348_177092286034001_1540307113144898126_oЕлбасы Н.Ə.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV саммитте жариялаған «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесін баянды ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ақ орамал» республикалық акциясын өткізуге бастама көтерді. Бұл қадамның тарихы әріден басталады екен. Мысалы, өштескен, өзара жанжалдасқан екі жақтың ұрыс-керісін тоқтату, түпкілікті татуластыру үшін ақ жаулықты аналар ортаға орамалын тастайды екен. Қазағымызда ақ сөзінің мағынасы терең. Ананың ақ сүті тәрізді, ақ орамалдың да қадір-құны өте жоғары. Бүгінгі акцияның негізгі бағыт-мақсаты да әлемде орын алған түрлі қақтығыстарды тоқтату, еларалық дау-дамайды тыю, жалпы негізсіз жауласу, қантөгіс ниетіне тосқауыл болу. Осыған орай ауданымызда да «Ақ орамал» акциясы шеңберінде игі шаралар қолға алынды. Акция барысында аналарымыз соғыста ерлік көрсеткен батырлар мен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етіп, бейбітшіліктің нышаны ретінде ақ орамалдар іліп, ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Шарада аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, ардагер-ұстаз Гүлжиян Табылдиева, Римма Жұмағалиева, ақ жаулықты аналар Чиослан Адошева, Гүлниса Әбілқайырова сөз сөйлеп, -бүгін «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде көрініс тапқан Президентіміздің бейбіт бастамаларына қолдау білдіру үшін жиналдық. Әлемде тұрақсыздық басым. Жер-жерлерде жанжалдар тұтанып тұрады. Осыны қаперімізде ұстап, бейбітшілікті қызғыштай қоруымыз қажет. Әрбір отбасында балаларымыз бен немерелерімізді бейбітсүйгіштік, отансүйгіштік рухта тәрбиелегеніміз лазым. Еліміз тыныш, ақ жаулықты аналарымыз аман болсын, -деді. Сондай-ақ акция барысында ақ орамал таққан аналардың бейбіт шеруі ұйымдастырылады. Бейбітшілік пен татулықты, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін «Ақ орамал» акциясы тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Әсем БОЛАТ


МЕКТЕПТЕР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН БА?

Күні: , 136 рет оқылды

14054434_176749249401638_3491446338237607048_o 14102972_176749126068317_4893874914234768013_o25 тамыз күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен жаңа 2016-2017 оқу жылына әзірлік жұмыстары барысы жөнінде аудан әкімдігінің отырысы өтті. Аудан әкімдігінде сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин,- мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын, білім нысандарының қысқыға дайындық барысы және қыс уақытында жылусыз қалып қоймау мақсатында жылыту қазандықтарындағы мәселелерге де тоқталып өтті. Сонымен қатар әкімдікте білім нысандарының санитарлық тазалығы, мектеп оқушыларын тасымалдайтын көліктің жөнделуіне қажетті қосалқы бөлшектердің керектігі жөнінде де сөз болды. Сондай-ақ әкімдікте аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,- кейбір ауыл мектептерінің қазандықтарын қалыпқа келтіру үшін тиісті қаражат керектігін, күрделі жөндеу жұмыстарының ішінде жылыту жүйелері де бірге қамтылуын қадағалауды ескертіп, ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларына құлақ қағыс етті. Әкімдікте Қазталов орта мектебінің директоры Әлия Жақсыбаева және Жаңажол орта мектебінің директоры А. Ризуанов жаңа оқу жылына даярлықтары туралы хабарлама жасады. Жиын соңында аудан әкімі тарапынан ауылдық округ әкімдері мен мектеп директорларына алдағы жаңа оқу жылына қатысты дайындықты пысықтау үшін бірқатар тапсырмалар беріліп, нақтылы міндеттер жүктелді.

Әсем БОЛАТ


АУДАНДЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Күні: , 172 рет оқылды

14102823_176715112738385_1982595010130814065_oҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарының 2016 жылғы 4 тамыздағы №193 бұйрығымен Қазталов аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы болып полковник Өркен Кәрібайұлы Өтебасов тағайындалды. Өркен Кәрібайұлы Өтебасов 1972 жылы Қостанай қаласында дүниеге келді. Білімі әскери жоғары. 1993 жылы Кемерово қаласындағы әскери училищесін бітірген. 1993-1996 жылдары Алматы облысының әскери бөлімдерінде қызмет істеді. 1996-2016 жылдары жергілікті әскери органдарында қызмет атқарды. Соңғы қызмет жасаған жері Қостанай облысының Әулиекөл ауданының қорғаныс істері бөлімінің басшысы. Үйленген, отбасында жолдасы, 3 баласы бар.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Күні: , 112 рет оқылды

14124895_176704362739460_7889105616538089612_o 14138014_176704686072761_7199394027480522000_o 14067886_176704739406089_8439852905702784666_o IMG_3362 14125672_176705299406033_7557824841426037705_o 14054343_176705076072722_1091930717636610397_o 14067807_176705016072728_2043417088420723083_o 14047287_176705969405966_6847214823320879402_o25 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында Қазталов ауданының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Тамыз кеңесінде алдымен аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова аудандағы білім саласындағы жетістіктер мен оқушылардың қолөнер туындылары қойылған көрмемен танысты. Кеңесте «Білімді ел – мәңгі ел» баяндамасы бойынша Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, Ғ.Беғалиев атындағы орта мектебінің директоры Ернар Ілиясов, Қазталов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлайым Өтегенова, жас ұстаз Тоғжан Қабошева, «Арай» балабақшасының меңгерушісі Орынай Кенжеғалиева, жеке кәсіпкер Асыл Кенжеғалиева жарыссөзге қатысты. Тамыз кеңесіне қатысушыларды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтап, жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жете беруіне тілегін жеткізді. Тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева сөз сөйлеп, облыста білім беру саласындағы атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып өтті. Тамыз кеңесінде білім беру саласында биік көрсеткіштерге жеткен бір топ ұстаздарға республикалық, облыстық және аудандық марапаттаулар салтанатты түрде табыс етілді. Сондай-ақ Бразилияда өткен «РИО-2016» жазғы олимпиадасының чемпионы, жерлесіміз Данияр Елеусіновтің ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап жолдаған бейнекөрінісі де көрсетілді. Кеңес соңы мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасына ұласты.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ӘДІЛХАННЫҢ ТАЛПЫНЫСЫ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ БОЛМАҚ

Күні: , 92 рет оқылды

14115384_176624839414079_8653961325107291296_o«Тәуелсіз еліміздің жастары қоғамның айнасы іспетті. Себебі, жастардың атқарған қызметі арқылы елдің болашағын болжай аламыз» деген еді алдыңғы толқынды ағалар. Бүгінде сол мүддеден шығып, ата кәсіппен айналысып жүрген жастарды біз көп байқай бермейміз. Олай дейтін себебіміз, көп жастардың мал бағуға құлшынысы төмен екендігі жасырын емес. Ал, біздің әңгімеміз Қайыңды ауылының тұрғыны, 18 жастағы Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінің студенті Әділхан Мұқаев туралы болмақ. Жалындаған жас былтырғы жылдан бастап атакәсіпке қызығушылық танытып, төрт түлік өсіруді қолға алады. Бүгінгі күнде «Әділхан» шаруа қожалығын ашқан Әділхан Сайқұдық қыстағынан 500 гектар жер алып мал өсіруде. Әділханды әңгімеге тартқанымызда,- Негізі жастар «жұмыс жоқ» деп отырмаулары керек. Қазір кәсіп ашам деушілерге көп жағдай жасалып жатыр. Ең бастысы, қорықпай, алға ұмтыла берсең, кәсіп ашудың көптеген жолдары табылады. Оның үстіне біз — жастар нағыз ақпарат заманында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан бос жатқанша, іздене беру керек сияқты. Кішкене кезімнен ауылда «Мал өсірсең, қой өсір…» дегендей қой бағып өстік. Бойымызға сіңген кәсіпті дамыту мақсатында мал шаруашылығымен айналысудамын. Қазіргі таңда «Сыбаға» бағдарламасымен 40 бас ірі қараға 1 бұқа алдым. 100 шақты қой-ешкі тағы бар. Қолдағы бар малмен осы кәсіппен айналысуға бел будым. Шүкір, жағдайым жаман емес. Осы Сайқұдық қыстағынан үй салып жатырмын. Қысқы науқанға дайынмын деп айта аламын,-деді Әділхан ініміз. Жалындаған жас жігіттің бүгінгі қадамы көпшілік жастарға үлгі болады деп сенеміз!

Қайрат ЖАҚЫП


ӘЖІБАЙДА «МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА» АШЫЛДЫ

Күні: , 94 рет оқылды

14067769_176269879449575_5810767885135108540_o 14086223_176269369449626_3412034658506095600_o24 тамыз күні Әжібай ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жасақталып отырған «модельді кітапхананың» ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова және Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Роза Исатаева,- бүгінде рухани, ақпараттық білім беру орталығы саналатын ауыл кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталып, «модельді кітапханаға» айналып отыр. «Модельді кітапхана» – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Оның басты тиімділігі – компьютерлік технологияларда енгізудің арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, ауыл тұрғындарын компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру және қажетті ақпараттарын қашықтан пайдалана алуын қамтамасыз ету. Алдағы уақытта да дәл осындай кітапхана түрі басқа ауылдық округтерде де жасақталатын болады. Бүгінгі ашылғалы отырған «модельді кітапхананың» болашағы жарқын, рухы өркенді болсын, — деп барлық шараға қатысушы қонақтар мен оқырмандарды құттықтап, лебіздерін білдірді. Шарада кітапханашылар әлеуметтік желі арқылы онлайн түрде жаңақалалық әріптестерімен тілдесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ жаңадан ашылған «модельді кітапханаға» Әжібай ауылының кітапханашысы Бибигүл Нағымқызы «кітапханаға саяхат» атты шолу жасап, кітапханадағы жаңадан жабдықталған балалар бөлімін таныстырып өтті. Шара соңы аудан және ауыл көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Осындай «модельді кітапхана» Ақпәтер ауылында да ашылып, кітапқұмарларды бір қуантып тастады.

Әсем БОЛАТ


СПАРТАКИАДАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Күні: , 98 рет оқылды

14086260_176164426126787_8360370697367724395_o24 тамыз күні «Достық» саябағында «Спорт күні» мерекесіне орай аудандық мекеме, кәсіпорындар арасындағы спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі аппараты, А.Оразбаева атындағы орта мектеп, Қазталов орта мектебі, Қазталов ауылдық округі, газ шаруашылығы мекемесі, №19 өрт сөндіру бөлімі, «Нұрбалапан» бөбекжайы, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, тәрбие орталығы, балалар жасөспірімдер туризм орталығының командалары қатысты. Спартакиаданың ашылуында сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жарыста сәттілік тіледі. Спартакиада барысында үстел теннисі, дойбы, волейбол, шағын футбол, асық атудан сайыстар оздырылатын болады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.