АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 23.08.2016


СЕМИНАР- КЕҢЕС ӨТТІ

Күні: , 88 рет оқылды

13908915_175849972824899_6687609449880008999_o 14054576_175850106158219_9102027351094352401_o23 тамыз күні Қазталов орта мектебінде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» тақырыбында семинар – кеңес өтті. Семинарға ауданымызға көршілес жатырған Жәнібек, Бөкей Орда аудандарының бөлім, мекеме-кәсіпорын басшылары және ауданымыздың ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.  Семинарда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, — бүгінгі жиынның басты мақсаты – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың алғышарттары туралы түсінік қалыптастыру, қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу, жүйенің тиімділігін арттыру және оны жүзеге асыру болып табылмақ,- деді.
Сондай-ақ семинарда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Күнсұлу Ниярова, облыстық халықты жұмыспен қамту басқармасының басшысы Мүнара Қапышева, облыстық еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары Жеңіс Беріков және әлеуметтік нормативтер мен әлеуметтік әріптестікті үйлестіру бөлімінің басшысы Қайырғали Надырғалиев, — «Міндетті әлеуметтік медициналық» сақтандыру, зейнеткерлікке енгізілген өзгерістер және «Өрлеу» жобасының тиімділігі жөнінде хабарлама жасап,түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар семинарда аталмыш тақырып бойынша сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


ӨҢІР БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 116 рет оқылды

14124969_175556339520929_5584719152792475014_o 14066398_175556636187566_4439424121457537187_o22 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапарымен Қазталов ауданына ат басын тіреді. Жұмыс сапары барысында өңір басшысы Тереңкөл ауылдық округінінде болып, округ орталығы Нұрсай ауылындағы құрылыс нысандарын аралады. Биылғы жылы Нұрсай ауылында құрылыс жұмыстары 246 млн 467 мың құрайтын «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су жүйесі тартылып жатыр. Бұл қаражаттың бүгінгі күнде 61 млн 617 мыңы бөлініп, құылыс жұмыстарын «Құрылыс газ» ЖШС атқаруда. Сонымен қатар ауыл орталығында 30 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген орта мектеп биылғы жылы бюджеттен 162 млн 636 мың қаражат бөлініп, мердігер «Батыс строй» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын бастап та кетті. Осы екі құрылыс нысандарын аралаған облыс әкімі мердігерлер мен аудан басшыларына құрылыс жұмыстарының сапалы жасалып және өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. 14115520_175556572854239_430716149184205733_o 14124495_175556689520894_7594457535223564404_o

Қайрат ЖАҚЫП


СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Күні: , 108 рет оқылды

14107881_175455716197658_1066956214842141023_o 13996233_175455699530993_2307375593918265871_o13-15 тамыз күндері Жалпақтал ауылында мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары арасында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай спорттық іс-шаралар өтті. Тұрғындар арасында шағын футболдан, білектесуден, нысанаға доп лақтырудан, волейболдан және веложорық сияқты спорттық шаралар оздырылды. Үш күнге созылған спорттық шаралар нәтижесінде шағын футболдан 3 орынды аурухана командасы, 2 орынды газ шаруашылық мекеме командасы, 1 орынды Жалпақтал полиция бөлімі жеңіп алды. Жекелей номинация бойынша «Ең үздік қақпашы» Мейірбек Даутов, «Ең үздік қорғаушы» Дастан Изғалиев және «Ең үздік сұр мерген» Болатбек Сарманов иеленді. Білектесу сайысы бойынша 3 орынды Жанболат Нұрқашев, 2 орынды Рауан Қазиев және жүлделі 1 орынды Мәди Мендешов еншіледі. Ал, нысанаға доп лақтыру жарысында 3 орынға Ғ.Молдашев атындағы орта мектебі, 2 орынға Жалпақтал колледжі, 1 орынға полиция бөлімі ие болды. Волейболдан өткен жарыс қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен К.Меңдәлиеватындағы орта мектебінің командасы 3 орынды, Ғ.Молдашев атындағы орта мектебі командасы 2 орынды, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы 1 орынды өз қанжығаларына байлады. Бұл жарыста Қуандық Молдағалиев «Ең үздік ойыншы», Наурызбек Жұмагереев «Ең үздік шабуылшы», Руслан Жакупов «Ең үздік байланыстырушы» марапатына ие болды. 15 тамыз күні шараның жабылу салтанаты өткізіліп, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин барша спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кеш соңында үздік танылған командалар мен ойыншыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етіліп, концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.