АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 19.08.2016


БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ

Күні: , 78 рет оқылды

13987593_174137719662791_8974229571734188774_o 13987658_174138662996030_7022987080735546345_o 13996087_174138159662747_2239564646635180992_o 13996191_174137582996138_5472026535516864797_o 14053911_174139132995983_323817665515377216_o 14054330_174137589662804_2351646247764055960_o 14086352_174138652996031_3653750495456792434_o19 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде 13987526_174139246329305_3472517062420232361_oмүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты аудандық байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ынтымағы жарасқан тәуелсіз елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамда шектетпей, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі тануға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді араластырудың тиімді тәжірибесін өрістету. Байқауға Жаңажол ауылдық округінен А.Байдиева, А.Әубәкірова, Г.Жүрсінбаева, Н.Сүлейменов, Жалпақтал ауылдық округінен Г.Мұштанова, Д.Муликова, А.Мақсотова, Д.Қиюалы, А.Тілепбергенова, М.Мұхитова, Болашақ ауылдық округінен Ж.Ишанғалиев, Қараоба ауылдық округінен А.Хамитов, Г.Ермекқалиева, Тереңкөл ауылдық округінен Қ.Абдрахова, А.Шарафутдинова, Бірік ауылдық округінен А.Жұмақайыр, А.Ғаппарова, Қараөзен ауылдық округінен Д.Нұржан, Бостандық ауылдық округінен Н.Қайырбекова, Қазталов ауылдық округінен А.Шаханов, Ақпәтер ауылдық округінен Ш.Шабилова «Үздік жасампаз», «Үздік орындаушы», «Үздік би», «Көркем сөз» номинациялары бойынша сайысқа түсті. Байқауға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова еліміздің барлық аймақтарында бастау алып жатқан аталмыш фестивальды тамашалауға келген көрермендерге ризашылығын білдіріп, қатысушы өнерпаздарға табыс пен сәттілік тіледі. Аудандық жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев бастаған қазылар алқасы додаға қатысқан өнерпаздардың ішінен «Үздік жасампаз» – А.Шарафутдинова, «Үздік орындаушы» – Ш.Шабилова, «Үздік би» – М.Мұхитова, «Көркем сөз» – А.Ғаппарованы танып және барша қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында аудандың мекеме-ұйымдары және кәсіпкерлері де естелік сыйлықтарын ұсынып, тілектерін білдірді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ» ДРАМАСЫ

Күні: , 118 рет оқылды

14067898_1642844079360502_4038459466287426910_o 14054371_1642843829360527_7600372909757338224_o 13975376_1642842136027363_8510335502284361666_o 13962910_1642842539360656_9201998848877652771_o 13958160_1642843052693938_7838388812839629771_o 13923411_1642843236027253_638254360499093832_o18 тамыз күні С. Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы жанындағы Қазталов Халықтық театрының ұжымы Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» атты қойылымды көрермендерге ұсынды. Бұл қойылымда адамдардың өмiрдегi бастарынан өткерген тағдырлары баяндалады. Жол бойында кездейсоқ танысқан ауыл қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілияс пәк сезімдер арбауына түсіп, шынайы махаббаттың кейіпкерлері атанады. Ата-анасының рұқсатын алмай, аттастырылған жігітіне қарамай, Әсел Ілиястың етегін ұстайды. Алайда, қас-қағым сәтте, олар бастарына қонған бақтан айырылып, әрқайсысы өз жөнімен кете барады. Әсел өзінен үлкен азаматқа қосылып, ортада қалған Самат бүлдіршін өзге жанды әке деп кетеді. Өзегінде өкініш өрті лауласа да, өткенді қайтара алмайтынын түсінген Ілияс жаңа өмір сүруге қадам басады. Адамның жүрек түкпiрiндегi жалғыз-ақ дүние – ол махаббат сезiмi. Тек оны әрқайсысы өзiнше түсiнiп, өзiнше сезiнедi. Қалай десеңiз де, бұл – өмiр және әркiмнiң өзiнiң пешенесiне жазылған тағдыры болады. Бұл қойылымда да сол өмiрдегi адамдардың бастарынан өткерген тағдырлары баяндалды. Бас кейіпкер – қарапайым көлiк жүргiзушiсi Iлияс. Жұмыс бабымен жүрiп ерекше жағдайда арманы Әселi, қызыл орамалды Шынарымен танысады. Кездейсоқ таныстықтықтың соңы кiршiксiз сезiм, үлкен махаббатқа ұласып, қос ғашық жолдарында тұрған кедергiлердiң ешбiрiне қарамастан шаңырақ көтередi. Көп ұзамай нәрестелi де болады. Алайда, жұмысына жанымен берiлген Iлиястың ойға алған “идеясының” жүзеге аспай қалуы, отбасы бақытының тас-талқанын шығарады. Жеңiлгенiн мойындағысы келмеген кейiпкер жан жылуын жанұясынан емес, өзгенiң, яғни қызметтес танысы Қадишадан iздейдi. Қойылым аяқталды. Залда отырған көрермендердің көз алдына Әселдің мұңды жүзі, адал махаббаттың баянсыз махаббатқа ұласуы көздеріне жас ұялатты. Өмірде аяғын шалыс басқан Ілияс тағдырын да кінәлауға болмайды. Ал, Бәйтемір бейнесі де АЗАМАТТЫҚТЫҢ биіктігін көрсеткендей болды. Міне, осының бәрін жеткізе білген жергілікті өнерпаздардың маңдай терінің арқасы. Киелі сахнада өздерінің бойындағы өнерлерін халыққа жеткізе білу – үлкен күш жігерді қажет етеді. Бұны бағалай білген де дұрыс. Жарайсыңдар, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері! Қойылымдағы рөлдерді сомдаған Халықтық театрдың әртістері Қайрат Абдулов (Ілияс), Данагүл Жұмабаева (Әсел), Тауасих Тақаев (Бәйтемір), Оралхан Ерғалиев (Әлібек), Мерлан Нұролла (Жантай), Балғаным Ғұбашева (Қадиша), Мұрат Ахметов (Басқарма), Ерәлі Абдулов (Самат), Элнара Ғабдуллина (Қыз) және музыкамен көркемдеуші – Мерболат Қабошев, суретші – Бисен Садықов, қойылым режиссері Данагүл Жұмабаева. Осындай мағыналы да әсерлі қойылымды сахналаған мәдениет қызметкерлеріне аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.

Әсем БОЛАТ

 

ЧЕМПИОНҒА АРНАЛҒАН АУТОШЕРУ

Күні: , 84 рет оқылды

13938157_173630023046894_3533210704262322925_o 13995588_173630076380222_6157379965594362333_o 14086221_173630426380187_30776690084500786_o18 тамыз күні Қазталов ауылында жерлесіміз, олимпиада чемпионы атанған Данияр Елеусіновтің құрметіне аутошеру ұйымдастырылды. Салтанатты шеруде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова,- Данияр бауырымыздың жеңісі теңдессіз. Ол әлем алдында қазақ оғландарының қандай екенін дәлелдеді. Төрткүл дүние бұл жеңіске қызыға да, қызғана да қарады. Қараөзеннің жағасында, қызғалдақты алқапта кіндік қаны тамған Данияр – ел мақтанышы,-деді. Аутокөлік шеруі Қазталов ауылының бас көшелерімен көк байрағымызды желбіретіп, жеңісті паш етіп, жүріп өтті.

Гауһар ӘДІЛЖАН


ЖЕРЛЕСІМІЗ ДАНИЯР ЕЛЕУСІНОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ

Күні: , 186 рет оқылды

13987363_173456403064256_6575299962668897674_o 13988222_173456976397532_5240770030803304221_o 14054392_173457093064187_9029963753103918939_o18 тамыз күні түнгі сағат 00:30-да жерлесіміз, Қазталов ауданы Қайыңды ауылынан шыққан боксшы Данияр Елеусінов Бразилия елінде өтіп жатқан XXXI- ші жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келі салмақ дәрежесінде финалға шығып, өзбек елінің боксшысы Шахран Гиясовпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Данияр бауырымыз айқын басымдықпен жеңіп, ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ атанды. Жерлестерінің финалдық жекпе-жегін қазталовтықтар «Достық» саябағында тамашалап, жанкүйерлік танытты. Даниярдың жеңісіне қуанған жерлестері «Данияр — чемпион!» деп ұрандатып, қуанып жатты. Төрешілер Даниярдың жеңіске жеткенін хабарлағаннан кейін, жарысты халықпен бірге тамашалаған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қазталовтық ағайынды құттықтап,- бүгін біз үшін үлкен қуаныш. Даниярдың аты аудан тарихында және әлем спортының тарихында алтын әріптерімен жазылатын болады. Баршаңызға бүгінгі түнде Даниярға жанкүйер болып, қолдау білдіргендеріңізге өз атымнан алғысымды білдіремін,- деді. Сондай-ақ Данияр Елеусіновтың жеңісінің құрметіне аудан көркемөнерпаздары ән шырқап, саябақтың түнгі аспаны әдемі отшашуға бөленді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Мөлдір ТӨЛЕКЕНОВА


ДАЯРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Күні: , 84 рет оқылды

14067773_172862976456932_3250126615037641529_oСанаулы күндерден кейін оқу жылы басталмақ. Оның аржағында «қылышын сүйреткен қыс бар» дегендей, жылыту маусымы да жақындап келеді. Осы орайда 16 тамыз күні Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова жұмыс сапарымен Жаңажол, Жалпақтал, Қараөзен, Ақпәтер, Қайыңды, Болашақ ауылдық округтерін аралап, сол округтердегі әлеуметтік нысандардың алдағы оқу жылына және жылыту маусымына даярлықтарын тексерді. Тексеріс барысында аталмыш округтердегі білім ордалары мен мәдениет ошақтары толықтай дерлік ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқтай келіп, алдағы оқу жылына және жылыту мауысымына дайын екендіктерін байқатты. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары әзірлігі нашар кейбір нысандардың басшылары мен қызметкерлеріне ескертулер жасап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАН АУМАҒЫНДА «СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК» РЕЙДТЕРІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 82 рет оқылды

13975346_172247046518525_2725120866008649879_oАуданымызда 2016 жылдың мамыр айынан бастап «Судағы қауіпсіздік» акциясы аясында аудан аумағындағы су қоймаларында рейдтер жүргізілуде. Бұл рейдтерді жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, аудандық бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері, аудандық ішкі істер бөлімі және ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп өткізуде. Рейдң барысында аудан аумағындағы су айдындары тексеріліп, суда шомылып жатқан адамдарға суда қауіпсіздік бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді. Су жағасында байқалған кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына хабар беріліп, су айдындарда кездескен адамдарға және ауылдардың тұрғындарына жадынамалар тарату жүмыстар көрсетілуде. Ауыл тұрғындары арасында «судағы қауіпсіздік» түсінігі бойынша дәрістер мен жиын өткізілуде. Сонымен қатар, ауыл тұрғындар арасында, «Алау», «Ақкөл» «Қайынды» «Ақпәтер» жазғы демалыс лагерьлерінде нұсқаулық жұмыстары жүргізіліп, лагерьлердегі балалар және қызметкерлер арасында суда қауіпсіздік ережелері талаптарын қатаң түрде сақтау туралы кеңес берілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.