АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 15.08.2016


МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 74 рет оқылды

13912636_1640575349587375_4857639060097882490_nБүгін құрылысшылар күніне орай «Юнисерв» компаниясы бас директорының орынбасары, қаржы директоры Ақмарал Жұбайқызы, аудан əкімінің орынбасары Зəйлім Мәжитова «Юнисерв» компаниясында болып, жолшыларды, құрылысшыларды мерекемен құттықтады. Аудан əкімінің орынбасары Зəйлім Мəжитова аудан əкімі атынан естелік сыйлық тарту етті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Күні: , 86 рет оқылды

13995394_171386833271213_1905125754581658704_o 13937935_171386779937885_8303733726501830248_o 13923429_171386703271226_7869763790166195469_o13 тамыз күні Қазталов ауданы орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде мал азығынан бастап, бау-бақша дақылдары және балық, ет, сүт өнімдерін арзан бағамен сатып алуға болады. Сондай-ақ биылғы жылғы бағлан-тоқтылар саттықа шығарылып отыр. Биылғы жылы шөптің бағасы (рулоны) 2000-2500 теңге болса, тоқтылар 12000-15000 теңге көлемінде болып отыр. Бұл жәрмеңке әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылып тұратынын айтып өткен жөн.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КЕШКІ САЯБАҚ ӘН МЕН КҮЙГЕ БӨЛЕНУДЕ

Күні: , 102 рет оқылды

13925917_1639830189661891_7339214279208279171_o 13920117_1639829956328581_1246965365135787454_o 13909067_1639829912995252_2586923355192942222_o               Аудан орталығында былтырғы жылы ашылған «Достық» саябағы ауыл тұрғындарының сүйіп жиналатын орнына айналып отыр десек артық болмас. Әсіресе, кешкі уақытта осы саябақта үлкендер серуен жасап, ал балалар жағы асыр салып ойнап жатады. Балаларға арналған ойын алаңы, батут жұмыс жасайды. Сонымен қатар жақында бассейн сатып әкелініп, ауыл балалары суға түсіп мәз-мейрам болуда. Және де әр аптаның жұма, сенбі күндері аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламалары ұйымдастырылып, саябақты ән мен күйге бөлеп жатады. Саябақты ұлғайту мақсатында аудандық бөджеттен қаражат бөлініп, алдағы уақытта теннис корты, әртүрлі спорт снарядтары және ойын алаңдары жасақталмақ. Ауыл тұрғындарының тынығуына бар жағдай жасалатын болады.

Қайрат ЖАҚЫП


БОСТАНДЫҚТЫҢ АЖАРЫ– «АСЫЛ ӘЖЕЛЕР»

Күні: , 124 рет оқылды

13987519_170883779988185_5600482357768356307_oТалай өнер саңлақтары дүниеге келген Бостандық ауылындағы әжелерден құралған «Асыл әжелер» ансамбліне биыл 15 жыл толды. 2001 жылы мамыр айында құрылған «Асыл әжелер» ансамблінің өнері көп ұзамай-ақ бүкіл аудан көлеміне таралып кетті. Олай дейтініміз, ансамбль ұжымы мәдени мұрамыз – халық әндері мен қазіргі әндерді, үркердей айшықты үрдістерімізді шебер ұштастыру үшін талмай ізденген еді. Екі-үш жыл көлемінде-ақ ауданның барлық ауылдарын, елді мекендерін аралап, концерттерін ұсынды. Тіпті, Орал қаласындағы қазақ драма театрының төрінде де ән шырқады. «Асыл әжелердің» құрамында бүгінде – 15 адам. Жетекшісі – Гүлбану Шынтемірова. Олар көбінесе халық әндерін орындайды. Қазір репертуарларында 20-дан аса ән бар. Бостандық ауылында ауылында өткен әр мереке сайын ауыл жұртына, әсіресе, ұлттық жауһарды аңсаған үлкендердің көңілін серпілтіп, әнмен әлдилеп келеді. Айта кеткен жөн, әжелердің ең үлкені Мағрипа әжей 82 жаста. Бәрі де бала өсіріп, немере-шөбере сүйген жандар. Мінеки, жас кезінде өмірге ұрпақ әкелсе, ал енді оларды жеткізген шақта өнерге ұмытылып, бір өңірдің ілтипатына бөленіп жүр. 11 тамыз күні Бостандық ауылдық мәдениет үйінде «Асыл әжелер» ансамблі 15 жылдық мерейтойларына орай есептік концерттерін ұсынды. Сахнада әжелер ою-өрнек, көрпе қабу, ұршық иіру сынды түрлі қолөнер мен ісмерлікпен айналыса отырып, халық әні «Сусамырмен» концерт шымылдығын ашып, «Замандас», «Бипыл» әндерімен кешті әрмен қарай әрлей түсті. «Асыл әжелер» ансамблінің мүшелері Мағрипа Мұхамбетжанова, Роза Мусина, Бақыт Базартаева, Мәриям Сүндетова, Роза Қисметова, Шәрбану Сапарғалиева, Рәш Темешова, Әлия Мұқанова, Айжан Есқалиевалар «Біздің ауыл осындай», «Ауылым», «Әлі есімде», «Жайық қызы», «Немерем», «Ақмаңдайлым», «Желсіз түнде жарық ай», «Әгугай» әндерін орындады. 13925822_170885476654682_2576307305356713938_oӘжелерді мерейтойларымен құттықтаған Бостандық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жапақов әжелерге арналған әзіл өлеңін сыйға тартса, «Асыл әжелер» ансамблінің баянмен сүйемелдеушісі Бақтығали Қапонов «Әдемі-ау» әнін тарту етті. Әжелер тек ән айтып қана қоймай би де билеп, домбырада да ойнап, көріністер де көрсетті. Олардың сахналаған Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» шығармасынан үзінді, «Қарттай үйі» қойылымы керемет әсер қалдырды. Кеш Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған жергілікті сазгер Дархан Даулетияровтың «Алға, қазақ елі!» әнімен қорытындыланды. Әжелерді 15 жылдық мерейтойларымен құттықтай келген, осы ансамбльдің құрылуына мұрындық болған Қадырбек Мұқанов өзінің жылы лебізін арнап, қызықты естеліктерімен де бөлісті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев «Асыл әжелер» ансамбліне аудан әкімінің алғыс хатын табыс етсе, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абзал Садықов, «Қазталов-жәрдем» қорының директоры Мұқанғали Бектілеуов, «Нұр Отан» БПҰ-ның төрайымы, осы ансамбльдің ұйымдастырушысы Алтын Ақбаева да құттықтауларын жеткізді. Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов әжелерге ұлттық нақышта әшекейленген сахналық киім алып беруге уәдесін берді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ІШІМДІКТІҢ АҚЫРЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙҒА АПАРДЫ

Күні: , 106 рет оқылды

13963021_170497573360139_8646707153974120705_o11 тамыз күні Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Қайырбеков баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында сот төрағасы аудан аумағында болған ауыр қылмыстық оқиға туралы қысқаша хабарлады. Сот төрағасының айтуынша,- Қазталов ауылының тұрғыны Е. арақ ішкен мас күйінде ауылдасы М.-ны қолына түскен қайрақпен басынан бірнеше қайтара соққы жасап, ауыр дене жарақатын келтіріп, оны сұлық түсіреді. Алған ауыр дене жарақаттарынан М. есіне келмей ауруханада қайтыс болады. Тергеу амалдарының жүргізілуі нәтижесінде айыпталушы кінәсін толық мойындады. Осыған орай Қазталов аудандық соты Е.-ге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) қылмыстық істі қарап Е. ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен айыпты деп танып, осы баппен 9 (тоғыз) жыл мерзімге бас бостандығынан айырды және жазасын өтеу жалпы режимдегі түзеу колониясында тағайындалды,- деді. Жалпы ішімдікке салынудың арты қайғы-қасіретке душар қылып жатады. Әсіресе, бұндай жағдайлар жастар арасында да, тіпті ақыл ойын тоқтатқан адамдар арасында да кездесуде. Бір ғана берілетін адам өмірі осындай қасіреттерден аулақ болса екен дейміз.

Әсем БОЛАТ


ЖАЛПАҚТАЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КӨРЕРМЕНДЕРГЕ КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТ ҰСЫНДЫ

Күні: , 92 рет оқылды

13923265_170471446696085_5018849077474191594_o11 тамыз күні Жалпақтал мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» фестиваліне орай Жалпақтал ауылы ардагерлері концерт қойды. Концерт шымылдығы ардагерлерден құрылған ұлт-аспаптар ансамблінің орындауындағы Рақым Ығылмановтың «Толқын» күйімен ашылды. Ансамбльдің сүйемелдеуімен «Шапағат» әжелер ансамблінің мүшесі, Ұлы Жеңістің 50, 70 жылдық мерейтойларының лауреаты Алтын Сәрсекешова халық әні «Сәулем-айды» әуелетсе, Нұрлы Химеденованың мың бұрала билеген «Келіншек биі» де көпшіліктің көңілінен шықты. Аудандық, облыстық би байқауларының жүлдегерлері, Қазақстан Республикасы Мәдениет министірінің «Алғыс хат» иегерлері Ғилым Едекешов пен Нұрлы Химеденованың «Вена вальсі» биі әсем де жеңіл қозғалыстары арқылы өріліп, әдемі әуен мен қос бишінің қимылы өзара үйлесім тауып, көрермендерін тәнті етті. Көпшілік оларға ризашылықпен қол соғып, халықтың қошеметіне бөленді. Көрерменді ерекше сүйсінткен Самат Ерғалиев пен Баян Қабиева қосыла шырқаған «Сұлулық сазы», Алтын Сәрсекешованың «Өзіңсің», Самат Ерғалиев гитарамен қосыла айтқан «Гүлсезім» әні, баянмен қосыла (сүйемелдеуші – III-ші Бүкілодақтық фестивальдің дипломанты Мұрат Жүсіпбаев) әсем әнді әуелеткен «Шапағат» әжелер ансамблінің мүшесі Райса Болатованың «Көп қарадым суретіне» әні талайдың ұмыт болған жастық шағын, жақсы күндерін естеріне қайта оралтқандай болды. Ал, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазталов ауданының құрметті азаматы Баян Құбайқызы жетекшілік ететін «Шапағат» әжелер ансамблі орындаған «Әр ұлт әндерінен попурри», «Арман жырым – ақ бесігім» әндеріне тыңдарман ризалықпен қол соқты. 13909369_170472126696017_3181021251313484236_oСахнада Қазақ ССР-нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Зәуреш Ақмурзина мен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Нұрлан Шақанаев сомдаған «Әйел арманы» көрінісі көрерменді қыран-топан күлкіге кенелтіп, көңілдерін бір жадыратып тастады. Концерт соңы ардагерлерден құралған хордың орындауындағы «Шолпан» және «Бейбітшілік сақталады» әндерімен аяқталды. Ардагерлер фестивалін қорытындылаған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, -б ұл шараның негізгі мақсаты – ардагерлердің өнері мен өнегесін, шығармашылық қабілетін жетілдіру, олардың қоғамдық жұмыстағы белсенділігін арттыра отырып, жас ұрпаққа ұлттық, патриоттық тәлім-тәрбие беру болып табылады, -деп атап өтті. Сонымен қатар, ол бүгінгі фестивальдің діттеген деңгейде өткеніне, оған қатысқан ардагерлердің өз дәрежесінде өнер көрсете алғанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев ардагерлерге осындай тамаша концерт ұсынғандары үшін алғысын жеткізіп, аудандық, облыстық фестивальде ардагерлер арасынан жүзден жүйрік шыққандарды республикалық деңгейде өнер көрсетуіне тілегін білдірді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


ОТАНДЫ ҚОРҒАУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

Күні: , 95 рет оқылды

13913940_170467706696459_7398712416018841277_oОтанды қорғау, ең алдымен, ер азаматтардың міндеті. Әскери қызметке қызығушылық танытып, болашақ өмірін әскери темір тәртіппен байланыстыру әрбір бозбаланың арманы. Сол бозбала арманына қол жеткізген біздің де жерлестеріміз әскери қызметті келісімшарт бойынша Отанымызыды қорғап жүр. Әңгімеміздің желісі әскери темір тәртіпке бой ұсынып, қызметте жүрген қазталовтық Тұяқ Сабиров туралы болмақ. 11 тамыз күні туған ауылына кезекті еңбек демалысына келген Тұяқпен кездесудің сәті түсті. — Мен әскери борышымды өтеп келгеннен кейін, еңбек жолымды аудандық қорғаныс бөлімінде жалғастырдым. Неге? -деп сұрарсыз. Солдат болуды армандамаған бала жоқ шығар. Мен де әскер қатарына алынғаннан кейін, көп ойландым. Әскери қызмет маған қатты ұнады десем артық болмас. Сондықтан осы жолды таңдадым. Былтырғы жылдан бері шақыртумен Ақтау қаласындағы №29011 әскери бөліміне қарасты әскери теңіз базасында жасақтау және жұмылдыру бөлімшесінің сержанты болып қызметті келісімшарты бойынша еңбек етіп жатырмын. Жағдайымыз жақсы. Мемлекетімізде әскер қызметшілерге барлық жағдай жасалып отыр. Отбасыммен Ақтау қаласында тұрып жатырмын. Әскери қызметті таңдағысы келетін жеткіншектерге менің айтарым,“Отан үшін отқа түс – күй­мейсің” деген екен Бау­ыр­жан Момышұлы. Осы сөздің өзегіне бойласаң көп ақиқат ашы­лады. Сондықтан барша жастарды Отанға қызмет етуге шақырамын,- деді Тұяқ өз әңгімесінде. Міне, нағыз елінің патриоты! Тұяқ Сабиров сияқты азаматтарымыз көп болса, еліміздің тыныштығы бұзылмайтынына сене аламыз. Бізде әскери қызметті болашақ өмірімен байланыстырғысы келген аудан жастарына аудандық қорғаныс бөліміне хабарласып, өз таңдауын жасасын демекпіз.

Қайрат ЖАҚЫП


АУЫЛ АХУАЛЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Күні: , 76 рет оқылды

13913793_170030423406854_6940546775931741835_o10 тамыз күні «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов және партия жанында құрылғын бақылау комиссия мүшелері Тереңкөл ауылдық округінде болып, округ орталығындағы құрылыс нысандары жұмысымен танысып қайтты. «Нұр Отан» партиясы жанында құрылған бақылау комиссиясының негізгі міндеті – бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалау. Осы бағытта комиссия мүшелері Нұрсай ауылындағы көрделі жөндеуден өтіп жатырған мектептегі жөндеу жұмыстары және «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауылға тартылып жатырған таза су жүйесінің құрылысымен танысты. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов және аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Баймамбет Сағадденов жер мәселесі бойынша қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды қабылдады.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.