АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 10.08.2016


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Күні: , 110 рет оқылды

13925431_169592446783985_8998166397617147584_oАудан әкімінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 140 өкімімен Қазталов ауданының ветеринария бөлімінің басшысы қызметіне Аманжол Баянғалиұлы Қажығалиев тағайындалды. Аманжол Баянғалиұлы Қажығалиев 1985 жылы Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ветеринариялық-санитарлық дәрігер,2008-2009 Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарында өз әскери борышын өтеген. 2014 жылы Батыс Қазақтан инженерлік-гуманитарлық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірді. Еңбек жолын 2002 жылы «Нұраман» шаруа қожалығының жұмысшысы болып бастады. 2010 – 2016 жылдары Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы. 2016 жылдың тамызынан бастап аудандық ветеринария бөлімінің басшысы.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Күні: , 154 рет оқылды

13653486_169580463451850_8540185522468240741_oА.Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде ауылдық орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Нұрша Алжанбайқызы Оразақынова «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын оқыту туралы үш күндік семинар өткізді. Семинар барысында біз «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы Нұрша Оразақыновмен сұхбаттасқан болатынбыз. -Нұрша Алжанбайқызы осы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторысыз. Бұл технологияның негізгі мақсаты қандай? — Еліміздің көптеген мектептерінде біраз жылдан бері бірінші сыныптан бастап негізгі пәндер мен қатар таңдау пәндері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын басшылыққа алып оқытылып келеді. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді оқыту – оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, әр пәннің ғылыми мазмұны мен жүйесін, талдап үйретумен қатар ойын дұрыс жеткізуге, әдеби тілде сөйлеп үйренуге, ана тілінің байлығын бағалай білуге баулитын ұлттық төл технология. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы жан-жақты дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, өз тілінде дітін орындата алатын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту. — «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын деңгейлеп оқытып отырсыз. Осы деңгейлері туралы айтып өтсеңіз? — Бірінші деңгейде жазылым басшылыққа алынады. Бұл деңгейде мұғалімнің қызметі бірінші орында болады. Яғни, мұғалім жазылым әрекеті арқылы тірек сызбаларды басшылыққа алып, теориялық материалдың алғашқы нұсқасын толық жазып оқушылардың саналы түрде меңгеруіне ықпал етеді. Онда білім алушылар біріншіден, сауатты жазып, оқып, айтуға дағдыланады; екіншіден материалды жүйелі түрде түсініп, ғылыми тілде баяндауға машықтанады. Сонымен қатар семинарға қатысып, дәріс алып отырған А.Оразбаева атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мирболат Мырзағалиев та өзінің алған әсерімен бөлісті. -7-9 тамыз күндері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының бірінші деңгейі бойынша білімімізді толықтырып отырмыз. Жалпы бұл технология туралы газет-журнал беттерінен оқып танысқанмын. Деседе, семинар кезінде технологияның оқытылу жүйесімен толықтай танысып, білдім. Бұл «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының ғылыми-әдістемелік негізі Алаш арыстарының білім беру, тәрбиелеу жөніндегі ой-тұжырымдары және әртүрлі пәндердің теориялық негіздерімен тығыз байланысты. Семинарда алған білімімді жаңа оқу жылында қолданамын деген ойдамын,-деді. Семинарда бастауыш және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері топтарға бөлініп, өздеріне топ атын, ұранын және таныстыруын, топ жетекшісін тағайындаған. Әр топ технология бойынша берілген тапсырмаларды орындап, талдау жасады. Семинар соңында барша мұғалімдерге бірінші деңгейін бітіргені туралы сертификат табыс етілді.

Гауһар ӘДІЛЖАН


АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАСПАСӨЗ БРИФИНГІ ӨТТІ

Күні: , 126 рет оқылды

13680098_1637647743213469_7734320957488880607_o9 тамыз күні орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырдың қатысуымен «2016 жылдың өткен кезеңінде Қазталов ауданында атқарылған жұмыстар және 2020 жылға дейінгі аудан дамуының бағдарламасы» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Брифингке «Қазақстан-Орал», «ТДК-42» телеарналары, «Орал өңірі» «Приуралье», «Уральская неделя», «Мой город» газеттерінің тілшілері қатысты. Аудан әкімінің баяндауынша 2016 жылғы бюджет – 5 млрд. 237 млн. 973 мың теңге. Бюджеттің жылдық түсімі – 2 млрд. 869 млн. 722 мың теңге. Ауданда 575 шаруа қожалығы және 5 жауапкеошілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында округтерде ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін құрып, мемлекеттік қолдауды жеткізу жұмыстары атқарылуда. 2015 жылдан бері малдарды асылдандыру жұмыстары да қарқынды жүруде. Ірі қараның «Қазақтын ақбас», «Герефорд» және қойдың «Еділбай» тұқымын өсірумен 6 шаруашылық айналысуда. Жылқы шаруашылығын дамыту жобасы бойынша Болашақ ауылдық округіне қарасты «Жаңа тұрмыс» өндірістік кооперативінде, Ақпәтерлік «Қамқор», «Бейназар-Б» шаруа қожалықтарында асыл тұқымды «Көшім» жылқысы өсірілуде. Аудан бойынша суландыру жұмыстары да қолға алынуда алынғалы отыр. Қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі — Ресей Федерациясынан сатып алынатын суға тәуелді болмау үшін Киров-Шежін каналының күрделі жөнделуін жеделдету. Осыған орай Киров-Шежін каналысуландыру жүйесін жөндеу, қайта құру, құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаттар жасақталуда. Ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету де жолға қойылған. Биылғы жылы Қазталов және Нұрсай ауылдарына «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы су тарту басталып та кеткен. Ауданда кәсіпкерлік саласы да алға дамуда. Кәсіпкерлік субъектілері саны – 1222 болса, жұмыспен қамтылғандар – 2470. Биылғы жылдың өзінде 3 жеке кәсіпкер мемлекеттік грантқа ие болып, өз жұмыстарын бастамақшы. Ауданда жалпы орта білім беретін мектептер саны – 43. Биылғы жылы Тереңкөл орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ көптен бері шешімі табылмай келе жатырған аудан орталығындағы жатақхана құрылысы да шешімін тауып, келесі жылы бұл жұмыс басталады деп күтілуде. Аудан бойынша республикалық маңызы бар жолдар – 211 шақырым, ал облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 719 шақырым. Бүгінде Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-Жәнібек республикалық маңыздағы жолға республикалық бюджеттен бөлінген 9 457 237,434 мың теңге қаражаттың 2,2 млрд теңгесіне бас мердігер «Uniserv» ЖШС-мен 127-145 (18 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде. Мәдени-спорт саласы да ілгері басуда. Биылғы жылы аудан орталығындағы «Қайсар» стадионын Қазталов ауылының кіре-берісінде орналасқан алаңға орналасытырылып, сол жерде үлкен кешен салынбақшы. Яғни, стадионмен қоса пейнтбол алаңы орналасады. Кешеннің айналасы көгалдандырылады. Ол үшін қазіргі кезде техникалық су тартуға алғышарттары жасалуда. «Қайсар» стадионының бұрынғы орнына демалыс паркін салу да жоспарда бар. Бұл бағытта абаттандыру жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бойынша 8 млн. 728 мың теңге қаражат бөлінген. Демалыс паркінде «Колесо обозрения», «Карусель», «Теремок», бассейн, стритваркаут, картинг, ардагерлер демалатын орын орналастырылмақшы. Спорт кешенінің қасына корт қойылып, жазғы мезгілде жағажай волейболы, қыста хоккей ойнайтын орын ашылмақ. Бұл жұмыстармен қатар Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ел болып атқарып жатырған жұмыстар да баршылық. Брифинг соңында тілшілер Нұрлан Мағазұлына аудан дамуына қатысты сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар қайтарылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


«ЭКСПО- 2017» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 130 рет оқылды

13908847_169454873464409_7972425508897175445_o 13920424_169454920131071_3044103841997949882_o8 тамыз күні аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ЭСПО-2017» халықаралық көрмені насихаттау барысында ерікті топ өкілдері келді. Еріктілер барша қатысушы жастарға «ЭСПО-2017» туралы ақпарат беріп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді. Ерікті топ өкілі Динара Құздыбаева,- «ЭСПО-2017» бүкіләлемдік, бір жарым ғасырлық тарихы бар көрме. Ең алғаш бұл көрме 1851 жылы Ұлыбританияда өткен. Содан бері қарай бұл көрме алпыс бес рет өткен. Мақсаты – жастардың қатарынан еріктілер топтарын дайындау және жастарды жан-жақтылыққа үйрету, облыс көлемінде өтетін түрлі бағыттағы шараларға белсенді қатысуға шақыру болып табылмақ. ЭКСПО көрмесі 3 айға — 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады, барлығыңыздың да келіп қатысып, тамашалауға зор мүмкіндіктеріңіз бар, — деді. Сондай-ақ ЭКСПО туралы сауалнамалар таратылып, бейнекөрініс те жастардың назарына ұсынылды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


«ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР»

Күні: , 129 рет оқылды

13668780_169218526821377_1697475686797626459_o 13669301_169218320154731_4466244628363502629_o 13938287_169218026821427_8861029828318878191_o8 тамыз күні Қазталов мәдениет үйінде Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты фестивалі аясында ардагерлер шығармашылығын насихаттау мақсатында Қазталов ауылдық округінің өнерлі ардагерлері тамаша концерттік бағдарлама ұсынды. Концертте сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев,- бұл фестиваль былтырғы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесінде бастау алып, міне, бүгін Қазталов ауылында өткізіліп отыр. Фестивальдің басты мақсаты – ардагерлерімізді қоғамдық ортаға тартып, қоғам өміріне белсенді қатыстыру болатын. Осындай тамаша концерттер ұйымдастырып, өз өнерлерін ортаға салып жүрген барша ардагерлерімізге алғыс айтамын!,- деген ризашылығын жеткізді. Концерттік бағдарламада ардагерлерден құрылған хор жерлес ақын, композиторлардың «Ауданым әнім», «Бауырым, жүрегімсің Қазталовка», «Қазталов вальсі» сияқты танымал әндерін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ концертте тамылжыта ән салған «Гүлдерайым» әжелер ансамблі, «Аққу» биін мың бұрала билеген Күләш Хасанова, әуезді әндерімен баураған Гүлімай Базартаева, Зәуреш Базарғалиева, Сандуғаш Бекқожина, Айтмағамбетовтар жанұясы, күйші Қадыртай Балғынов сынды ардагерлер киелі сахнаның сәні болды. Сонымен қатар концерттің ұйымдастырушысы Нурия Хабибуллинаның еңбегін атап айтуға болады. Концерт соңында сахнаға көтеріліп, сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев осындай тамаша концерттік бағдарлама ұсынған ардагерлерге ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ МӘДЕНИЕТКЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС БІЛДІРДІ

Күні: , 120 рет оқылды

13963041_1637230269921883_2615421448426500465_o8 тамыз күні аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Батырбек Ахметжановтың төрағалық етуімен қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңесте аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметовтың аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бес институцияналдық реформасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу бағытындағы жұмысының ұйымдастырылу жәйі туралы есебі тыңдалды. Хабарламада айтылғандай ауданымызда мәдениет саласында, мәдени орындарда мамандар толық қамтылған. Биылғы жылы мәдениет үйлері қысқы маусымға әзірлік жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен де мәдениет саласында кездесіп отырған кедергілерді де бар екенін жасыруға болмас. Қоғамдық кеңес мүшелері Уәлиолла Әбішев пен Сисенғали Нығметовтың келтірген пікірлерінде Жалпақтал ауылындағы кинотеатр толыққанды жұмыс істеп тұрған жоқ. Бүгінгі күнде кинотеатрға баратын көрермендер жоқтың қасы. Егер көрермені жоқ болса, ол кинотеатрды ұстап тұрудың қажеті бар ма? Немесе штатта қызметкерлер жұмыс жасайтын болса, бұл кинотеатрды адамдарды тарту үшін басқаша бір мәдени орынға айналдыру қажеттігі туындап отырған жоқ па? — деген пікірлерін білдірді. Сондай-ақ аудандағы өткізіліп жатырған мәдени шараларға да көрермендер аз тартылады немесе дұрыс хабарланбай қалады. Мәдени шараларды насихаттау мәдениет үйінің жанындағы хабарланумен ғана шектелуде. Нәтижесінде аудан тұрғындарының арасында өтіп жатырған мәдени шараларға жат пікірлер орнығуда. Бұның өзі мәдениет үйлеріндегі қызметкерлердің өз жұмыстарын насихаттауда кемшілік жіберіп отыр деген сөз. Сонымен қатар мәдени-демалыс орталығының басшысы жиі ауысады. Ал, бұндай үрдіс ұйымдастыру жұмыстарына кері әсерін тигізері сөзсіз. Дегенмен жаңадан тағайындалған басшы Мира Максимқызынан халық көп үміт күтіп отыр деп санаймыз. Тағы бір айтар мәселе – мәдениет үйлеріндегі кейбір музыкалық аспаптардың жоқтығы да шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпалын тигізуде. Міне, осындай мәселелерді шешу кезек күттірмейтін міндет болып табылмақ. Қоғамдық кеңес осындай және басқа да мәселелерді қадап тұрып жеткізді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз шешімін табады деген сенімдіміз.

Әсем БОЛАТ


«ТҮЛЕКТЕРДІ ТАРАТУ» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Күні: , 90 рет оқылды

13680130_1637229006588676_2831623029071131479_o 13920467_1637229523255291_2725456937212521675_o8 тамыз күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде педагогикалық мамандықты алып келген түлектерді жұмысқа қабылдау жәрмеңкесі өтті. Жас мамандарды жұмысқа қабылдау салтанатында сөз алған аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин,- Биылғы жылы 130-дан астам педагогикалық мамандық бойынша білім алған түлектер қатысып отыр. Оқу орнын бітіріп келген жас мамандар бүгін жұмысқа орналаса алмаса да, алдағы уақытта өздерінің таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етеін болады. Сондықтан үміт үзбеу керек. Баршаңызға сәттілік тілеймін,-деді. Ауданымызға биыл 135 маман келіп отыр. Оның 10-ы грант бойынша білім алғандар. Біз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «физика» пәні бойынша бітірген жас маман Ұлпан Серіковаға жолығып, әңгімеге тартқан едік. -Жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірдім. Мені Ғ.Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебіне физика пәнінің мұғалімі ретінде жолдама алып отырмын. Өзіме ұзтаз болып, шәкірт тәрбиелеген ұнайды,-деді. Биылғы бітіріп келген түлектердің арасында орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, тарих, физика, биология, география пәндерінің мұғалімдері жоқтың қасы. Көпшілігі бастауыш сынып, мектепке дейінгі оқыту, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 45 жас маман жұмыспен қамтылды.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 176 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ СЫЙЛЫҒЫ ЖАСАЛДЫ

Күні: , 96 рет оқылды

13913714_1636267010018209_1643661131487635534_o 13957981_1636267353351508_2848208049085943503_oБиыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 6 тамыз күні Қараоба ауылындағы Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназияда қайырымдылық шарасы өтті. Бұл акцияның басты мақсаты – балаларды орта біліммен қамтамасыз етуге толық жағдай жасау. Шараға қатысқан аудандық мәслихат депутаты Г.Көшбаева, Қараоба ауылдық округінің әкімі Н.Дүйсеков, мектеп-гимназия директоры Р.Жұмағұлов шараға қатысушыларға: -Көмекке зәру әр балаға мектепке дайындауға қолдау көрсетеміз. Бастысы, біздің балаларымыз жақсы оқып, ата-аналары мен мемлекеттің үмітін ақтаса игі, -деп атап өтті. Қайырымдылық шарасы барысында аудандық мәлихат депутаты Г.Көшбаева 3 оқушыға өз атынан мектеп формасын алып беріп, 36 мың теңге көлемінде демеушілік жасаса, «Леди Лиза» жеке кәсіпкерлігі, «Асқар тау» әкелер клубы, «Ибат» шаруа қожалығы да 3 оқушыны мектеп формасымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар аудандық газ шаруашылығы, Қараоба ауылдық округ әкімшілігі, ауылдық мәдениет үйі, медициналық пункт, мал дәрігерлік, электр торабы бөлімдері және «Арай» балабақшасы мен мектеп ұжымдары, «Дулат», «Ерғазы», «Арсен» шаруа қожалықтары балаларға оқу-құрал жабдықтарынан демеушілік көрсетті. Акция аясында 176 мың теңге көлемінде сыйлық жасалды. Шара барысында оқушылар әсем ән мен тәтті күйден шашу шашып, мың бұрала би биледі. Шаттыққа бөленген жасөспірімдердің қайырымды жандарға алғыстары шексіз. Қайырымдылық шарасы әлі де жалғасын табатын болады.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


МЕКТЕП БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСТІ

Күні: , 91 рет оқылды

13920279_168228496920380_4151355733578415280_o 13920569_168228493587047_9022159718209522083_o 13925961_168228936920336_5942475199213362899_oМектеп табалдырығынан аттап, білім алып, сол білім ордасымен қошатасатын уақытта жетіп, жыл сайын түлеп ұшып жатырған түлектер қаншама? Жылдар өткен соң өздері ұшып шыққан алтын ұя мектептерін сағынып, кездесіп жатады. Он жыл бойы мектеп партасында қатар отырып, бірге сабақ айтып, бірге ойнап-күліп, бірге сабақтан қашатын достарыңа деген бір ғаламат сағыныш кеудеңді кернейді. Мөлдір шақты еске алып, сол кезге бір сәт қайта оралғың келеді… 6 тамыз күні Қазталов орта мектебін 1991 жылы бітірген түлектер өздері білім нәрімен сусындаған мектептерінде кездесу өткізді. Кездесу кешінде осы сыныптың сынып жетекшісі болған Валентина Бадашева 25 жылдан соң кездесіп жатырған, бүгінде әке мен ана атанған шәкірттерімен орыс тілі пәнінен сабақ өткізіп, сонау мектеп қабырғасында жүрген кездеріне оралғандай болды. Кездесу соңында мектеп бітірген түлектер атынан қазіргі мектеп директоры Әлия Жақсыбаеваға алғыстарын білдіріп, мектепке арнайы әкелген сыйлықтарын табыс етті.

Қайрат ЖАҚЫП


«ЖАНАШЫРЛЫҚҚА – ЖАН РИЗА»

Күні: , 118 рет оқылды

13668826_168178473592049_5771504597139221528_o 13909235_168180633591833_832700999375361488_o 13920559_168178793592017_2354230605422443140_o 13925909_168180696925160_8249279051707549900_oҚайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр, қамқоршысы бола біліп, жүрек жылуы мен аялы алақанын тосу, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Осы орайда 6 тамыз күні Қазталов ауданы орталығында қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру үшін ұйымдастырылып отырған республикалық» Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. «Достық» саябағында өткен шарада сөз алған Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсембай Молдашев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин барша қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, осындай игі істер жасап жатырған демеушілерге ризашылықтарын жеткізді. Шара барысында аудандағы мекеме, кәсіпорын жетекшілері Қазталов орта мектебі және Алма Оразбаева атында орта мектебінде оқитын аз қамтылған және мұқтаж оқушыларға мектеп құралдары мен киім-кешектер табыс етті. Жаңа оқу жылын асыға күткен, алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялатып отырған бұл қайырымдылық акциясы әрбір бала бойына сенім, жанына жігер беретіні сөзсіз.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.