АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Август, 2016


АРДАГЕРІМ – АБЫРОЙЫМ, АҚЫЛШЫМ

Күні: , 126 рет оқылды

14196166_178555739220989_4947566909674089063_o 14195937_178558489220714_4626850248051489635_o 14188621_178555202554376_8917390337787218618_o 14138035_178560422553854_2334332215931756271_o 14124927_178556562554240_726038296421727265_o 14115408_178560402553856_21479376156476496_o 14086462_178558235887406_4640191092710600593_o   Ардагерім- бағы биік асқарымсың, Ардагерім – мәңгі жарық аспанымсың, Ардагерім – абыройым, ақылшым Ардагерім – мерейім, мақтанышым!

– дегендей алдынғы толқын ағалардың жүріп өткен жолы   біздер үшін мақтаныш. Өйткені бүгінгі өскелең ұрпақ олар жүрген жолға қарап, бой түзейді. 29 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты ардагерлер фестивалінің гала концерті өтті. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай 16 округте ардагерлердің өнер фестивалі ұйымшылдықпен өткен болатын. Ардагерлер фестивалінде сөз алған аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, — Елбасымыз әрқашанда үлкендерді ардақтау туралы айтып келеді. «Халықтың қартын сыйлау – елдің салтын сыйлау» дегендей, арттағы ұрпағына сөзімен де, ақылымен де, парасат- өнерімен де өнеге қалдырған бабамыздың мұрасын ардақтап, қарияларымызды құрметтеу- болашақтың парызы,- деді. Галаконцертте өнерлі ардагерлер көрермендерді өздерінің тұнық та, табиғи дауыстарымен бір серпілтіп тастады. Шындығы керек ардагерлер бүгінгі фонограмманы пайдаланбай, жанды дауыспен әннен шашу шашты. Ардагерлер Самат Ерғалиев, Самиғолла Сарбаев, Гүлнәр Жақыпқызы, Мәқуза Қаленқызы, Нұрболат Аманғалиев, Қадырбек Балғынов, Жалмұхан Айтмағанбетов, Марат Биғалиев, Зәуреш Ақмурзина, Нұрлан Шаканаев, «Гүлдерайым» ансамблінің мүшелері және тағы басқалары әдемі өнер көрсетті. Ал, жалпақталдық ардагерлердің интермедиасы көрермендерді бейжай қалдырмады. Концертті тамашалай отырып, қариялардың асыл қазына екенін байқадық. Сонымен қатар «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты ардагерлер фестивалінің барлық округте және аудан орталығында ұйымшылдықпен өтуіне күш-жігерін жұмсаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев ағамыздың еңбегі бір төбе. Әркезде де қоғамдық істерге жан-тәнімен берілетін, былайша айтқанда өзінің шаруасын соқпайтын, жеке шаруасы үшін кеңсе жағаламайтын Уәлиолла ағамызды қалай дәріптесек те лайықты. Осындай ақсақалдар елде көп болса, жас ұрпақ адаспайтыны сөзсіз.Гала концертте сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұханбетов,- ардагерлердің осындай өнері үшін рахметін айтып, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт тіледі. Сондай-ақ өнер фестиваліне қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Әсем БОЛАТ


ӘН ҚАЛЫҚТАҒАН «ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫ

Күні: , 102 рет оқылды

14107676_179069599169603_1771611481496508842_o30 тамыз күні «Достық» саябағында С.Садықов атындағы мәдени демалыс орталығының көркемөнерпаздары даярлаған «Ата Заң – кемел болашақтың кепілі! атты мерекелік концерттік бағдарлама ауыл тұрғындарының назарына ұсынылды. Адам бойындағы патриоттық рухты көтеретін әндермен қатар мың бұралған әдемі билер және күмбірлеген күйлер көрініс тапқан бұл концерт көрермендердің көңілінен шықты. Күндізгі қарбалас сәттен тынығып, саябаққа жиналған тұрғындарға тамаша кеш сыйлаған ауданымыздың көркемөнерпаздарының қажырлы еңбектерін атап айтуға болады. Осындай әрбір мәдени шаралардың, концерттік бағдарламалардың жоғары деңгейде өтуі олардың кәсіби шеберліктері десек, артық айтқандық болмас. Осындай мерекелік шараларымыз көп болғай!

Қайрат ЖАҚЫП


ЕКІ ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ТАРИХЫ БАР ҚАЗАН

Күні: , 121 рет оқылды

14124902_178934999183063_8016439068025684799_o 14206178_178934989183064_9054179251106832855_oБолашақ ауылдық округіне іссапарымыз барысында құнды тарихи жәдігердің куәсі болдық. Ол осы округке қарасты Жаңатаң ауылының тұрғыны Нұрлыбек Отаров пен Ақмарал Омарованың үйінде сақтаулы тұрған, екі ғасырға жуық тарихы бар шойын қазан. Қазанның иесі Ақмаралдың айтуы бойынша, атасы Ізмұраттың ағасы Өтемұрат Омаров 1940 жылдары істі болып, Томск қаласында жүрген кезінде, сол жақтан елге алып келген. Сол кезден бері атадан балаға мұра болып келе жатырған қазанның жанында 1831 және ПЗМЗ деген жазуы бар. Әлеуметтік желі арқылы ісдестіргенімізде ПЗМЗ жазуы байырғы тарихы бар Петровско-Забайкалск металлургия зауытында жасалғанын, ал, 1831 жазу қазанның құйылған жылын білдіреді. Сол кезде бұл зауытта Ресей тарихында өзіндік із қалдырған «Желтоқсаншылар»(Декрабристер) жұмыс жасаған екен. Бұл құнды жәдігер аудан тарихынан сыр шертетін өлкетану мұражайына тапсырылса, кейінгі жас ұрпаққа мұра болып қалары сөзсіз.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚАРАОБАДАҒЫ ЖАСАМПАЗ ІСТЕРДІҢ ЖАЛҒАСЫ – «ДЕНСАУЛЫҚ» СПОРТ АЛАҢЫ

Күні: , 101 рет оқылды

14188202_178843225858907_2422747915983897406_o 14195246_178842532525643_4214390367153163348_o 14188608_178843552525541_1736476460920474852_o30 тамыз – Конституция күні қарсаңында Қараоба ауылында «Денсаулық» спорт алаңының ашылу салтанаты өтті. Елбасы халыққа арнаған әр Жолдауында өңірлерді дамыту мәселесін басты назарға алып келеді. Бұл жөнінде арнайы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы да қабылданды. Осы бағдарлама барысында ауылдық жерлерді көгалдандырып, көркейту бірінші кезекте атқарылатын жұмыстар қатарында. Қазіргі таңда еліміздің әр аймағында балаларға арналған ойын алаңдары жаңартылып, ғимараттарда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сондай жасампаз іс Қараоба ауылында жалғасын тапты. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы негізінде «Денсаулық» жасанды жамылғылы спорт алаңы бой көтерді. Оған 6 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Мұнда ауыл тұрғындары футбол, баскетбол, волейбол сынды спорттық ойындармен айналысатын болады. Спорт алаңының ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, Қараоба ауылдық округінің әкімі Нұрлығали Дүйсеков, аудандық мәслихат депутаты Гүлфия Көшбаева құттықтау сөз сөйлеп, -Елбасы халықтың салауатты өмір салтын ұстануын, әсіресе, жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасауды басты назарда ұстап келеді. Сол себепті де елімізде мемлекеттік бағдарлама арқылы әр округке бөлінген қаражат алдымен осындай спорт алаңдарын жабдықтауға бағытталуда. Ел мерейін асқақтатып, туымызды биікте желбірететін спортшылар ауылдан шығатынына бәріміздің көзіміз жетті. Соның бір дәлелі – Бразилияда өткен жазғы олимпиадада чемпион атанған, алтын жүлде иегері жерлесіміз Данияр Елеусінов. Даниярдың ізінен ерген жас спортшыларымыздың жеңісті қадамы осы жерден басталсын, -деген тілектерін жеткізді. Шарада мектеп бітіргендеріне 25 жыл толған түлектер атынан Орынай Кенжеғалиева Қараоба футбол командасына спорттық киім мен допты сыйға тартты. Ал, алғашқы доп тебу рәсімі аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизвке берілді. Спорт алаңының лентасы салтанатты түрде қиылған соң, Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылы және Қараоба, Қошанкөл, Еңбек ауылдарының командалары футболдан жолдастық кездесу өткізді.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


НҰРСАЙДА «АЛТЫН ОРДА» МЕЙРАМХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Күні: , 118 рет оқылды

14188429_178838209192742_1431535822314413883_o 14196163_178838079192755_2875877695377877407_o 14206133_178838272526069_6429224507457649799_oҚазiргi уақытта ауылдық жерлердiң ахуалы айтарлықтай артып келедi. Ауыл халқы нарық талабына бейiмделiп, заман ағымына орай жұмыс жасай бастады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында шағын және орта бизнестiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн ынталандыру жөнiндегi дәйектi жұмысын жалғастыру мiндетiн баса айтқан болатын. Бүгiнде елдi мекендерден осы мүмкiндiктердi оңтайлы пайдаланып, ауыл халқына мүлтiксiз сапалы қызмет жасайтын орталықтар ашып, кәсiбiн өрге домалатып жүргендер қатары көбеюде. Олар бiрiншiден өзiнiң күнкөрiс көзiн тауып, кәсiбiн жетiлдiрсе, екiншiден өзiнiң туған ауылын өркендетiп, тұрғындарға тұрақты қызмет көрсетуде. Мiне, осындай игi бастама ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 30 тамыз – Конституция күні қарсаңында Нұрсай ауылында жалғасын тапты. Ауыл тұрғыны, кәсiпкер Әсем Таңатарова 200 адамға қызмет көрсететiн мейрамхана ашып, халықтың ыстық ықыласына бөлендi. «Алтын Орда» деп аталатын мейрамханада ауыл тұрғындарының өз уақыттарын көңілді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. -Бұл мейрамхананы 3 жылдай уақыт көлемінде салдық. Әзiрге 9 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Алдағы күндерi мейрамхана жанынан жолаушыларға арналған шәйхана, аутокөлік жөндейтін орындар ашу ойда бар,-дейді бізбен әңгімесінде кәсiпкер Әсем Таңатарова. «Алтын Орда» мейрамханасының салтанатты түрде ашылу рәсiмiне аудан әкiмi Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, ұйым-мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Заман талабына сай халыққа қызмет көрсететiн жаңа нысанның ашылуында аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы, -бүгiнгi салтанатты түрде ашылғалы отырған зәулiм де әсем мейрамхана игiлiктi iстiң айқын көрiнiсi. «Алтын Орда» тұрғындар талабына сай жұмыс жасап, тек қуанышты, салтанатты жиындардың ордасына айналсын, -деген iзгi ниетiн бiлдiріп, мейрамхана иесі Әсем Таңатаровамен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиып, салтанатты түрде ашылу рәсiмiн жасады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


Жалпақталда «Ақ орамал» Республикалық акциясы өтті

Күні: , 90 рет оқылды

14124325_178540095889220_174975206334758509_oҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық кауіпсіздік жөніндегі ІV самитте жариялаған «Әлем ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастырған республикалық «Ақ орамал» акция 29 тамыз күні Жалпақтал ауылдық округінде өтті. Акцияға қатысушылар ауылдық округтегі орталық саябақта орналасқан саяси қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Акцияның жалғасы С.Датұлы көшесімен мәдениет үйінің алаңына дейін шерумен жалғасты. Шеруден соң мәдениет үйінің алаңында акцияға қатысушыларға «Ақ орамал» республикалық акциясының мәні мен маңызы түсіндірліп, қазақтың байырғы сал дәстүрінің бірі жаңа түскен келінге ақ орамал жабу рәсімі өтті. Акцияның соңы акцияға қатысушыларға арналған шағын концерттік бағдарламамен аяқталды. Акция барысында ауылдық округтегі медиаторлар Ғ.Едекешев пен А.Молдашев ауыл тұрғындарын қабылдап, медиация мәселесі бойынша кеңестерін берді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«АТА ЗАҢ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!»

Күні: , 206 рет оқылды

14066247_178533145889915_8183562248909465533_o 14115388_178533322556564_1707373206259469885_o  2914195179_178533175889912_2891195707917154417_o тамыз аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата Заң – кемел болашақтың кепілі!» атты салтанатты жиын өтті. Жиында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- Биыл Конституциямызға жиырма бір жыл. Осы уақыт ішінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды әлемге танытқан, халықтың мақтанышы мен көз қуанышына айналған іргелі істер атқарылды Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекет дамуының негізі, азаматтарымыздың бостандығы мен еркіндігінің кепілі. Қазақстанның бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктері және оның даму үрдістері Конституцияда айқындалған 14066246_178533055889924_6822798097021691847_oқағидалардан бастау алады. Ата Заңымыздың талаптарын сақтай отырып, алатын асуларымыз биік болғай!- деп барша көрермендерді айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ жиында Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Қайырбеков Конституция туралы баяндама жасап, оның маңызы мен қалыптасуының негізгі кезеңдеріне тоқталып өтті. Сондай -ақ салтанатты жиында «ақ орамал» акциясы аясында жаңа түскен келіндерге ақ жаулық тағылды. Жиын соңында құқық саласының бір топ қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Әсем БОЛАТ


«АҚ БОСАҒАНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ – АСЫЛ ӘЖЕЛЕР»

Күні: , 142 рет оқылды

14138258_178437689232794_96728814256294404_o 14138710_178437469232816_6553664452355333764_o27 тамыз күні Жалпақтал мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасылық институтын дамыту бағытында аудандық «Асыл әжелер – 2016» байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – еліміздің болашағы саналатын жас ұрпақты тәрбиелеуде аналарымыздың ақыл кеңестерін жүрегімізге жылы қабылдап, білікті ұл, сындарлы қыз, есті келін тәрбиелеуде бүкіл ел болып, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу. Байқауға 9 ауылдық округтің әжелер ансамблі қатысты. Олар – «Шапағат» (Жалпақтал), «Асыл әжелер» (Бостандық), «Ақ кимешек» (Қошанкөл), «Ақ әже» (Әжібай), «Ақырыс әжелер» (Ақпәтер), «Ақкөлім» (Жаңажол), «Кәусар» (Қараөзен), «Балқадиша» (Талдыапан), «Ақ босаға» (Талдықұдық). Сайыс 5 бөлімнен тұрды. 1 бөлімде қатысушы әжелер ансамблі өз құрамын таныстыра отырып, өнерлерін ортаға салды. 2 бөлімде «қыстың қамын жазда ойла» дегендей әжелеріміз қысқыға сақталатын тағамдарды жасау жолдарын үйретсе, «өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын» бөлімінде ісмер әжелеріміз өз қолынан шыққан қолөнер бұйымдарының қыры мен сырын айта отырып, жастарымызға үлгі-өнеге көрсетті. Ал, 4 бөлімде қазақ даналығынан әйел адамға қатысты нақыл сөздерді алып, өмірмен байланыстырып, түсіндірсе, «Сыр сандық» бөлімінде әжелер отбасылық тәрбие, ана мен баланың, ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынас, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу жөнінде сұрақтарға жауап берді. Байқауға қатысушы әжелерді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов құттықтап, әжелерге көрсеткен өнерлері үшін алғыстарын білдірді. Сайыс нәтижесінде «Шапағат» әжелер ансамблі – 1 орын, «Асыл әжелер» ансамблі – 2 орын, «Ақ кимешек» әжелер ансамблі – 3 орынды иеленіп, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 135 рет оқылды

14054577_177726515970578_4680240699769437459_o 14068504_177727162637180_8043137788847729226_o27 тамыз күні «Достық» саябағында бір аптаға созылған «Спорт күнінің» жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шарада спортшыларды ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Алтынбек Бекболатов құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатымен А.Елемесовті, Ж.Құлқайыровты, А.Жұмағазиевті, А.Қажығалиевті марапаттады. Сондай-ақ аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хатымен С.Тоясов, Е.Тақаев, Д.Қабдолов, Ж.Тасболатов, А.Бисемалиев, М.Жұмағазиев, Ә.Өтебаев та марапатталды. Сонымен қатар аудан спортының дамуына үлес қосып, спорттық шараларға белсене қатысқаны үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Нұрғалиевке, «Ауыл айнасы» газетінің редакторы С.Жұмағалиевке, аудандық орталық аурухана директоры Қ.Алтаевқа, Қазталов орта мектебінің директоры Ә.Жақсыбаеваға, А.Оразбаева мектебінің директоры Ә.Ғұсмановаға, №19 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ә.Өмірзақовқа да алғыс хат табыс етілді. Спорттық шаралар барысында волейболдан ер азаматтар арасында жүлделі 1 орын алғаны үшін аудандық округ әкімі аппараты мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әйел адамдар арасында 1 орын алғаны үшін Қазталов орта мектебі, дойбы және үстел теннисінен 1 орын алғаны үшін аудандық округ әкімі аппараты мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тәрбие орталығының бөлімі, ауыр атлетика спорты түрі гір тасын көтеруден 1 орынмен №19 өрт сөндіру бөлімінің командасы, «Қайрат» футбол алаңында өткен шағын футболдан 1 орын алғаны үшін Газ шаруашылығы және «Батысэнерго ресурс» АҚ-ы, Ұлттық спорт түрі асық атудан жүлделі 1 орын алғаны үшін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі кубок және алғыс хаттармен марапатталды. Жалпы спорттық шараға белсене қатысып, жоғары ұпай жинап, 1 орынға шыққан аудандық округ әкімі аппараты мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де кубок және алғыс хаттар табыс етілді.

Гауһар ӘДІЛЖАНҚЫЗЫ


ЖАСТАРМЕН ӨТКЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Күні: , 114 рет оқылды

14066238_177165826026647_1861134996355829524_o 14068589_177165959359967_133414676941428352_o 14114828_177165869359976_6725557692878888273_o26 тамыз күні аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өрле, Қазақстан!» атты ақпарат – насихат тобы қазталовтық жастармен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – облыстағы жастарға қатысты жүргізіліп жатырған жұмыстар: «100 нақты қадам», «Дипломмен ауылға», «Қолжетімді баспана – 2020» сынды түрлі деңгейдегі мемлекеттік,салалық, өңірлік бағдарламаларды ауыл жастарына түсіндіру болып табылады. Кездесуде облыстық «Жас қанат» ЖҚБ-нің менеджері Манарбек Әжікенов, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңестік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Нұржан Әткешов және облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының менеджері Нұрбол Қырықбаев, — жалпы, елімізде жастар мәселесіне кеңінен назар аударылып келеді. Мәселен, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында соңғы жылдары жастар арасында жұмыссыздық деңгейі азайып келуде. Ендігі бір басты назардағы мәселе бұл — ауылдық елді мекендерге жастарды жұмысқа тарту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болмақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай сындарлы саясатын барлық жастар бір кісідей қолдап, жүзеге асыруға атсалысады деген ойдамыз. Өйткені еліміз жастарға өзінің аялы алақанымен нақты қамқорлығын көрсетіп отырса, өз кезегінде жастар да осы қамқорлыққа лайықты үн қосуға ұмтылатыны анық,- деді. Сондай-ақ кездесуде Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі АҚ облыстық филиалының кеңесші маманы Азамат Сағынбай,- жаңадан отау құрған жас отбасылардың тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері бойынша кеңес берді. Сонымен қатар кездесуде облыс, аудан көлеміндегі жыл бойына атқарылған жұмыстар жәйті туралы бейнекөрініс жастар назарына ұсынылды.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.