АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 29.07.2016


«ТӘУЕЛСІЗДІГІМДІ ЖЫРЛАЙМЫН» АТТЫ ПОЭЗИЯ КЕШІ

Күні: , 120 рет оқылды

13613521_1631874360457474_731230209913492038_o 13735170_1631874010457509_8959893675118844079_o 13738273_1631874123790831_3599287465077598951_o28 шілде күні «Достық» саябағында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Жастар кеңесі және аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздігімді жырлаймын» атты поэзиялық кеші өтті. Кеште жас жеткіншектер мен барша поэзия сүйер жастар Тәуелсіздік туралы өлең шумақтарды нақышына келтіре орындап, сонау өткен жылдардың көрінісін көз алдымызға әкелгендей болды. Сондай-ақ аудандық мәдениет қызметкерлері әннен шашу шашса, викториналық сұрақтар да қойылды. Ал, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен көрме көрсетіліп, кітапханашылар жаңа оқулықтарды таныстырып өтті. Ауылдағы жаңа отау құрып жатырған жастар арнайы келіп, поэзия кешінің куәгері болды. Кеш соңында шараға белсене қатысқан жастарға алғыс хат табысталды. Сөйтіп жаздың тамылжыған кеші өлеңмен өрнектелді.

Әсем БОЛАТ


БҮЛДІРШІНДЕР ЕРТЕГІ ТЫҢДАП, МӘЗ БОЛЫП ҚАЛДЫ

Күні: , 108 рет оқылды

13708346_1631350797176497_2228168906523211600_o28 шілде күні «Нұрбалапан» бөбекжай балабақшасының «Балдырған» А.Құспанова, «Болашақ» Н. Мұхтарова, «Алпамыс» А. Сармалаева жетекшілік ететін топтағы бүлдіршіндер аудандық кітапхананың балалар бөліміне келіп, «инновациялық қалам» құралы арқылы қызықты ертегілер тыңдап, мәз болып қалды. Сондай-ақ олар аудандық мұражайға барып, жинақталған жәдігерлерді де көрді. Күні ертең мектеп қабырғасына барғанда кітапхананың тұрақты оқырмандары осылар болатыны сөзсіз.

Әсем БОЛАТ


«НҰР ОТАНДАҒЫ » ҚАБЫЛДАУ

Күні: , 190 рет оқылды

13735170_1630066180638292_80655892808696483_o25 шілде күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр тұрғындарды қабылдады. Қабылдауда болған тұрғындар Г. Мақашева, Р. Мәжімова, Б. Сариева, Е. Қайлюкенов тұрғын үй және жұмысқа орналастыру жөніндегі өтініштерін айтты. Партия филиалының төрағасы айтылған өтініштер бойынша шешудің жолдарын салалық мекеме жетекшілеріне тапсырды. Бұдан кейін аудан әкімі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қызметкерлері мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрлан Кенжинмен кездесіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай округтердегі елді мекендерге «Тәуелсіздік – тұғырым» атты акция ұйымдастыру мәселесін талқылады.

Гауһар ӘДІЛЖАН


РЕСЕЙДЕН КЕЛІП ҚАЗАҚША КІТАП ОҚУДА

Күні: , 108 рет оқылды

13692868_1629983527313224_2023862720348404217_oБайырғы Қазталов ауылы сан ұлттардың тату-тәтті мекені болып келді. Осыдан жарты ғасыр бұрын аудан орталығында түрлі ұлт өкілдері тұрды. Иә, қазіргі күнде түрлі себептермен бұл ұлт өкілдерінің пайыздық көрсеткіштері төмендегені шындық. Дегенмен әлі де қазақ болып кеткен басқа ұлттың ағайындары бақытты өмір сүруде. Соның бірі — Валентина Уварова апамыз. Қазақша сөйлеп кеткенде шүлдірлеп сөйлейтін шала қазақтарды орта жолда қалдыратын апамызды ауыл тік тұрып құрметтейді десек, артық емес. Тіпті апамыз ауылда ата-анасынан айырылған қазақ балаларына өкіл ана болып, оларды ер жеткізгенін де білеміз. Сол қазақ балалары бүгінде бір-бір үйдің иелері Валя апамыз 80 жасқа толған тойын атап өтуге қатысты. Міне, бұл бауырмалдық, ұлы достық деуге болады. Ендігі айтпағымыз — апамыздың ұл-қыздары сонау Ресейдің орталықтарында тұрып жатыр. Бірақ олар жыл сайын өздерінің кіндік қаны тамған жерге келіп, бір аунап кетеді. Тек өздері ғана келіп қоймайды, балаларын да ерітіп келеді. Соның айғағындай жақында Валя апаның Иваново қаласынан қызы Надежда, Түмен қаласынан келіні Елена ұл-қыздарымен келіп, үлкен шаңырақты қуантып тастады. Ал, олар шаңырақта ғана болып қоймай, рухани орталық кітапханаға келуді де жыл сайын дәстүрге айналдыруда. Кітапхананың балалар бөліміне келіп, бүлдіршіндері Виктория мен Дениске қазақ тіліндегі кітаптарды оқытып, таныстырды. Надежда айтады: — мына үшінші сыныпқа көшкен қызым Виктория мен ағамның ұлы Дениске және жеңгем Еленаға біздің кіндік қанымыз тамған туған жерді таныстыру болса, екінші жағынан қазақ деген дархан да, кеңпейіл халықтың бай тілін, әдет-ғұрпынан да таныстыру болатын. Өйткені жолдасым да Қазталов ауылында туып өскендіктен екеуіміз қазақ тілін жақсы білсек те , балаларымыз бұдан бейхабар ғой. Келгеннен бері Елена, Денис, Виктория да қазақтың кейбір сөздерін үйреніп қалды. Ал, үйде анамыз Валя қонаққа келген немере-жиендеріне қазақша сөздер айтып қала береді. Үйреніп қалған дағды ғой,- деп Надежда бір күліп қойды. Кітапханада Денис пен Виктория бар ынталарымен кітапханашы апаларынан қазақ тіліндегі кітаптарды алып, мазмұнын қызыға сұрап жатқанын байқадық. Осындай көріністі көргенде достықтың тіні жалғаса беретініне көзіміз жетті.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.