АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 25.07.2016


«ҚЫЗ ЖІБЕК ПЕН ТӨЛЕГЕН» ҚАЗТАЛОВТА

Күні: , 204 рет оқылды

13641061_1629939187317658_8615802302866201708_o 13724043_1629939383984305_864109396758211441_o 13765936_1629939437317633_2355291788927389578_oҚұман Тастанбеков — ҚР халық әртісі. Кинодағы ең алғашқы рөлі — «Қыз Жібектегі» Төлеген. Одан кейін әр жылдары “Қыс — мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн”, “Аққулар ұшып келеді”, “Махаббат жаңғырығы”, “Алаң шеті”, “Өрнек”, «Аққыз» және т. б. фильмдерге түскен. Театрда Ш Айтматовтың «Ана — Жер-анасында» Қасымды, Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен терінде» Тәңірбергенді, М.Әуезовтың «Айман — Шолпанында» Наршаны, О.Бөкейдің «Құлыным меніңінде» Жанды, Э.Эрвенің «Түлкі бикешінде» Флоридорды, Н.Хикметтің «Фархад — Шырын» қойылымында Фархадты ойнап, сахнада сан алуан бейнелер шоғырын қалыптастырды. Меруерт Қаратайқызы Өтекешова — кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. . Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.КСРО Халық әртісі Х.Бөкееваның класында дәріс алған. М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академия драма театрында артистік театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман рөлін сомдаған. Өнер жұлдыздары Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова туралы айтылар әңгіме қашанда «Қыз Жібектен» басталатынына еш таңқалудың қажеті жоқ. Солай болуы заңды да. Жарты ғасырға жуық шығармашылық өмірінде кино мен театрда түрлі образдардың галереясын жасаған. 24 шілде күні Меруерт Өтекешованың ата-анасының туған жері Жәнібек ауданынан келе жатып, « Төлеген мен Қыз Жібек» Қазталов ауданына аялдады. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың қабылдауында болғанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойында мәдениет пен өнерде жеткен табыстар туралы әңгіме айтылды. Бұдан кейін кино өнерінің саңлақтары өнер сүйер жұртшылықпен кездесті. Кездесуде олар өнердегі кезеңдер туралы айтса, жұртшылық Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың қазақ мәдениетіне қосқан үлестері туралы жылы лебіздерін білдірді. Бұл кездесуде Баян Қабиеваның шәкірттері кино жұлдыздарына өз өнерлерінен шашу шашты. Домбырамен асқақтата салған әнге риза болған олар,- жас өнерпаздарға болашақта өнердің биігінен көріне беріңдер! — деген ақ тілектерін айтты. Осындай жылы шырайлы кездесу үшін өнер майталмандары рахмет айтып, ауданымыздың одан әрі дами беруіне тілектерін жеткізді.

Әсем БОЛАТ


АУЫЛЫМЫЗДЫҢ МЫҚТЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Күні: , 137 рет оқылды

13723992_1629268874051356_1241280941734898905_o23 шілде күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастар демалыс орталығында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық жастар кеңесінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары арасында пауэрлифтингтен «Народный жим» атты зілтемірді жатып-сығып көтеру әдісі бойынша ашық турнирі оздырылды. Қызықты өткен жарыс нәтижесінде 60 келі салмақ дәрежесінде Мейрам Ғиляжев 1 орынға, Әділбек Ғазиз 2 орынға, Мәрлен Нағым 3 орыға ие болса, 77 келі салмақ дәрежесінде Амангелді Ғазизжанов 1 орынды, Айбол Ғұбашев 2 орынды, Абзал Елтаев 3 орынды жеңіп алды. Ал, 90 келі салмақта сайысқа түскен тұрғындар арасында Дәулет Ажғалиев 1 орынды, Алтынбек Бекболатов 2 орынды және Жүніс Жолдыбаев 3 орынды өз қанжығаларына байлады. Жүлделі орын алған тұрғындарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


БАУ-БАҚШАСЫН БАПТАҒАН ҒАРИФОЛЛА АҒА!

Күні: , 234 рет оқылды

13719474_1629061564072087_2711810792200566761_o 13725003_1629061420738768_3314414362619731164_o 13735694_1629061604072083_9058914288593539420_oҚазіргі күнде қай жерде болмасын дүкен сөрелерінде жеміс-жидектердің түр-түрі самсап тұр. Тіпті, керек десеңіз олардың ішінде жеуге жарамдысы да бар, жарамсызы да бар. Жазғытұры болғасын жерде ауыл тұрғындары күнделікті тамақты қияр мен қызанақсыз елестете алмайды. Ал, осыларды алайын десе, дүңгіршіктердегі баға қарыштап тұр. Бүгінгі күнде адамдар ата-бабаларымыз сияқты мал өсіріп, егін егіп, бау-бақша баптап өсірсе нағыз еңбектің дәмін сезер еді. — Еңбек етсең бәрі де болады, — деген қағиданы ұстанған біздің кейіпкеріміз Ғарифолла аға бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Қазталовтық Ғарифолла Ғаббасов 2014 жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасымен 1,5 млн несие алып, бау-бақша өсірумен айналысады. Сол жылдан бастап ағамыз бақша дәндерін егіп, өз жұмысын бастап кетеді. — Мен осы кәсіппен айналысқаныма 2 жылдың үстінде уақыт өтті. Жазғы мезгілде ағайындарымның балалары мен өз қыздарым келіп, аптасына 2-3 рет көместесіп отырады. Әрине, бақшаны баптап өсіру оңай шаруа емес. Оның қалай күтсең, саған да солай дәмін сездіреді. Айналысындағы арам шөптерін жұлу, әлсін-әлсін суарып тұру – барлығы да үлкен жауапкершілік пен ерінбей еңбектенуді қажет етеді. Қазіргі күнде бақшамда қияр, қызанақ, сәбіз, картоп, қызылша, асқабақ, қауын, қарбыз, күнбағыс, пияз тағы да басқа өнімдер өсуде. Осыларды күн-түн демей қарап тұру үшін, өзіме жазда тұруға ыңғайлы кішкентай үй салып алдым. Жаз бойы бау-бақшамыздың қасында болып, оны күтіп баптауға бар күш-жігерімді жұмсаймын, -дейді Ғарифолла ағамыз. Иә, Сарыөзеннің жағасында орналасқан бұл жер – нағыз табиғаттың мекені деуге болады. Себебі, айналысында құстардың сайраған әндері мен самал жел соққан өзеннен жанына рухани ләззат аласың. Тіпті, тамылжыған табиғат аясынан өлеңге деген құштарлығын оянып, тұншыққан өмірден өзіне бір сая табатындайсың. Міне, Сарыөзеннің жағасын бау-бақшасына мекен еткен Ғарифолла ағамыз бен Нұржамал апамыздың жылы шырайлы жүздеріне таңдана қарадық. Туған өлкенің қара топырағымен нәр алып жатқан жемісінің дәмін татқан қандай ғажап десеңші?! Нағыз тәтті өмірдің дәмі де осы шығар!

Жұлдыз АСҚАР


ҚАЗТАЛОВТЫҚТАР ЖАЛПАҚТАЛДЫҢ ТӨРІНДЕ

Күні: , 146 рет оқылды

13692954_1628983664079877_2237723745799785978_o 13724821_1628983627413214_5428033143531145319_o 13731892_1629000367411540_8834138908322420226_o 13738277_1628983420746568_8490604458735266121_oЖайма шуақ жаздың жайдарлы күнінде қазталовтық өнерпаздар «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында жалпақталдық ағайындарға керемет кеш сыйлады. Кеште мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының орындауындағы әсем әндер шырқалса, «Қарлығаш» халықтық би ансамблінің мың бұралған билері де көрермендерге ұсынылды. Нағыз өнердің құдіретін ұға білген жалпақталдықтардың көтеріңкі көңіл күй сыйлаған аудан өнерпаздарына деген қошеметтері де көбірек болды. Кеш соңында Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Айбек Керешов, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзинге «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасын табыстап, -екі орталықтың арасындағы ынтамақтастығымыз, достығымыз үзілмей, тәуелсіздік пен егемендікті нығайту мақсатында бірге жұмыс жасайық!, — деген тілегін білдірді. Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин көп балалы ана Мейрамгүл Жасмұханбетоваға «Күміс алқа» табыс етті. Мейрамгүл Смағұлқызы — өте еңбекқор ана. Бүгінде жолдасы екеуі «Өрлеу» бағдарламасымен несие алып, кәсібін өрге домалатып отырған жанұялардың бірі.  Салтанатты шарада аудандық аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Хабибуллина, Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Айбек Керешов сөз алып, елімізде осындай ақ жаулықты аналарымыз аман болып, қоғам тұтқасының берік болуы үшін күш-жігерлеріңіз мықты болсын!, -деген лебіздерін білдірді. Расында да Әйел-Ана, ол – бүгінгі қоғамның тұтқасы. Егерде нәзік жандыларымыз рухани әлсіз болса, онда бүкіл қоғамымыздың әлсіреуі болып табылады. Сондықтанда біздің аналарымыздың күш-қуаты мықты болсын! Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын!

Жұлдыз АСҚАР


КЕЛЕР ЖЫЛЫ ЖАЛПАҚТАЛДЫҢ 200 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛМЕК

Күні: , 132 рет оқылды

13710659_1628603460784564_3675036060978133399_o22 шілде күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен келер жылы Жалпақтал ауылының ірге тасының қаланғанына 200 жыл толуын атап өту үшін құрылған комиссияның мәжілісі өтті. Мәжілісте тарихи датаны атап өту үшін мұражай жасақтау, ескерткіштерді жаңарту, тарихтағы «Жалпақтал базарын» қалпына келтіру, республикалық деңгейдегі ақындар айтысын өткізу және басқа да мәдени шараларды ұйымдастыру жұмыстары талқыланды. Мәжілісте комиссия мүшелері ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Комиссия мәжілісінен кейін аудан әкімінің орынбасары жеке тұрғындарға қабылдау жасады.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.