АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.07.2016


ЖАҢАЖОЛДЫҚТАР ҚАЗТАЛОВҚА КЕЛДІ

Күні: , 236 рет оқылды

13735177_1625763557735221_2833351634137431051_o 13735807_1625763377735239_8904676090928082560_o16 шілде күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында Жаңажол ауылының делегациясы Қазталов ауылына келді. Аудан орталығындағы «Достық» саябағында Жаңажол ауылының көркемөнерпаздары даярлаған «Тәуелсіздікті жырлаймын!» атты тамаша концерті өтті. Концертте ел Тәуелсіздігімен сабақтасқан жалынды жырлар, кешкі аспанда қалықтаған әндер және мың бұралған билер жиналған қазталовтық ағайынның назарына ұсынылып, қошеметіне бөленді. Күндізгі аптап ыстықтан кейін, саябаққа тынығуға жиылған жұртшылық бұл тамаша концерттен рухани әсер алып, өнер сусынымен шөлдерін басқандай болды. Концерт соңында сөз алған Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасыры Айбек Керешов тамаша кеш сыйлаған Жаңажол ауылдық округінің әкімі Арман Алдабергенов бастаған делегацияға ауыл тұрғындары атынан шынайы алғысын жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП


САЯБАҚ ӘНГЕ БӨЛЕНДІ

Күні: , 178 рет оқылды

13691104_1625241917787385_121200191478739332_o 13730986_1625241904454053_2269474715285379689_o 13731078_1625241697787407_7428107096570530991_o«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы бойынша 15 шілде күні ауданымыздың Бостандық ауылдық округінің делегациясы Жалпақтал ауылына келді. Бостандық ағайындар аудандық киножүйесі мекемесінде дастархан жайып, қос ауылдың үлкендері келелі әңгімелер айтып, ауданымызда татулық, тұрақтылық болсын деген игі тілектерін айтты. Мұнан кейін Жалпақтал саябағында жиналған көрермендер назарына Бостандық ауылының көркемөнерпаздары концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеште ауыл өнерпаздары, әжелеріміз тамаша әндерін орындап, мың бұралған бишілердің билері, қазақтың қара домбырасымен тартылған күйлері Жалпақтал халқына кереметтей көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин бостандықтарға өзінің алғысын айтса, Бостандық ауылдық округінің әкімі Манарбек Сүндетов мегажоба кітапшасын табыс етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ҚОҒАМДЫ АЛАҢДАТАТЫН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ӘҢГІМЕ

Күні: , 162 рет оқылды

13735708_1625196154458628_7432720953014771513_o15 шілде күні «Нұр Отан» партиясы мәжіліс залында аудандық жастар ресурстық орталығы және аудандық жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғамды алаңдататын күрделі мәселелер» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, — бүгінгі күнде жастар араласпайтын сала жоқ. Ол жастар – бүгінгі және ертеңгі атқарылар ауқымды істердің басы-қасында жүретіндер. Еліміздің жастар жөніндегі жүргізіп отырған саясаты да елдің болашағын нұрландыратын жастардың бағыт-бағдарының дұрыс болуына үлкен мән беруде. Алайда жастарымыздың арасында қоғамымыздағы пайдалы да, мазмұнды істерге араласуда немқұрайлық таныту немесе қоғамнан шеткері қалу фактілерінің болып жататынын жасыруға болмас. Әсіресе, жастар арасындағы келеңсіз жағдайлар теріс ағымға ілесу, суицид немесе басқа да әрекеттер кері әсерін тигізуде. Міне, біз осы жолдан қалай шығуымыз керек? Бұл бәрімізді де ойландыруға тиіс,- деді. Дөңгелек үстел басында Қазталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов, «Нұр-Астана» медресесінің студенті Қанат Халиолла, — Бүгінде қандастарымыздың көбінің топ-тобымен жат діннің жетегінде жүргені жасырын емес. Бұған көп нәрсе себеп. Жалпы, дін дегеніміз – тұңғиық теңіз. Оның тереңінде еркін сүңгіп жүру үшін көп оқып, ілім-білім жинауымыз қажет. Сондай әлемдегі көп діннің ішіндегі асыл дініміз пайдасын санамалап айтып бітіру тіптен мүмкін емес. Ислам дінінің ішінде әсіресе, Орта Азия халықтары ұстанатын төрт мәзһәб өкілдерінің бастарын иіп тұрып мойындайтын Мәзһәб болып табылады. Сондықтан осындай пікірталастар жастар арасында болу арқылы исламды түсіне аламыз әрі түсіндіре аламыз, -деген пікірлерін білдірді. Сондай-ақ дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауаптар қайтарды. Дөңгелек үстелге қатысушыларға теріс ағымның қатері туралы бейнеролик көрсетілді. Дөңгелек үстелді жастар ресурстық орталығының маманы Әліби Жангерей қорытындылады.

Жұлдыз АСҚАР


АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 164 рет оқылды

13734864_1624846924493551_6789852032648087121_o14 шілде күні Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Қараоба ауылдық округіне қарасты Қонысбай, Еңбек ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі тұрғындардың қысқа мал азығын даярлау науқанымен және ауылдарда атқарылып жатырған істердің барысымен танысыты. Сонымен қатар аудан басшысы тұрғындардың бірқатар сауалдарына жауаптар берді. Байқағанымыздай шалғайда жатқан бұл ауылдарда көгілдір отын кіргізіліп, су мәселесі де оң шешімін тапқан. Еңбек ауылында жаңадан, заманауи үй құрылыстары салынып жатыр.

Қайрат ЖАҚЫП


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРСАҚ…

Күні: , 251 рет оқылды

13724096_1624695014508742_5089320224927127_o 13735020_1624695027842074_7542191979591096397_o14 шілде күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазиннің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» атты тақырыпта семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің жұмысына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр төрағалық жасады. Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин, — басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық, қоғамдық өзекті мәселелер, осы әлеуметтік қауіпті құбылыспен күрес бірқатар мән-жайларға байланысты. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғады. Аталған заңның талаптарына сәйкес, барлық мемлекет қызметшілеріне және құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтердің лауазымды адамдарына кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарына, ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салынатыны көрсетілген. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi, -деді. Семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің бас маманы Ерік Төлепқалиев осы қаралған мәселеге байланысты ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңындағы» өзгерістер туралы хабарлама жасап, түсінік берді. Семинар-кеңеске қатысушылар осы мәселелерге байланысты сұрақтар қойып, оған жауаптар қайтарылды. Семинар-кеңестен кейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин жеке адамдарға қабылдау жасады.

Жұлдыз АСҚАР


КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

Күні: , 182 рет оқылды

13731021_1624685894509654_4207094563042766573_o14 шілде күні аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында тарих ғылымының докторы, академик Серік Мәшімбаевтың «Қос өзен аралығындағы Қазталов ауданының тарихы» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Тұсаукесер рәсімге қатысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- ағамыздың осы бір құнды еңбегі ауданымыз үшін маңызды болып табылады. Өйткені бұл кітапта туған өлке тарихының тарихы сыр шертеді. Сондықтан Серік ағамызға алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз,- деді. Рәсімде сөз алған кітап авторы Серік Мәшімбаев қатысушылар алдында тарихқа сүңгіп, қызықты әңгімелер өрбітті. Кітапта ауданымыздың өткен ғасырдағы және қазіргі күндегі тарихы баяндалса, сонымен қатар ел есінде қалған тұлғалар туралы да жазылған. Мәселен, осы еңбекте тарихта белгілі «Бесеудің хатындағы» Мансұр Ғатауллин туралы да кең мағлұмат бар. Ал, бұл тұлға Сарыөзен бойындағы Ағаш үй елді мекенінде дүниеге келген. Бұның өзі біздің аудан тарихына қосылар тағы бір сый деуге болады. Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов тарихшының шәкірті Тұяқ Жалмұқанов, аудандық мұражайдың меңгерушісі Назкеш Адаялиева, аудандық кітапхана директоры Гүлдана Дәулетова, еңбек ардагері Ғалымжан Нығметов,- аудан тарихы туралы жазылған кітап жас ұрпақ үшін үлгі — өнеге деп білеміз,- деді. Сонымен қатар аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Әсем Халиуллина жоғары білім ордасында оқып жүргенде жерлесіміздің еңбектері біздерге көп көмегін тигізді. Әсіресе Еуропа және Америка туралы жазылған танымдық – тарихи ғылыми еңбектері біздің әлемді тануымызға ықпал етті,- деді. Кітаптың тұсаукесер рәсімін осындай деңгейде ұйымдастырғаны үшін Серік Мәшімбаев аудан әкімдігіне, ішкі сакясат бөліміне алғысын білдірді.

Гауhар ӘДІЛЖАН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.