АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 14.07.2016


БЕЙНЕТІМЕН ҚОСА, ЗЕЙНЕТІ ДЕ БАР ҚАЖЫРЛЫ ЕҢБЕК

Күні: , 148 рет оқылды

13661771_1624316944546549_5917245129784656527_o 13692985_1624317437879833_3649292818521721113_o 13719585_1624316917879885_890727988933185784_oШүкір, бейбіт заман, кәсіпкерлікті дөңгелетуге жағдай бар, себебі, мемлекеттің кәсіпкерлікті дамытуға қолдауы да, жеңілдігі де аз емес. Тек ерінбей еңбек ете білсең болғаны. Сондай адал еңбектің арқасында өз кәсібін дөңгелетіп, бақша дақылдарын егіп жүрген кейіпкеріміз жеке кәсіпкер Трофим Ким туралы болмақ. Біздің елдің тумасы болмаса да, Қазталовқа жыл сайын келіп көкөніс егіп, өз нәпәқасын тауып жүрген жан. Сарыөзеннің бойында жайқалтып бақша салып жүрген Трофим ағамызға арнайы барып, әңгімеге тартқан болатыбыз. — Жылма-жыл осы жерге келіп бақша дақылдарын саламын. Құдайға шүкір, шығымы жаман емес. Биыл да «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 1млн 400 мың теңге несие алып, бақша егіп жатырмын. Негізінен пияз, кортоп және қияр ектім. Жақсы шығып жатыр. Тек, бір қынжылтатыны ауылдағы халық бақшаға келіп жұмыс жасағысы келмейтіні. Еңбектерін беремін ғой. Күзде келіп, жинасуға көмектесемін дегендерді құшақ жая қарсы аламын. Көкөніс піскеннен кейін қазталовтықтарға Оралдан арзан бағамен сатқым келіп отыр. Болашақта жылыжай салғым келіп жүр. Бәрі де еңбектің арқасы,шүкір кәсібім жүріп жатыр,- деп түйіндеді әңгімесін Трофим ағамыз. Әрине, бақша егу, оны күтіп-баптау оңай шаруа емес. Кәсіптің көзін білетін, құпиясына қанық бағбандардың алтын қолы қажет-ақ. Бұл тұста кәсіпкер Трофим ағай өзгелерден үйренуге, көзбен көруге, ізденуге еш жалықпағандығын жасырмады. Шынында да, бақша сырт көзге оңай жасалған дүние секілді көрінгенмен, тыным- сыз тірлік екені сезіледі. Бір сөзбен айтқанда, бау-бақша шаруашылығы – екі қолды қалтаға салып қарап тұрғызбайтын, бейнетімен қоса, зейнеті де бар қажырлы еңбекті қажет ететін кәсіп.

Қайрат ЖАҚЫП


АЛТЫ АЙЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Күні: , 116 рет оқылды

13710622_1624246171220293_7457643041474130139_o13 шілде күні Қазталов аудандық сотының төрағасы Райбек Қайырбеков баспасөз мәслихатын өткізді. Сот төрағасы баспасөз мәслихатында жылдың 6 айлығында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Осы мерзімде 96 азаматтық іс қаралып аяқталды. Атап айтқанда: шешім – 62 (с.і. сырттай шешім – 1, сот бұйрығы – 18 , қысқартылғаны – 9 , (с.і. медиация тәртібімен қаралғаны – 9), қараусыз қалдырылғаны – 5 Казталов аудандық сотына 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 153 әкімшілік іс түсіп, 153 әкімшілік іс қаралды. Әкімшілік жаза қолдану туралы 128 қаулы шығарылды (соның ішінде: айыппұл-26 , қамауға алу-82 , арнайы құқығынан айыру-16, ескерту- 4 , әкімшілік істі қысқарту туралы 25 қаулы шығарылды. Айыппұл сомасы 821888 теңге құрап, оның ішінде 212100 теңге айыппұл әкімшілік жауапкершілікке тартылушылардың өз еркімен төленді. Казталов аудандық сотымен 2016 жылдың 1 жартыжылдығында 17 тұлғаға қатысты 15 қылмыстық іс түсіп, 19 тұлғаға қатысты 16 қылмыстық іс қаралды, 2015 жылдан қалдықта 2 тұлғаға қатысты 1 қылмыстық іс болды, жеке айыптау бойынша 1 шағым түсіп, шағым бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қалдықта қалған істер болған жоқ . Қаралған қылмыстық істердің ішінде қысқартылған істер болған жоқ . Қаралған барлық іс бойынша, атап айтқанда 19 тұлғаға қатысты 16 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында БҚО соттарымен атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша жүргізілген рейтингтік көрсеткіш бағасы анықталып, Казталов аудандық соты үздік үштіккке кіргенін айта кеткен жөн. Алдағы атқарылатын жұмыстардың басты міндеттері, атап айтқанда сот төрелігінің сапалы әрі уақытылы жұмыс істеуін қамтамасыз ету, судьялардың кәсіби дәрежелерін және жаңа заң талаптарына сай кеңсе мамандарының жұмысын арттыру, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша қабылданған нақты іс-шараларды орындау,- деді сот төрағасы өз әңгімесінде.

Әсем БОЛАТ


АУДАНДА ШАҒЫН КӘСІП ҚАРЫШТАП ДАМУДА

Күні: , 192 рет оқылды

13690980_1624222917889285_6189899588321552411_o 13701034_1624223161222594_4434765532676762881_oШағын кәсіпкерлік субъектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Дағдарыс атты дауылға төрт тағандап тең тұрып, «сыр» бермеген де дәл осы кәсіпкерлікті қолдау екенін уақыт көрсетті. Қазталов ауданында да өз кәсібін ашып, жемісін көріп жатқандар қаншама. Жыл сайын кәсіпкерлердің саны көбейіп келетіні жасырын емес. Осы орайда 13 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, жаңадан бой көтеріп жатырған нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Өз кәсібін ашып жатқандардың қатарында Самат Шакуовтың құрылыс материалдарын сататын үлкен қоймасы, Қазиолла Рахметуллиннің шағын маркеті , бұдан басқа салынып жатырған дүкен, қоғамдық монша, аутокөлік жөндейтін цех сияқты басқа кәсіп ошақтары бар. Бұдан шығатын қорытынды — еңбек етемін, өз кәсібін ашамын деген адамға мемлекет тарапынан қолдау табылатынын айтуға болады.

Қайрат ЖАҚЫП


ЖҰМЫС САПАРЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Күні: , 182 рет оқылды

13613418_1624202597891317_4080203121439220304_o 13710469_1624202517891325_5499197614914184307_o13 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың аудан округтеріне қарасты кіші елді мекендерге жұмыс сапары аяқталды. Аудан басшысы жұмыс сапарын Қазталов ауылдық округінің Бозоба, Сексенбаев ауылдарында қорытындылады. Елу төрт кіші елді мекендерді аралаған аудан әкімі сол ауылдардың тұрғындарының тыныс-тіршілігін көріп, ауылдардағы атқарылған және атқарылатын жұмыстардың жәйімен танысты. Байқағанымыздай шешімін тауып жатырған мәселелердің қатарында 13 елді мекеннің бөгеттері тазартылып, жылдар бойы жиналған күл-қоқыстың шығарылуы ауыл тұрғындарын қуантатыны жасырын емес.

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ

Күні: , 124 рет оқылды

13669518_1623771547934422_9198244606338257036_o12 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев, — ауданда жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері бақылау шоттарына қаражаттардың түсімі және олардың жұмсалуы туралы және аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиев, — ауданда шағын және орта бизнес саасын дамыту мақсатында жүзеге асырылатын жобалар туралы, — хабарламалар жасады. Бұл мәселелер бойынша Қазталов, Жалпақтал, Ақпәтер, Қараоба ауылдық округтерінің әкімдері Сәрсенбай Молдашев, Самиғолла Ақмурзин, Есенгелді Айсағалиев, Нұрлығали Дүйсеков округтерде атқарылып жатырған жұмыстарды баяндады. Аудан әкімінің мәжілісінде басқа да мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылдады.

Жұлдыз АСҚАР


МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Күні: , 134 рет оқылды

13640932_1623767621268148_8848316958533865129_o12 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және аудандық сот төрағасы Райбек Қайырбеков, №2 аудандық соттың төрағасы Азамат Жұмаұлы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл меморандумның басты мақсаты – халық арасында сотқа дейінгі және соттан тыс уақытта дауды реттеу институтын жан-жақты дамыту, оны белсенді нығайту саласында өзара ынтымақтасу болып табылмақ.

Жұлдыз АСҚАР


ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Күні: , 128 рет оқылды

13653310_1623745334603710_6638973760891613917_o12 шілде күні аудандық мәдениет үйінде қоғамдық келісім кеңесінің жиналысы өтті. Кеңесте аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- ауданда өткен алты ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Бұл мәселе бойынша аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, Бостандық ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Жапақов, Жалпақтал мешітінің имамы Тілек Нұралиев, Нұр – Астана медресесінің студенті Қанат Халиолла, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсенов, А.Оразбаева мектебінің мұғалімі Мирболат Мырзағалиев жарыссөзге қатысып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әсіресе қазіргі күндегі теріс діни ағымдардан жастарды сақтандыру, үш тілділік, жерге қатысты мәселелер талқыланды. Бұл жөнінде аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Батырбек Ахметжанов та өз ойын айтып өтті. Кеңеске қатысушылар ауданымыздағы атқарылып жатырған жұмыстардың одан әрі қарай жүргізіле беруіне және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін толайым табыстармен қарсылау үшін бірлік, келісім бағытында жұмыс істеу қажеттігін білдірді. Аудандық қоғамдық келісім кеңесінде қаралған мәселе бойынша шешім қабылданды. Қоғамдық келісім кеңесінің жиналысында аудан әкімі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметоваға облыстық ішкі саясат басқармасының алғыс хатын салтанатты түрде табыс етті.

Әсем БОЛАТ


АУЛАСЫН ГҮЛ БАҒЫНА АЙНАЛДЫРҒАН

Күні: , 232 рет оқылды

13641264_1623408951304015_6645204206361595166_oҚараөзендік Жамиға Халимуллина гүл өсіріп, бау-бақша баптаумен айналысып келеді. Жаз бойы оның үйінің ауласында гүлдердің небір түрі өсіп тұр. Жамиға апамыз соңғы 2-3 жыл турасында гүл өсіріп, ауласын гүл бағына айналдырған. Біз барған уақытта ауласы құдды бір кілемге оранғандай. -Ал гүлдерді күтіп баптау ұқыптылықты қажет етеді. Өсімдіктер де тіршіліктің иесі. Олар да өзін жақсы көргенді сезеді. Көңіл-күйіне байланысты өсіп, жетіледі,-дейді біздің кейіпкеріміз. Жамиға Халимуллинаның ауласында гүлдің 5-6 түрі бар екен. Оларды бапта, гүл өсіргеннің пайдасы зор екенін айтады. Жерді мәпелеп, еңбек етсең, төгілген тердің зая кетпейтінін білетін Жамиға апамыз қараөзендік ағайындарды ауласына гүл, жеміс ағаштарын отырғызуға үндеп келеді. Сонымен қатар ауласында жеміс ағаштары да бар екен. Ал, ауласындағы гүл бағы әдеміліктің белгісіндей болып тұр. Тұрарбек ағамызбен қырық жыл отасқан Жамиға апай екеуі үш ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырған бақытты ата-ана. Тұрарбек ағамыз «Дастан» шаруа қожалығын құрып, бүгінде алпыстан ассада еңбекке араласып келеді. Ауласында ұлдарына былтырғы жылы құрылысы басталған алты бөлмелі тұрғын үй салып, Алла бұйыртса биылғы жылы қоныс тойын тойламақ. Сонымен қатар Тұрарбек ағамыз бен Жамиға жеңгеміз жеті немере, алты жиен сүйіп отырған бақытты отбасы. -Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, айналаны тоздырмай тіршілік етуге болады. Ауламнан гүлдердің жұпар иісі аңқиды. Мен кәсібімен бейжай қарамаймын. Бұл пайда табуды мақсат тұтқандық емес, өз ісіңе адалдықты білдіреді. Балаларым, немерелерім табиғаттың сұлулығын бойына сіңіріп өссе екен деймін. Гүл өсіріп, бау-бақша жұмысымен айналысқан бала еріншек боламайды,-дейді Жамиға Халимуллина.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,

Қараөзен ауылы


БІРЛІК АРҚАСЫНДА МАҚСАТЫМЫЗҒА ЖЕТЕМІЗ

Күні: , 100 рет оқылды

13661977_1623320971312813_2258600664616763766_o 13668778_1623321041312806_8747147536044062108_o9 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ауданымыздың елді мекендерін аралап, ауыл тұрғындарының тыныс-тіршілгімен танысып қайтты. Жұмыс сапарын аудан басшысы Қараөзен ауылдық округіне қарасты Жас елді мекенінен бастады. Мұндағы клуб, кітапхана ғимараттарын аралап, шатырының қатты желде түгелдей ұшырып алып кеткендігін көріп, осы ай ішінде ауыстыратындығын жеткізді. Сонымен қатар Талдыапан ауылдық округіне қарасты Сарықұдық, Қайшақұдық, Қособа, Бейістерек, Талдықұдық округіне қарайтын Хайруш, Болашақ ауылдық округінің Аққурай, Көпкүтір, Мирон елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы биылғы жыл ішінде округтерде істелініп жатқан игі істерге тоқталды. Ауданымызда біраз мәселелердің шешілгенін іссапар барысында көріп қайттық.  Ауыл тұрғындары бұрынғыдай өздерінің жеке басының қамы үшін емес, ауылдың жағдайын айтып, кейбір мәселелер жөнінде әңгімелесті. Талдыапан округіне қарасты Қособа елді мекенінің тұрғындары асар әдісімен шағын орталық, кітапхана салуды жоспарласа, Хайруш елді мекенінде ауызсу мәселесі шешілген, тоғандары қазылып, бүгінде судан толып тұр. Талдыапан-Қособа бағытындағы жолды көтеру, Хайруш елді мекенінде жылжымалы рентгенді ауылға әкелуге ұйымдастыру, электр бағаналарының ескілігін, Мирон мектебінің шатырын ауыстыру секілді мәселелерін айтты. — Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде өз күштерімен істелініп жатқан біраз істердің куәсі болудамыз. Ол әрине елдің бірлігінің арқасы деп білемін. Ұжымдасып еңбек еткеннің арқасында ойлаған мақсатымызға жетеміз. Айтылған мәселелеріңіздің шешудің жолдарын қарастырамыз,-деді тұрғындармен кездесу барысында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 100 рет оқылды

13668640_1623246224653621_1342885146002307602_o 13653087_1623246067986970_5827903367197375623_o 13652992_1623246237986953_6324789005058051272_o8-9 шілде аралығында Сырым ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала елі» жобасы аясында мәдениет қызметкерлері арасындағы облыстық «Тәуелсіздіктің жемісі» атты туристік слеті өткен болатын. Қазталов ауданының мәдениет саласының майталмандары осы аталмыш шараға қатысып қайтты. Осы спорттық шараға С.Садықов атындағы мәдениет-демалыс орталығының қызметкерлері Самал Хайрушева, Қайрат Абдулов, Мирлан Нұролла, Жомарт Айтқалиев, Балғаным Ғұбашева, Гауһар Ғазизжанова, Жасқали Молдағалиев, Дархан Жалиевтер қатысып, киелі сахнада ғана емес, спорттан да биік белестерді бағындыра алатындарын мойындата білді. Аудан намысын қорғаған жерлестеріміз 12 команда арасында топ жарып, жүлделі 2 орын алды. Міне, жетістік деп осыны айт. Жеңіспен оралған жерлестерді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов қарсы алып, қоржындарын жеңіспен толтырған мәдениет қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.