АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 07.07.2016


«ЖАЙНАЙ БЕР, АСТАНА!» МУЗЫКАЛЫҚ МАРАФОН КЕШІ

Күні: , 106 рет оқылды

13584885_1621081708203406_1125916987026124664_o6 шілде күні аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Астана күні мерекесіне орай «Жайнай бер, Астана!» атты музыкалық-поэтикалық марафон өтті. Шарада сөз алған аудандық кітапхана директоры Гүлдана Дәулетова,- барша жиналған қауымды мерекемен құттықтай келіп, бүгінгі мереке әрбір қазақ жұртының жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шыңдай түсуде. Астана – болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қала Астанамыз одан әрі гүлдене берсін! ,- деген тілегін жеткізді. Шарада Астана қаласының көрікті деген жерлері мен зәулім ғимараттары көрініс тапқан «Мәңгілік қалам Астана» атты бейнекөрінісі жұртшылық назарына ұсынылды. Сонымен қатар марафонда әсем ән шырқалып, күмбірлеген домбырадан құйылған тәтті күй мен көркем сөз және Астана туралы сөзжұмбақ шешіліп, кітапхана оқырмандарына керемет көңіл- күй сыйлады. Әдемі де әсерлі өткен кеште концерттік бағдарламамен қатар сурет байқауы да қатар жүріп жатты. Бүлдіршіндер Астана қаласының әсем бейнесін сурет салу арқылы жеткізді. Сондай –ақ еліміздің басты құндылықтары мен негізгі нышаны саналатын «Бәйтерек» , «Алтын адам» және «Пирамиданы» кітапхана оқырмандары киім үлгісі арқылы сипаттап, бейнелеп көрсетті. Шарада ауыл жастары атынан бүгінде жоғары оқу орнында білім алып жүрген студенттеріміз Алтынбек Қойшин мен Азиза Тағанова барша қонақтарды мерекемен құттықтап, өз тілектерін білдірді. Кеш соңы оқырмандардың флеш-моб «Жастар» биімен аяқталды.

Әсем БОЛАТ


БЕКТҰРҒАНОВТАР ОТБАСЫ ОБЛЫСТА «СПОРТШЫЛАР ОТБАСЫ» АТАНДЫ

Күні: , 126 рет оқылды

13558653_1621042184874025_4299559761630309082_o5 шілде күні облыстық қазақ драма театрында өткен “Мерейлі отбасы — 2016” ұлттық байқауына қазталовтық Бектұрғановтар отбасы да қатысқан болатын. Отбасының асқар тауы, тірегі Валерий аға СССР спорт шебері атағына ие болып, 1970 жылдан бастап «Салауатты өмір салтын» ұстану бағытында велоспорттан аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпазы атанып келеді. Ал, отанасы Нәбира апа бүгінде аудандық «Ұмай» әйелдер қоғамдық бірлестігінің белді мүшесі. Бектұрғановтар отбасы қай уақытта болмасын ауданда өтетін қоғамдық шараларға белсене араласып отырады. Салауатты өмір салтын ұстанып, спорт саласында зор жетістерге жетіп жүрген отбасы облыстық «Мерейлі отбасы – 2016» байқауында «Спортшылар отбасы» номинациясын иеленіп қайтты. Ауданның мерейін асқақтатқан Бектұрғановтар отбасына амандық, спортта жеңісті күндер тілейміз.

Жұлдыз АСҚАР


БИГАЛИЕВТЕР ОТБАСЫ ОБЛЫСТАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНЫП, РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Күні: , 130 рет оқылды

13620366_1621024971542413_5976231238758198635_nОтбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Отбасы белгілі өнермен дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Міне, осындай қазақтың киелі өнерін қалың жұртшылыққа танытып, отбасы мен өнердің алтын көпірін жалғап келе жатырған отбасылардың бірі — қошанкөлдік Бигалиевтер отбасы. Бұл отбасы бүгінде облыстық, республикалық деңгейдегі өнер байқауларына қатысып, киелі сахнада тамылжытып ән салып, талайды тамсандырып, ерекше әуен, бұлбұлдай үндерімен өнер сүйер қауымды баурап жүрген өнер жолындағы өзіндік орындары ерекше отбасылардың қатарында. Өнерлі отбасының ұйытқысы әрі тірегі бола білген Марат аға мен Нұржамал апаның ұл-қыздары өнердің өсуіне, өлкенің жаңаруына өзіндік септігін тигізіп отырған бүгінгінің перзенттері. Асқар таудай әке мен аяулы ана осындай өнерлі шәкірттер тәрбиеледі. Олар да үлкен байқауларда топжарып, ел мерейін өсіріп, ата-ананың үкілі үмітін ақтады. Киелі өнерді дәріптеп, қастерлей білген Бигалиевтер отбасы ауданымыздың мақтанышы. Сүйінші, ағайын! Бигалиевтер отбасы күні кеше ғана облыстық қазақ драма театрында өткен “Мерейлі отбасы — 2016” ұлттық байқауының жеңімпазы атанды. Байқаудың жеңімпазы атанған Биғалиевтер отбасы қыркүйек айында Елордамыз Астана қаласында өтетін “Мерейлі отбасы —2016” байқауының гранд-финалында өңіріміздің атынан сынға түспек. Ендеше, облыстың, ауданның өнерін республикаға танытатын Бигалиевтер отбасына тек сәттілік тілейміз! Жағымды жаңалықтарымыз көп болсын!

Жұлдыз АСҚАР


«ҚАЙРАТ» КІШІ ФУТБОЛ АЛАҢЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Күні: , 150 рет оқылды

13584954_1621013194876924_1994449833453347090_o 13559039_1621013428210234_2147566201205360339_o6 шілде күні Астана күні мерекесіне орай Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында «Қайрат» футбол алаңы ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, — Бүгінде Астана – болашақтың каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Барша қазақ елі бас қаланың әрбір жетістігіне тамсана қарап, болашаққа бастаған қадамына зор ықылас танытуда. Сондықтан біз де туған өлкеміздің жаңаруына бәріміз бірдей атсалысып, алдағы уақытта жоспарланған көптеген жұмыстарды бірлесіп атқаруымыз керек, -деді. Сондай-ақ аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мен ардагер Тұрақбай Дүйсенов «Қайрат» кіші футбол алаңының салтанатты түрде лентасын қиды. Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәдениет тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Досжан Ахметовке футбол алаңын кілтін табыстады. Ашылу салтанатынан кейін жаңа алаңда шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Кездесуде Қазталов және Александров-Гай аудандарының спортшылары қатысып, нәтижесінде Александров-Гай командасының ойыншылары жақсы ойын көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар ойын барысында шеберлік танытқан М.Қуандықов «Үздік қорғаушы», Е.Ернұр «Үздік шабуылшы», А.Нұрғалиев пен А.Әнесов «Үздік ойыншы» атанды.

Жұлдыз АСҚАР


«АСҚАҚТАЙ БЕР, АСТАНА!»

Күні: , 94 рет оқылды

13584788_1620945884883655_8416847788708256138_o 13580552_1620946184883625_3376105343141724570_o13559027_1621172761527634_284817499386127611_o 13613596_1621172064861037_1515033509513795322_o6 шілде — Астана күні. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ. Қазақстанның жас Елордасы, Астана қаласы міне, 18 жасқа толып отыр. Осы орайда 6 шілде күні аудан орталығындағы «Достық» саябағында Елордамыз Астана күніне арналған, «Асқақтай бер Астана!» атты мерекелік шара оздырылды. Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- барша аудан тұрғындарын осы айтулы мерекемен құттықтап, ынтымағы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жасай берсін! Елордамыз Астана көркейе берсін! — деген тілегін жеткізді. Мерекелік шараға жиналған аудан тұрғындарына мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған ән шашуы тарту етілді. Астана мерекесіне орай аудан жастарының Тәуелсіз Қазақстанның басты символы ретінде Астана феноменін танымал етуді көздейтін Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 25 аутокөліктен тұратын аутошеруі ұйымдастырылды. Аутошеру «Достық» саябағынан бастама алып, аудан орталығының Шарафутдинов, Құрманғазы, Сауанов, Ихсанов, Х.Жақыпов, Тәуелсіздік, Сейфуллин көшелерімен жүріп өтіп, ат басын жаңадан ашылғалы отырған «Қайрат» шағын футбол алаңына тіреді. Аутошерудің жүріп өткен жолы 4 шақырым қашықтықты құрады. Астана күніне арналған мерекелік концерт кешкісін «Достық» саябағында жалғасын тапты. Мерекелік кеште аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр барша аудан тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, бірқатар мекеме, шаруашылық жетекшілеріне және өнер қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті. Кеште әсем әндер орындалып, халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің билері тамашаланды. Ашық аспан астында әуелеген ән көрерменнің көңілінен шығып, туған жерге деген асқақ рухпен жаңғырып жатты. Кеш соңы аудан жастарының ұйымдастыруымен «Жүрегім менің — Астана» атты фильмімен жалғасын тапты.

Жұлдыз АСҚАР

Қайрат ЖАҚЫП


ҚОШ КЕЛДІҢ, КӨКТЕРЕКТІК АҒАЙЫН!

Күні: , 96 рет оқылды

13502801_1620727531572157_6853554448348038388_o 13582006_1620726438238933_841314669668344495_o 13585131_1620727478238829_2790644789469408891_o5 шілде күні Қазталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасына орай көктеректік ағайындар қазталовтықтарға әуелеген әнмен өрнектелген әсерлі концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Кеште сахна төріне көтеріліп сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр барша жиылған көременді айттарымен құттықтап, осындай тамаша бағдарламаны ұйымдастырып, аудан орталығына келіп жатқан Көктерек ауылдық округінің әкімі Меңдіхан Халимуллин бастаған делегацияға алғысын білдірді. Сонымен қатар көктеректіктер балалараға базарлық ретінде арнайы есек малын әкеліп, саябаққа жиналған бүлдіршіндерді мінгізіп, бір қуантып тастады.

Қайрат ЖАҚЫП


ҚАЙЫҢДЫЛЫҚ АҒАЙЫНДАР ЖАЛПАҚТАЛДА

Күні: , 92 рет оқылды

13568964_1620709618240615_7573138744720044651_o 13603670_1620710444907199_5168263121689008938_o5 шілде күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында ауданымыздың Қайыңды ауылдық округі Жалпақтал ауылына ат басын тіреді. Келген делегация мүшелері аудандық кино жүйесі мекемесінде ақ дастархан жайып, екі ауылдың үлкендері, мекеме басшылары дастархан басында әңгімелесіп, елдің береке-бірлігін, тыныштығын тіледі. Қайыңдының өнерпаздары Жалпақтал саябағында өнер көрсетіп, ауыл тұрғындарының қошеметіне бөленді. Концерттік бағдарлама соңында Қайыңды ауылдық округінің әкімі Болат Төлеуішев «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының кітапшасын Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы салтанатты түрде қабылдап алды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЖАЛПАҚТАЛДА АСТАНА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Күні: , 84 рет оқылды

13558749_1620706738240903_618380403651776939_o 13558966_1620706594907584_4021147444976125651_o5 шілде күні Жалпақтал ауылында мәдениет үйінде Астана күні кең көлемде тойланды. Ауыл әкімі Самиғолла Ақмурзин Астана күні мерекесімен Жалпақтал жұртшылығын құттықтап, игі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігі атынан «Жайық Пресс» ЖШС Қазталов филиалының «Ауыл айнасы» газеті редакциясының еспешісі Роза Мырзағалиеваны, Қазталов аудандық жұмыспен қаму орталығының маманы Амангелді Әлменұлын, кезінде аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалында сектор меңгерушісі болған бүгінде зейнет демалысында жүрген Шолпан Сансызбайқызын алғыс хатпен марапаттады. Салтанатты шара соңында Жалпақтал мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Сүйікті қала Астана» атты концерттік бағдарламасы оздырылды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


АУЫЛДАРДЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСЫП ҚАЙТТЫ

Күні: , 84 рет оқылды

13558724_1620646558246921_6002402060646690937_o5 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың ауданымызға қарасты кіші елді мекендерге жұмыс сапары жалғасты. Жұмыс сапары барысында Тереңкөл ауылдық округіне қарайтын Беспішен, Мереке және Қошанкөл ауылдық округінің Ордабай ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Кездесулерде ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі тұрғындарды айт мерекелерімен құттықтап, биылғы жылы округтерде жасалып жатырған игі істерге тоқталып өтті. Сонымен қатар округ әкімдері Жүсіп Қайыров пен Аязбай Шамұратовтардың 6 ай қорытындысы бойынша округтерде атқарылған жұмыстардан қысқаша есебі тыңдалып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауаптар берілді. Осы жұмыс сапары кезінде аудан басшысы Тереңкөл ауылдық округінің орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатырған мектептің жөндеу жұмыстарымен танысып қайтты.

Қарат ЖАҚЫП


«ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАҺАРМАН АРДАГЕРЛЕР»

Күні: , 144 рет оқылды

13584633_1620553308256246_843762472102569198_o 13585034_1620553578256219_1579047871876425756_o5 шілде күні Қараөзен ауылында «Қайран ерлер, Қаһарман ардагерлер» атты ардагерлер шығармашылығы көркемөнерпаздарының өнер фестивалі өтті. Бұл фестивалдің мақсаты ардагерлеріміздің мәдениетті демалуын ұйымдастыру, зейнет жасындағы адамдарды мемлекет пен қоғам өміріне белсенді қатысуға тарту, жастар арасында «Мәңгілік Ел» идеологиясын және Елбасының ұлттық жоспарын насихаттау және жастарды тәрбиелеу болып табылады. Өнер фестивалінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев қараөзендіктерді Астана күнімен құттықтап, иіг тілегін жеткізді. Өнер фествалінде «Кәусар» әжелер тобы, Замир Шәкіров, Демеу Ғатауов, Амангелді Кенжеғалиев, Құндық Тұрарбекқызы, Тұрарбек Еренбаев, Болат Абдрахманов ән-жырдан шашу шашып, көрермендердің қошеметіне бөленді. Тамаша ұйымдастырылған кеш «Бейбітшілік сақталады» әнімен аяқталды. Кеш соңында аудандық аналар кеңесінің төрайымы, аудандық ардагерлер хорының жетекшісі Нурия Хабибуллина жылы лебізін жеткізсе, Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Азамат Әбуғалиев өнер көрсеткен өнерпаздарды алғыс хатпен марапаттады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Қараөзен ауылы


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.