АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 04.07.2016


ҚАЗТАЛОВТЫҚТАР ҚАДІР ТҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ

Күні: , 106 рет оқылды

13522820_1619039995074244_2128060394800354012_o«Қадір түні – ең жақсы түн. Алла Тағала оны берекелі етті. Сол күні Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ ол түнді мың айдан да артық етті. Ал, мың ай сексен үш жылға тең келеді. Пайғамбарымыз бір хадисінде:«Алла Тағала Қадір түнін менің үмметіме сыйлық етіп берген. Мұндай нығмет бұрынғы үмметке бұйырмаған», – деп Сіз бен бізге сүйінші хабар айтып, шаттыққа бөлеген. Бүгін бір түнде 83 жылдың сауабы жазылатын Қадір түнін Қазталов ауданының тұрғындары қарсы алды. Біреулері үйде, біреулері мешітке барып, тарауық намазына жығылып дұға оқуда. — Алла Тағала бір ай бойы ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін, — деді Қазталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов. Ал, мешітке келген жамағат мешіт имамы айтқан уағызды тыңдады. Сондай — ақ мешіт қызметкерлері жиналған жамағатқа адамның рухани дүниесін байытатын түрлі діни кітаптар оқу керектігін айтты.

Жұлдыз АСҚАР


ТАЛДЫҚҰДЫҚТЫҚТАР ҚАЗТАЛОВ АУЫЛЫНДА

Күні: , 100 рет оқылды

13568844_1618981341746776_3078921053954391336_o 13582141_1618981441746766_5966097875127628587_o1 шілде күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында «Талдықұдық ауылдық округінің делегациясы Қазталов ауылына келді. «Достық» саябағында жиналған көрермен назарына талдықұдықтық көркемөнерпаздар даярлаған «Тәуелсіздік тірегім, деп соғады жүрегім» атты кеші ұсынылды. Кеште сөз алған Талдықұдық ауылының әкімі Ақмарал Қуанышқалиева ел бірлігі ынтымағы – біздің баға жетпес байлығымыз, құны жетпес қазынамыз. Осы бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліміз өркендеп, көк туымыз мәңгі желбірей берсін – деп тілегін жеткізді. Сахна шымылдығын Эльдар Аманғалиев Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған С. Бәйтерекеовтың «Қазақстан» әнімен ашты. Сондай-ақ кеште ауыл өнерпаздары «Ұлы дала», «Елбасы», «Ауылым» әндерін орындап, мың бұралған бишілердің биі мен күмбірлеп тартылған күйлері халыққа кереметтей көңіл — күй сыйлады. Сонымен қатар Нұрдәулет Жандауов «Қазағымның тарихы» атты көркемсөзді нақышына келтіре оқып, барша көрермен қауымның қошеметіне ие болды. Кеш соңында Қазталов ауылдық округі әкімі Сәрсенбай Молдашев жұртшылық атынан ризашылығын білдіріп, Талдықұдық ауылдық округінің әкімі Ақмарал Қуанышқалиеваға «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының кітапшасын салтанатты түрде табыс етті.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАП, ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 100 рет оқылды

13517469_1618855768426000_4506039991590383746_o 13522773_1618855731759337_8554039467436110840_o1 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың кіші елді мекендерге жұмыс сапары басталды. Аудан басшысы жұмыс сапарын Қазталов ауылдық округіне қарасты Қоныс ауылынан бастап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесуде округ әкімі Сәрсенбай Молдашевтің қысқаша есебі тыңдалып, тұрғындардың түрлі сауалдарына тиісті жауаптар қайтарылды.

Қайрат ЖАҚЫП


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Күні: , 164 рет оқылды

13575935_1618784041766506_7469937913399120192_o1 шілде күні Қазталов ауданы әкімінің 2016 жылғы 22 маусымдағы №105-өкімімен Қазталов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметіне Артур Иманғазыұлы Айтжанов  тағайындалды. Бөлім қызметкерлеріне жаңа басшыны аудан әкімінің аппарат басшысы Артур Берденов таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. А.Айтжанов 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Алматы қаласы, Орталық Азия университетін бітірген. Жерге орналастыру және кадастр мамандығының иесі. Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, мемлекеттік ғылыми өндірістік жерге орналастыру орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорынында техник-жерге орналастырушы болып бастаған. 2006-2009 жылдары Қазталов аудандық жер-кадастрлық филиалына техник-жерге орналастырушы болып ауыстырылған. 2009 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін аталған филиалда инженер-жерге орналастырушы болып тағайындалған. 2009 жылдың 30 желтоқсанынан күні бүгінге дейін Қазталов ауданық жер-кадастрлық филиалының директорлық лауазымы қызметін атқарып келген.

Қайрат ЖАҚЫП


БАЛАБАҚШАДА ЕРТЕҢГІЛІК ӨТТІ

Күні: , 184 рет оқылды

13580526_1618303808481196_5178301595290468959_o30 маусым күні «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасында Астана күніне арналған «Ару қала — Астана» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік шымылдығы саз жезетекші Лилия Сергейқызының «Астана» әнімен ашылды. Ертеңгілікте сөз алған балабақша меңгерушісі Мәнсия Қадимова мерекемен құттықтап, бүлдіршіндерге жарқын болашақ тіледі. Шарада топ бүлдіршіндері өзге ұлт өкілдері болып киініп, сол ұлттың тағамдарын көреремендерге ұсынды. Сондай- ақ шарада мың бұралған бишілер тобы «Қуыршағым», «Қазақ алаштары» биін билесе, «Ақсұңқар» тобы «Достық» әнімен шараның шырайын келтірді. Сонымен қатар шараға қатысушы бүлдіршіндерге «Астана», «Елбасы» туралы сұрақтар қойылып, бейнекөрініс назарларына ұсынылды. Шара соңы балабақша тәрбиешілірінің орындауындағы «Ақкөгершін» әнімен аяқталды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


«ДІН – ТӘРБИЕ ДІҢГЕГІ»

Күні: , 96 рет оқылды

13533276_1617583991886511_7341988905216886094_n28 маусым күні Қазталов мешітінде аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандар қамту бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін тәрбие — діңгегі» атты кездесу кеші өтті. Кездесуде аудандық мешіттің имамы Жандосбек Құсайынов, кітапхана әдіскері Гүлжан Базартаева сөз алып, жас ұрпаққа имандылық туралы өз ойларын жеткізді. Сондай-ақ шарада Аружан Зайдуллина «Рамазан айы» туралы өлең оқыса, жастарға имандылық, дін тақырыбында сұрақтар қойылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.