АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 28.06.2016


Баспахана ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Күні: , 120 рет оқылды

13498050_1617137868597790_6872194375527544057_o27 маусым күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Баспасөз, телевидение және радио күніне орай бір топ ардагерлерді қабылдады. Баспасөз-қоғам айнасы. Ол тіршілік тынысын, уақыт ағымын, өмірдің бүлк-бүлк соққан лүпілін тамыршыдай дөп басып, қоғамда болып жатқан тың жаңалықтарды қалың оқырманына дер кезінде жеткізіп отырады. Баспахана қызметкерлері газет шығаруда талмай еңбек етті. Олар «Коммунист», «Жалпақтал өңірі», екі аудан қосылғаннан «Сарыөзен тынысы», «Ауыл айнасы» газеттерін 2004 жылға дейін Жалпақтал баспаханасында шығарылып келді. Бүгінде бір қатар зейнет демалысында болса, қалғаны басқа жұмысқа ауысып, ел қатарлы еңбек етіп отыр. Сонымен қатар қабылдауда «Коммунист», «Жалпақтал өңірі» газеттеріне басшылық еткен  Темірғали Жазбаевтың жұбайы Дариға әжеміз, аудандық газеттің ауыл шаруашылық бөліміне жетекшілік еткен Жәрдемғали Тұяқовтың жұбайы Роза әжемізде бірге болды. Баспахана меңгерушісі болған Амангелді Кәкімов, бет құраушы болған Меруерт Ақсыйқова, Раушан Сүйінішқалиева, Нұрбике Каманова, «Жайық Пресс» ЖШС Қазталов филиалы «Ауыл айнасы» газетінің есепшісі Роза Мырзағалиева естеліктерін айтып, сыр бөлісті. Округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Қабдолқызы қаламдары жүйрік, журналистика саласының майталмандары болған Темірғали, Жәрдемғали ағаларымыздың жұбайлары Дариға, Роза әжелерімізге  баспахана саласының ардагерлеріне ізгі тілектерін білдіріп, тарту-таралғы табыс етті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Кәсіби мерекелерін атап өтті

Күні: , 150 рет оқылды

13497703_1617121715266072_3652850374717293033_oЖурналистика — ешкімге ұқсамайтын, өзгеден өзгеше дараланып тұратын мамандық. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес маусым айының соңғы жексенбісі — Баспасөз, телевидение және радио күні болып белгіленіп, бұл күнді елімізде журналистердің төл мерекесі ретінде атап өту дәстүрге енді. Елімізде Журналистер күнін 28 маусымда атап өту дәстүрі орныға түсті. Осы орайда 27 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова «Ауыл айнасы» газетінің ұжымын қабылдады. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ұжымды журналистер мерекесімен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар кездесуде аудан әкімінің алғыс хаты «Ауыл айнасы» ұжымына және газет тілшісі Жұлдыз Асқарқызына, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазезовтың алғыс хаты газеттің фототілшісі Гауһар Әділжанқызына табыс етілді. Сондай-ақ естелік сыйлықтар да табысталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 100 рет оқылды

13559200_1617122051932705_2374452637495598097_o27 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында Астана күніне арналған мерекелік шараларға дайындық барысы талқыланды. Комиссияда аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, — ауданымызда тойланғалы отырған бұл атаулы мерекеге барлығымыз бірдей атсалысып, ұйымшылдық танытуымыз қажет, -деді. Сондай-ақ комиссияда ауданымызға келетін қонақтарды қарсылау, аталған шараларды жоғары деңгейде өткізу тағы да басқа тапсырмаларды арнайы мекеме, ұйым басшыларына жүктеді.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.