АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 20.06.2016


ЖАЙЫНОВ ЖАЙЫН ҰСТАДЫ-2

Күні: , 152 рет оқылды

13465971_1613450215633222_1574063010299505311_nӨткен жылы «Ауыл айнасы» газетінің парақшасында және «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінде жарияланған «Жайынов жайын ұстады» мақаламның кейіпкері туралы болмақ. Естеріңізде болса Қазталов ауданы Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайынов Қараөзен өзенінен салмағы 45 кг, ұзындығы 2 метр болатын жайын ұстаған болатын. Тағы да бір сенсациялық жәйт Аслан бауырымыз былтырғы рекордтын жаңартып,19 маусым күні салмағы 70 кг, ұзындығы 2 метр 20 см болатын жайын балығын ұстады. Жолы болды деп осыны айт.

Қайрат ЖАҚЫП


МЕГА-ЖОБА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Күні: , 152 рет оқылды

13483401_1613260558985521_8603686621340789763_o18 маусым күні «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында Ақпәтер ауылдық округі Қазталов ауылына ат басын тіреді. «Достық» саябағына жиылған көрермен назарына ақпәтерлік көркемөнерпаздар даярлаған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты кеші ұсынылды. Кеште өнерлі жастардың әуелеген әндері, мың бұралған билерімен қатар «Ақырыс» әжелер ансамблінің жалынды жырлары қазталовтық ағайынның қошеметіне бөленді. Сонымен қатар әсерлі кеште Ақпәтер ауылының қолөнер және қылқалам шеберлерінің туындылары көрсетіліп, ұмытылып бара жатырған үрдісімізді жаңғыртқан «Ақырыс» әжелер ансамблінің мүшелері киіз басу көрнісімен көрерменді таң-тамаша қылды. Ақпәтерлік ағайынның өнеріне қаныққан қазталовтықтықтар шынайы алғыстарын білдіріп, рия көңілмен тарап жатты.

Қайрат ЖАҚЫП


МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАУ – УАҚЫТ КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ

Күні: , 166 рет оқылды

13418450_1612733419038235_5792347519250776753_o 13458579_1612731572371753_9184950796276756367_oБиылғы жылы ауа райының қолайлы болып, жауын-шашынның мол түсуі Қазталов ауданында мал азығын дайындауға толық мүмкіндік беріп отыр. Бірақ осы мүмкіндікті біз толықтай пайдалана аламыз ба? Осы орайда17 маусым күні аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановпен бірге Тереңкөл, Бірік және Бостандық ауылдық округтерін арлап, шөп шабу науқанының барысымен танысып қайттық. Сергей Тоқпановты әңгімеге тартқанымызда,- ауданымызда орташа есеппен 52679 бас ірі қара, 22398 бас қой-ешкі, 19250 бас жылқы және 200 бас түйе малы өсірілуде. Бұл малды алдағы қыстан алып шығу үшін 327000 га шабындық жерден 180,0 мың тонна мал азығын дайындауды жоспарлап отырмыз. Ал облыстың белгілеп отырған жоспары бойынша 343,13 мың тонна мал азығы дайындалуы тиіс. Ал бұл мақсатқа жұмылдырылатын техника саны да жеткілікті. Ауданда 891 дана трактор, 729 тіркеме, 497 орақ, 111 шөп буатын агрегат бар. Бүгінгі таңда мал азығын дайындау басталып кетті. Шығымы гектарынан 5,5 центнер құраған 1,45 мың га шабындық орылып, 7,72 мың тонна өнім алынуда. Жоспар 4,3 пайызға орындалып отыр. Дегенмен, пішенге орақ салуды бастамай отырғандар әлі де көп. Нені күтіп отырғандарын білмеймін. Уақыттарын ұтымды пайдаланып, мол өнімді уақытылы шауып алу керек. Тілсіз жау мен дала зиянкестері бар дегендей, алда не болары белгісіз,-деп аяқтады өз сөзін сала басшысы. Іссапар барысында көз жеткізгеніміздей Тереңкөл ауылдық округіне қарасты «Сең» шаруа қожалығы жетекшісі Нұрғазы Садықов, Бірік ауылдық округінің «Миялы» шаруа қожалығы жетекшісі Өтеу Бегжанов және Бостандық ауылдық округінің Нұрлан Нұғманов жетекшілік ететін «Екпін» шаруа қожалықтары ширақ қимылдап, өз шабындық жерлерін игеріп, біршама мал азығын жинап та тастаған. Жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар көпжылдық шөп (жетняк) егу де ауданымызда қолға алынып жатыр. Соның бір айғағы Мырзалы қыстағында орналасқан Айгүл Бозымова жетекшілік ететін «Игілік» шаруа қожалығы 2014 жылы еккен көпжылдық шөптері биыл бітік шығып, шауып жатыр. 1 га жерден 15 центінерге дейін өнім алатын жағдайлары бар. Бұл басқа да шаруа қожалықтарына үлгі болар жұмыс. Расымен дала алуан түрлі шөптен жайқалып тұр. Осындай молшылықты пайдалана отырып, мал азығын уақытында даярлап алайық ағайын!

Қайрат ЖАҚЫП


АҚ ХАЛАТТЫ АРДАҚТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

Күні: , 168 рет оқылды

13433114_1612392962405614_4882102754561480738_o 13415593_1612392822405628_8613996277098955544_o17 маусым күні аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ақ халатты абзал жандарды құттықтай келіп,- Сіздер халықтың денсаулығын нығайту жолында уақытпен санаспай еңбек етіп келесіздер. Еліміздегі «Денсаулық» бағдарламасына сәйкес ауданымызда тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында іргелі істер атқарылуда.Ауруханаларға заманауи жабдықтар сатылып алынса, жыл сайын жаңа дәрігер мамандар да келіп, толығуда. Сондай-ақ жоғары білімді дәрігерлерді ауылға тұрақтандыру бағытында атқарушы орган барынша қолдау көрсетуде. Алдағы уақытта да жемісті еңбек тілеймін,- деді. Салтанатта денсаулық саласында мінсіз қызмет көрсетіп жүрген бір топ дәрігерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілсе, медбике Райгүл Ақболатованың күні кеше ғана «Алтын белгі» иегері атанған қызы Рима Нұржановаға сыйлық табысталды. Сонымен қатар зейнеткерлікке шыққан әріптестер де, кіші қызметкерлер де, жас мамандар да назардан тыс қалмады. Тағы да бір салтанаттың ерекшелігі — ақ халатты жандардың отбасында нәрестелі болып жатырғандар да ұмыт қалған жоқ. Салтанатты жиында «үздік денсаулық» мекемесі болып танылған Болашақ және Қараоба амбулаториялары алғыс хатпен марапатталды. Осындай денсаулық сақтау саласының төл мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырған кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанна Жәрдемалиеваның да еңбегі бір төбе. Салтанатты жиын ән-жыр және мың бұралған бимен өріліп, мерекенің сәнін келтірді.

Әсем БОЛАТ


ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 146 рет оқылды

13411824_1612343052410605_5323687607127659547_o 13418649_1612344139077163_4103524726696591668_o17 маусым күні аудандық мәдениет үйінде «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне арналған мерекелік шара өтті. Дөңгелек үстелге үздіктермен бірге олардың ата-аналары, мектеп директорлары, ұстаздары да қатысты. Салтанатта сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- ауданымыздан 5 «Алтын белгі» және 18 «Үздік аттестат» иегерлерін құттықтай отырып, алғаш рет Қоныс орта мектебінен «Алтын белгі» иегерінің шыққанын атап өтті. Салтанатта «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгі және облыс, аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.Олардың ата-аналары, ұстаздары, мектеп директорлары да құрметтен тыс қалған жоқ. Сонымен қатар «Алтын белгі» иегерлеріне Хаби Жақып қорының атқарушы жетекшісі Нариман Тлепов ақшалай грантын тапсырды. Бұнымен қатар «Үздік аттестат» иегерлеріне де сыйлықтар табысталды. Салтанатта «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлері Сержан Хамидуллин мен Ждан Сұңғатәлі, сондай-ақ ата-аналар, мектеп жетекшілері сөз алып, ақ тілектерін арнады. Дөңгелек үстелде түлектермен ашық әңгіме өрбіп, қызықты ой-пікірлер ортаға салынды. Үздіктерге арналған салтанатты шара ән- жырмен өріліп, мазмұнын аша түсті. Осындай мәнді шараны ұйымдастырған аудандық білім бөліміне ата-аналар ризашылықтарын білдірді. Шараның соңы «Достық» саябағындағы шаңырақ астында ескерткіш суретке түсумен аяқталды.

Әсем БОЛАТ


СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР!

Күні: , 194 рет оқылды

5avodЖаз басталысымен тұрғындардың суға деген сұранысы артады. Аудан орталығындағы тұрғындар ауызсуды «Лекер» су қоймасынан алады. Өткен жылдағыдай ауызсу құбыры тартылған үйлерде су деңгейінің келуі – күрт төмендеп кетті. Осыған орай аудандық коммуналдық кәсіпорын мекемесінің бастығы Әділжан Өтебаевқа жолыққан едік. Ол бізге былай деп әңгімеледі:- «Лекер» су қоймасынан күніне 240 куб метр су алынады. Соның 30 куб метрі трактор тіркемесі арқылы, ал 40 куб метрі аутокөлік арқылы тұрғындарға тасылып беріледі. Сонымен қатар 20 куб метр су ауруханаға беріледі. Күн сайын 170 куб метр су құбырлар арқылы тұрғындарға жіберілуде. Сонда қоймадан алынуға тиісті су мөлшерін 20 куб метр артық алынып отыр. Қоймадағы насостың сағатына су айдау мөлшері 10 куб метр ғана. Одан артыққа күші жетпейді. Енді күннің ысуына байланысты ауызсуға деген сұраныс күшейді. Бұнымен қатар тұрғындар суды тек күнделікті тұтынуға ғана емес, бау-бақша, мал суаруға, моншаға да пайдаланады. Ал, жаңағы жоғарыда айтылған су мөлшері осындай сұранысты өтей алмайтыны белгілі. Бұл жерде ауызсудың қалыпты деңгейде жетіп тұруы үшін әрбір адамның өзіндік бір жауапкершілігінде тұр. Ол беріліп жатқан суды тегін демей қажетті мақсатқа пайдаланса ғана жетеді. Мал суаруға, бау-бақшаға, моншаға пайдалансақ қанша жерден үнемде десек те су жетпейді. Сондықтан бұл тығырықтан шығатын бір-ақ жол – барынша ҮНЕМДЕУ,-деді. Расында да су тапшылығын тұрғындар өздеріміз қолдан жасап отырмыз. Әрбір адам,- менен басқа да адамдар бар ғой, бау-бақшамды, малымды ауызсуға суармай үнемдейінші,- деген азаматтық ойды ойласа, бұндай қиындыққа тап болмас едік.

Гауһар ӘДІЛЖАН


«ЖАЛПАҚТАЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ШОУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Күні: , 102 рет оқылды

13412025_1612265475751696_7848059615605376293_o 13416839_1612260052418905_704522015326139471_o 13445229_1612263835751860_1871469845303389354_n16 маусым күні Жалпақтал мәдениет үйінде «ЖАЛПАҚТАЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ШОУ» бағдарламасының ІІ кезеңі оздырылды. Жалпақтал мәдениет үйіне жетекшілік ететін Жанат Қалиұлы бастаған ұжым соңғы уақытта тыңнан жаңа жобалар ойластырып, көрерменнің қошеметіне бөленіп келеді. Бүгінде бұл ұжым жастармен толығып, әртүрлі бағытта ұйымдастырған мәдени шаралардың бел ортасында жүрген жастардың ұйымшылдығына қуанасың. Кеше өткен «ЖАЛПАҚТАЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ШОУ» бағдарламасының игі шараның куәсі болдық. Бұл шарада ауылымыздың жастары сахна төріне шығып, өз өнерлерін ортаға салды. Мың бұралған бишілерді, әсем даусымен ән айтқан жастарды, қазақтың қара домбырасымен күй тартқан күйшілерді, қағытпа әзілмен әзіл айтқан жайдарманшыларды көрдік. Атап өтер болсақ «Жалпақтал жастары» КТК командасы, «Ерке» тобы, «Аққу» би тобы, Архат Стамғазы, Ерлан Аманжолов, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің түлектері, Талғат Неғметуллин, Гүлхан Елемесова, Мейрамгүл Тілепова, Шайзада Елжанова, Азамат Рамазан, Нұргүл Батырбекова, Бағдат Жәнібекова секілді өнерпаздарымыздың өнерлерін Жалпақтал жұртшылығы тамашалады. Сонымен қатар Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының әртістері жерлестеріміз Ақылбек Бектасов, Фараби Мергенғалиев, Ақсамал Қанатқалиева ән шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. -Жастайымнан өнерді жан тәніммен сүйгендіктен мәдениет үйінің сахнасында алғашқы өнерімді көрсеткендіктен маған өте ыстық. Бұл ұйымдастырылған мәдени шара ауыл жастарының белсенділігін көрсетеді. Ауылымызда дарында жастардың бар екеніне көзіміз жетіп, мәдениетіміздің өскендігін көрсетіп тұр. Бұл жастардың болашағы орасан зор деп есептеймін. Жастарымыздың келешекте үлкен сахналарда, биік белестерді бағындырмасына кім кепіл? Осындай шара ұйымдастырған мәдениет үйінің ұжымына, Жалпақталдың жастарына зор ризашылығымды білдіремін,-дейді бізбен тілдескен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әртісі, жерлесіміз Ақылбек Болатұлы.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


ЖАЛПАҚТАЛ САЯБАҒЫ ӘНГЕ БӨЛЕНДІ

Күні: , 102 рет оқылды

13415610_1611967939114783_7948356436302043478_o16 маусым күні  ауданымыздың Тереңкөл ауылдық округінің делегациясы «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы бойынша Жалпақтал ауылына келді. Қос округтің кездесу киіз үйде жалғасып, облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова және Жалпақтал ауылының ардагерлері пікір алмасты. Пікір алмасуда ауданымызда береке-бірліктің болуын тіледі. Мұнан кейін Тереңкөл ауылдық округінің көркемөнерпаздары Жалпақтал саябағын әнге бөледі. Кездесу соңында Тереңөл ауылдық округінің әкімі Жүсіп Жеңісұлы Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Қайырлы Спашеваға «Бейбітшілік пен келісімінің жол картасы» мега-жобасының кітапшасын салтанатты түрде табыс етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


«АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ» СЕМИНАР-ОТЫРЫСЫ

Күні: , 234 рет оқылды

13418420_1611856765792567_2782016737474368592_o16 маусым күні аудан әкімі орынбасары Нұретден Құтхожиннің төрағалық етуімен «Ауыл кәсіпкерлігін дамыту» туралы семинар-отырыс өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, облыстық Кәсіпкерлік басқармасы, Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Орал» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері, ауылдық округ әкімдері, салалық мекеме-ұйым басшылары және кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары жетекшілері қатысты. -Кез келген елдің экономикасының негізі – шағын және орта кәсіпкерлік. Мемлекет орта және шағын бизнестің қалыптасуына және дамуына үлкен назар аударып отыр. Кәсіпкерлікті қолдау және жандандыру мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, кеңінен насихатталуда. Бүгінгі таңда ауданымыздың жұртшылығы кәсіпкерлікпен айналысуға кең көңіл бөлуде, алайда бағдарламалардың дұрыс түсіндірілмеуі, халыққа дұрыс жетпеуі қол байлау болып отырғаны да рас. Бүгінгі отырыста осы олқылықтардың орнын толтырып, мәселелерді түбегейлі қарастырып, шешу жолдарын табамыз деген сенімдемін, -деді аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин. Семинарда сөз алған БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Ниетқалиев облыстағы кәсіпкерлік саласының дамуы туралы айта келіп, қазіргі уақытта ауылдарға инвестиция тарту мәселесі, оған ауылдық округ әкімдерінің белсене қатысуы қажеттігін де жеткізді. Сондай-ақ семинарда аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиев, аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму қарқыны туралы айтып өтті. -Ауданда 1220 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жұмыстар қарқынды жүруде. Биылғы жылдың өзінде осы бағдарлама негізінде 3 жеке кәсіпкерлік мемлекеттік грантқа ие болып отыр. Жұмыссыздықты азайту мақсатында қабылданған мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша да тұрғындар несие алып, кәсіптерін ашып, табыс табуда, -деді бөлім басшысы. Семинарда сонымен қатар БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының сауда және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бақдәулет Ибраимов, БҚО Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Мақсат Құланбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының бас кредиттік менеджері Талап Бисембаев, «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының бас менеджері Ринат Құсманов, «Орал» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ департамент директоры Артур Досқалиев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының жетекші маманы Қуаныш Ешімов, «Саят» ЖШС этнотуристік орталығының директоры Айболат Құрымбаев өз салалары бойынша ақпарат берді. Семинар-отырыста жеке кәсіпкерлер сұрақтар қойып, кездесетін кедергілер туралы да айтып өтті. Бұл ретте кәсіпкерлердің алдында кездесетін кедергілердің бастысы – бағдарламалар арқылы несие алудың қиындығы, екінші деңгейлі банктердің кепіл мүлікті алу талабында болып отырғаны. Сондай-ақ бизнес-жоспардың да банктер тарабынан қабылданбауы кәсіпкерлерге үлкен кедергі болып отыр. Кәсіпкерлердің мәселелерін тыңдаған тиісті бөлім мамандары оларды шешудің жолын қарастырып, қажетті көмектер көрсетеміз деген пікірлерін жеткізді. Семинарға қатысушылар басқа да көптеген сұрақтарға жауаптар алды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН ҚР ЧЕМПИОНЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 168 рет оқылды

13403147_1611331315845112_8967751857647700040_o 13416974_1611331452511765_8522908384854757775_o15 маусым күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин дзюдо күресінен спорт шебері, ҚР чемпионы Бейбіт Мәдиевті қабылдады. Бейбіт Мәдиев дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшесі. Бұған дейін татами де топ жарып, биылғы жылдың өзінде талай жетісттерге жетті. Өскемен қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде топ жарып, ел чемпионы атанды. Бүгінде дзюдо күресінен спорт шебері. Сонымен қатар Жапония елінде өткен оқу-жаттығу жиынына қатысып келсе, биылғы жылдың қыркүйек айында Үндістанда өтетін Азия чемпионатында дайындық үстінде екен. Бейбіт Мәдиев Жалпақтал топырағында 1998 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда Орал қаласындағы педагогикалық колледждің ІІІ курсында оқиды. -Мемлекет басшысының қолдауының арқасында спорт саласындағы жетістіктеріміз еселеніп өсуде. Бұл байрақты бәсекеде топ жарып, жақсы жетістіктерге жеттуің тілектеспін. Атақ, мансапқа берілме. Әлі алда даңғыл, жұлдызды жол бар,-деп тілегін білдірген округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы Бейбітке алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Сонымен қатар округ әкімі бұл жеңістің күшті рух пен үздіксіз шынығу және үлкен еңбектің арқасында келгенін айтып, үздік нәтижеге қол жеткізген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовтың еңбегін жоғары бағалады. Сонымен қатар кездесуде Бейбіттің ұстазы Нұрлан Қажиақпарұлы, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова дзюдо күресінен спорт шебері Бейбітке өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді. -Осындай құрмет көрсетіп, бағалап жатырғандарыңызға шынайы көңілмен алғысымды білдіремін,-дейді Бейбіт Мәдиев бізбен кездесуінде.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.