АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 09.06.2016


МАРАТ ЕЛЕУСІНОВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИРДІ ӨТКІЗУГЕ ӘЗІРЛІК ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Күні: , 108 рет оқылды

13411770_1608282699483307_4879847920405187571_oЖерлесіміз қайыңдылық Данияр Елеусінов бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Осындай жетістіктерге жетуге әкесі Мараттың ұшан-теңіз ңбегі бар. Даңқты боксшыны жаттықтырып еліміздің көк байрағын шет елде желбіретіп жүрген Даниярдың әкесі Марат ағаны ауылдастары мақтан тұтады. Ауданымызда Марат Елеусінов атындағы жастар мен жасөспірім арасында бокстан республикалық турнир өткізу дағдыға айналды. Биыл да бұл дәстүр жалғасын таппақшы. 8 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен алдағы болатын турнирге дайындық барысы талқыланды. Отырыста республикалық турнирдің жоғары дәрежеде өтуі үшін әзірлік жұмыстары пысықталды.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.