АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 08.06.2016


ӘСКЕР ҚАТАРЫНА БАРУДАН ЖАЛТАРУДА

Күні: , 148 рет оқылды

13403286_1607264492918461_5679081655295425606_oОтан қорғау – қасиетті борыш. Мына ұлан-ғайыр жерімізді біздің ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалды, бізге аманат қылып тапсырды. Бүгінгі егемен еліміздің ұлан байтақ жерін өзіміз қорғамасақ, кім қорғайды? Бұны барлығы да жақсы біледі. Жиындарда, түрлі мерекелерде патриотизм, отаншылдық туралы жиі айтылып жатады. Бірақ осындай маңызды елге деген көзқарастар кейбір жастарымыздың бойына әлі жетпей жатырған сияқты. Сөзіміз дәлелді болсын. 7 маусым күні аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы Юрий Каусов осы толғандырған мәселе жөнінде бізбен әдейі ой бөлісті: — Ауданымыздан жыл сайын арнайы бөлінген квота бойынша жастарымыз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанып жатады. Олар барлық талаптарға сай арнайы дәрігерлік тексерулерден өтеді. Соның нәтижесінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келіп жатырған сарбаздарымыз көп. Тіпті кейбіреулері келісім – шартпен әскери қызметте де қалуда. Дегенмен, түрлі сылтаулар айтып, Отан алдындағы борыштарын өтеуден жалтаратындардың да бар екенін жасыруға болмас. Солардың қатарында күні кеше ғана көктемгі әскерге шақырудан толықтай өтіп отырған ЕРБОЛ МАЛАЕВ, ЖАНГЕЛДІ МАДИЯРОВ, АСЛАН СЕРҒАЗИЕВ түрлі сылтаулар айтып, әскер қатарына бармаудың айласын жасап бағуда. Ал, әскер қатарына бармаудан себепсіз жалтарғандар тиісті заңға тартылатыны белгілі. Мәселен қазіргі күнде Ербол Малаевқа прокуратура арқылы іс қозғалуда. Тіпті бұларды ата-аналары да қорғаштап бағуда. Сонда жастары 20- дан асып кеткен балаларын олар мойынына салып, бағып жүр ме? Міне басқа да жастарымыз осындай әрекетке барып жатса заң арқылы тиісті шараларын алатын болады,- деді қорғаныс бөлімінің басшысы. АҒАЙЫНДАР! Қалай ойлайсыздар? Біздің замандастарымыз, егеменнің тұтқасын ұстайды деген азаматтарымыз Абылай бабамыздың көрген түсінің «соңғысы» болып бара жатырған жоқпа?…

Әсем БОЛАТ


БЕСПІШЕНДІКТЕР САУАПТЫ ІС ЖАСАДЫ

Күні: , 140 рет оқылды

13350445_1607248712920039_2840435372302013075_oСарыөзеннің жағасында Беспішен деген ауыл бар. Халқы ақкөңіл, қонақжай, еңбекқор. Олар аудан орталығына жақын тұрса да, түрлі мекемелердің табалдырығын тоздырып, алақан жайып, көмек сұрап жүрмейді. Яғни, бұл – мал өсіріп, өздерін өздері қамтамасыз етіп отыр деген сөз. Енді осы беспішендіктер тағы бір сауабы мол, басқаларға үлгі болатындай істі атқарды. Ауылдың жанындағы зиратты қоршады. Зираттың қоршалуы – басқа ауылдардағы зират қоршалуынан өзгешерек. Бұл сауапты іске осы ауылдың кезінде тұрғыны болған Сисенғали (марқұм) деген атамыздың артында қалған қыздары – Бақыт (Орал қаласында) пен Баян (Астана қаласында) апаларымыз көп еңбек сіңірді. Ал, жұмысты ауыл тұрғындары және бүгінде басқа жерге қоныс аударған беспішендіктер жасады. Жарайсыңдар, беспішендіктер! –дегеннен басқа сөз жоқ.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ЛАГЕРЬДЕ ДЕМАЛУШЫЛАР АТПЕН СЕРУЕНДЕУДІ БАСТАДЫ

Күні: , 186 рет оқылды

13412008_1607200429591534_8476899075453658609_oҚаймана қазақ үшін жылқының маңыздылығы жоғары. Жылқы – қазақтың жаны, сұлулықтың пірі, тазалық пен тектіліктің символы, мың бір дерттің дауасы. Біздің данагөй бабаларымыз бағзы заманнан-ақ жылқының еті, сүті, өзі арқылы небір ауруларды емдеп жазып, жүре алмайтын мешел, сал балаларды да аяғынан тік тұрғызып, төрт құбыласы тең адам қатарына қосқан. Расында, жылқы малының адамзат баласы үшін сан түрлі пайдалы қасиеттері бар екені күн өткен сайын мәлім болуда. Ғылымда дәлелденген бір жайт – атқа салт мінудің емдік пайдасы мол. Аттың бір қалыпты жай жүрісінің өзінде оған мінген адамның денесінде 110 түрлі тербеліс туады екен. Яғни, барлық буын қозғалысқа көшеді деген сөз. Сол себепті атқа міну – адамға оң ықпал етіп, ағзаны нығайта түседі. Әсіресе енді буыны қатып, жетіліп келе жатырған балалар үшін атқа мінудің пайдасы зор екені анық. Медицина тілінде иппотерапия аталатын бұл ем түрін енді ауданымызда да жолға қойылмақ. Қошанкөл ауылындағы «Алау» жазғы лагерінде демалушы балалар бүгін салт атқа мініп, уақыттарын мейлінше тиімді өткізді. Әсем табиғат аясындағы лагерьде балалар 3 сағат көлемінде атқа мініп, жалын сипап, тіпті қимас достарға да айналып кетті. Өздерін Талдыапан орта мектебінің оқушыларымыз деп таныстырған балалар – Диас Қалиоллин, Роман Каргапольцев, Дария Болатова бүгін атқа бірінші рет мініп отыр екен. -Атқа мінген қатты ұнады. Бойымызға бір рух бергендей, желмен жарыса жүгіргіміз келді. Енді ауылға барған соң атқа үнемі мініп жүруді әдетке айналдыратын боламыз, -дейді олар. Жүздері алаулап, қуаныштан бал-бұл жанған жеткіншектерге бұл күн үлкен тарту болғаны анық. Лагерьдегі қызыққа толы күндер балалар үшін тағы бір естен кетпес естелікпен толықты. Айтпақшы, осы «Алау» лагері орналасқан Қошанкөл ауылында еліміздегі тұңғыш жылқы мұражайы жасақталып жатыр.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ҚАЙРАН ЕРЛЕР, ҚАhАРМАН АРДАГЕРЛЕР» АТТЫ ФЕСТИВАЛІ

Күні: , 154 рет оқылды

13346184_1607174702927440_477453830738681419_o7 маусым күні Әжібай ауылында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған ардагерлердің «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты фестивалі өтті. Фестивальде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев өнерпаздарды мерекемен құттықтап, фестивальдің әрі қарай табысты өтуіне тілегін білдірді. Шарада Ескендір Хасанғалиев, Шәмші Қалдаяқовтардың әндері шырқалып, мың бұралған би мен күйлер де орындалды. Шарада ерекше көзге түскен ардагерлер хорын, «Ақ әжелер» тобының мүшелерін атап өтуге болады. Әсіресе Гүлбаршын Бекхожина, батыр әжеміз Сайран Дүйсенғалиевалар әдемі үндерімен көреремендердің қошеметіне бөленді. Сондай-ақ ауыл ардагерлері жөнінде бейнетаспа да көрсетілді. Шара соңында Бірік ауылдық округінің әкімі Бекқали Мусин өнерпаздарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта сәттілік тіледі. Ауылдастарының өнеріне тәнті болған көрермендер кеш соңында орындарынан тұрып, ду қол шапалақтарын аямады.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


АУДАН ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІСІНДЕ

Күні: , 226 рет оқылды

13416920_1607063216271922_5579765426772561151_o6 маусым күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, — ҚР мемлекеттік рәміздер туралы Заңының сақталуы және мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану, насихаттау жөніндегі ауылдық округтердегі жұмыстары туралы, аудандық орталық аурухана директоры Қ.Алтаев, аудандық аурухана директоры А.Жүнісбеков, -Қазталов аудандық орталық ауруханасы бойынша 2016 жылдың 5 айының ішінде атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Тоқпанов, -ауданда мал азығын дайындауға әзірлік барысы туралы хабарламалар жасады. Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша салалық мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, қаулы қабылданды.

Жұлдыз АСҚАР


ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ – БАРШАҒА ОРТАҚ

Күні: , 126 рет оқылды

13350242_1607062469605330_5130431542276310162_o6 маусым Қазталов аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы кезектен тыс комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында аудан әкімі Ақтөбе қаласында болған жағдайға байланысты айта келіп, ауданда қауіпсіздік шараларын алдын-алуды тапсырды. Комиссияда аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бекбол Уртаев «Терроризм актісінің туындауы және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы», аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева «Даиш немесе «соқыр сенімнің» салдары» туралы хабарламалар жасады. Міне, Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отырған кезеңде айналамыздағы кейбір іс-әрекеттерге бейжай қарауға болмайтынын уақыт көрсетіп отыр. Әлемдегі, әсіресе Араб елдеріндегі дүрбелеңдер, Украйнадағы жағдайлар, міне осының барлығы біздің елімізге де әсері тиері сөзсіз. Осы орайда 25 жыл ішінде қол жеткен табыстары бар елімізге сырт көздің жақсы көзқараспен қарамасы белгілі. Осы орайда елімізге мысықтабандап кірген кейбір теріс ағымдар өздерінің жымысқы әрекеттерін жүзеге асырмақшы болуда. Бұл бағытта әсіресе жастарды тарту, оларды түрлі әрекеттерге итермелеу кездесуде. Сол оқиға күні кеше ғана Ақтөбе қаласында орын алды. Міне, біз халқымыз болып осындай ел бірлігін, тыныштығын бұзатын әрекеттерге батыл тойтарыс беруіміз қажет. Комиссияда осындай ой-пікір, ұсыныстар ортаға салынып, комиссия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, — құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жұлдыз АСҚАР


АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР САЗ МЕКТЕБІ АУЫЗАШАР БЕРДІ

Күні: , 126 рет оқылды

13323361_1606865596291684_8851616582620629902_oБүгін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні. Қазіргі күнде ниет білдіріп Ораза ұстаушылар қатары көбейіп келеді. «Ораза – тәннің зекеті, сабырдың жартысы, нәпсінің тізгіні» дейді. Сауабы мол қасиетті Рамазан айында игі іске ат салысудың өзі бір қуаныш сыйлайды. Осындай сауапты істі Рамазан айының алғашқы күні Қазталов аудандық балалар саз мектебі жасады. Ауызашарда аудандық саз мектебінің басшысы Жадыра Тілеубаева мешітке жиналған жамағатты Ораза айымен құттықтап, ниет білдіріп ұстап жатқан оразаларыңыз қабыл болсын, — деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ Қазталов мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов, -барша жамағатқа қасиетті Рамазан айында жасалар сауапты істер жайында уағыз-насихат айтса, «Қазақтелеком» мекемесінің басшысы Батырбек Ахметжанов және тағы басқа да ораза тұтушы жамағат ауызашар берген мекеме қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірді. Ауызашарда құран оқылып, мешітке жиналған қауым елдің тыныштығы мен халқымыздың амандығын тіледі. ОРАЗАЛАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН, АҒАЙЫН!

Жұлдыз АСҚАР


ДОСТЫҒЫ ЖАРАСҚАН АУЫЛДАР

Күні: , 182 рет оқылды

13403334_1606653929646184_5826707274774581312_oЕл бірлігін арттырып, ұлттар достығын нығайта түсетін «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега жобасы биылды өз жалғасын тапты. Үшінші жыл қолға алынған отырған мегажоба бойынша 4 маусым күні қараобалық делегация Жалпақтал ауылына ат басын тіреді. Орталық саябақта қараобалық ағайындардың көрмесі оздырылып, ауыл үлкендері киіз үйде бас қосып, емін-жарқын әңгімлесті. Ауыл арасындағы қарым-қатынасты нығайту, экономикалық, мәдени, рухани байланысты күшейте түсу, достық байланыстың еш уақытта үзілмеуі қажет деді, кездесу барысында. Қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту сияқты «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының негізгі мақсаттары сөз болды. Мұнан кейін орталық саябақта Қараоба ауылынан келген ағайындардың концерттік бағдарламасы оздырылды. Жиын соңында Қараоба ауылдық округінің Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының директоры Руслан Жұмағаұлов Жалпақтал ауылдық округіне естелік кітапшана табыстау рәсімін жасады. Концерттік бағдарламада Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қараобалық ағайындарға тамаша концерт ұйымдастырғаны үшін Жалпақтал жұртшылығы атынан өзінің ризашылығын білдірді. Мегажоба аясында ұйымдастырылған концертке ауылымыздағы мекеме-кәсіпорын басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылымыздың ардагерлері, ауыл тұрғындары қатысты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.