АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 06.06.2016


РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

Күні: , 104 рет оқылды

13340345_1606571282987782_5744149473844441125_o 13392297_1606571179654459_3748142184804161131_o4 маусым – ел тарихындағы ерекше күн. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күнін ретінде мәңгі есте сақталды. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Рәміздер күніне орай Жалпақтал ауылында велошеру ұйымдастырылды. Шараға мекеме-кәсіпорын басшылары, жастар қатысты. Ұйымдастырушылардың пікірінше, шараны өткізудегі басты мақсаты – бұқаралық спортты насихаттау, велоспорттың дамуына жол ашу, жас және талапты спортшыларды анықтау. Бұл бастаманы ауыл жастары да қолдап, шеруге қатысып отыр. -Төртінші маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің күні. Дәл осы мерекеге орай ауылымызда сан түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі, өздеріңіз қатысып отырған велошеру. Барлық қатысушыларға зор денсаулық, сәттілік тілеймін. Жалынды жастарымыз әрдайым осындай спорттық шараларға қатысып, салауатты өмір салтын ұстанса, дені сау ұрпақ тәрбиелей аламыз, — деп жылы лебізін білдірді округ әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин. Мәдениет үйінің алаңынан бастау алған велошабондоздар Байқоңыр көшесін бойлап, С.Ақсыйқов, С.Датұлы, Д.Фурманов, К.Меңдәлиев көшелері арқылы мәдениет үйінің алаңына табан тіреді.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЕҢ БАСТЫСЫ – БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

Күні: , 92 рет оқылды

13391517_1606197006358543_5594047402316501576_o 13403360_1606196846358559_1663843842258801762_oЖаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, -деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьге баруға асығады. Мектеп оқушыларының жазғы демалысы — олардың жақсы тынығып, денсаулықтарының нығайып, нағыз ойы мен бойының өсіп, кемелденетін шағы. Жазғы демалыс уақыты басталысымен мектеп жанынан ашылған лагерьлердің жұмыстары қыза бастады. Ауданымызда балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында 4 демалыс лагері – Қайыңды, Ақпәтер, Жаңажол ауылында «Ақкөл» және Қошанкөл ауылында «Алау» лагерьлері жұмыс істейді. 1 маусымнан бастап лагерьлер балаларды демалысқа қабылдай бастады. Осыған орай 5 маусым күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров лагерьлерді аралап, олардың жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда бұл лагерьлерде 118 бала демалуда. Балалардың демалысын жақсы өткізу мақсатында бар жағдайлар жасалған. Олар бос уақыттарында түрлі эстафеталық ойындар ойнап, ауылдағы мұражаймен танысып, қолөнермен де айналысады. -Ең бастысы – балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі. Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы назардан тыс қалмауы керек, -деді аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы. Осы айтылған мәселеге байланысты ауылдық округ әкімдері мен лагерь жетекшілеріне тапсырмалар берді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҚАРАСУЛЫҚТАР «ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДА ӨЗ ӨНЕРЛЕРІН КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ҰСЫНДЫ

Күні: , 140 рет оқылды

13308588_1605855589726018_8448529376642800560_o 13323729_1605855316392712_762611252573485963_o4 маусым күні «Достық» саябағында «Бейбітшілік пен келісім» жол картасы мегажоба аясында Қарасу ауылдық округі өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтті. Мегажобаның ашылу салтанатында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева,-Рәміздер күнімен құттықтай келіп, естелік кітапшаны Қазталов ауылдық округінен Қарасу ауылдық округіне табыстау рәсімін жасады. Бұдан кейін өнерпаздардың концертін қазталовтық көрермендер және ауданымызға Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге еліміздің әр өңірінен келген комиссия мүшелері тамашалады. Сонымен қатар осы мегажоба аясындағы концертке аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және қоғамдық ұйым өкілдері де қатысты.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА


КӨК ТУЫМ КӨТЕРІЛДІ БАҒЫМ ЖАНЫП…

Күні: , 112 рет оқылды

12031434_1605664089745168_3876461723521288408_o 13308411_1605664513078459_5899997866901430445_o 13308644_1605664566411787_8793097005407317404_o 13323795_1605664339745143_8069936235632250644_o 13340133_1605664519745125_6875633498696851076_oМемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Біздің бүгінгі рәміздеріміз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, еліміздің қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді. 4 маусым күні орталық алаңда Рәміздер күніне арналған мерекелік шара оздырылды. Мерекеге жиналғандарды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтады. Салтанатта мемлекеттік рәміздерді тиісті талаптарға сай орнатып, үнемі насихаттап жүрген ішкі істер бөлімі, тәрбие орталығы, саз мектебі, Қазталов орта мектебі, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті, аудандық кітапхана, туризм орталығының басшыларына алғыс хат табыс етілді. Осы мерекеге арналған мекеме ұйымдардың 5 шақырымдық велошеруі ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі, аудандық ардагерлер, жастар ұйымы да бұл шеруге белсене ат салысты. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҰБТ ӨТТІ. АУДАН БОЙЫНША КӨРСЕТКІШ – 123 БАЛЛ

Күні: , 98 рет оқылды

13301525_1605247863120124_4638978859084139654_o3 маусым күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде түлектердің Ұлттық Бірыңғай Тестілеуі өтті. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге аудан бойынша 282 түлек қатысты. «Алтын белгіге» үміткер 19-ның 5-і үмітті ақтады. Олар – К.Меңдәлиев мектебінен Сержан Хамидуллин – 123 балл; Қоныс орта мектебінен Данагүл Айтқалиева – 113 балл; Жаңажол орта мектебінен Еркебұлан Ғилманов – 104 балл; Қазталов орта мектебінен Римма Нұржанова – 112 балл; Ғ.Молдашев мектебінен Ғилым Бақытжан – 111 балл. «Алтын белгіден» үміткерлер 19-дың 1-уі «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Ал, «Үздік аттестатқа» үміткер 5-інің 1-уі қорғап, аудан бойынша барлығы 2 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа көрсеткіші – 78,83 пайызды құрады. Сондай-ақ К.Меңдәлиев мектебі – 95,38 пайыз, Талдыапан мектебі – 89,39 пайыз, Ғ.Қараш мектеп-гимназиясы – 87,47 пайыз көрсеткішті құрап, көш бастады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ РӘМІЗДЕРІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Күні: , 90 рет оқылды

13308213_1605208383124072_2336603991632292534_oЕгеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда «Мемлекеттік рәміздер» күні болып белгіленді. Бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Осы мерекеге орай 3 маусым күні аудандық кітапханада 4 маусым – «Мемлекеттік рәміздер» күніне орай «Қазақ елінің рәміздері» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада сөз алған Қазталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Руслан Қаженов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева, Қазталов орта мектебінің мұғалімі Абзал Есенғазиев мемлекеттік рәміздер туралы және мекемелердегі рәміздердің заң жүзінде дұрыс қойылуы туралы жан-жақты мәліметтер беріп, пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар шараға мемлекеттік рәміздердің құрдастары келіп, өз пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ шарада мемлекеттік рәміздер туралы бейнетаспа да көрсетілді.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА


МЕМОРИАЛДЫҚ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

Күні: , 114 рет оқылды

13346201_1605197383125172_4119871885407921761_o3 маусым күні  Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, статистика саласының білгірі, ауылымыздың құрметті азаматы Жәнібек Әкімәліұлы Әкімәлиев тұрған К.Меңдәлиев көшесіндегі №15 үйге мемориалдық тақта орнатылды. Ең алдыменен ауылымыздың молдасы Дамир Мырзағалиев Ұлы Отан соғысының ардагері Жәнібек атамызға құран бағыштап, дұға оқыды. Салтанатты шараға ардагердің балалары мен ағайын-туыстары, немерелері, қызметтес достары, көршілері қатысты. Мемориалдық тақтаны ашу құрметі еңбек ардагері Шынболат Өтешқалиев пен жұмыстасы болған Жүсіп Бисеновке бұйырды. Жәнібек Әкімәліұлы 1924 жылы Фурманов ауданы, Төртпішен ауылында дүниеге келген. 1942-1944 жылдары аралығында Ұлы Отан слғысына қатысып, І дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін 1945-1948 жылдары Фурманов аудандық дайындау мекемесінің маманы, бастығы болып қызметттер атқарды. 1954-1957 жылдары «Жұлдыз» май заводының директоры, «Жасқайрат» колхозының партком хатшысы, ауылдық тұтынушылар қоғамының төрағасы болды. 1959-1991 жылдары аудандық статистика саласында қызмет істеп зейнеткерлікке шықты. Екі рет «КСРО статистика саласының үздігі» белгісімен марапатталып, 1991 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген статистика қызметкері» атағын алды. -Әкеміз шаруаға тиянақты, ісіне адал, салмақты кісі болатын. Ол ауданымыздың, ауылымыздың дамуына өзіндік үлес қосты. Зейнеткерлікке шықаннан кейін де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқ. Жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге атсалысты. Жастарға соғыстың қиындығын, соғыстан кейінгі кездегі елдің жай-күйін, егемендік алған жылдардағы ел экономикасы туралы әңгімелеп беретін. Бүгін өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатуды жөн санадық. Сол маңызды шараның сәті бүгін түсіп отыр, — деді ардагердің ұлы Мергараф Әкімәлиев. Шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, еңбек ардагерлері Шынболат Өтешқалиев, Кенжебай Үмбетов, көршісі Нығмет Қисметов, бірге еңбек еткен әріптестері Жүсіп Бисенов, Балқия Залиевалар естелік әңгімелер айтты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 111 рет оқылды

13320494_1605197063125204_7313970119896631444_o1-2 маусым күні аралығында Орал қаласында пауэрлифтингтен жарыс өтті. Жарысқа ауылымыздың спортшылары қатысып, аудан намысын қорғады. Жарыс нəтижесі бойынша 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 59 келі салмақ дəрежесінде Азамат Мақашев 2 орын,  Аслан Əнуаров 3 орынды иеленсе, ерлер арасында жатып көтеруден 66 келі салмақ дəрежесінде Айдын Елемесов 2 орын, 59 келі салмақта Мейрам Гиляжев 3 орынды иеленді. Спортшыларымызға алдағы уақытта да жеңіс пен сəттілік тілейміз!

Əсем ХАЛИУЛЛИНА


МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ҰБТ ТАПСЫРУДА

Күні: , 96 рет оқылды

13308298_1605070329804544_4343998246931828903_o3 маусым күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің базасында ауданның мектеп бітіруші түлектері Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыруды бастады. ҰБТ-ның ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -мектеп бітіруші түлектерге сәттілік тілесе, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Батырхан Төлегенов, — ҰБТ-ның тиісті талаптарын айта келіп, мектеп түлектерінің табысқа жетуіне лебізін білдірді. Аудан бойынша 11 сыныпты 422 түлек аяқтап, бүгінгі олардың 282-сі ҰБТ-ға қатысуда. Түлектеріміздің 19-ы «Алтын белгіге» және 5-еуі «Үздік аттестатқа» үміткер.

Жұлдыз АСҚАР


«ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕЛІК КЕШ

Күні: , 104 рет оқылды

13305252_1604544293190481_4834071135065562235_o 13316927_1604544566523787_2408345692125628840_o 13323265_1604543979857179_7149432961044710694_o 13340062_1604543639857213_704876053236278643_o1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Достық» саябағында «Біз бақытты баламыз» атты аудандық орталықтандырылған кітапхана мен жастар кеңесі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Кеште сөз алған аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнсұлу Шаканаева сөз алып, барлық бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады. Кеш «Нұрбалапан», «Ақбота», «Жадыра» балабақшаларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сондай-ақ кішкентай бүлдіршіндерге қызықты ойындар ойнатып, мерекелік сыйлықтар тарту етілді.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.