АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Июнь, 2016


Баспахана ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Күні: , 92 рет оқылды

13498050_1617137868597790_6872194375527544057_o27 маусым күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Баспасөз, телевидение және радио күніне орай бір топ ардагерлерді қабылдады. Баспасөз-қоғам айнасы. Ол тіршілік тынысын, уақыт ағымын, өмірдің бүлк-бүлк соққан лүпілін тамыршыдай дөп басып, қоғамда болып жатқан тың жаңалықтарды қалың оқырманына дер кезінде жеткізіп отырады. Баспахана қызметкерлері газет шығаруда талмай еңбек етті. Олар «Коммунист», «Жалпақтал өңірі», екі аудан қосылғаннан «Сарыөзен тынысы», «Ауыл айнасы» газеттерін 2004 жылға дейін Жалпақтал баспаханасында шығарылып келді. Бүгінде бір қатар зейнет демалысында болса, қалғаны басқа жұмысқа ауысып, ел қатарлы еңбек етіп отыр. Сонымен қатар қабылдауда «Коммунист», «Жалпақтал өңірі» газеттеріне басшылық еткен  Темірғали Жазбаевтың жұбайы Дариға әжеміз, аудандық газеттің ауыл шаруашылық бөліміне жетекшілік еткен Жәрдемғали Тұяқовтың жұбайы Роза әжемізде бірге болды. Баспахана меңгерушісі болған Амангелді Кәкімов, бет құраушы болған Меруерт Ақсыйқова, Раушан Сүйінішқалиева, Нұрбике Каманова, «Жайық Пресс» ЖШС Қазталов филиалы «Ауыл айнасы» газетінің есепшісі Роза Мырзағалиева естеліктерін айтып, сыр бөлісті. Округ әкімі Самиғолла Сафиоллаұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Қабдолқызы қаламдары жүйрік, журналистика саласының майталмандары болған Темірғали, Жәрдемғали ағаларымыздың жұбайлары Дариға, Роза әжелерімізге  баспахана саласының ардагерлеріне ізгі тілектерін білдіріп, тарту-таралғы табыс етті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Кәсіби мерекелерін атап өтті

Күні: , 130 рет оқылды

13497703_1617121715266072_3652850374717293033_oЖурналистика — ешкімге ұқсамайтын, өзгеден өзгеше дараланып тұратын мамандық. «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес маусым айының соңғы жексенбісі — Баспасөз, телевидение және радио күні болып белгіленіп, бұл күнді елімізде журналистердің төл мерекесі ретінде атап өту дәстүрге енді. Елімізде Журналистер күнін 28 маусымда атап өту дәстүрі орныға түсті. Осы орайда 27 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова «Ауыл айнасы» газетінің ұжымын қабылдады. Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ұжымды журналистер мерекесімен құттықтап, толағай табыстар тіледі. Сонымен қатар кездесуде аудан әкімінің алғыс хаты «Ауыл айнасы» ұжымына және газет тілшісі Жұлдыз Асқарқызына, аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазезовтың алғыс хаты газеттің фототілшісі Гауһар Әділжанқызына табыс етілді. Сондай-ақ естелік сыйлықтар да табысталды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Күні: , 84 рет оқылды

13559200_1617122051932705_2374452637495598097_o27 маусым күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында Астана күніне арналған мерекелік шараларға дайындық барысы талқыланды. Комиссияда аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, — ауданымызда тойланғалы отырған бұл атаулы мерекеге барлығымыз бірдей атсалысып, ұйымшылдық танытуымыз қажет, -деді. Сондай-ақ комиссияда ауданымызға келетін қонақтарды қарсылау, аталған шараларды жоғары деңгейде өткізу тағы да басқа тапсырмаларды арнайы мекеме, ұйым басшыларына жүктеді.

Әсем БОЛАТ


ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАН МЕГАЖОБА

Күні: , 268 рет оқылды

13475146_1615870175391226_9034338542846601202_o24 иаусым күні ауданымыздың округтер арасындағы «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мегажоба аясында Жалпақтал ауылына Болашақ ауылдық округінің делегациясы ат басын тіреді.Болашақтықтар саябақ ішіндегі киіз үйде дастархан жайып, дастархан басында ауылымыздың үлкендері, мекеме басшылары елдің тыныштығы, береке бірлігі жайында әңгімелер айтылды. Соңынан Болашақ ауылдық округінің өнерпаздары, әжелеріміз. ауылдың жастары, ән-жырдан шашу шашып, Жалпақтал жұртшылығының қошеметіне бөленді. Концерт соңында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин тамаша концерттік бағдарлама ұйымдастырған Болашақ ауылына жалпақталдықтар атынан ризашылығын айтса, Болашақ ауылдық округінің әкімі Қобылан Тұрақбайұлы «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мегажобасының кітапшасын табыс етті.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


Қазталовтықтар Жаңақалада

Күні: , 290 рет оқылды

13475123_1615790698732507_7524741029215280285_o 13490718_1615781882066722_2825963637821599604_o 13490870_1615782195400024_6640497402197132412_o 13497928_1615782065400037_1723244590060861598_o 13502739_1615802918731285_634967948209791638_o23 маусым күні «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мегажобасы аясында Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Мағазұлы бастаған делегация Жаңақала ауданына ат басын тіреді. Жаңақала ауданы шетінен ерекше қонақжайлылығымен, сән-салтанатымен қарсылап алды. Делегация мүшелері Жаңақала мешітін және медресесін, «Бөкей көші», «Тастөбе шайқасы», «Даңқ» саябағын аралап, саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етіп, мәңгілік алау, күй алыптарына гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар рухани орталықты аралап, жәдігерлері жаңадан жинақталып жатқан Жаңақала өлкетану мұражайының жай-күймен танысты. Жаңақала мектеп-гимназиясында болып, «Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Бас қосуда Жаңақала аудан әкімі Лавр Хайретдинов жыл ішінде атқарылған жұмыстардың барысын хабарлап, Жаңақала ауданының негізгі даму көрсеткіштерін слайд арқылы көрсетіп шықты. Мұнан кейін сөз алған БҚО, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Ғайса Қапақов сан ұлт өкілдерінің басын біріктіретін өз саласы бойынша өткенге шолу жасады. Жиын барысында сөз алған Қазталов ауданының еңбек ардагері, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов тыныштықты басты байлығымыз десе, «Қазталов – несие» серіктестігінің төрағасы Абай Багисов пен «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиаторы Талшын Мұқатқызы еткен еңбек жолдарын әңгімелеп, тәжірибелерімен бөлісті. Ал аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали елдің дамуы мен Елбасының көреген саясатын ұштастыра, көпшілікке ой саларлықтай көкейкесті мәселерді қаузады. Дөңгелек үстел соңында Жаңақала ауданы әкімі Л.Рашидұлы мен Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Мағазұлы ауданаралық «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында ортақ меморандумға қол қойды. Бұл саяси құжат шекаралас жатырған қос аудан басшысының келісімімен ауылшаруашылық, ветеринария және кәсіпкерлік саласы, білім, мәдениет пен спорт, ішкі саясат, медицина, жұмыспен қамту, су шаруашылығы, төтенше жағдайлар мен қылмыстың алдын алуға, бірлесе жұмыстану мақсатында жасалды.  «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ЕЛ — ҚАЗАҚСТАН» атты концерттік бағдарламасы оздырылды. Концерттік бағдарламада ақын-сазгер Баян Құбайқызы және Асылхан Бултанов жетекшілік ететін «Қыз Жібек» термешілер ансамблі, Бигалиевтар жанұялық ансамблі және ауданымыздың өнерлі жастары ән-жырдан шашу шашып, жаңақалалық көрермендердің қошеметіне бөленді. Үлкен дайындықпен келген аудан өнерпаздардың концерті «Дала сарыны» биімен ашылды. Сонымен қоса киелі қара домбырада орындалған күйшілердің күйі, тебірендіре тартқан термешілердің термесі, мың бұрала билеген бишілердің билері және әр түрлі аспаптарда ойнаған өрендердің өнерлері көпшіліктің көңілінен шықты. Қазақтың әсем әндерімен қоса Британ, Италян компазиторларының әндерін шырқата орындаған қара көз қазақ балаларының әндері көрермендердің жүрегіне жол таба білді десек артық болмас. Баса айта кетері, көрермендердің қошеметіне ие болып, оларды ерекше көңіл-күйге бөлеген Жалпақтал мәдениет үйінің өнерпаздарының орындауындағы «Қамыс самар» әні болды. Жерлес ақын ағамыз Закария Сисенғалидың сөзіне жазылған әнді орындаушыларға халық риза болып, орындарынан тұра қол соғып, құрмет көрсетті. Концерт соңында Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов қонақтарға ықылас гүлі мен естелік сый тарту етсе, Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр жиналған жұршылыққа ризашылығын білдіріп, мегажоба эстафетасын жаңақалалық әріптесіне табыс етті.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Күні: , 267 рет оқылды

13502756_1615778122067098_3256370354410771093_o24 маусым күні №3 Бостандық сайлау округінің депутаты Марат Тоясов Бостандық ауылдық округінде болып, ауыл тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындары, зейнеткер Айтболат Қабошев пен Тыныштық Ғұбашев мал жайылатын жайылым мен шабындық жерлерді кеңейту басты мәселе екенін айтып өтті. Көтерілген мәселелерге орай тиісті орындар арқылы өз кезектерінде шешімін табатынын және өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Әсем БОЛАТ


«ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Күні: , 297 рет оқылды

13528175_1615776162067294_2336721152279374522_o24 маусым күні Қазталов ауылдық округіне қарасты Қоныс елді мекенінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы мен аудандық әділет басқармасының ұйымдастыруымен «Әділет кеңес береді» акциясы оздырылды. Акцияның мақсаты – тұрғындарға көмек көрсету, азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту мен сенімділікті арттыру. Акцияға қатысқан аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева ауыл тұрғындарына жылжымайтын мүлік заңдылығы туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Акция барысында ауыл тұрғындары толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күні: , 183 рет оқылды

13483160_1614881468823430_2349298976847701790_o 13483007_1614880988823478_5472051285492772275_o22 маусым күні С.Садықов атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, — Қоғам мен мемлекет арасындағы үлкен байланысты атқарып, жүргізетін ол – мемлекеттік қызметшілер. Олардың мәртебесін көтеру үшін, мемлекетік қызметшіні құрметтеу үшін осындай мерекелік күн аталып өтуде. Бұл біздің мемлекеттік қызметтегі азаматтарымыз үшін де үлкен құрмет. Өз қызметін абыройлы атқарып жүрген мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын, -деді. Сонымен қатар жаңадан мемлеттік қызметке қабылданып жатырған мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады. Шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бір топ мемлекеттік қызметшілерге облыс, аудан әкімдерінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

Жұлдыз АСҚАР


«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ САЯСИ КЕҢЕС БЮРОСЫ ӨТТІ

Күні: , 206 рет оқылды

13490812_1614853132159597_8711335892446455529_o22 маусым күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңес Бюросы және аудандық мәслихат фракциясының бірлескен отырысы өтті. Кеңес бюросына аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы филиалының мүшелері, ауылдық округ әкімдері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Кеңесте ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов,- «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға бөлінген қаражаттың нысаналы және тиімді пайдалануы туралы хабарлама жасады.Хабарламадан байқағанымыздай, «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша Көктерек ауылдық округінің шаруа қожалықтары қарқынды жұмыс атқарып, оң нәтиже көруде. Ал, ауданымыздың Жалпақтал, Қайыңды, Болашақ, Талдықұдық округтерінің шаруа қожалықтары бұл бағдарламаны тиімді пайдалана алмай отыр. Бағдарламаның тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы аталмыш округ әкімдерінің түсінік жұмыстарының дұрыс жүргізбеуінен бе, әлде шаруа қожалықтарының бұл жұмысқа салғырт қарауынан ба? Осы қаралған мәселелер бойынша аудан әкімі округ әкімдеріне және салалық мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Әсем БОЛАТ


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 4 СЕССИЯСЫ

Күні: , 98 рет оқылды

13528223_1614842575493986_3873304016192604681_o22 маусым күні аудандық мәслихаттың кезекті 4 сессиясы өтті. Сессияда Талдыапан ауылдық округінің әкімі Асқар Есқалиев пен Қараоба ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүндетов округтердегі жергілікті қоғамдастықтың атқарылған жұмыстарының есебі туралы, аудандық қаржы және экономика бөлімінің орынбасары Жадыра Сүндетова,- 2015 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы жөнінде хабарлама жасады. Сондай-ақ сессияда Қазталов аудандық жергілікті полиция басшысы Әділбек Ғазизов пен Жалпақтал полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысы Серік Ибрашев,- ағымдағы жылдың 5 ай ішіндегі жасалынған қылмыстарға тоқталды. Мәселен, Қазталов ауданы бойынша 73 қылмыс жасалса, ал Қазталов ауылдық округі бойынша 36 қылмыс тіркелген. Сонымен қатар аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Қадер Нұрғалиев пен аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Талғат Хайдаров атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасады. Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.