АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 17.05.2016


НҰРСЕЗІМ МЕН ӘСЕМЖАН БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Күні: , 146 рет оқылды

13094259_1597271450584432_6505399919545110485_n 13241201_1597271447251099_744547326571925628_n13 мамыр күні Тараз қаласында Алматы қаласындағы «Балдәурен» балалар орталығымен бірлесіп «Біз бақытты баламыз» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы шығармашылық байқау өткен болатын. Осы байқауға ауданымыздың Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебінің 2 сынып оқушысы Нұрсезім Рахметова және 3 сынып оқушысы Әсемжан Отарбай көркемсөз оқу жанры бойынша қатысты. Байқау нәтижесінде Нұрсезім Рахметова бас жүлдені жеңіп алса, Әсемжан Отарбай екінші орынға ие болды. Оқушылардың осындай үлкен додаларда биік белестен көрінуіне ұстаздары Жәнила Қыдырғожина мен Назым Жұбанованың да еңбегі зор. Нұрсезім мен Әсемжанды жеңістерімен құттықтай отырып, алда да шығар биіктері көп болсын деген тілегімізді жеткіземіз.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҚОС БӘЙТЕРЕК

Күні: , 150 рет оқылды

13235459_1597223833922527_3310125753232313589_o«Гауһар той» – ерлі-зайыптылардың «қосақтарымен қоса ағарып», үбірлі-шүбірлі болып, нағыз толысқан, кемеліне келген шағында тойланатын шаттық мерекесі. Жақында Жалпақтал ауылының тұрғындары 84-не толып отырған отағасы Мұса Төреғалиев пен 79 жасқа толғалы отырған отанасы Ақзияш Рышманованың отбасында болған едік. Қос бәйтерек атанған Мұса ата мен Ақзияш әжеміз 7 бала тәрбиелеп өсіріп, олардан бүгінде 18 немере-жиен, 5 шөбере сүйіп, ұлағатты шаңырақ атанып, ұрпақтарының қызығына бөленіп отыр. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей еңбекпен есейген Мұса ата әңгімесін әріден бастады. Атырау облысы, қазіргі Құрманғазы ауданында 1932 жылы дүние есігін ашқан Мұса ата жастық шағы «ат ауыздықпен су ішкен, ер етікпен су кешкен» қасіретті жылдарға тап болғандықтан еңбектің дәмін ерте татқан. -Әкем Төреғали Қабылов пен анамыз Ақзибаштан он бала тараған едік. Ұлдан үлкені мен болғандықтан еңбекке ерте араластым. Алайда, ересектермен қатар еңбек етіп, егін егіп, пішен шаптық, мал бағып, көктемде жер жыртуға, тұқым себуге қатынастық, мал төлдету жұмыстарына белсене араластық. Әкем Ұлы Отан соғысында елін, жерін қорғады. Әкеміздің, барлық ағаларымыздың амандығын, елге оралауын тіледік. Күн сайын майданнан келетін «қара қағаздар» бала болсақ та, біздің сай-сүйегімізді сырқырататын. Ауылдан соғысқа аттанған ерлердің саны азайып, елде халықтың тұрмыстық жағдайлары әлсірей бастады. Ішерге ас, киерге киім болмаса да, аналарымыз бен апаларымыз майдан үшін азық-түлік дайындады. Түнде айдың сәулесімен, оттың жарығымен жүн түтіп, қолғап, киім-кешек тоқыды. 1945 жылы 9 мамырда неміс-фашистерінің жеңілгені туралы сүйінші хабар жетті. Жеңіс күні ауыл болып шамалары келгенше той жасап, көңілдері жабырқау ел адамдарын мәре-сәре етті. Жеңіспен елге оралған әкем абыройлы еңбек етіп, 1970 жылы өмірден озды. Содан 1951 жылы әскер қатарына алынып, азаматтық борышымды өтедім. 1954 жылы тың иегеру жылдарында Батыс Қазақстан облысының бұрыңғы Фурманов ауданы қазіргі Жалпақтал ауылына жолдамамен келген едім. Содан жол мекемесіне механизатор болып жұмысқа алынып, осы мекемеде еңбек еттім. Сөйтіп осы салада 40 жылға жуық еңбек етіп, 1992 жылы зейнеткерлікке шықтым. Зайыбым Ақзияшпен 1956 жылы бас қостым. Күні кеше сияқты еді, арада 60 жыл өтіпті,-дейді Мұса ағамыз. «Гауһар той» иесінің елге сіңірген еңбегі елеусіз қалмай 1956 жылы тың иегеруге қатысқаны үшін, Орал облысы бойынша облыс намысын қорғап, Мәскеу қаласында ауылшаруашылығы көрмесінде , «Алтыннан» алқа тақты. 1975 жылы ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен де марапатталған. Сонымен қатар 1978 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы» атағын иеленген. Басқа да орден, медальдары кеудесінде жарқырайды. Ал 1937 жылы бұрынғы Фурманов ауданының Қарасу селолық советінде дүниеге келген Ақзияш апа 1955 жылы орта мектепті аяқтап, ел қатарлы еңбек етті. Кейін Мұса атамызбен бас қосып, үй шаруасында болды. Жеті бала тәрбиелеп, «Алтын алқа» иегері атанып, 1987 жылы зейнет жасына шықты. -Ерім бірауыз артық сөз айтып, көңілімді қалдырған емес. Әлі күнге тату-тәтті өмір сүріп, немере-шөберенің қызығын бірге көріп отырмыз. Біздің ауылда «Гауһар той» жасаған ерлі-зайыптылар саусақпен санарлық. Алланың бергені мен берері таусылмасын. Кәріліктен басқа мініміз жоқ,- деп ақ ниетпен ақтарыла әңгіме тиегін ағытты Ақзияш ана. Бүгінде ағамыздың жолын қуған Ақылбегі мен Файзолласы жол саласында еңбек етті. Ұл-қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім алуларына бар жағдайларын жасады. Қазіргі уақытта қос бәйтерек немере-жиендерінің, шөберелерінің амандығын және кенже немересі Мэлсінің әскерден аман-есен оралуын тілейді. -Бала-келіндерімізге өте ризамыз. Қартайған шағымызда бізді бағып-қағып, қабақтарын шытпай, шай суымызды беріп отырады. Алыстағы ұл-қыздарымыз, Атыраудағы ағайындарымыз күнбе-күн хабарласып, біздің жағдайымзды біліп тұрады. Ендігі уақытта елдің, ұрпағымыздың амандығын тілейміз,-дейді қос бәйтерек Мұса атамыз бен Ақзияш әжеміз.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


СУ ЖАҢА АУТОКӨЛІК. БАЛАЛАР ШАРШАМАЙ ЖЕТЕТІН БОЛДЫ.

Күні: , 164 рет оқылды

13217328_1597192647258979_6040788884593982264_o«Бар жақсылық — балаларға» — дейді ғой. Соңғы жылдары білім саласына қамқорлықтар жасалып келеді. Соның бір айғағындай ауданның білім саласына бюджеттен 3 млн. 439000 көлемінде қаражат қосымша тағы бөлінген болатын. Осы қаражатқа мектептердің материалдық базасын жақсарту мақсатында құрал-жабдықтар алынса, тағы бір қуанышты жағдай аудандық білім бөліміне су жаңа «ГАЗЕЛЬ» аутокөлігі алынып отыр. Енді осы су жаңа көлікпен мектеп оқушылары түрлі жарыстарға, әр түрлі шараларға шаршамай, шалдықпай жететін болады. Сондай-ақ биылғы жылы мектептер қатты және жұмсақ мүліктермен де қамтамасыз етіліп отыр.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Күні: , 178 рет оқылды

13244791_1597188757259368_8019835634140226900_n13 мамыр күні «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық комиссиясының отырысы өткізіліп, берілген ереже, нұсқаулықтарға сәйкес шешім қабылдады. Байқауға 12 ауылдық округтен 16 отбасы қатысты. Соның ішінде жер шалғайлығына қарамастан Талдықұдық ауылдық округінен 3 отбасы қатысқанын атап өткен жөн. Комиссияның шешімі бойынша Қазталов ауданынан «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық деңгейіне 5 отбасы ұсынылып, аудандық деңгейде Биғалиев Марат Қалиұлының отбасы жеңімпаз болып танылды. Сонымен қатар осы отбасылар мынандай номинация бойынша облыстық байқауға қатысады. 1.Қошанкөл ауылынан Марат Биғалиевтің отбасы – «Өнерлі отбасы» 2.Жалпақтал ауылынан Серік Молдағалиевтің отбасы – «Білімді отбасы» 3.Жаңатаң ауылынан Нұрлыбек Отаровтың отбасы – «Ұстаздар отбасы 4.Әжібай ауылынан Жәдігер Мәжиевтің отбасы – «Өнегелі отбасы» 5.Қазталов ауылынан Валерий Бектұрғановтың отбасы – «Спорт пен өнерді ұштастыра білген отбасы» 13 қыркүйек «Отбасы күні» аудандық байқауға қатысқан отбасыларды марапаттау рәсімі өтеді. Қазақ отбасы – көп балалы, әуелден ұйымшыл, көпке өнегелі, бауырмал, үлкенге сый, кішіге ілтипат көрсететін берік тәрбие ордасы. Осы құндылықтар мен қасиеттерін кейінгі ұрпаққа жалғастыру – баршамыздың міндетіміз болып табылады.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«КҮЙ ҚАНАТЫМ — ТУҒАН ЕЛІМ»

Күні: , 122 рет оқылды

12440768_1597167830594794_3491587642844189546_o 13217423_1597167760594801_8413675617944343768_o 13227772_1595594124085498_6927741286985786955_o 13235300_1597167233928187_5689943474020051299_o 13235469_1597167667261477_3105717011284317629_o 13243716_1597167417261502_6624226219358894014_o 13247897_1597167367261507_4318771921623441235_o 13248543_1597167290594848_3720128799607326899_o13254940_1597167530594824_8002367324649894345_o13254704_1597167317261512_1018761681180887327_o13243842_1597167387261505_280881858427286382_o  13217092_1597167017261542_8030200429087203059_o«Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй»- деп Мұхтар Әуезов айтқандай күй өнері қазақ халқының басты құндылықтары болып қалмақ. 16 мамыр күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде республикалық домбырашылар байқауының лауреаты, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі, жерлесіміз Аңсар Бердіғалиевтің «Күй қанатым-туған елім» атты шығармашылық кеші өтті. Аңсардың жеке орындауындағы және оркестрдің сүйемелдеуімен «Күй басы», «Венгерское рондо», «Әке арманы» «Құрманғазы екпінімен», «Жұмыр қылыш» тағы да басқа қазақ және шетел композиторларының күйлері халыққа ұсынылды. Бұл кеште оркестрге дирижерлық жасаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымовты атап айтуға болады. Сонымен қатар Қазақстанның өнер көгін бағындыраған жерлестеріміз Қатимолла Бердіғалиев, Айбар Қайырханов, Ақмарал Ахметованың орындаған әндері тыңдармандардың құлағының құрышын қандырып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Кеш соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Аңсардың туған ел төсінде осындай керемет те әсерлі кеш сыйлағаны үшін алғыс хат табыстап, аудан халқы атынан астына арғымақ мінгізді. Және де осындай кешкетің өтуіне ат салысқан облыстық филормония және Дәулеткерей атындағы оркестр ұжымдарына шынайы алғысын жеткізді.

Қайрат ЖАҚЫП


«ӘР АДАМНЫҢ БАСЫНДА, КРЕДИТ ЖҮРЕР ҚАСЫНДА»

Күні: , 160 рет оқылды

Бүгінде адамдар арасында «Әр адамның басында, кредит жүрер қасында» деген сөз тіркесі жиі айтылып жүр. Иә, кредит (несие) алпысты алқымдағандардың да, жетпісті желкелегендердің де, сексеннің сеңгіріне шыққан кемпір-шалдардың да басында бар. Олар кредитті неғылсын, үйіндегі бала-шағалары ғой алғызатын. Әрбір айдың ортасы болғанда поштадан пенсиясын алған олар кері пошта кассасына барып кредитін төлейді. Төлемей жалтарып жүргендер де жетерлік. Казталов аудандық соты талапкер «Арнайы қаржы компаниясы «Finance «ЖШС-нің банктік берешекті өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады. «Альянс Банкі» АҚ банктік келісім шартқа сәйкес жауапкерге 36 ай мерзімде төлеп қайтару үшін 132 000 теңге көлемінде қарыз ақша берген. Алайда, жауапкер шартта көрсетілген өзіне тиесілі міндеттерді белгіленген мерзімде орындамай, қарыз ақшасын толық төлемеген. Осыған орай «Finance» арнайы қаржы компаниясы» ЖШС борышкерді берешегін қайтару үшін сотқа берді. Аудандық сот борышкерден бережағын өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


АТАКӘСІПТІ ИГЕРІП, СӘЙГҮЛІКТЕРДІ БАПТАҒАН

Күні: , 200 рет оқылды

13227533_1596829337295310_7123111380702356015_oБүгінгі таңда ауданымызда атакәсіп жылқы малын өсірумен айналысатын азаматтардың қатары жылдын-жылға артып келеді. Киелі де текті жануарларды бағудың өзі үлкен бір шаруа. Осыдан бір жыл бұрын көктеректік Анарбек Жайлаубаев жетекшілік ететін «Төлеген» шаруа қожалығы туралы газет бетіне жариялаған болатынбыз. 15 мамыр күні тағы да осы азаматтың Сарыөзен бойында орналасқан Көктіккен қыстағына барудың сәті түсті. Қыстақта орналасқан үй-жайды айтпағанда мал тұратын қоралардың заманауи бағытта салынғанын көрдік. Соның бір айғағы ауданымызда бірінші рет салынып отырған жылқыға арналған атқорасы. Кең де жарық етіп арнайы салынған бұл атқораның ішіне кірсеңіз жаратуы мен бабы келіскен сәйгүліктерді көріп еріксіз таңдай қағасыз. Бұл арғымақтардың бағасы да қомақты. Анарбек ағамызды әңгімеге тарттық.- Бұл жылқылар қанды ағылшын, араб тұқымдары. Көп күтімді қажет етеді. Арғымақтардың күйінің келуіне тұрған орны, жейтін жем-шөбі де сапалы болуға тиіс. Сондықтан арнайы атқора салдық.-деп әңгімесін түйіндеді ағамыз. Расымен Анарбек Жайлаубаевтың баптаған сәйгүліктері былтырғы, биылғы бәйгелерде үздіктер қатарынан табылып жүр. Ата кәсіпті игеріп, ата-бабамыздың тектілігін бойына сіңіріе білген Анарбек сынды ауыл азаматтарын көріп риза боласың. Кәсібі қарыштап дами берсін деген тілекпен қоштастық.

Қайрат ЖАҚЫП


АУЫЛДАРДАН ЖӘДІГЕРЛЕР ЖИНАЛДЫ

Күні: , 112 рет оқылды

Бұдан бұрын жаз13173305_1596719640639613_8946075177843670703_oылып, айты13227664_1596715047306739_2200674108358067110_oлып жүргендей «Ауыл айнасы» газеті қызметкерлерінің бастамасымен ауданымызда атакәсіп жылқыға арналған мұражай ашу мәселесі көтеріліп еді. Сол іске асуда. Қошанкөл ауылында мұражай жасақталуда. Бұл жұмысқа аудан әкімдігі, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мұрындық болуда. Осындай игі істі қолдағандары үшін оларға рахметтен басқа айтарымыз жоқ. 15 мамыр күні Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Аязбай Шамұратов бастаған экспедиция округтерді аралап, жылқы кәсібіне байланысты жәдігерлерді жинастырып қайтты. Елді аралағанда жәдігерлерді табуға көмектескен Көктерек ауылдық округінің әкімі Меңдіхан Халимуллинге және жылқы десе ішкен асын жерге қоятын ауыл азаматтары Нұрлан Нұғманов, Асхат Нұржанов, Апырайым Акчурин тағы басқаларына ризашылығымызды жеткіземіз. Бұл игі іске деген жанашырлық көзқарас деп түсінеміз.

«Ауыл айнасы» ақпарат


КОНЦЕРТ ТАМАША!

Күні: , 150 рет оқылды

13115945_1595594617418782_595172650515651668_o 13227418_1595594200752157_637000240094573293_o 13227772_1595594124085498_6927741286985786955_o13179394_1595594150752162_1370111536473190293_n13 мамыр күні «Достық» саябағында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті, аудандық қазынашылық бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қазталов ауданы бойынша Зейнетақы төлеу орталығы, аудандық Әділет басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қазталов ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты өнер фестивалі өтті. Концертте Жеңіс Хасанов Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап қазақтың киелі домбырасымен «Арнау» өлеңін шырқады. Сондай-ақ ерекше әуенмен, ерекше ырғақпен өрілген «Жастар» биінде мекеме басшылары еліміздің көк байрағын көкке самғатып, қазақтың рухын асқақтатты. Міне, ғажап! Бір күндік қағазбастылық жұмыстарын қоя тұрып, қызметкерлермен бірге атсалысып, көрерменді өнермен сусындатқан осындай басшыларымызға қарап, риза болдық. Кеште Махамбет Рамазановтың «Арқалықтың ақ таңы», Азамат Байдуллиннің «Бала тілегі», Мөлдір Мұхтардың «Долана», Дамир Қуанышқалиевтің «Қос қарылғаш», Айгерім Шуақбаеваның «Қазақ елі осындай» орындауындағы әндері көк аспанды жағалап, самал желмен тербеліп тарап жатты… Сондай-ақ әр жылдардың ерекшеліктері слайд арқылы көрсетілсе, Тәуелсіздік құрдастары Тәуелсіздікке арнап өлеңдер оқыды. Саябақты әнге бөлеген кеште отшашу да жағылып, адамдар ақжарқын көңілмен тарасты.

Жұлдыз АСҚАР


АҚБӨКЕНГЕ МЫЛТЫҚ КЕЗЕНДІ. С. мен М. ТИІСТІ ЖАЗАСЫН АЛДЫ

Күні: , 114 рет оқылды

13076922_1595462400765337_5939681629010148809_nБұдан бұрын хабарлағанымыздай Қараоба ауылында заңсыз киік аулаушылар құқық қорғау органдарының қармағына іліккен еді. Осыған орай 13 мамыр күні Қазталов аудандық сотының судьясы А.Жамантаеваның төрағалық етуімен заңсыз киік аулаушылар С. мен М.-ға ҚР ҚК-нің 337 бабының 4 бөлігінің 2 тармағымен айыптау туралы сот мәжілісі өтті. Бұған байланысты аудандық соттың судьясы А.Жамантаева «Ауыл айнасы» газеті тілшісіне қысқаша сұхбат берді. -Қылмыстық іс құжаттарына сәйкес 2016 жылдың сәуір айының 09 күні сағат 17.30-дар шамасында сотталушылар С. мен М. адамдар тобы болып алдын ала сөз байласып, С. иелігіндегі ВАЗ 21102 маркалы автокөлігімен жүріп заңсыз аң аулау мақсатында Қазталов ауданы Қараоба ауылының оңтүстік-батыс бағытында 8 шақырым жерде дала жайылысында жүрген бір топ киікті көріп, артынан аутокөлікпен қуып, арасынан 1 аталық киіктің бөлінгенін көріп, оған пайдалануға тыйым салынғанын біле тұра, М. өзінің атына тіркелген ИЖ-43 Е маркалы 12-ші калибрлі мылтығымен бір рет оқ атып, киікті өлтіріп, мемлекетке жалпы құны 424 200 теңге материалдық залал келтірген. Сот мәжілісінде сотталушылар өздеріне тағылған айыптарын толығымен мойындады. Соттың үкімімен сотталушылар аталған баппен кінәлі деп танылып, С.-ға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, сот залынан қамауға алынып, жазасын өтеу үшін жалпы режимдегі түзеу колониясы тағайындалды. М.-ға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау мерзімі ішінде жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда 240 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тарту белгіленді. Әрқайсысына қосымша 2 жылға аң аулаумен айналысу құқығынан айыру жазасы белгіленді. Қылмыс құралы болып табылған айғақ заттар мылтық және автокөлік тәркіленді. Мемлекет пайдасына келтірілген шығын толық өндірілді, -деді аудандық сот судьясы А.Жамантаева. Даланың онсыз да құрып бара жатырған сұлу жануарына сұқ көзін қадаушылар тиісті жазаға тартылуы тиіс. Ақбөкендерді қорғауға халық болып атсалысқанда ғана оны сақтай аламыз.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.