АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 12.05.2016


ШЕЖІН КАНАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛСА, СУҒА ЗӘРУЛІКТЕН ҚҰТЫЛАМЫЗ

Күні: , 132 рет оқылды

13217524_1594272364217674_8603977714887542914_o 13221148_1594272090884368_7623265500506317016_oЖол жөндеу жұмыстарымен танысқаннан кейін өңір басшысы Ақпәтер ауылдық округіне ат басын тіреді. Округте болғанда өңір басшысы Ақпәтер өлкентану мұражайының жұмыстарымен танысты. Содан кейін Талдықұдық ауылдық округінде болып, Шежін каналы арқылы келетін су қоймасының жәй-күйін көрді. Бір айта кетер мәселе, Шежін каналы арқылы келетін су арнасының құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі (55 шақырым) аяқталды. Енді екінші кезең (70 шақырым) іске асырылмақшы. Жалпы 180 шақырымды құрайтын канал жұмысы алдағы уақытта кезең-кезеңімен атқарылар болса, Ақжайық, Қазталов; Жаңақала аудандарындағы 40 мың гектар жерді суландыруға, сонымен қатар ауыз су мәселесін шешуге де негіз қаламақшы. Ал, қазіргі уақытта Қараөзен және Сарыөзенге Ресейден жылына 1 млрд 200 млн теңге су алғаны үшін қаражат төленеді екен. Егер осы канал іске қосылса, біздің өңіріміз Ресейге суға тәуелділіктен құтылады. Міне, осы мәселені облыс әкімі Алтай Көлгінов те, сенатор Рашид Ахметов те баса айтты. Өңір басшысына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр су мәселесі ауданымызда күрделі болып тұрғанын, осыған байланысты тоған-көлдерді тазалау, жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны жайында баяндады.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


«ЖОЛ САПАЛЫ САЛЫНСЫН», -ДЕДІ ӨҢІР БАСШЫСЫ

Күні: , 104 рет оқылды

13217622_1594265140885063_5493839361273608840_o 13220710_1594265204218390_7035756654852180932_o10 мамыр күні өңір басшысы Алтай Көлгінов Қазталов ауданына іссапармен келді. Іссапар барысында Чапаево-Жалпақтал-Қазталов жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінгі күнде бұл жолға «ЮНИСЕРВ» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта биылғы жылдың жоспарында асфальт төсеу жұмысын Жалпақтал ауылына (18 шақырымға) дейін жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар жоспарға енгізілген 158 шақырымдық жолдың 12 шақырымына да асфальт төсеу жұмыстарына қаржы бөлінетіні белгілі болуда. Егер бұл мәселе шешімін табатын болса, асфальт жол «Кардонға» дейін жеткізілмекші. Сонымен қатар Қазталовқа дейінгі жолды асфальттау үшін келер жылға жобалық-сметалық құжаттары да жасалмақшы. Өңір басшысы жолшылармен әңгіме барысында жаз айындағы қолайлы уақыттарды пайдаланып, демалыссыз жоспарлы жұмыстарды атқаруды міндеттеді. –Сіздер, -деді өңір басшысы, -қыс айларында жол салу жұмысы тоқтатылады. Барлық демалыстарыңыз сол кезде болғандықтан әрбір күнді, әрбір сағатты тиімді пайдаланыңыздар, -деп міндеттер жүктеді. Іссапар барысында өңір басшысымен бірге сенат депутаттары Рашид Ахметов, Ерболат Мұқаев, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов және кейбір салалық департамент басшылары бірге болды.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ӨҢІР БАСШЫСЫ АУДАНЫМЫЗДЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫМЕН ЕМІН-ЖАРҚЫН ӘҢГІМЕЛЕСТІ

Күні: , 110 рет оқылды

13147516_1594250350886542_6648472421050842297_o 13147578_1594249820886595_6744241610456468610_o 13173402_1594250014219909_6132515542374453981_oБүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев Жалпақтал ауылында болып, ауданымыздың ақсақалдарымен емін-жарқын әңгімелесті. -Бүгінгі біздің кездесуіміз өздерініңізбен ақылдасып, алдағы жоспарлармен бөлісу болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында көптеген жетістіктерге жеттік. Қазталов ауданы өңіріміздегі ірі аудандардың бірі. Осы аудандада біршама істер атқарылды деп ойлаймын. Осы ауданға келген соң ауданымыздың ақсақалдарымен кездесіп, емін-жарқын әңгімелесу болатын. Сіздермен кездескенімен мен өзім қуаныштымын. Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз болса мен тыңдауға әзірмін. «Киров-Шежін» каналын білесіздер. Ол 4 кезеңнен тұрады. Соның биыл бірінші кезеңі яғни 55 шақырымы аяқталмақ. Алдағы уақытта екінші кезеңі бойынша жұмыстанатын боламыз. Бұл жұмыстардың барлығы кезең-кезеңімен бітетін жұмыстар. Сәтімен жүзеге асса, Қазталов, Ақжайық, Тасқала аудандарында суармалы жерлер жанданады. Бұл мал шаруашылығын дамытуға үлкен серпін береді. Асфальт жолдарды төсеу жұмыстары жүріп жатқанын көрдік, биыл жол Жалпақтал ауылына жетеді. Жәнібек, Бөкей-Орда, Қазталов аудандарының бағыттарына асфальт жол төсеу жұмыстары тоқтаусыз жүре бермек. Жол маңызды мәселелердің бірі. Көктем, күз мезгілдерінде облыс орталығымен қатынауда қиналып жүргенін естіп те, көріп те жүрміз. Әрмен қарай жоспар бойынша жұмыстар жасалды,-деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы. Кездесуде ауыл ақсақалдары Нағым Ризуанов, Хамидолла Берғалиев, Әлібек Қоңырбаев, Тұрақбай Дүйсенов, Кенжебай Үмбетов, Ихсан Құтхожин, жеке кәсіпкер Ахметқали Қарағойшин облыс басшысына Талдыапан, Талдықұдық, Көктерек, Жұлдыз ауылдарына газ жеткізу, Талдықұдық, Талдыапан ауылдарын ауыз су мәселесін шешу, Жұлдыз ауылына типтік жобадағы мектеп салу, Жалпақтал ауылының «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша ауыз су, жер мәселесі секілді өздерінің ұсыныс-пікірлерін жеткізді. «Айтылған ұсыныс пікірлеріңіз орынды. Бәрін бірдей шешеміз деп айта алмаймын. Қазіргі уақытта ең өзекті мәселелерді шешу. Сондықтанда сіздердің көтерген мәселелеріңізді шешіледі. Ол үшін уақыт керек.»,-деді өңір басшысы Алтай Көлгінов. Кездесу соңында ауылымыздың ақсақалдары ақылдасып, кездескендеріне өздерінің ризашылықтарын, алғыстарын жеткізді. Мұнан кейін облыс әкімі Алтай Сейдірұлы, аудандық ақсақалдар бөлмесін, Жалпақтал ауылындағы орталық саябақты, мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1977 жылы туылған түлектердің футбол алаңын аралады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АЛЫП КҮШ ИЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

Күні: , 124 рет оқылды

Қа13131508_1594049770906600_4906364503367538580_oзақтың батырлар ж13131562_1594054807572763_4901156040003735898_oырларының кейіпкерлері Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батыр сияқты алып күш иелері, қайтпас қайсар жаужүрек, мыңға жалғыз шапқан батырлар халықтың есінде әлі күнге дейін сақталып келеді. Сонымен қатар Балуан Шолақ, Қажымұқан аталарымыздың есімдері қазақ спортының тарихында алтын әріптермен жазылатыны ақиқат. Бұндай алып күш иелері біздің де ауданымызда бар. Талай байрақты бәсекелерде ауданымыдың намысын қорғап жүр. Соның бір көрінісі 9 мамыр күні көрші Ресейдің Саратов облысына қарасты Александров-Гай ауданында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арнап өткізілген күш экстримі мен кроссфиттен командалық чемпионатқа ауданымыздың ауыр атлеттері Жасұлан Құлқайыров пен Айдын Елемесов қатысып қайтты. Ресейдің Саратов, Ростов, Пенза облыстарының мықтылары жиналған бұл спорттық сайыс түріне біздің жігіттер бірінші рет қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Күшті тебінсе темір үзер, нашар тебінсе белін үзер» демекші бұлшық еттері мен білектері ойнаған, сайдың тасындай іріктелген алып күш иелерінің қимылдарын көргенде еріксіз тамсанасың. Біздің де жігіттеріміз ауыр снарядтарды көтеріп, табандылық танытып, намысты қолдан бермеді. Жарыстың ұйымдастырушысы және Александров-Гай спорт мектебінің директоры Алексей Масляков,- қазталовтық атлеттердің бұндай жарысқа бірінші жер қатысып отырса да жақсы нәтижелер көрсетті. Сіздің ауданның спортшылары біздердің қандай да болмаса жарыстарымызға әркез қатысып жүреді. Бізде сіздердің спорттық шараларыңызға барып тұрамыз. Бұл екі ел арасындағы достық пен тығыз қарым-қатынастың нәтижесі. Осындай риясыз сыйластығымыз жалғаса берсін,- деген тілегін жеткізді. Жарыс соңында ау13217462_1594052150906362_5530043623135244667_oыр атлеттері13147342_1594052214239689_2418347651430637554_oміз Жасұлан мен Айдын осындай жарысты ұйымдастырған ресейліктер мен жарысқа бастап алып барған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметовке және аудандық орталық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Руслан Шәріпқалиевке ризашылықтарын білдірді.

Қайрат ЖАҚЫП

  


ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Күні: , 130 рет оқылды

13178646_1594038970907680_7260881693578566942_nЖақында Орал қаласында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дзюдо күресінен ардагерлер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткен болатын. Орал шаһарында өткен облыстық чемпионатта біздің жерлестерміз жас ерекшеліктеріне қарай боз кілемде белдесіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Жеңімпаз жерлестерімізді атап өтер болсақ 90 келі салмақта Нұрлан Қажиақпарұлы, 90 келіде Ғаділбек Сатыбалдиев, 100 келіде Батырбек Ихсатов, 90 келіде Айбар Мұғалбаев, 81 келі салмақ дәрежесінде Болат Мәліков бірінші орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 81 келіде Жанболат Нұрқашев ІІ орын алса, осы салмақта Қадірбек Кенжеғалиев ІІІ орын ие болды. Жеңімпаз бен жүлдегер балуандар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдары мен медальдарымен марапатталды. Жерлестеріміздің жеңісі құтты болсын!

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


АУДАНЫМЫЗДЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ РЕСЕЙ ЖЕРІНДЕ

Күні: , 104 рет оқылды

13131766_1594024810909096_6654580561194812806_o 13131771_1594024914242419_2673979233672314280_o  Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен өңіраралық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келді және алдағы уақытта да бола береді. Соның бір айғағы Қазталов ауданы мен Александров-Гай аудандары арасындағы тығыз достық байланысты атап айтуға болады. 9 мамыр күні Қазталов ауданының делегациясы Ұлы Жеңісістің 71 жылдығы мерекесіне орай Александров-Гай ауданына барып қайтты. Ауданымыздың атынан делегацияны бастап барған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов Алғай жерінде өткен мерекелік шараға қатысып, алғайлықтарға қазталовтықтардың құттықтау тілегін жеткізді. Сонымен қатар делегация құрамында барған тыл және еңбек ардагері Ораш Малаев Ұлы Отан соғысының боздақтарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті. Салтанатты шарада соғыста хабар ошарсыз кеткен боздақтардың ұрпақтары «Бессмертный полк» ұранымен әкелері мен аталарының фото суреттерін қолдарына ұстаған шеру ұйымдастырылды. Бұл шерудің бел ортасында Қазақстан Республикасының көк туы желбіреп, екі елдің достығын насихаттай түскендей болды. Біздің де жерлестерім13220506_1594024220909155_393063233507575286_oіз бұл мерекелік шараға өз үлестерін қосып жатқандарын 13173246_1594025287575715_1489732055565816410_oбайқадық. Ұлы Жеңіс мейрамының екі елдің ортақ тарихы болып қала беретіні бәрімізге аян. Сол сұрапыл соғыстағы аталарымыздың мәңгі өшпес ерлігін насихаттап, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру біздің ортақ борышымыз.

Қайрат ЖАҚЫП


БЕГАЛИЕВТЕРДІҢ ЖАНҰЯЛЫҚ АНСАМБЛІ КЕРЕМЕТ ӘН СЫЙЛАДЫ

Күні: , 218 рет оқылды

13116252_1593749217603322_9159845898463731872_o 13123211_1593748604270050_305945334488308822_o  9 мамыр күні. Ақжайықтың нәрлі де, әрлі топырағынан таңдай қақтырған талай талантты өнер майталмандары шықты. Сол үрдісті жалғастырып келе жатырған бүгінгі қазталовтықтар мақтан ететін өнегелі, өнерлі отбасы халықтық Бегалиевтер жанұялық ансамблі аудандық мәдениет үйінде көрерменге өз өнерлерін тарту етті. Жанұялық ансамбль көршілес Ресей сахнасында да қазақтың ән-жырын орындап, оларды таңдай қақтырды. Облыстық байқауларда лауреат атанды. Сағат жарым мәдениет үйін әнмен тербеп, көрермендер,- тағы да бола түссе екен?- дегендей сезімде қалды. Кеш соңында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- Осындай жанұялық ансамбльдің өнеріне қатты таңданып отырмын. Сарыөзеннің жағасынан түлеп ұшқан Марат ағамыздың ұл-қыздары қандай өнерлі,-деді. Аудан әкімдігі атынан отбасына алғыс хат табыстай келе алдағы болатын «Мерейлі отбасы» байқауына қатысып, Республикада ауданның атын шығара бер!-деген тілегін жеткізді. Ансамбльдің негізін қалаушы Марат Бегалиев: -Халықтың осындай ыстық ықыласына бөленіп жатырғанымызға ризамыз. Мына өнерлі ұл-қыздарым Орал қаласында тұрып жатса да, ел шақырғасын бар өнерлерін ортаға салды. Ал Қошанкөл ауылының мәдениетіне және біздің 13217060_1593749067603337_3033764712927804739_oжанұялық анса13147495_1593748637603380_2404629595509698033_oмбльге үнемі қамқорлық жасап жүрген аудан әкімі Нұрлан Мағазұлына, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызына және ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызына да алғысымыз шексіз,-деді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ЖАУЫНГЕР ҚАРИЯНЫ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 114 рет оқылды

13161765_1593674504277460_4638199952253665198_o9 мамыр күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылының тұрғыны соғыс және еңбек ардагері Жұмат Сәрсембиевтің шаңырағында болып, Жеңістің 71-ші көктемімен құттықтады. Осы майдангердің шаңырағына арнайы келген аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы әлеуметтік және денсаулық сақтау министрі Тамар Дүйсенованың, облыс әкімі Алтай Көлгіновтың және аудан атынан өзінің құттықтауын сый-сияпат табыс етті, елдің ақылман ағасына риясыз көңілден ғасырлық ғұмыр тіледі. Абзал ардагерді аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы, аудандық және ауылдық ардагерлер кеңесі, облыстық мәслихат депутаты, аудандық ішкі саясат бөлімі, Жалпақтал ауылдық округ әкімдігі, Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің басшылары да шын жүректен құттықтап, естелік тартулар тапсырды. Жаңақала ауданында дүниеге келген Жұмат атамыз 1942 жылы әскер қатарына алынады. 3-Украина майданы №58 атқыштар дивизиясы құрамында Орел, Курск, Усманов қалаларына азат етуга қатысқан. 1944 жылы Жұмат Сәрсембиевтің ерлігі ескеріліп, 3-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Елге оралған Жұмат атамыз еңбекке араласып, абыройлы қызмет етті. Өмір мен өлім ортасынан от кешіп қайтқан қария бүгінгі бейбіт те тыныш заманның Қазақтың бағына, көгілдір көгіне орнағанына мың тәуба дейді. Отты күндердің оралмауын сұрап, Жаратқаннан жайлы тұрмыс, баянды бақыт тілеп, келген меймандарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ЖАЛПАҚТАЛДА ЖЕҢІС МЕРЕКЕСІ ЗОР ШАТТЫҚПЕН ТОЙЛАНДЫ

Күні: , 124 рет оқылды

13116377_1593650964279814_7732969419739242097_o 13217146_1593651127613131_3463660841873305114_oҚанша боздақтардың өмір қиған, талай шаңырақты ортасына түсірген сұрапыл соғыстың аяқталғанына 71 жыл толып отыр. 9 мамыр күні Жалпақтал ауылының орталық саябағында Жеңіс мерекесі зор шаттықпен тойланды. Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерекесі орталық саябақтағы Азамат, Ұлы Отан соғыстары мен еліміздің тәуелсіздік жолында қаза болған жерлестерімізге гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан саябақта тылда еңбек еткен ардагерлерге арнап, мекеме кәсіпорындары бірігіп, сарбаз ботқасы дайындалды. Майдангер Жұбат атамыз және тылда еңбек еткен ардагерлеріміз тағылымды естеліктерімен бөлісіп, дала асханасынан дәм татты. Орталық саябақта Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арнап, әскери асхана ұйымдастырылды. Табиғат аясына үстелдер мен орындықтар қойылып, дастарқан жайылды. Басты мерекелік ас мәзірі – картоп пен сарбаз ботқасы. Жұбат ақсақалымыз, тыл ардагерлері тағамнан дәм татып, сұрапыл соғыстың қым-қиғаш сәттері мен бастарынан өткен қиындықты еске түсірді. Орталық саябаққа жиналған жұртшылықты Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин құттықтады. -Өзінің қайғы-қасіреті мен зардаптары жөнінен бұл соғыс адамзат тарихындағы ең бір қанқұйлы соғыс болды. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болды. Біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Біздің әке-ағаларымыздың қайсарлығы пен қаһармандығы, Отанға деген сүйіспеншілігі аса қатыгез соғыста жеңіске жол ашты. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз. Отанымыздың тарихында алтын әріптермен жазылған бүгінгі қастерлі күні біз соғыста еліміз үшін қыршын өмірлерін қиып, елге оралмаған боздақтарды еске алып, олардың өшпес рухтарына бас иеміз,-деді округ әкімі. Саябақта ұйымдастырылған концерттік бағдарламада соғыс және еңбек ардагері Жұмат атамыз өткен өмірінен естелік айтып, ауылдастарын Жеңіс күнімен құттықтап, ашық аспан астында бейбіт өмір, кейінгі ұрпақтың амандығын тіледі. Мерекелік шара соңы майдан және патриоттық әндер концертіне жалғасты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА ТАҒЗЫМ. МЕРЕКЕЛІК КӨРСЕТІЛІМ

Күні: , 110 рет оқылды

13130959_1593583120953265_1182888208189892165_o  13147637_1593583444286566_4607315244906956399_o13116324_1593583124286598_3550513147656883339_o 13198478_1593583617619882_2725114923521110936_o9 мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесіне орай мерекелік шара өтті. Мерекеде ауданның мекеме ұйымдары атынан соғыста қаза тапқан жерлестерге арналған ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды. Орталық алаңға жиналған жұртшылықты аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр құттықтады. Бұдан кейін орталық алаңда аудан мектептерінің жанындағы патриоттық клубтардың мерекелік көрсетілімі болды. Бұған А.Оразбаева мектебінен «Жас сұңқар», Қазталов мектебінен «Айбын» және облыстық «Алау» әскери ойынында саптық жаттығуда 2 орын алған «Сардар» әскери патриоттық үйірмесі қатысты. Оқушылардың мерекелік көрсетілімінде мектептерде патриоттық тәрбиенің жоғары деңгейде екенін байқатты. Мерекелік шара патриоттық ән – жырмен өріліп, мазмұнын аша түсті.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.