АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 06.05.2016


«ҮШ АЯҚ» ҚАТАРДАН ҚАЛҒАН ЖОҚ

Күні: , 108 рет оқылды

13087266_1592159374428973_8673116540084442594_oМына суретте Қазталов ауылының тұрғыны Асанбай Шамұратовтың «Урал» мотоциклы. Әрине бұл техникамен жүретіндер қазіргі күнде жоқтың-қасы. Бірақ бұл «үш аяқты» қатардан қалып қоймаған. Асанбайдың әкесі Ұзақ «үш аяққа» шөп шабатын агрегат орнатқан. Жаз айында малға шөп осы техника арқылы дайындалатын көрінеді. -Шығынды аз жұмсайды, жөндеп алуға да жеңіл. Ойлы-қырлы жерлердің шөбін шабуға да тиімді, — дейді Асанбай. Жалпы, Кеңес дәуіріндегі техникаларды тиімсіз, — деп жойып жатсақ та, оны пайдаға асыруға болатынын көзіміз жетіп отыр.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС КЕРЕК

Күні: , 136 рет оқылды

13130980_1592156474429263_324086573885967543_oЕлбасымыздың кәсіпкерлерге арнап айтқан, — мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды, — деген сөзін еске түсірейікші. Осы сөзімізге дәлел іздеу үшін және кәсіпке бет бұрған Қазталов ауылының тұрғыны Асанбай Шамұратовқа жолыққан едік. Сонда Асанбай бізге былай деп әңгімеледі. Әңгімесі көңілсіз болды. Жасым 44-те. Алты ұл-қыздарым бар. Сондай-ақ жасым 73-ке келген әкем бар. Қолымның техникаға икемділігі болғандықтан өткен жылы «Тама» деген жеке кәсіп ашып едім. Кәсіпті ашу деген айтуға оңай болғанмен толып жатқан кедергілер де жетеді екен. Үйімнің жанындағы бос жерден кәсіпке байланысты көліктер жөндейтін орын салмақшы болып едім, оның құжаттарын рәсімдеу салынатын құрылыстың іргетасын құю мен тасын қалаудан да ауыр екен. Толған қағазбастылық. Ол реттелсе бір жөн, сабылып жүргеніме 1 жыл болды. Содан бастаған істі тоқтатпайын деп үйдің ауласынан көлік жөндейтін орын (гараж) салғам. Енді бұған жоғары кернеулі электр желісін тартайын десем, тағы кедергіге кездестім. Бұған жүргеніме 7 ай болды. Электр мекемесіндегілер электр желісін бөлек трансформатор арқылы тартасың, — дейді. Ал, ол трансформатордың құны 7 млн тұрады екен. Бұған менің шашым да жетпейді. Үкіметтен тиісті құжаттарымның болмауынан несие қаржы да ала алмадым. Бастаған ісімді тоқтатпас үшін қорамдағы 2-3 малды сатып және жеке аутокөлігімді кепілге қойып техникаларды жөндейтін құрал-жабдықтарды сонау Беларуссиядан алғызып отырмын. Міне осындай кедергілерден кейін кәсіпкерлікке кең өріс дегенге тіпті сенгім келмейді, — деді. Бірақ осындай кедергілерге қарамастан ауданда кәсіпкерлік палатасының басшысы Аманжол Нығметов және жеке кәсіпкер Абаттың барынша көмектерінің тиіп жатқандарын да айтқым келеді, -деп әңгімесін бір қайырып қойды. Мына суреттерден көріп отырғандай кәсіпті нөлден бастап жатқан азаматқа қағазбастылық, анаған құжат керек, мынаған құжат керек тағы басқа да толып жатқан бас қатыратын құжат рәсімдеу – кәсіп ашам дегендерге қолбайлау емес пе?

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


БАЛАЛЫ ҮЙ – БАЗАР…

Күні: , 132 рет оқылды

13161789_1591801681131409_5154891216606174607_o 13161794_1591799607798283_4604212817819357570_o 13174049_1591801677798076_1099658951503779051_nҚазталов ауылының тұрғыны, 34 жастағы Әнуаров Қуатжан мен Әспеттің шаңырағы тағы да сәби күлкісіне толды. Шаңырақты 7 баланың шат-шадыман жүздері мен бал тілдері бөлеуде. Осы 7 баланың 2-і егіз. Бақыттан жүзі бал-бұл жанған Әспет апа бізге былай деп әңгімеледі: -2004 жылы Қуатжан екеуміз отбасын құрдық. Үш жыл бойы сәбиіміз болмады. Алла Тағала берейін десе молынан береді ғой, 2007 жылы тұңғышымыз Гүлбақыт дүниеге келді. 2008 жылы Азиза, 2010 жылы Инабат қыздарымыз дүниеге келсе, 2011 жылы отбасымызға Жанерке-Назерке есімді егіздерім үйдің ішін шат күлкілерімен толтырды. Жолдасымыз екеуміз осы апаларының артынан ерген бір інілері болса екен, — деп армандап жүр едік. Құдай тағы тілеуімізді берді. 20 сәуір күні Айсұлтан- Айзада есімді сәбилеріміз дүниеге келіп, қуанып жатырмыз, -деді. Жас та болса 7 баланың анасы болып отырған Әспет апаға қызыға қарадық. Отыздың ортасына әлі келіп болмаған шаңырақта киелі жеті санға жеткен сәбилердің балалық шақтары бақытты болып, әлі де Айсұлтан-Айзаданың артынан бауырлары бола берсін!, — деген тілекпен қоштасып шықтық.

Жұлдыз АСҚАР


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІНДЕ

Күні: , 166 рет оқылды

13119958_1591790737799170_7423277380697539454_o5 мамыр күні Батырбек Ахметжановтың төрағалық етуімен қоғамдық кеңестің мәжілісі өткізілді. Мәжілісте аудан орталығында халықтың қолдауымен саз мектебін салу және ауыл ішіндегі жолдарды күтіп ұстау, техникалық ауыз су құбырларын жүргізу туралы мәселелер қаралды. Мәжілісте сөз алғандар аудан орталығында қолға алынбақшы болып жатқан құрылыс жобасын тоқтатпау жағын айта келіп, саз мектебінің 2017 жылғы мемлекеттік бағдарламада тұрғаны туралы, сондықтан құрылыс бастала қалса, бір рухани орталық атауын беру жөнінде пікірлерін білдірді. Сондай-ақ техникалық ауыз су құбырларын жүргізу өте өзекті екенін, себебі техникалық су болса бұның ауыз суды үнемдеуге және тұрғындардың қосалқы шаруашылықтарын жасауға да негіз қалайтыны жөнінде айтып өтті.

Жұлдыз АСҚАР


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.