АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.05.2016


ЖАҢА КОДЕКС – КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАЙДЫ

Күні: , 128 рет оқылды

5 мамыр күні ауд13173295_1591723121139265_1733102411374508778_oандық мәслихат залында аудандық әділет басқармасы және кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерге арналған брифинг өтті. Брифингте қатысушыларға елімізде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген «Кәсіпкерлік кодексі» туралы түсінік берілді. Брифингті аудандық кәсіпкерлер палатасының бастығы Аманжол Нығметов ашып, аудандағы кәсіпкерлерге қабылданған жаңа заңнамалар туралы айтып өтті. Брифинг барысында аудандық әділет басқармасының басшысы Эльмира Қайсағалиева кодекстегі өзгерістерді айта келіп, -жаңа кодекске сәйкес қазіргі күнде кәсіпкерлік саласында көптеген өзгерістер бар. Бұрыңғы осы салаға қатысты 6 Заң күшін жойып, қазір барлығы «Кәсіпкелік кодексіне» біріктірілді. Осы кодекс негізінде кәсіпкерлік субьектілерін тіркеу де жеңілдетілді. Мысалы, өндірістік кооперативтерді тіркеуге бұрын 5-6 күн қажет болса, қазір 1 күнде тіркеледі. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті электронды түрде де тіркеуге болады. Қажетті құжаттар саны да азайтылған, -деді. Сондай-ақ брифингте аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Таумұрат Ғұсманов салық жүйесінде енгізілген өзгерістер туралы да айтып өтті. Бұның ішінде арнаулы салық режимі, мүлік, жер, көлік салығына қатысты көптеген жаңалықтар, жалдамалы қызметкерлері бар кәсіпкерлердің есеп тапсыру мерзімдерінің өзгергендігі, арақ-шарап сатуда кездесетін заң бұзушылықтар туралы кеңінен түсінік берілді. Сонымен қатар брифингте аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Абай Нәсіпов, тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің басшысы Талғат Хайдаров та кәсіпкерлік обьектілеріне жүргізілетін тексерулер жөнінде ақпарат берді. Брифингке қатысқан кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ХАЛҚЫМЫЗ ӨЗ ЖЕРІН ҚАСЫҚ ҚАНЫ ҚАЛҒАНША ҚОРҒАЙДЫ

Күні: , 110 рет оқылды

13112871_1591722941139283_2495062830486083054_o 13131017_1591722927805951_875406344720574402_oАуданымызда жер мәселесіне байланысты ақпараттық насихат тобы құрылған болатын. 5 мамыр күні осы топтың мүшесі Баян Қабиева, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин Жалпақтал колледжінің ұстаздары мен студенттерімен кездесті. Жиынды ашқан колледж директоры Мағауия Есмағұлов қазіргі таңда жер мәселесі жайында айтып, бүгінгі қоғамдатүрлі пікірталастар туындап отырғанын Жер кодексіне жаңадан енгізілген нормаларға тоқталып, кеңінен әңгімелеп берді. Мұнан кейін округ әкімінің орынбасары Мұрат Есетұлы: -Жер кодексі туралы заңда жер сатылмайтыны анық жазылған. Жер шетелдіктерге ешқашанда сатылмайды. Ол теріс бағыттағы әңгіме. Әр нәрсені байыппен шешкен жөн,-деді. Сонымен қатар ақпараттық насихат тобының мүшесі Баян Құбайқызы жақында Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 24-сессиясына қатысып келгенін айтып: -«Еліміздің 14 мыңнан астам шақырымын мемлекетіміздің шекарасын рәсімдеу үшін мен көрші елдердің басшыларымен 8 жыл бойы келіссөз жүргіздім. Осының барлығы жеріміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін жасалды. Мен осындай мәселе көтергеніне қуаныштымын. Егерде жерге дәл осылай көңіл бөлінетін болса, бұл біздің халқымыз өз жерін қасық қаны қалғанша қорғайтынын көрсетеді»-деді Елбасы өзінің сөзінде. Бұл жер ата-бабамыздан қалған мұра. Сондықтанда әлмеуттік желідегі әңгімелерге ермей, ақылмен шешкеніміз дұрыс,-деп ұстаздарды, студент жастарды сақтық пен сабырлық танытуға шақырды. Кездесуге жиналған ұстаздар мен студенттер сұрақ қойып, өз ойларын ортаға салды.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


МӘН-МАҢЫЗЫ ЗОР КЕЗДЕСУ

Күні: , 100 рет оқылды

13122918_1591375584507352_8018351412367321320_oҚазталов орта жалпы білім беретін мектебінде ұстаз, зейнеткер Шәрипа Нығметованың 70 жасқа толуына орай кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде мектеп оқушылары ардақты ұстазға қойған сұрақтарына тұшымды жауаптарын алып, пікір аламасты. Шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, мектеп директоры Әлия Жақсыбаева, ардагер ұстаздар ұйымының төрайымы Гүлжиян Исмағұлова Шәрипа апайды құттықтап сөз сөйлеп, алғысхат пен сыйлықтар табыс етті. Кездесу соңы мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ЖАДЫРА» БАЛАБАҚШАСЫНДАҒЫ ЕРТЕҢГІЛІК

Күні: , 128 рет оқылды

13116270_1591325084512402_6293402700624158696_o 13147581_1591325434512367_3478488649046990016_o4 мамыр күні «Жадыра» балабақшасының «Көгершін» тобында тәрбиеші Меңсұлу Ысқақованың ұйымдастыруымен 9 мамыр — Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Отан қорғаушы сарбаздар» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік кезінде балабақша тәрбиеленушілері Отан, бейбітшілік, Жеңіс туралы тақпақтар айтып, «Ел қорғауға әзірміз», «Шекарашы», «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін шырқап, «Смуглянка» биін биледі. Сондай-ақ ардагер әжелерге сыйлықтар табыс етті. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндердің ата-аналары тәрбиешілерге осындай тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ТӘУЕЛСІЗДІК – ҰРПАҚҚА БЕРІЛГЕН ҮЛКЕН БАҚЫТ»

Күні: , 124 рет оқылды

13119979_1591339014511009_4254749351129753645_o 13131025_1591339191177658_849223979485663476_o  4 мамыр күні Жалпақтал ауылында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берге үлкен бақыты, мәңгілік құндылығы» атты аудан ақсақалдары мен ардагерлерінің кеңесі өтті. Кеңеске қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерге арналған ескерткішке және жерлесіміз, Кеңестер Одағының Батыры Ахмедияр Хұсайыновтың кеудетұғырына гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар қолөнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылды. Жалпақтал мәдениет үйінде жалғасын тапқан жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр шараға қатысушыларды құттықтай келіп, әркезде де өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде жалықпаңыздар, — деген тілегін жеткізді. Алғаш рет өткізіліп отырған осы бір үлкен жиында аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, — ауданда ақсақалдар қоғамдық ұйымының атқарып жатқан жұмыстары туралы хабарлама жасады. Жиында Бостандық ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Серікбай Жапақов, аудандық мәслихат депутаты, жас ұстаз Жанар Какимова,Жалпақтал өнер мектебінің ұстазы Баян Қабиева сөз алып, ардагерлер мен жастар арасында үнемі тығыз байланыс болуына, елде атқарылар игі жұмыстардың басы-қасыңда бірге болу қажеттігіне тоқталып, ой-ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ жиында ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген бір топ ардагерлерге алғыс хаттар таб13147356_1591339117844332_8072644769644209758_oыс етілді.13147827_1591339064511004_4749378401447369285_o  Кеңеске қатысушылар аудан тұрғындарына арнап Үндеу қабылдады. Жиын соңы Жалпақтал мәдениет қызметкерлерінің концертіне ұласты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ЖАҢАЖЫЛДЫ ҚАРСЫЛАЙМЫН ДЕП…

Күні: , 110 рет оқылды

Қазіргі заманда шекараның мығым болғаны жақсы. Дегенмен, шекараның арғы жағы мен бергі жағында ағайын-туыс адамдар тұрады. Халқымыз «Бармасаң, келмесең жат боларсың» деп тегін айтпаса керек. Біздің ауданымыз көрші Ресейдің Александров-Гай ауданымен шекаралас. Қазіргі күнде жұманың 3 күнінде көршілермен байланыс жасалып келеді. Бұл аудан тұрғындары үшін тиімді болуда. Алайда, шекарадан өту туралы тиісті Заңды аяқасты ететіндер де бар. Сөзіміз дәлелді болу үшін өткен жылдың 29 желтоқсаны күні Қазталов ауданының С. деген тұрғыны шекара тәртібін бұзып, Алғай асып кеткен. Бұл тәртіпсіздікті шекарашылар анықтады. Ал, С. шекара тәртібін неге бұзды дейсіздер ғой? Айтқан жауабы, -Жаңа жылды Алғайда қарсыламақшы болдым, -дейтін көрінеді. Сол Жаңа жылды шекарадан өту тәртібімен қарсыласа, сағаттың тілі 00.00-ді көрсеткенде бокалдағы шампанды уайымсыз, қуанышты ішкен болар еді… Айтпақшы бұл сабазың 2014 жылы да шекара бұзып үйренген екен. Нәтижесінде С. сот арқылы жазаға тартылды.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


АҚПАРАТТЫҚ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

Күні: , 93 рет оқылды

13131421_1590927017885542_9044347286861266721_o 13161901_1590927257885518_4031693053302206647_o3 мамыр күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен жиналыс өтті. жиналысқа мекеме, ұйым басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Жиналыста аудан әкімі алдымен қазіргі таңда жерге қатысты мәселелерге тоқталды. -Осы жер мәселесіне қатысты депутаттар неғұрлым өз сайлаушылары арасында түсінік жұмыстарын жүргізуге белсенді қатысу қажет- деді аудан әкімі. Жер кодексіндегі өзгерістер туралы халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу, ақпараттық насихат топтарын құру жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева хабарлама жасады. Сонымен қатар аудандық «Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев жер мәселесі жөнінде өз пікірін ортаға салса, аудан әкімінің орынбасары Нұретден Құтхожин қойылған сауалдарға жауаптар қайтарды. Жер-Ананы пайдаланушылардың көбі ауыл халқы. Былайша айтқанда қаймағы бұзылмаған ауылда тұратындар осы жер арқылы ризықтарын табуда. Олай болса уәдені сайлау кезінде үйіп-төккен депутаттардың халық арасында дәлелді пікірлерімен де, ұтымды жауаптарымен де іске белсенді кірісетін кездері келді. Жиналыс соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


»ҚАМАЖАЙ» ФЛЕШМОБЫ ОЗДЫРЫЛЫ

Күні: , 94 рет оқылды

13086899_1590398271271750_8021664525883442280_o 13087187_1590398711271706_3815984200148591308_o2 мамыр күні орталық алаңда аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық жастар кеңесінің ұйымдастыруымен «Нұрбалапан» бөбекжайы, аудандық саз мектебі, аудандық кітапхана жастары мен «Қарлығаш» халықтық би ансамблінің бишілері билеген «Қамажай» флешмобы оздырылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫНДА ДОСТЫҚ ПАШ ЕТІЛДІ

Күні: , 164 рет оқылды

13119740_1589956377982606_5860023999390100472_o 13119979_1589953941316183_9111594679474154965_o 13131051_1589942054650705_5267635481373333378_o 13131496_1589946407983603_1739461021281241854_o 13147425_1589942364650674_3817278226090810238_o 13147433_1589948077983436_3324602297126954499_o1 мамыр күні — Қазақстан халқы бірілігі күніне арналған салтанатты шара өтті. Салтанатта аудан әкімі жиналған жұртшылықты жарқын мерекемен құттықтап,- Қазақстан шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң­ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты­настарды реттеудің тиімді тетік­терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда,- деген тілегін жеткізе келіп, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесін татулықпен, бірлікпен, толағай табыспен атап өтуді айтып өтті. Мерекеде Тәуелсіздік алған уақыттардан бергі табысқа жеткен, әлемде ойып тұрып орын алған тарихи кезеңдерді мекеме-ұйымдар көрсете отырып, оның тарихы баяндалды. Саябақтың ішінде қолдарына көк байрағымызды желбіретіп аудан жастарынан жасақталған флешмоб ұйымдастырылды. Көк байрақ қазақ әуенімен желбіреп, көгілдір көктемде ынтымақты, достықты паш еткендей болды. Мерекелік шарада «Қарлығаш» халықтық би ансамблі ұлттардың биін нақышына келтіріп, ынтымақ күнінің мазмұнын аша түсті. Көңілді ән әуенімен орыстың қан қыздырар биі мың бұралса, ортаға Карпаттың тауын елестеткен, ну орманын аралатқан украиндардың «Ты же меня пидманула» әні, сабырлықпен алға шықпайтын мінездерін көрсететін ұйғыр биі биленді. Ал қазақтың биі сар даланы гүлге толтырғандай, сонымен бірге мың тұяқтың дүбірін құлаққа естірткендей, сол арқылы бұл дала еркін де, тәуелсіз дегендей көңіл-күй кештірді. Мерекеде Отан, достық туралы әндер аспанға қалықтады. Әндер әуені ала бұлт басқан көгілдір аспанға сіңіп жатты… Мәдениет қызметкерлері Данагүл, Оралхан, Балғаным, Аманжол, Мерболат және саз мектебінің ұстазы Назеркенің орындауындағы әсем әндер жұртшылықты бір серпілтіп тастаса, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Досжан Ахметовтің «Мой — Казахстан» әні көрермендердің қол шапалақтауымен асқақтай түсті.

«Ауыл айнасы» ақпарат


БИ ДЕ БІР ЖҰМБАҚ ӘЛЕМ

Күні: , 136 рет оқылды

13062896_1588972308081013_8689872690666437667_o 13063254_1588972968080947_3870407287439994615_o 13112752_1588973091414268_8831832409371927173_o 13116088_1588972118081032_1868431587275197128_o 13119745_1588973988080845_3734606500232599004_o 13123333_1588973558080888_311852072646964389_o Сұлулықтың символы іспеттес қазақ қызының әдебі мен жарасымды жүрісін би тілінде өрнектеп, көрерменге жеткізетін де осы – би өнері. Мерекенің сәнін келтіретін, жан сарайыңды ашатын сахнаға мың бұрала билеген бишілер шыққанда бойыңды бір қуаныш билеп, өнерлеріне тәнті болатынымыз рас. Халықтық «Қарлығаш» би ансамблі 1967 жылы алғаш рет қадам басып, Алматы қаласында өткен жас өнерпаздар байқауында халықтық би ансамблі атағына ие болды. «Қарлығаш» би ансамблі мәдениеті мен өнері жоғары дамыған талғампаз Балтық елі көрермендеріне қазақ халқының әдемі киімі, ұлттық өрнегі мен музыка аспаптарын кеңінен үлгі етті. Ансамбльдің алғашқы жетекшісі Райса Шынтемірова болды. Бұл ұжымның одан әрі дамып шығармашылығының шыңдалуына Слана Имашева, Сандуғаш Өтебалиева, Жанар Ихласова, Мейрамгүл Ғайнеддинқызы, Ақмарал Ғабдуллина көп еңбек сіңірді. 29 сәуір күні — Халықаралық би күніне орай аудандық мәдениет үйінде халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің есеп беру концерті өтті. Концертте «Қамажай», «Бейбітшілік», «Тырналар», «Шаттық» тағы басқа да әр ұлттың билері биленіп, әннен шашу шашылды. Залдағы көрермендер әсем бимен бірге билегендей күй кешті. Ал, бұндай сезімге ену — өнердің жүрекке жетуі деп түсінеміз. Осындай жас талантты бишілерді талмастан үйретіп келе жатқан Ақмаралдың еңбегі бір төбе. Кеш соңында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр «Қарлығаш» би ансамблінің ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, жетекшісі Ақмарал Ғабдуллинаға алғыс хат және естелік сыйлық табыс етті. Сондай-ақ би тобының өнеріне тәнті болған ата-аналар да алғыстарын білдіріп, сыйлықтар мен гүл шоқтарын сыйға тартты.

 Қайрат ЖАҚЫП


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.