АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 04.05.2016


АУДАННЫҢ «ТҮЙЕ ПАЛУАНЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Күні: , 126 рет оқылды

13119783_1588881151423462_1473469211757845578_oЕлбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін жыл сайын елімізде қазақша күрестен «Қазақстан барысы» турнирі өткізіліп келеді. Ұлттық спортымыздың бір түрі қазақша күрестің халқаралық деңгейде танылып, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ күресіне қызығушылық танытып отырғаны біз үшін қуанарлық жайт. Қазталов ауданында да «Қазақстан барысы» турниріне аудандық іріктеу жарыстарын жыл сайын өткізіп келеді. Соның бір айғағы 29 сәуір күні аудандық орталық спорт мектебінде аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының қолдауымен ересектер арасында «Қазақстан барсы» республикалық турниріне аудандық іріктеу жарысы өтті. «Күш атасын танымайды» дегендей Қажмұқан, Балуан Шолақ аталарының жолын қуған палуандар боз кілемде жолығып, мықтылардың ғана жолы болды. Нәтижесінде жалпақталдық палуандар Жасталап Мақсотов 2-ші , Айбар Асқаров 3-ші жүлделі орынындарға ие болса, ақпәтерлік палуан Аңсар Хамзин қарсыластарының бәрін жер қаптырып, 1-ші орынды жеңіп алып «Түйе палуан» атанды. Жүлделі орындарға демеушілік көрсетіп, бас бәйгеге жылқы малы, 2-3-ші орындарға баспақ пен қой тіккен шаруа қожалықтарының жетекшілері Руслан Қажымов, Ахметқайыр Қарағойшин, Рауан Есенғалиевтерді атап айтсақ артық болмас.

Қайрат ЖАҚЫП


Ынтымақ күнінен арналған салтанатты жиын

Күні: , 136 рет оқылды

13116195_1588839958094248_3470174246203634497_o 13062906_1588839724760938_4430988431858251726_o29 сәуір күні Жалпақтал мәдениет үйінде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік салтанатты ашқан Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қазақстандықтар үшін 1 мамыр мерекесінің маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы екенін атап, ауылдастарды айтулы мерекемен құттықтап, «Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!- деген шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, қырғыз ұлтының өкілі Бахрам Рахманов өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мұнан кейін Жалпақтал мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты концерттік бағдарламасы оздырылып, мәдениет үйінің және өнер бөлімінің өнерпаздары ән-жырдан шашу шашты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


«КІТАПХАНА ТҮНІ» ӨТТІ

Күні: , 338 рет оқылды

13064741_1588810088097235_3157397473284308576_o13062959_1588810254763885_7791866421536020222_o 13087063_1588810498097194_5165165241485787552_o28 сәуір күні аудандық орталықтандырылған кітапханада «Тәуелсіздік – ел тірегі, өнер оның өзегі» атты интеллектуалдық бос уақытты ұйымдастыру әлеуметтік-мәдени шарасы өтті. Мәдени шара тума талант иесі, жерлесіміз Сағит Садықовтың 90 жылдық мерейтойына арналды. Кештің ашылуында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов сөз алып, — Тәуелсіздіктің 25 жылдығында тұспа-тұс келіп отырған тума талант иесі, жерлесіміз Сағит Садықов ағамыздың 90 жылдық мерейтойы құтты болсын!, — деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ шарада Асхат Нығметов «Казталовка вальсі» әнін орындаса, Сағит ағамыздың 90 жылдық мерейтойына арналған Әжібай ауылында өткен «Өнерден туған құдірет» атты аудандық әдеби байқауда жүлделі орын алған үміткерлер ақын шығармашылығынан және өз туындыларынан өлеңдер оқыды. Сағит Садықовтың қолынан шыққан дүниелер облыстық, аудандық музейлерде сақталуда. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей осы ағамыздың ізін жалғастырып, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас оқырман Әзілхан Едіресов қолынан шыққан туындысын көрсетіп, көрермендерді таңғалдырды. С.Садықовтың өмірі мен өнеріне арналған «Тәуелсіздік» сөзжұмбағы шешіліп, дұрыс жауабын тапқандарға сыйлық тарту етілді. Кеште аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, еңбек ардагері Шайхолла Малаев сөз алып, осындай кешті ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне шексіз ризашылықтарын жеткізді. Шара соңында Ернұр Максимовтың орындауындағы «Байтақ елім — қазағым» әні шырқалды. Сондай-ақ кеште «Өзіңе сыйлыққа кітап ал» жәрмеңкесі өтіп жатса, балалар кітапханасында «Ертегілер әлемі» және қолөнер көрмелері ұйымдастырылып, тоғызқұмалақ ойыны өткізілді. Көгілдір көктемнің самал лебі соғып тұрған керемет кеште «Кітапхананың түні» жадырай түсті. Әдемі жарықтар, әсем әндер, көздің жауын алатын түрлі туындылар кештің шырайын одан сайын аша түсті. Керемет кештің куәсі болған көрермендерге жас сиқыршы, жерлесіміз Нұрғиса Әнуаров өз өнерін көрсетті. Кеш «Жастар» биімен жалғасын тапты… Осындай мәнді де мағыналы кешті ұйымдастыруда аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Гүлдана Дәулетовамен және оның қызметкерлерінің еңбектері зор екенін айтқанымыз жөн.

Жұлдыз АСҚАР


ҚАРЖЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛУДА?

Күні: , 124 рет оқылды

13055131_1588488378129406_8945235762229308507_oБұдан бұрын хабарлағанымыздай 2016 жылға қаралған бюджеттің қалай жұмсалып жатырғаны жөнінде әлеуметтік желідегі оқырманымызға жеткізуді мақсат етіп, аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиевтен шағын сұхбат ұйымдастырдық. Соны назарларыңызға ұсынып отырмыз. Жанболат Темірғалиев: — өздеріңе белгілі өткен желтоқсан айында ауданымыздың 2016 жылға қаралған бюджеті 4 млрд.651 млн. болып бекітілген болатын. Ақпан және сәуір айында бюджет қайтадан нақтыланып, жергілікті салық түсімдерінен (мүлік салығы) 173 млн теңгеге нақтыланды. Былайша айтқанда кіріс 90 млн-ға өсіріліп, шығысы да өсірілді. Жалпы 2016 жылдың аудан бюджеті 265 млн теңге қаржыға өсіріліп отыр. Бұл жерде трансферттық қаржы айтылып отырған жоқ. Енді өзіміздің кірістерімізден түскен қаржы қандай мақсаттарға жұмсалмақшы? «100 нақты қадам» реформасына және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің бірте-бірте енуіне байланысты, әрі 2001 жылдан бері округ әкімдерінің аутокөлікпен қамтылмауынан Қазталов, Жалпақтал, Жаңажол, Ақпәтер округ әкімдеріне көлік алуға бөлінді. Қазіргі күнде өңіріміз құрғақшылыққа жиі тап болуына байланысты ауыз су және техникалық судан қиыншылықтар көруде. Осыған байланысты су мәселесін шешу үшін, оларды жабдықтауға 27 млн. теңге қаражат бөлінді. Осының ішінде таза судан қиындық көріп отырған ауылдарға және дала өртінің алдын алу үшін 3 су таситын аутокөлік алынатын болды. Бұл коммуналдық мекеме арқылы жүзеге асырылмақшы. Сондай-ақ ауданымызда жергілікті полиция қызметі іске кіріскендіктен оларды материалдық жағынан жабдықтау үшін 3 арнаулы техника көлігі сатылып алынатын болса, сонымен қатар аудандық білім бөліміне оқушыларды түрлі шараларға қатыстыруға апару үшін «Газель» аутокөлігі алынатын болады. Бұнымен қоса «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша ауылдарды көркейту, ауыз су құдықтарын қазу, тоғандар тазалау бар. Тағы бір ашып айтатын мәселе аудан тұрғындары біле жүрсін халыққа қызмет көрсету орталығына баратын тас жолды жөңдеуге қаражат бөлінетін болды. Бұнымен қоса болашақта салынатын тұрғын үйлерге көгілдір отын, электр энергиясын алдын ала өткізуге де қаржы бөлінуде. Жалпақтал ауылындағы бұрынғы қорғаныс бөлімінің ғимаратын жөндеп, төрт отбасына пәтерге беру және саз мектептеріне музыкалық құрал-жабдықтар алуға да қаржы бөлініп отыр. Менің бұл қысқа сұхбатымда барлығын қамтып, отырған жоқпын. Қаншама қаржы дағдарысы болып жатырса да аудан әкімдігі бірінші кезекте тұрған мәселелер бойынша қаржыны жұмсауды жоспарлап отырғанын оқырмандарға жеткізуді жөн санадым,-деп әңгімесін аяқтады бөлім басшысы.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ЖАБДЫҚТАЛЫП ЖАТЫРҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ЗАЛЫ

Күні: , 118 рет оқылды

13062506_1588476118130632_572190295085062616_nҚазіргі күнде шетелдік жасалған өнімдерге жұртшылықтың көп қызығатыны белгілі. Шетелден неше түрлі тауарлардың ағылып жатырғаны да шындық. Алайда біз өзіміздің елімізде соның ішінде алтын қолды шеберлер жасаған тауарларды алуға келгенде немқұрайлық танытып жататынымыз тағы бар. Бірақ, өз еліміздегі шеберлер жасаған әрі ұлттық нақыш берген тауарлар шетелдік тауарларды жолға қалдырып кететінін білгеніміз дұрыс. Сөзімізді дәлелді болу үшін алдағы уақытта аудан әкімдігі ғимаратында жасақталып жатырған конференция залы ұлттық үлгідегі жиhаздармен толықтырылмақшы. Мына суреттегі жабдықталып жатырған конференция залындағы жиhаздарды облысымыздағы белгілі шебер Біржан Қожақовтың ғибадат шеберханасында жасалған. Көруге көз керек. Аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов:- аудан әкімдігі ғимараты 2002 жылдан бері жөңдеу жүргізілмей және жиhаздармен де жабдықталмаған еді. Осыны ескере келіп, ауданымыздың «бас штабы» басқа аудандардан кем болмау жағын жоспарлаудамыз. Ал, осы жиhаздарды алып келіп, орналастырған Болатбек Ертаев деген азамат,- деді. Енді алдағы уақытта алқалы жиындар ұлттық бояуы бар конференция залында өтетін болады.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


«ӨНЕРДЕН ТУҒАН ҚҰДІРЕТ» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫ

Күні: , 133 рет оқылды

13071939_1588447358133508_297990092617739817_o28 сәуір күні Әжібай ауылында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен жерлесіміз, әуесқой сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өнерден туған құдірет» атты аудандық әдеби байқау өтті. Бұл байқаудың мақсаты – сан қырлы өнер иесінің шығармашылығын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау. Байқауға ауданымыздың 15 округінен сайыскерлер қатысты. Әдеби сайыстың ашылуында Бірік ауылдық округінің әкімі Бекқали Мусин құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау 3 кезеңнен тұрды. «Жүрегіне халқымның жол табамын» кезеңінде байқауға қатысушылар С.Садықовқа арнаған өз арнауларын жатқа айтса, «Бұл менің балауса жырларым» кезеңінде үміткерлер байқау ережесінде көрсетілген ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Ал, «Сағит аға еліне саяхат» кезеңінде олар Сағит аға өмірі мен еңбек жолына, шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап берді. Байқау соңында көктеректік Гүлнәр Ғабдолкәрімова 15 үміткердің арасынан суырылып алға шығып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды қазталовтық Тоғжан Кәмжанова иеленсе, үшінші орын ақпәтерлік Гүлдана Қабдығалиева мен тереңкөлдік Райымбек Тілековке бұйырды. Жеңімпаздар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ байқау барысында Сағит ағаның әндері шырқалып, кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, өмірі мен еңбек жолы бейнеленген деректі фильм де көрермен назарына ұсынылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА

Күні: , 137 рет оқылды

13072745_1588370308141213_8102824301307311523_o28 сәуір күні Қазталов ауданы орталығында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен оқушылар арсында VIII жазғы спартакиада оздырылып жатыр. Өскелең ұрпақтың бойындағы спортқа деген құлшыныстарын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатырған аудандық спартакиадаға 200-ге тарта оқушы қатысты.

Қайрат ЖАҚЫП


НӘЗІК ЖАНДЫЛАР ДА ТӨБЕЛЕСЕ АЛАДЫ

Күні: , 138 рет оқылды

Ауданымыздың бір мектебінде болған іске байланысты сот мәжілісі өтті. (Белгілі себептермен округ және мектеп атын келтірмей отырмыз). 18 наурыз күні В. деген азаматша мектепке барады. Мектеп мұғалімі Г. В.-ға баласының оқу үлгірімі жөніндегі табельге қол қойып кетуін сұрайды. Осы кезде В.-ны «түлен түртті ме?», ашуға ерік беріп Г.-ны балағаттап, онымен қоймай шапалақпен бетінен шарт еткізіп бір тартып жібереді. Ол аздай қолынан қысып ұстап, итеріп жібергенде Г.-ның қолындағы сөмке де «зардап» шегеді. Осындай «үлкен шайқасқа» ұласып бара жатқан жанжалға мұғалім Ш. араласып, ажыратып алады. Дүлей ашудың ақыры құқық қорғау органдарының араласуымен аяқталды. (Г. тарапынан шағым түсірілді). Нәтижесінде В. ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 819 бабы 2 бөлігіне сәйкес 14847 теңге айыппұл төледі. Енді осы арада бір айтар мәселе бар. Құқық бұзып тұрған – нәзік жанды. Адам ашуға берілетін болар, алды-артын да ойламай қалады. Бірақ өскелең ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ордасының ішінде нәзік жандының төбелес ұйымдастыруы еш қисынға келмейтіні белгілі. (Мәлімет Қазталов аудандық сотының 2748-16-00-3\61 29 наурыз 2016 жыл Қаулысынан алынды)

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҚАЗАҚТЫҢ КЕЛІНІ — НАДЕЖДА

Күні: , 126 рет оқылды

13116128_1588057314839179_1540297004609552798_oҚазақтың дархан даласы мен кең пейілді баласы қанша ұлтқа пана, бауыр болып, бүгінгі Тәуелсіздіктің әр таңын жарқын көңіл, игі тілекпен қарсы алып отырған күнде ынтымақпен берекесі тасыған бақуатты елімізге қызыға да қызғана қараушылар аз емес. Этносаралық келісім мен тұрақтылықтың түп бастауы ел ішінде, халық жүрегінің түкпірінде болса керек. Бүгінде жұртты баураған Жалпақтал ауылында да тағдырдың тартуымен бірнеше ұлт өкілдерінің басы қосылды, тіпті осында ұлтына қарамай табысып, қол ұстасып, түтін түтеткендердің бағы жанды. Надежда Нигимова – қайын жұртына бар ынта-ықыласымен беріліп, нағыз қазақтың келіні болып жүрген жан. Өмірлік серігі Амантаймен отасқандарына да 30 жылдың жүзі болып қалыпты. Амантай ағамыздың ата-анасы Аяпберген аға мен Нұрғаным апа ұлдарының өзге ұлт өкілімен басқоспақ болғанына еш қарсылық білдірмей, келіндерін жыл қабылдапты. Надежда апамыздың қазақ қыздарынан кем түспейтін кішіпейілдігі мен инабаттылығы барлық ағайын-туманың көңілінен шыққанына дән риза. Надежда Васильевна Ресейдің Кастрама облысы Павина ауданында 1964 жылы дүниеге келген. Сол жерді орта білім алып, еңбекке араласты. 1982-1983 жылдары Павина ауданының кәсіптік училищесіне оқуға түсіп, тігінші мамандығын алып шығады. Кастрама облысында вогондарды тіркеу операторы болып жұмыс атқарды. 1986 жылы қазақ жерінен келген Амантай есімді жігітпен танысады. Таныстықтары махаббатқа ұласып, отбасын құрады. Амантай ағамыз сол Кастрама облысының Галич совхоз техникумын бітіріп, Павина ауданында бас зоотехник болып жұмыс атқарған болатын. 1987 жылы сол кездегі Фурманов ауданының Талдықұдық совхозының Құрман елді мекеніне Надя апамыз қазаққа келін болып түсті .-Мен өзге ұлттың өкілі болсам да, қазақтың келінімін. Сондықтан келін боп түскен жанұямды сыйлап, олардың көңілінен шығуым керек қой, – дейді Надежда апамыз.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.