АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Май, 2016


А.ОРАЗБАЕВАҒА КЕУДЕТҰҒЫР ОРНАТЫЛДЫ

Күні: , 158 рет оқылды

13308336_1601791123465798_2669803966476624480_o150 жылдық тарихы бар Алма Оразбаева мектебінен елімізге танымал талай тұлғалар түлеп ұшты. Бүгінгі күнде де білім ордасынан егемен еліміздің болашағы сапалы білім алуда. 1959 жылы мектебімізге Алма Оразбаеваның есімі берілген еді. 27 мамыр күні Алма Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің жанындағы Алма Оразбаеваға арналған кеудетұғырының ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, ардагер ұстаз Уахит Ишанов, — Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі тойында білім ордасының алдында ашылып жатқан ескерткіш бүгінгі жас ұрпақты Отанды сүюге, аға-апалардың жүріп өткен даңқты жолына құрметпен қарауға тәрбиелейді, -деді. Сондай-ақ осы кеудетұғырдың орнатылуына ұйытқы болған А.Оразбаева мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі Інжумаржан Ғазезованың еңбегінің зор екенін айтқан жөн. Ашылу рәсімінен кейін А.Оразбаеваның кеудетұғырына ұжымдар атынан гүл шоқтары қойылып, мектеп туралы әсем ән де шырқалды.

Жұлдыз АСҚАР


«ЕЛІ ЕСКЕ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ РУХЫ АСҚАҚ» (С. САДЫҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ)

Күні: , 153 рет оқылды

13254916_1601789833465927_9151167911523012898_oТуған жерінің әрбір қуанышы мен шаттығына ән болып, жыр болып төгілген, шашу болып шашылған Сағит жүрегі, Сағит тілегі, Сағит әуені үнемі халқымен бірге. 27 мамыр күні аудандық мәдениет үйінде Сағит Садықовтың 90 жылдығына арналған «Елі еске алған азаматтың рухы асқақ» атты конференция өтті. Мерекелік шара басталар алдында «Жайық Пресс» ЖШС «Ауыл айнасы» газетінің шығармашылық тобы дайындаған «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты деректі фильмі көреремендерге ұсынылды. Конференцияда аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова Сағит Садықовтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған баяндама жасады. Сондай-ақ Сағит Садықовпен қызметтес болған Серікбай Жапақов, Ғалымжан Нығметов, Мұлхайдар Әмреев естеліктер айтса, Сағит ағаның тумасы, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Қайрат Абдолов та өнеріне тоқталып өтті. Шара барысында С. Садықовтың отбасы атынан ардагер Мұлхайдар Әмреевке шапан жауып, құрмет көрсетті. Конференция жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- алдағы уақытта да осындай тұлғаларды құрметтеу жалғаса беретінін жеткізсе, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбай Жолдыбаев ел атынан сияпат жасады. Конференция өнер тарландары ұрпағына үлкен мұра қалдырған, бүгінде сағыныш пен сағымға айналған Сағит ағамыздың әндерінен құралған концерттік бағдарламаға ұласты. Осы болған конференцияның және басқа да өткізілген шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызына, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызына және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлеріне жұртшылықтың риза болғанын жеткізгіміз келеді.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


ӨНЕРДІ КИЕ ТҰТҚАН САҒИТ АҒАҒА КЕУДЕТҰҒЫР ОРНАТЫЛДЫ

Күні: , 149 рет оқылды

13268072_1601784926799751_4055923846219085969_o27 мамыр күні саналы ғұмырын ауданымыздың мәдениет саласын дамытуға арнаған 40 жылдан астам өзі еңбек еткен аудандық мәдениет үйі бағында Сағит Садықовтың кеудетұғырын ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- Сағит ағамыздың есімі ауданымызға ғана емес, оның есімі елімізге таныс. Сағит ағамыз — өнерді өнеге тұтып, шығармашылықтың сара жолының көкжиегін бағындырған өнер тарланы. Ол бүкіл өмірін, кие тұтқан өнерін халқына арнады. Бүгін біз ағамызға ескерткіш орнатып отырмыз. Ал, бұл ескерткіш өнерді бағалайтын әрбір адамға тұғыр болады,- деді. Сағит ағаның кеудетұғырын ашылу рәсімін аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мен Сағит ағаның зайыбы Күләш апай жасады. Рәсімде мектеп оқушылары Сағит ағаға арнаған арнауын оқыды. Бұдан кейін салтанатты шараға қатысушылар аудандық мәдениет үйіндегі С.Садықовтың 90 жылдығына арнаған көрмемен танысты.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


СОЛ АҚТАҢДАҚ ЖЫЛДАРДЫ ЕСКЕ АЛСАҚ…

Күні: , 148 рет оқылды

13268394_1601778753467035_5721858749278864112_oСаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні тарихтан тағылым өткенге тағзым. Бұл күн мыңдаған жазықсыз адамдардың қанымен көз жасына суарылған тарихтың желі беттерінің бірі болып қала бермек. Сол кездегі жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. 27 мамыр күні зұлмат замандардың құрбаны болған боздақтарға арналған ескерткіш алаңының ашылу рәсімі өтті. Шарада боздақтарды үнсіз еске алу болып, бұдан кейін сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр,- болашақта еліміз қайғы қасірет көрмесін,жазықсыз құрбан болған боздақтарымыздың есімін ұмытпай, мәңгі еске сақтау біздің борышымыз,- деген ойын жеткізді. Сондай-ақ салтанатты жиында барлық мекеме ұжымдары атынан ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


САМБО КҮРЕСІНЕН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Күні: , 157 рет оқылды

13248539_1601393913505519_7910444192740574462_o26 мамыр күні аудандық спорт кешенінде Сағит Садықовтың 90 жылдық мерейтойына арналған ардагерлер арасында самбо күресінен аудандық ашық турнир өтті. Ашық турнирге округтерден спортшылар қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова және Сағит ағаның жұбайы Күләш апай,- спортшылар арасында абзал ағаны еске алуға арналған турнирдің маңыздылығына тоқтала келіп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс нәтижесінде Әділбек Нұққалиев (Қошанкөл ауылы), Әділбек Өмірзақов (Қазталов ауылы) 3 орын, Маханбет Рамазанов (Қазталов ауылы) 2 орын, ал Қазталов ауылынан Әділбек Алғазиев 1 орынды иеленіп, жеңімпаздарға Сағит Садықовтың отбасы атынан сыйлықтар табыс етілді. Енді бір өкініштісі күрестің осы түрінен үнемі алдыңғы қатардан көрініп жүрген Жалпақтал ауылынан самбошылардың қатыспауы ыңғайсыз жағдай. Сондай-ақ 16 округтен небарлығы 5-6 округ спортшыларының ғана қатысуы да ақылға сиымсыз. Осындай додаларда әрбір округтерден спортты жанына серік еткен палуандар боз кілемнің үстінде күш сынастырса қандай жақсы болар еді?…

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


САҒИТ САДЫҚОВТЫҢ ОТБАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 168 рет оқылды

13305135_1601340216844222_8151598592300136258_o26 мамыр күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр КСРО-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың туғанына 90 жыл толуына орай оның отбасын қабылдады. Сонау Алатау бөктерінде орналасқан Алматы қаласынан, берісі Оралдан келген қонақтарды жылы шыраймен қарсылап алған аудан әкімі оларға,- туған елге қош келдің!,- деген тілегін жеткізді. Кездесуде аудан әкімі Сағит ағамыздың 90 жылына орай ауданда атқарылып жатырған жұмыстар туралы әңгімеледі. Сөз алған ағаның жұбайы Күләш апай,- өнер адамына, барлық өнегелі өмір жолын туған жерінің мәдениетіне арнаған азаматқа елінің осындай құрмет көрсетіп жатырғандары үшін отбасы атынан ризашылығын білдірді. Отбасы мүшелері ауданымызға республикалық басылымдарда Сағит Садықов туралы шыққан деректерді және естелік сыйлықтарды табыстады.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


АУЫЛ ПЕРЗЕНТТЕРІНІҢ ТУҒАН ЖЕРГЕ СЫЙЛЫҒЫ

Күні: , 338 рет оқылды

13248343_1601091686869075_6958034872134931734_oЫрысы тасып, ынтымағы ұйыған жалпақталдықтар 25 мамыр күні кезекті қуанышты сәттердің куәсі болды. Ауылымыздың ырысы шайқалмай, ұрпағы өркен жайып, тұтастығы сақталуында жүрегі «ауылым, туған өлкем» деп соғатын, өзінің перзенттік махаббатын еліне арнаған, туған жерінің өсіп-өркендеуіне, көркейтуіне атсалысып жүрген ел ағаларының үлесі орасан зор. 1996 жылғы түлектер туған ауылына өздерінің қол таңбаларын қалдырды. Олар С.Датұлы көшесінің бойына «МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ ЖАЛПАҚТАЛ» атты жарықтық диотты (Светодиоттный) жазуды туған ауылына арнады. Айналасы шиыршық тастармен өрнектелген бұл жазу ауылымызға сән беріп тұрғандай. Жалпақтал жұртышылы соның куәсі болып, салтанатты түрдде лента қию рәсімі өтті. Ауданымызды, ауылымыздың атқа мінер азамат, азаматшалары өздерінің лебіздерін білдіріп, 1996 жылы мектеп бітірген түлектерге алғыстарын жеткізді. -Біздің мақсатымыз өзіміздің туған ауылға өзіндік қолтаңбамызды қалдырып, осындай игі істі жасауды қолға алған едік. Бұл алдымыздағы ел ағаларының игі бастамасы жалғастыру болатын. «МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ ЖАЛПАҚТАЛ» атты жарықтық диотты жазуда еңбек сіңірген 1996 жылғы түлектердің еңбегі орасан зор. Осындай игі істі бастауда қол ұшын берген ауылымыздың ел ағаларына шексіз алғысымды білдіремін. Осындай игі бастама жыл сайын өз жалғасын таба берсін,-деп өзінің лебізін білдірді1996 жылғы мектеп түлегі Абзал Аймұханов.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


«СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ»

Күні: , 152 рет оқылды

13244116_1601068130204764_8600100542800580192_oЕліміздің өзге аймақтарындағыдай ауылымыздағы К.Меңдәлиев атындағы білім ордасында да 25 мамыр күні жылдағңы дәстүр бойынша тағы бір оқу жылы артта қалдып, түлектер алтын ұя мектебімен қоштасты. Мекеп ауласы алуан түрлі гүлге оранғандай. Оның себебі кезекті оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалысқа шығатын болса, мектеп бітіруші түлектер алтын ұя білім ордасымен қимай қоштасқалы тұр. К.Меңдәлиев атындағы білім ордасында мектеп басшысы Салтанат Өтеғұлова өткен жылдың табысты аяқталғанын айта келіп, мектеп бітіруші 16 түлекке ҰБТ-да сәттілік, табыс тіледі. Бұл мектептің екі түлегі — Сержан Хамидуллин, Әсел Ерсайынова «Алтын белгіге» үміткер болса, жалпы биылғы 11 сыныптардың білім сапасы 88℅ құрайды. Мектеп бітіруші түлектер 11 жыл бойы түрлі байқау, олимпиада, интеллектуалдық турнирлерге белсене қатысып, жоғары білім деңгейін көрсетіп келеді. Салтанатты шараға қатысқан БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқарамсы басшысының орынбасары Дулат Имашев мектеп ұжымына еңбекте табыс, шәкірттерге білім көкжиегінде биіктерге жете берулеріне ықыласын жеткізді. Сондай-ақ ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер атынан сынып жетекшілері, мектептің 10, 15, 20 жыл бұрын бітіріп кеткен түлектері де өз құттықтауларын жеткізді. Салтанаттың әрбір сәті оқушылар өнерімен ұштастырылып, мәнді де, сәнді болды. «Соңғы қоңырау» үнін мектеп оқушылары қимастықпен тыңдады.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


«ҚОШ БОЛ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ»

Күні: , 146 рет оқылды

13235581_1601006306877613_7714172353214608309_oБиылғы «Соңғы қоңырау салтанаты» Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойымен тұспа-тұс келіңп отыр. Мектеп бітіруші түлектер 11 жыл оқып, еліміздің Көк байрағын желбіретіп, Әнұранымызды ақсақтатқан еліміздің ертеңі мен келешегі. Бұл күн мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде өшпесі айдан анық. Әрқайсысы сапалы білім, саналы тәрбие, еліміздің гүлденуі мен өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан ұстаздар қауымының еңбектері екені баршамызға белгілі. Ғ.Молдашев атындағы білім ордасында өткен «Қош бол, алтын ұя мектебім» атты салтантты қоңырауға БҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқарма басшысының орынбасары Ділдәш Ысқақова, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова және топ ардагер ұстаздары шақырулы қонақ ретінде қатысты. Салтанатты жиынның ашылуында мектеп басшысы Гүлмайра Нариманқызы мерекемен құттықтап, оқу озаттарына «Құрмет грамотасын» табыстады. Биылғы оқу жылында 23 түлекті түлетіп ұшырғалы отырған білім ұясының 2015-2016 оқу жылындағы жетістіктеріне жан-жақты тоқталды. Түлектерге ҰБТ-да сәттілік тілеп, «Алтын белгіге» ұсынылған Бақытжан Ғилымовқа, Әлішер Исатайға, Ботагөз Ахметовақа артылып отырған үмітті ақтауларына тілегін жеткізді. Сонымен қатар мектеп бітіруші түлектер атынан сынып жетекшілері, ата-аналар және мектеп бітіргендеріне 10, 20 30 жыл толып отырған түлектер өздерінің лебіздерін айтып, сый-сияпаттаарын табыс етсе, мектеп бітіруші түлектердің ата-аналар ұстаздарға алғыстарын жеткізді. Соңғы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы мектеп бітіруші түлектер Нұрдәулет Нұрболатов пен Нұрзила Нұрсейтова және 1 сынып оқушылары Асылхан Серіков пен Сымбат Қайратқа берілді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


БОСТАНДЫҚ ОРТА МЕКТЕБІНДЕГІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Күні: , 116 рет оқылды

13244184_1600956080215969_1801127206591029906_o25 мамыр күні Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты шара өтті. Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінен биыл 31 мектеп түлегі ұшқалы отыр. Сонымен қатар 73 оқу озаты және түрлі спорттық және білім сайыстары мен мәдени шараларға ат салысып жүрген оқушылар да мектеп мерейін үстем етіп жүр. Шараға «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрлан Нұрғалиев, ауыл әкімі Манарбек Сүндетов, «Тоғжан» әйелдер қоғамының төрайымы Алтын Ақбаева және барша ауыл тұрғындары мен мектеп түлектері қатысты. Жиында Бостандық ауылынан сайланған мәслихат депутаты Марат Тоясов, ауыл әкімі Манарбек Сүндетов, мектеп директоры Ақылбек Құсайынов барша қауымды, мектеп түлектерін соңғы қоңырау мерекесімен құттықтау тілектерін білдірді. Салтанатты жиында мектеп директоры Ақылбек Құсайнов мектептің оқу озаттары мен республикалық, облыстық, аудандық жарыстарда жүлделі орын алған оқушыларды және мектеп пен отбасының ынтымағын арттыру жолындағы игілікті еңбектері үшін ата-аналарды марапаттады. Сонымен қатар мектеп бітіргендеріне 10, 20, 45 жыл толған түлектер тілектерін білдіріп, «Алтын ұядан» ұшқалы отырған мектеп түлектері «мектеп вальсін» билесе, бірінші сынып бітірген мектеп оқушылары түлектерге арналған тақпақтарын оқыды.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.