АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 21.04.2016


ҚАЗТАЛОВТАҒЫ КЕЗДЕСУ

Күні: , 94 рет оқылды

13071705_1585304565114454_5420607486296362494_o21 сәуір күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Сексенбаев, Бозоба және Қазталов ауылының халық өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданда атқарылатын істерге тоқталды. Атап айтқанда ауданымыздың елді-мекендерінде, округ орталықтарында халықтың күшімен көптеген жұмыстар басталып кетті. Оның ішінде «асар» әдісімен мәдениет үйлерін салу, ойын алаңдарын жабдықтау, зираттар қоршау сияқты игіліктер істер басталуда. Үлкен мереке жылы Нұрсай және Қазталов ауылдарына «Ақбұлақ» бағдарламасының басталатыны халықты қуанышқа бөлегелі тұр. Кездесуде сөз алған ауыл тұрғындары техникалық су өткізу, «Лекер» су қоймасының сапасы, ауыл ішінде малдарды қолда ұстауды тәртіпке келтіру мәселелері көтерілді. Осы бір ауылдың ішінде көп мал ұстап отырғандықтан ауыл тазалығы, экологияның бұзылуы жиі әңгіме болып, тұрғындардың жауап ала алмайтын мың сан сауалы болып жүр. Сауалдарға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, округ әкімі Сәрсенбай Молдашев жауаптар қайтарды. Әсем ХАЛИУЛЛИНА

НҰРСАЙ АУЫЛЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 118 рет оқылды

13055218_1585287505116160_4554423524838853930_o20 сәуір күні аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері және Қазталов ауылдық мешітінің имамы Жандосбек Құсайынов Нұрсай ауылының жастарымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – ауыл жастарын ресурстық орталықтың жұмысымен таныстыру және теріс діни ағымдардан жастарды сақтандыру. Кездесу барысында бүгінгі күнгі жастар мәселесі кеңінен сөз болды. Сонымен бірге осы заманда елді жайлаған теріс ағымдар жайы, олардан сақтану, кәсіпкерлік, тұрғын үй, тағы басқа жастарға қатысты мәселелер төңірегінде түсініктер берілді. Жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Күні: , 132 рет оқылды

11060896_1585211691790408_76805010991832598_o 12983916_1585211661790411_3185452324829355180_oБұдан бұрын хабарлағанымыздай ауыл халқын малдандыру мақсатында үкіметіміздің «Қанатқақты» жобасы бойынша көптеген игі істер ауданымызда атқарылды. Соның нәтижесінде іскер еңбек адамдары малданып, қораларын малға толтырды. Үкіметтен алған несие қаржыларын да уақытылы қайтаруда. Алайда несие серіктестігін құрушылар арасында несие қаржыны уақытылы қайтармай ауданымыздың тиісті бағдарламаларға қатысуға қолбайлау жасап отырған жағдайлар кездесіп тұр. «Орал» ӘКК АҚ арқылы 235 млн. 984 мың теңге қаражатты 26 несие серіктестігі қайтармай отыр. Бұл мәселе жөнінде бірнеше мәрте серіктестік мүшелеріне ескертілді. 7 несие серіктігінің берешегін сот арқылы өндіріліп алынбақшы. Бұлардың ішінде «Біріккен ауыл» және «Центр Қазталовка» несие серіктестіктері бар. 21 сәуірден бастап «Орал» ӘКК АҚ өкілінің және құқық қорғау органдарының қатысуымен үкіметке берешек серіктестік мүшелерінен мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде. «ҚАРЫЗ КҮЛІП КІРІП, ЖЫЛАП ШЫҒАДЫ» деген осы.

Қайрат ЖАҚЫП


АУДАН ӘКІМІ ЖАЛПАҚТАЛДА БОЛДЫ

Күні: , 122 рет оқылды

13047989_1585196288458615_8025433580578159112_o20 сәуір күні  аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында мекеме басшыларымен, аудандық мәслихат депутатарымен, ауылымыздың ардагерлерімен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың және алда істелінетін жұмыстар жайында әңгімеледі. Кездесуде ауылымыздың ардагерлері Әлібек Қоңырбаев, Шынболат Өтешқалиев, Нағым Ризуанов, Кенжебай Үмбетов, аудандық мәслихаттың депутаты Надежда Нигимова өздерінің ой-пікірлері, ұсыныстарын айтты.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АУДАН ӘКІМІ ӨНЕР БӨЛІМІНІҢ ҰСТАЗДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 102 рет оқылды

13029451_1585194575125453_2065110250224503445_o20 сәуір аудан әкімі Нұрлан БекқайырЖалпақтал ауылындағы К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің жанындағы өнер бөлімінің ұстаздарымен жүздесті. Бүгінде өнер бөлімінде 28 ұстаз қызмет етуде. Бұл өнер бөлімінің талантты оқушылары талай жетістіктерге жетіп, аудан, облыс, республика көлемінде және шет мемлекеттерде өнерлерін паш етіп жүрген жандар.Бұл ұстаздардың жетістігі деп білеміз. Өнер бөлімінің ұстаздары бүгінгі таңда домбыра, қобыз, флейта, көркем сурет жанрлары бойынша білім беруде. Өнер бөлімін аралаған аудан әкімі Нұрлан Мағазұлы ғимараттың, аспаптардың ескілігін көрген көріп, алдағы уақытта қаражат бөліп көмектесетінін жеткізді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕК ЖИНАҚТАУШЫ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

Күні: , 126 рет оқылды

13047748_1584927638485480_1292767355847541041_oХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін еліміздегі миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелгені белгілі. Қазақ халқының көрнекті перзенттері — Шәкәрім Құдайбердиев, Ах­мет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Май­лин жә­не басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болды. Ауданымызда да саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болып, жазықсыз жапа шекендер бар. Тарихымыздың қасіретті беттері, саяси қуғын-сүргін және ашаршы­лық құрбандарын жадымызда сақтап, еске алу біздің қасиетті борышымыз. Осыған орай 20 сәуір күні саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректер жинақтаушы жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобының басты мақсаты — ауданымыздан саяси құрбан болғандардың тізімін жасақтап, белгісіз есімдерді анықтау. Келер жылы ауданымызда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған мемориалдық тақта мен ескерткіш қойылмақшы. Осы тақтаға ауданымыздың қуғын-сүргін құрбандарының есімдері жазылады. Сол себепті егер сіз саяси құғын-сүргін құрбаны болған атаңыз, туыстарыңыз туралы деректер білсеңіз, аудандық мұражай жетекшісі Нәзікеш Адаялиеваға тапсыруыңызға болады

Мөлдір ӘНУАРБЕК


МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН АУДАН ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні: , 134 рет оқылды

13055919_1584918408486403_7315265054688434916_o20 сәуір күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл жемісті еңбек еткен Темірғали Сармалаевты 70 жасқа толған мерейлі жасымен құттықтап, алғыс хат табыстады және иығына шапан жапты. Сонымен қатар мерейтой иесін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев та құттықтап, алдағы уақытта да адамдар денсаулығын сақтау жолында өзіннен кейінгі ізбасарларына тәжірибесін үйрете беруін жеткізді. Сөз алған мерейтой иесі осындай құрмет көрсеткендері үшін аудан әкімдігіне, қоғамдық ұйымдарға алғысын жеткізді. Темірғали Сармалаев денсаулық сақтау саласында жарты ғасырға жуық адал қызмет жасады. Оның шипалы қолынан сан мыңдаған адамдар ауруына дауа тауып, олардың алғысына бөленді. Ауданда «Темешке қаралдым, сырқатымнан жазылдым» деген сөз тіркесі қалыптасты. Ал, бұның өзі білікті дәрігерге берілген халықтың бағасы деп білеміз.

Әсем БОЛАТ


ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 112 рет оқылды

13047890_1584912511820326_5496233305326906480_o20 сәуір күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Бостандық, Қоныс ауылдарында болып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде аудан әкімі, -бұл жолғы сапарым сіздермен жүздесіп, қыстан қалай шыққандарыңызды білу, алдағы жаз айларындағы шөп шабу науқанын ұйымдастыру, бөгеттерді тазарту, сондай-ақ биылғы ең атаулы мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әр ауылдарда атқарылып жатырған игі істермен танысу, -деді. Кездесуге аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов қатысты. Аудан әкімі сонымен қатар Бостандық ауылындағы наубайханамен де танысып, дүкендерді аралап көріп, тұрғындармен әңгімелесті.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


«ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТИЫМ»

Күні: , 132 рет оқылды

13072720_1584909445153966_5658484154270696426_o20 сәуір күні аудандық жастар демалыс орталығында «Жас отау» клубында «Қыз тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесу кешінде сөз алған орталық әдіскері Нұрия Хабибуллина қыз бала тәрбиесі, оның қоғамдағы алар орны туралы айта келіп, қыз балаға тәрбие көбіне-көп ата-ана тарапынан, соның ішінде ананың тәрбиесі зор болатынына тоқталды. Кеш қонақтары ардақты аналар Күләш, Ұштап, Люба, Мәруа, Гүлнұр апалар қыз бала тәрбиесіндегі ерекшеліктер жөнінде айтты. Әсіресе, бүгінгі күнде қоғамды алаңдатып отырған қыз балалар арасындағы бейбастақтық, түрлі жағымсыз әрекеттерге барушылық белең алып келе жатқанда бұған немқұрайлы қарауға болмайды, — деді кешке қатысушылар. Кеште қыз бала тәрбиесі туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

Жұлдыз АСҚАР


«РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ» КӨРСЕТКЕН ҚАСЕКЕҢ ТӨРДЕ ТҰР

Күні: , 106 рет оқылды

13064499_1584552511856326_1731334956306231308_o18 сәуір күні Қараоба ауылында іссапарда болғанда есімдері аудан емес, облысқа танымал кәсіпкер Мереке-Лиза Қайбошевтардың шаңырағында болдық. Сонда үйдің ішінде қасқырды терісімен тірілей қатырып қойғанын көрдік. Қызық үшін Мереке ағадан тарихын сұрап едік, ол былай деді. -Осыдан 2-3 жыл бұрын Қараоба, Қошанкөл ауылдық округтеріндегі ірі қара малдарға қасқыр көп шапты. Әккі қасқыр көпке дейін ұстатпады. Нәтижесінде 80 бас қасқырдың кеңірдегінен өтіп кетсе, менің шаруа қожалығымнан да 4-5 бас ірі қара сол әккі қасекеңнің көмекейіне кетті. Ақырында ауыл адамдары болып сол қасқырды атып алдық. 80 бастың «ет комбинаты» мына қатырулы тұрған қасқыр. Бұны Селекционный ауылындағы бір шеберге жасаттым. Қанша айтқанмен 80 басты жойған «рекордтық көрсеткіші» болғандықтан ескерткіш болсын деп әдейі сақтап қойдым, -деп күлді ағамыз. «Қасқыр қарызын терісімен қайтарады» дейді ғой. 80 басты көмекейінен өткізген бұл қасекеңді үйдің төріне емес, аудандық деңгейдегі мұражайдың төріне қойса да артық етпес деген ойға келдік.

Әсем БОЛАТ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.