АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 19.04.2016


ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕН ОСЫ ЕМЕС ПЕ?

Күні: , 116 рет оқылды

13062961_1583956801915897_7535095856529971394_oҚараобаның Еңбегі желдің өтінде, шекараның шетінде тұр. Бірақ елдің елдігін көрсетуде. Еңбектіктер өздері алақан жаймай, жыланбай, туған ауылын көркейту жолында жұмыстануда. Зиратты қоршау жұмысын қолға алса, Қараобаға барар жолды өздері жөндеп алған.Ал, бұларға жоғарыдан келіп біреулер ақыл айтқан жоқ. Біреуі ұсыныс айтты, қалғандары қолдады. Бірлік деп, бір жеңнен қол шығару деп осыны айту керек. Ал, бұл жұмысты саяси тілмен айтсақ, еліміздегі өзін-өзін басқару жүйесінің еніп келе жатырғанын көрсетеді.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


«ҚУАН ҚҰРЫЛЫС» ОРДАБАЙДЫ АЙНАДАЙ ЖАРҚЫРАТЫП ЖАТЫР

Күні: , 176 рет оқылды

13029677_1583951921916385_7883239583044362923_oОрдабай ауылында жылдар бойы жиналып қалған қалдықтарды Нұрлыбек Хайруллин жетекшілік ететін «Қуан құрылыс» ЖШС тазалауда. Ауыл тұрғындары осы бір іске дән риза. Бұл жұмыстарды көрген аудан әкімі,- ауылдарымыз күл-қоқыстан ада болса екен, тазалық, ауыл мәдениеті ең бірінші ауыл тұрғындары сіздердің жауапкершіліктеріңізде,- деді. Ал, «Қуан құрылыстың» атқарып жатырған жұмысы айтуға тұрарлық.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


АУДАН ӘКІМІ САРЫӨЗЕН БОЙЫНДАҒЫ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 122 рет оқылды

12998308_1583950085249902_5156897412548322537_o18 сәуір күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Тереңкөл ауылдық округінің Беспішен, Мереке елді мекендерінде және Қошанкөл, Қараоба ауылдық округтерінде болып, атқарылып жатырған жұмыстармен танысты. Сондай-ақ тұрғындармен кездесіп, олардың ой-ұсыныстарымен танысты.Тұрғындар қыс айынан аман-есен шығып, көктемге жеткендерін, шаруа жәйін және толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Аудан әкімімен болған қарапайым әңгімеде атқарылатын жұмыстардың шешімін табу жолында бірлесе қимыл жасайтындығы сөз болды.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Күні: , 130 рет оқылды

13055831_1583902661921311_1672295736319588119_o18 сәуір күні аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Батырбек Ахметжановтың төрағалық етуімен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Мәжілісте Қазталов ауданының 2016 жылға арналған бюджеті талқыға салынды. Бюджет қаражатының жұмсалу жәйі туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев нақтылап, түсінік беріп өтті. Сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері Уәлиолла Әбішев, Радим Рахметовтер ауылдарға тұрғындардың шаруашылық жүргізу, бау-бақша салып, өз өнімдерін пайдаланулары мақсатында техникалық су өткізу, Қазталов-Фомин өткізу бекетіне электр жарығын тарту үшін қосымша қаражаттар бөлу туралы өз ұсыныстарын айтты.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


ҮШ «ДАҢҚ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ ҚАЙЫРҒАЗЫ ИМАШЕВТІҢ ОТБАСЫНА, ЕҢБЕК ЕТКЕН ЖЕРІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

Күні: , 150 рет оқылды

Өт13063404_1583878328590411_1510786279785466826_oкен жұмада Ресейдің Саратов облысы, Озинки ауданына Орал механикалық құю зауытының директоры Алтай Мұхамбетқалиев, экономика ғылымының кандидаты, доцент Валерий Есмағұлов, Қазталов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин Үш «Даңқ» орденінің иегері, жерлесіміз Қайырғазы Имашев туралы (өмірінің соңына дейін Озинкиде тұрған, қызмет істеген) тың деректермен танысып, Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Қазталов мектебінде арнайы жасақталатын бұрышқа мәліметтер алып қайтты. Сонымен қатар Қайрығазы Имашевтің жұбайы Нұғиден апаймен жүздесіп, батырдың есімімен аталатын көшемен және мұражайға қойылған деректерімен, құжаттарымен танысты.

Жұлдыз АСҚАР


Қазақстан Республикасының біріншілігіне жолдама алды

Күні: , 138 рет оқылды

13055316_1583876275257283_6431855718306751403_nБостандық орта мектебінің бокс спорты үйірмесінің жас боксшыларының жетістіктері туралы аудан тұрғындарының көпшілігіне таныс. Жасөспірім балғын боксшылар өздеріне деген сенімділіктерімен, ұстаздарының оқытып-үйреткендерінің арқасында қаншама жарыстардан жеңістерге жетіп келеді. Сондай жеңістерге қол жеткізіп жүрген мектебіміздің жас боксшысы – Санжар Марсов. Санжар Миржанұлы Орал қаласында өткен жарыстан жүлделі орын алып, Маңғыстау облысында өтетін Қазақстан Республикасының батыс аймақтық біріншілікке жолдама алған болатын. Сол аймақтық біріншілік 7-10 сәуір күндері оздырылды. Жарыс қорытындысы бойынша 2002-2003 жылғы жасөспірімдер арасында 32 келі салмақта Санжар Марксов күміс жүлделі болып, Алматы қаласында өтетін Қазақстан Республикасының біріншілігіне жолдама алды.

Гауһар ҚҰРМАНҒАЗИЕВА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.