АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.04.2016


ЖАНУАРЛАРДЫ ҚҰЛҚЫНЫ ҮШІН ҚЫРЫП ЖАТҚАНДАРДЫ АЯМАЙТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ!

Күні: , 138 рет оқылды

13000292_1583831871928390_8431015336234012971_nАуданымызда сар даланың сұлу жануарына мылтық ұңғысын кезенетіндер азаяр емес. Соның бір айғағы 9 сәуір күні Қараоба ауылынан 8 шақырым жерде ВАЗ аутокөлігімен екі адам бір бас аталық киік жануарын атып алғандығы анықталды. Терксеру барысында оқиға орнынан 12-ші калибрлі ИЖ 43 Е маркалы №9358083 мылтығы, 10 дана 12-ші калибрлі оқтар, 1 дана 12 калибрлі гилза, 1 дана оқсауыт, 1 дана киіктің төшкесі табылды. Аудандық прокуратураның бізге берген анықтамасында осы заңсыз киік атушының біреуі мемқызметте жұмыс жасаған. Бірақ бір қызығы бұл «мемқызметші» 1 сәуір күні жұмыстан өз еркімен арыз беріп босаған көрінеді. Мынандай сұрақ туындайды. Әлгі «мемқызметші» мемлекеттік қызметін тастап, қызметке кірердегі антын аяқ асты етіп, он күн өтпей жатып өзі қызмет жасаған мемлекетке, быйлайша айтқанда туған еліне қарсы әркетке баруын қалай түсінеміз? Осындай мемқызметкерлер Елбасы айтқандай, -мемқызметкерлер шынының ішіндегі зат сияқты халық алдында жарқырап көрініп тұрады.Сондықтан олар таза болу керек, -деген талабына қарама-қайшы келіп тұрған жоқ па? Сондықтан «Қызыл кітапқа» енген жануарларды аяусыз құлқыны үшін қырып жатқандарды аямайтын уақыт жетті.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


МАҒАУИЯНЫҢ «ҚЫЗҒАЛДАҚ МАЙЫНЫҢ» ДӘМІН-АЙ!

Күні: , 164 рет оқылды

13063378_1583784578599786_6843553682575688305_oБұл күнде малдың сүт өнімдерінен жасалған тағамдарға сұраныс өте жоғары. Бұл белгілі жәйт. Ата тегі белгісіз түрлі өнімдерден жұрт жауыр болды. Аудан тұрғындары ауылдан келетін сүт өнімдерін таласа-тармаса сатып алуда. Соның бір айғағындай «Жасқанат» шаруа қожалығының жетекшісі Жасқайрат пен Мағауия сүт өнімдерінен жасалған тағамдарын халыққа ұсынуда. Ал, ол тағам өнімдерінің ішінде қазақтар «қызғалдақтың майы» атап кеткен сары май, айран, майқұрт, сүзбе, қаймақ бар. Дәмі тіл үйірген бұл тағамдардан ауыз тигізгеннен кейін дүкендерде самсап тұрған белгісіз өнімдерге қарағың да келмей қалады. Шаруа жасаған еңбек адамдары өз өнімдерін осылай халыққа ұсынып тұрса, адал еңбектерінің ақталғаны ғой.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


СЕНБІЛІК ӨТТІ

Күні: , 166 рет оқылды

13000105_1582937748684469_4133712265630007905_n16 сәуір күні Жалпақтал ауылдық округінде ауыл тұрғындарының қатысумен жалпы сенбілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы, орталық саябаққа, Жалпақтал мешітінің ауласына, барлық мекемелердің аулаларына шие, қарағаш, үйеңкі, шаған, ақ терек тал-теректер егілді. Жалпы 600 түп көшеттер отырғызылды. Барлық теректердің түптері әктеліп, айналасы қопсытылды. Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері, жастар қатысты.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАЛАР ЖАҢАША ДИЗАЙНМЕН ЖАҢАРТЫЛУДА

Күні: , 194 рет оқылды

12970811_1582931792018398_711951228091909413_oӨткен жылы пайдалануға берілген «Достық» саябағы аудан тұрғындарының сүйікті орнына айналғаны белгілі. Дұрысын айтайық осы саябақтың халық игілігіне айналуына аудан әкімі НҰРЛАН БЕКҚАЙЫРДЫҢ тікелей үлес қосқанын, мекемелерді осы іске тартуға күш-жігер жұмсағанын білген жөн. Енді саябақта тұрған ескерткіш тақталар аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен жаңа дизайнмен қайта жаңартылуда. Ал бұл істі ұжымына жұғымды, ауылдастарына сүйкімді көрініп жүретін елгезек азамат, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы ДОСЖАН АХМЕТОВ бауырымыз ғажайып қылып орындауда. Жаз келгенде бұл саябақта көңілді әуен естіліп, жұртшылықтың әр жұма сайын кешкі шәйін ішпестен ағылатын уақыты да жақындап қалды. Олар әуен тыңдап қана қоймайды, бір-бірімен жүздесіп әңгіме дүкен құратындарын да көріп жүрміз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


«ДОСТЫҚ» САЯБАҒЫ ОДАН ӘРМЕН ҚҰЛПЫРА ТҮСЕРІ СӨЗСІЗ

Күні: , 118 рет оқылды

13041455_1582926925352218_7617733579165043355_o16 сәуір күні мекеме-ұйымдардың қызметкерлері галстук пен ақ көйлекті ілгішке іліп, жылтыр туфлиді шешіп, білек сыбана сенбілікке шықты. Көңілді әуен ойнап тұрған «Достық» саябағында тал егу жұмыстары жүргізілді. Бұрыннан аудан орталығына сән беріп тұрған бұл саябақ одан әрмен құлпыра түсері сөзсіз. Ал мектеп оқушылары өздерінің алтын ұя мектебінің алдында бар ынталарымен сенбілікке қатысуда. Сондай-ақ аудандық аурухана және қорғаныс бөлімі, педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті мекемесі де белсенді жұмыс жасап жатырғанын айтқан жөн.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТАЛДАР ЕГІЛІП, ҚҰСТАРҒА ҰЯ ЖАСАЛДЫ

Күні: , 224 рет оқылды

13047876_1582922235352687_6860364672252084650_o16 сәуір- Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күніне орай ауданда тал егу және тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға мекеме-ұйымдар белсене қатысса, тұрғындар да қарап қалған жоқ. Сондай-ақ табиғатты оның жануарлар әлемін қорғау мақсатында аудан жастары құстарға ұя жасады.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ЖАЙДАРМАННЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

Күні: , 132 рет оқылды

12973149_1582729958705248_5367844035618041743_o 15 сәуір күні Қазталов аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, жастар кеңесі, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімінің кубогіне арналған Жайдарман ойыны өтті. Көңілді тапқырлар ойынына әр ауылдық округтерден және аудан орталығынан Қазталов, А.Оразбаева мектептері қатысты. Сайысқа қатысқан барлық командалар өткір әзілмен қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, көрермен көңілінен шыға білді. Осы орайда ойыншыларымыз «Сәлемдесу», «Жамбы бату», «Үй тапсырмасы» бойынша кезеңдерден өтіп, ең озық деген команда мүшелері ерекше көзге түсті. Сондай-ақ «Қараөзен құрамасы» «Жанбату» кезеңінде өздерінің ақындық шеберліктерін байқатса, «Серілер», «Бессаусақ», «Ғасыр ұландары», «Азат елдің ұлдары», «Элегант» командалары басқа да кезеңдерде ойын шеберліктерін көрсетті. Ойын нәтижесінде 1 орынды Қайыңды құрамасы, 2 орынды «BOSTОN СITY» (Бостандық), 3 орынды «Қырандар» (Ақпәтер) командасы иеленсе, «Өнерпаздар» (Қазталов) командасы аудан әкімінің кубогін қанжығаларына байлады. Сайысқа қатысқан командаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тарту етті. Кеш соңында сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, — Бүгінгі тәуелсіз елдің жастары сіздерсіздер. 4 сағат бойы көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлағандарыңызға көрермендер атынан ризашылығымды жеткіземін. Сондай-ақ шалғайда жатқан Қарасу ауылынан қатысып отырған «Ғасыр ұландары» командасы мен ең алғаш киелі сахнада өнер көрсетіп жатырған «Өнерпаздар», «Қырандар», «Ғасыр ұландары» командаларына аудан әкімінің атынан шексіз алғысымды білдіремін. Ауданымызда осындай талантты жастардың барына біз қуанамыз, -деді өз сөзінде. Расында да көрерменге риясыз күлкі сыйлаған бүгінгі кеш өз мәресіне жетіп, көрермендер қуанышты көңіл-күймен тарқасып жатты.

Жұлдыз АСҚАР

12983260_1582729742038603_2115163255928296777_o 12984022_1582729835371927_2063822458940312843_o 13002622_1582729782038599_8759467553446670999_o12973094_1582729502038627_3603877942285200602_o 13040847_1582729575371953_1731491575624628999_o13002532_1582912062020371_897719434106523169_o

КИРОВ АУЫЛЫ ҰЙЫМШЫЛДЫҚ ТАНЫТУДА

Күні: , 160 рет оқылды

12973526_1582673918710852_7398331477975477449_oШалғайдағы шағын ғана Киров (Саралжын) ауылы. Біз жұмыс сапарымен жүрген кезімізде бұл ауылдағы игі істің күәсі болдық. «Өлі разы болмай, тірі байымас»- демекші ұйымшылдық танытқан кировтықтар ауыл азаматтарының қолдауымен 1-млн теңге қаражат жинап, ауыл зиратын қоршау жұмыстарын жүргізуде. Ал осы істің басында Орал қаласынан туған ауылына «қарлығаштың қанатымен су сепкен»- дегендей ақын, ұлағатты ұстаз Дариға Мұштанова тұрса, оның бауырлары Оралхан, Сержан және ауыл тұрғындары Марат Ихсанов, Жарас, Даниял Ғалымовтар, Ұлан Жұмабаев, Дина Сейтқалиевалар қол ұштарын созуда. Міне, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында жоғары жаққа алақан жаймай, туған ел үшін қызмет істеп жатқандарына қалай қуанбассың?! АЛ ҚАЗТАЛОВТЫҚ АҒАЙЫНДАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН АЛЫП, УӘДЕ БЕРІП МАНДАТ АЛҒАН ДЕПУТАТ МЫРЗАЛАР! ХАЛЫҚТЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІН САЛУҒА, БІР ЖЕҢНЕН ҚОЛ ШЫҒАРЫП ҮЛЕС ҚОСУҒА ШАҚЫРСАҢЫЗДАР, СІЗДЕР ДЕ ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНЕР ЕДІҢДЕР.

Қайрат ЖАҚЫП


ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Күні: , 118 рет оқылды

12973245_1582666115378299_3673634963757300910_o15 сәуір күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Бірік, Тереңкөл ауылдық округтеріне және Қызылту, Қаракөл, Киров (Саралжын), Саралжын ауылдарына жұмыс сапарымен барып қайтты. Жұмыс сапары барысында қыстан шыққан ауылдардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып өтті. Сонымен қатар тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелерін тыңдап, қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берді.

Қайрат ЖАҚЫП


МАЛДЫ АУЫЛДАҒЫ ҚАРБАЛАС СӘТ

Күні: , 226 рет оқылды

12998414_1582552678722976_8051991491619729951_o 13041210_1582552672056310_8171140860582365498_oҚыстың сызы жоғалып, жер жүзінің масатыдай құлпырар шағы. Күннің көзі елжіреп, түйенің боздап, қойдың қоздап өріске айдалар кезі. Қазір елдің түкпір-түкпірінде көктем. Ел-жұрт емен-жарқын шүйіркелесіп, жер аяғы кеңігенше деп жоспарлаған тіршілігіне кірісті. Әсіресе, дала төсін емген шаруалар үшін қазір қауырт шақ. Малдың төлдейтін шағы. Биыл ауданымызда қыс мезгілі ондай қатты болмады. Шаруалар үшін жайлы болды. Төлдеу науқаны наурыз айының аяғында басталып кеткен. Жыл бойы маңдай терінің жемісін көрер шақта шопандар, олармен қоян-қолтық жұмыс істеп жүрген сақпаншылар мал күтімін үнемі назарда ұстауда. Сапарымыз округтің Қособа елді мекеніне қарасты «Ықылас» қыстағынан басталды. 2012 жылы Ықылас қыстағынан «Аман» шаруа қожалығын құрған Есет Хамитовтың шаруашылығында 500 қой, 100 ірі қара малы бар екен. Қожалық иесін әңгімеге тартып, мән-жайды сұрастық. -Бүгінгі таңда төлдеу науқаны жайлы өтуде. Қазіргі таңда 210 саулықтан 250 қозы алып отырмыз. Төлдеу мамырдың ортасына дейін жалғасады. Сақпанда төрт кісі жұмыс атқаруда. Қысымыз жайлы өтіп, жем-шөбіміз жеткілікті болды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы үкіметтен 6 млн 300 мың теңге көлемінде қаражат алып, жұмыстанып жатқан жайымыз бар,-дейді қожалық жетекшісі Есет Хамитов. Мұнан кейін біз осы округтің «Тамон» қыстағында сексенді алқымдап қалған «Бекет» шаруа қожалығының жетекшісі Болат Бекмурзинге жолықтық. Болат аға 1960 жылдан бері қой шаруашылығымен айналысып келді. Кеңес Одағы кезінде алдыңғы қатардағы шопандардың бірі болды десек артық айтқандығымыз болмас. Жас жігіт секілді атқан отырғанда ширақ. Шаруашылықты 2007 жылы құрыпты. Содан бері үкіметтен ешқандай қаражат алмай өз еңбегімен төлдерін көбейтіп отырған жайы бар. Қазіргі уақытта 250 қой-ешкі, 80 ірі қара, 32 жылқысы бар. -Бұрындары қой төлдету науқаны аса бір жауапкершілікпен өтетін. Жан-жақтан сақпаншылар келіп, шопан ауылында той секілді. Шығынымыз аз, кірісіміз көп. Бір малымыз екеу болып жатыр. Көктемді жақсы күйде қарсылап жатқан жайымыз бар. Жаман емес жақсымыз. Төл алу, қой қырқу, соңынан жазғы орынға көшу — малшы қауымның көктемгі машақаты осы,-дейді Болат ағамыз. Ауылдағы ағайын көктемнің әрбір жаңа күніне жаңа үміт артады. Шаруа бидайым бітік болса игі, шопан қойым егіз туса игі, дейді. Ал қазақта «қой егіз туса, бір түп жусан артық шығады» деген бар. Тек көктемдегі күн райы тосын мінез танытпаса игі.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.