АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 13.04.2016


ҮЙ АУЛАСЫНДА ЖЫЛҚЫ МҮСІНІ

Күні: , 154 рет оқылды

Қо12973377_1581697302141847_1194889239716422647_oшанкөл ауылы өзінің тарихымен де, талантты ұл-қыздарымен де қасиетті ел. Мәселен, марқұм Зейнуш Ибрагим ағамыз мұражай ұйымдастырып, бүгінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырып кетті. Ал Зейнуш ағаның іні-қарындастары да өнерді бағындырған, оны қастерлеген адамдар. Соның бір айғағындай Зейнұр аға қаладағы үйлерден артық болмаса кем емес үй құрылысын жүргізсе, ал ауласына адамға рух беретін қасиетті жылқының мүсінін жасауда. Зейнұр аға айтады: — ауылымызда жылқы мұражайы ашылғалы жатыр. Бүгінгі ұрпақ жылқыдан ажырамауы қажет. Егемен елдің болашақ жастары атакәсіпті біліп өссе, ертеңі жарқын болады,- дейді. Осы жасалып жатырған жұмыспен танысқан аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова ,- осындай рухани бағыттағы жасалып жатырған жұмыстарды елге насихаттауда жалықпауымыз қажет,- деген пікірді айтты.

12973455_1581697388808505_2203168480835788953_oӘСЕМ БОЛАТ


АУДАН ӘКІМІ ШАЛҒАЙДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Күні: , 120 рет оқылды

12984044_1581518552159722_2875755556004620606_o12957575_1581518888826355_8031215180454976478_o 12 сәуір күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Көктерек, Қарасу ауылдық округтерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ іссапар барысында Әбіш, Жұлдыз, Сатыбалды, Көмекші елді мекендерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесуде аудан әкімі, — мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізу, бөгеттердегі су арналарының тартылуы жайында айтып өтті. Сондай-ақ аудан орталығында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына бастау алып жатырған игі істердің атқарылып жатқанын айта келіп, осы істерге ұйытқы болуға шақырды. Дегенмен де үкімет береді, -деп қолымызды жаймай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз керек, -деді өз сөзінде. Әбіш ауылында ауыл тұрғындары «Асар» әдісімен балалар ойын алаңын салу жоспарлануда. Әрине, қуантарлық жәйт. Осындай игі бастамалар басқа да ауылдарда жалғасын тапса, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында 25 игі істің куәсі болар едік. Іссапар барысында Жұлдыз, Қарасу, Көктерек ауылдарында тұрғындардың көкейінде жүрген басқа да мәселелер тыңдалып, жауаптар қайтарылды. Көктерек ауылына көгілдір отын тарту және Жұлдыз ауылына мектеп салу жоғарғы жақтың назарында. Қазіргі кезде қаржы мәселесіндегі қиындықтарға байланысты әзірге күн тәртібіне қойылмай отыр. Дегенмен бұл ойластырылған шаруа өз шешімін табатынына сенімдіміз. Сонымен қатар аудан әкімі тағы бір қуанышты хабарды жеткізді. Ол көптен арман болып келе жатқан Нұрсай ауылына және аудан орталығына «Ақбұлақ» бағдарламасы іске асырылатынын айтты. Лайым да ауданымызда жақсы істер жалғасын таба берсін.

Жұлдыз АСҚАР


ТАЗАЛЫҚҚА КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

Күні: , 124 рет оқылды

12938227_1581370952174482_4208906047236845584_nАуданымызда «Тазалық айлығы» акциясы басталды. Мекеме ұжымдары мен аудан тұрғындары айлық аясында көшелерді тазартып, үйлерінде қыстай жиналған тұрмыстық қалдықтарды тазартуда. Көшелерде егілген теректердің түптері қопсытылып, әктелуде. Тазалыққа өз үлесіңді қосу — туған елге деген құрмет!

«Ауыл айнасы» ақпарат


КЕМШІЛІКТЕРДІ ТҮЗЕТУ ТАПСЫРЫЛДЫ

Күні: , 116 рет оқылды

12957584_1581336105511300_8361123981492924611_o12 сәуір күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова Бостандық округінде болып, атқарылып жатырған жұмыстармен танысты. Жұмыстармен танысу барысында атқарылып жатырған істермен қатар жіберіліп отырған кемшіліктердің бар екені анықталды. Әсіресе мектептегі оқушыларға білім беру сапасының өз дәрежесінде болмай отырғанын, округті абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жүргізуде кемшіліктер бар. Сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып жатырған мұражайдың атқарылар жұмысы төмен дәрежеде. Міне, осындай кемшіліктерді атап көрсеткен аудан әкімінің орынбасары округ әкімдігіне, мектеп әкімшілігіне нақты тапсырмалар жүктеді.

ӘСЕМ ХАЛИУЛЛИНА


БОЗ КІЛЕМДЕ АРДАГЕРЛЕР БЕЛДЕСТІ

Күні: , 104 рет оқылды

10 сәуір күні облыс орталығы Орал қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Облыс біріншілігінде оздырылған боз кілемде біздің жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл сайысқа аудандарымыздың ардагерлері қатысып, әртүрлі салмақ дәрежесінде мықтылар анықталды. Атап өтер болсақ 100 келі салмақта Батырбек Ихсатов, 90 келі салмақ дәрежесінде Ғаділбек Сатыбалдиев алтынан алқа тағып, жеңімпаз атанды. Ал 100 келіде Ержан Абатов, 90 келіде Айбар Мұғалбаев, 82 келіде Руслан Жақыпов, 68 келіде Әділбек Алғазиев ІІ орындарды иеленді. Облыс орталығында өткен жарыста біздің жерлестеріміз арнайы дипломдармен, медальдармен марапатталды.

12985592_1580940215550889_8307713432898924361_nТұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


ЖҮЛДЕЛІ ҮШІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Күні: , 106 рет оқылды

12973021_1580935945551316_7479779296059365919_o9 сәуір күні Бөкей Ордасы ауданы әкімінің жүлдесі үшін волейболдан ашық турнир өтті. Турнирге Қазталов, Жаңақала, Бөкей Ордасы, Ресей Федерациясы Знаменск кентінің командалары қатысты. Ашық біріншілікке қатысқан 6 команданың арасынан Қазталов командасы жүлделі 3-ші орынды иеленді. Ал, команда мүшесі Қуандық Молдағалиев «Үздік байланыстырушы» аталымын жеңіп алды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК


СЕРІКБАЙДЫҢ ЖЕҢІСІ

Күні: , 122 рет оқылды

12987209_1580933365551574_6896462871034584366_nЖақында Орал шаһарында 1996-1997 жылы туылған жастар арасында самбо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты оздырылып, жерлесіміз жеңіс тұғырынан көрінді. Орал қаласында өткен ел чемионатында Серікбай Нығмет 68 келі салмақ дәрежесінде І орын алып, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Бүгінде Серікбай БҚМУ-да «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің студенті, спорт шебері. Еуразиялық ойындардың жеңімпазы. -Осы жарысқа бірнеше жыл дайындалдық, осы жеңіске және Қазақстан чемпионы болғаныма қуаныштымын. Алда Азия, әлем чемпионаттарына дайындалып, бағындыруға тырысамыз,-дейді жерлес палуанымыз Серікбай. Ендеше жерлесімізге сәттілік тілейміз.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


ӘМИНАНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕҢІСІ

Күні: , 108 рет оқылды

амина8-9 сәуір күндері М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер факультеті ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектер арасында «Жас дарын» байқауы өтті. «Жас дарын» байқауы — мәдени мұраны сақтап, жас таланттарды тауып оларды қолдау, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдени аралық диалог пен ұлттық мәдениеттерің дамуына ықпал етуді көздейді. Осы байқауға ауданымыздың атынан Баян Қабиеваның шәкірті Әмина Ғайнеденова дәстүрлі ән жанры бойынша қатысып, бірінші орынды иеленді. Байқау кезінде Әмина Ғарифолланың әні «Әнші дауысы» және Құмардың термесін орындап, өзінің нағыз дарын иесі екенін тағы да дәлелдеп шықты. Бұған дейін де бірнеше xалықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып үлгерген Әмина мен ұстазы Баян Құбайқызын кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мөлдір ӘНУАРБЕК


БАР ЖАҚСЫЛЫҚ БАЛАЛАРҒА

Күні: , 128 рет оқылды

12983400_1579913328986911_5931248625793042088_o 12971027_1579913335653577_6046826307992991946_oКөктем келді дегенше баланы үйде ұстап отыру мүмкін емес. Әсіресе, демалыс күндері балақайлар таза ауамен тыныстап, асыр салып ойнағысы, әткеншек теуіп, жүгіріп-секіргісі келеді. Мұндайда балалардың ермегі – ауладағы ойын алаңқайлары екені даусыз. Ауылдарға бара қалсаң ойын алаңқайларын сирек көреміз, кей жерлерде жоқтың қасы. Ал кейбір азаматтар өздері туған ауылына көмектерін көрсетіп жүр. Соның бір айғағы 9 сәуір күні Қазталов ауылыдық округіне қарасты Қоныс ауылының тұрғындары нәтижелі істің куәсі болды. Балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Әділ Хайруллин, Жұмабек Габдулов сынды ауылына жаны ашыған азаматтар қаржылай көмек көрсетіп, темірден түйін түйген шебер Ерлан Ақболатовтың өз қолымен жасаған жабдықтар көздің жауын алады. Арнайы материалдардан жасалған әткеншектерден бастап, үлкендер демалатын орындыққа дейін орнатылған. Бұл игі істе ауыл тұрғындарының да үлесі бар екенін айтқанымыз жөн. Ойын алаңының ашылу салтанатына қатысқан Қазталов ауылдық округі әкімінің орынбасары Айбек Керешов ауыл тұрғындарын игі бастамамен құттықтап, осы нысанды жасақтауға қатысқан бір топ азаматтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Алаңның ашылу лентасын «Ұмай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, еңбек ардагері Гүлзада Изимова кесіп, ауыл үлкендері жиналған бүлдіршіндер мен тұрғындарға шашу шашты. Ауыл тұрғындары атынан сөз алған «Алтын алқа» иегері, көп балалы ана Жансұлу Мақсотова,- бұл балалар үшін өте ыңғайлы. Өте тамаша. Өйткені бала ойынмен өседі. Сондықтан біз бұған өте қуанышытымыз. Бұл ойын алаңын жасақтауда ат салысқан ауыл азаматтарына аналық алғысымды жеткіземін!,- деді өз сөзінде. Ойын алаңының іші асыр салып ойнаған балақайлардың күлкісіне толып, арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Осындай игі бастамалар ауданымызға қарасты басқа да ауылдарда жалғасын тапса екен дейміз.

Қайрат ЖАҚЫП


«ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙМЫН» ФЕСТИВАЛІ

Күні: , 100 рет оқылды

12977017_1579564592355118_1828660469720306119_o12916804_1579566392354938_274495355070447442_o8 сәуір күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған аудандық ардагерлер ұйымы, электр торабы, телекоммуникация, Қазпошта, газ мекемесі ұжымдарының «Тәуелсіздікті жырлаймын» өнер фестиваліне орай концерті өтті. Бұл күні аты аталған мекемелер халыққа қызметін өз өнерлерін ұсынды. Әрине сахнаға шығып, өнерлерін көрсеткендерді кәсіби өнер адамдарымен салыстырмайық. Бірақ әр салада жүрсе де олар бойларындағы өнерлерін бар ынта — жігерлерімен халыққа ұсынуы құптарлық іс. Бұл концертте де ардагерлер Сандуғаш, Жалмұқан, Әсемқоңыр, Қадыртай аға-апаларымыздың әндері, күйлері жұртшылық көңілінен шығып жатты. Қазтелеком қызметкері Рақымжан Жасқалиев шырқаған әнімен жұртты бір серпілтіп тастаса, газ мекемесіндегі Мирас Жұмабаев әнді жақсы орындауымен қатар жүргізушілік қасиетімен де дараланғаның айтқан жөн. Ал концертті ұйымдастырушы мекемедегілер би өнерінен де алыс емес екендерін байқатты. Попури биі. Сахнаға «өзбек қыздары» шықты, Шығыс әуені баяу естіле бастады… Ортаға «кәріс ағайындар…» баяу қимылмен корей мұхитының толқынымен бірге ырғалды… Адам көңілін желпіндірер «сары шашты көршілер» жылдам би қимылдарымен залды бір қозғалысқа түсірді. Міне «Қара жорға». Айтуға тіл жетпейді қыз бен жігіт. Бір-біріне би арқылы ынтызар көңілін, жүректің лүпілін, ақ махаббаттың сезімін жеткізуде… Дана халықтың биі де сөйлей алатының көруге болады. Концертте Тәуелсіздіктің құрдасы Айдын Берікұлына аудандық «Қазпошта» мекемесінің бастығы Жанар Табылдиева алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыстады. Осындай әсерлі концертті ұйымдастырушыларды пошта қызметінің ардагері Оразбай Жұмағұлов құттықтап, батасын берді. Эстафета келесі ұжымдарға тапсырылды. Осындай жұрт көңілінен шыққан концертті ұйымдастыруға белсенді ат салысқан аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллинаның еңбегінің бар екенін айтуға тиіспіз. Тағы бір айтарымыз Телеком өзінің бейне көрінісін көрерменге ұсынып, тарихқа шолу жасады.

ӘСЕМ ХАЛИУЛЛИНА


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.