АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 11.04.2016


ДАЙЫНДЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ

Күні: , 186 рет оқылды

12719253_1561226297522281_8427032068299151134_oҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес көктемгі су тасқыны кезеңін апатсыз өткізу, аумақты, тұрғылықты халықты қорғау, ТЖ алдын алу мақсатында республика көлемінде наурыз айының 3 – 4 күндері аралығында «Көктем-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Осындай оқу – жаттығу 3 – 4 наурыз күндері ауданымызда өткізіліп, аудандық ТЖ комиссиясының басшылығымен аудандық шұғыл әрекет ету жасақтарының көктемгі су тасқынына дайындықтары, техникаларының, құрал жабдықтарының дайындықтары тексерілді. Оқу – жаттығу кезінде әр жасақ басшыларымен нұсқау жүргізіліп нақты тапсырмалар берілді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ӘЙЕЛ-АНА,ӘЙЕЛ-ӘЛЕМ

Күні: , 128 рет оқылды

12771562_1560848950893349_257180432141646311_o4 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналаған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында ауданның әйелдер араласып жүрген салалар бойынша бейнекөріністер көрсетілді. Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мерекелік баяндама жасады. Сонымен қатар Елбасының Жарлығымен берілген бір топ аналарға «Алтын алқа» табысталып, үздік нәтижелерге жетіп жүрген нәзік жандыларға аудан әкімінің алғыс хаты салтанатты түрде берілді. Мерекеде облыстық халық шығармашылығы орталығының жетекші маманы Батырхан Қайыров Қошанкөл ауылындағы М.Беғалиевтер жанұялық ансамблне және Ақпәтер ауылындағы Марат Хасанов басқаратын «Әсемқоңыр» ұлттық аспаптар оркестріне халықтық атақтың сертификаты табысталды. Мереке соңы аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.

Қайрат ЖАҚЫП


МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ

Күні: , 138 рет оқылды

12794983_1560843910893853_2425978691775482355_o4 наурыз күні аудандық мәдениет үйінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ауданымыздың әр түрлі салаларында қызмет етіп жүрген бір топ нәзік жандыларды қабылдады. Қабылдауда аудан әкімі әйел-аналарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларында бақыт, жұмыстарына табыс тіледі. Мерекелік шарада әр түрлі кәсіп иелері сөз алып, Елбасымыздың әйел-аналарға жасап отырған қамқорлығы жөнінде айта келіп, әркезде де бала тәрбиесі мен қоғамдық қызметте де аянбай жұмыс жасайтындарын жеткізді. Аудан әкімінің қабылдауы әнмен өріліп, поэзияға да кезек берілгендіктен мазмұнды бола түсті. Қабылдауға келгендерге ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


ӘСЕРЛІ ӨТКЕН ЖЫР КЕШІ

Күні: , 140 рет оқылды

12771635_1560607410917503_8643152681868025478_o3 наурыз күні Бостандық мәдениет үйінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-термеші, айтыс ақыны, жерлесіміз Қатимолла Бердіғалиевтің жеке орындауындағы «Айман-Шолпан» жыр кеші өтті. Бір сағаттың үстінде жырланатын «Айман-Шолпан» — лиро-эпостық жыры қазақ халқының ауыз әдебиетінде ерекше орын алып, 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ елінің әлеуметтік-қоғамдық тіршілігін, тұрмыс-салтын қамтиды. Жыршы біресе дауысын бәсеңдетіп, біресе көтеріп қимыл-қозғалысын әртістік қалыппен шебер бейнеледі. Қағысы қандай! Талантты адам қашан да құдыретті. Жырдың бір эпизодынан екіншісіне өтердегі әуеннің өзгеруі, әдемі «Әлқисса» сәнді жырды одан да сәулеттендіре түсірді. Халқына асыл қазынаны жырмен жеткізген ағамызға ризашылықпен қол соққан ауыл тұрғындарының осы кештен үлкен рухани ләззат алғандарында сөз жоқ. Кеш соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова әсерлі жыр кешін силаған ағамызға ел атынан алғыс айтып, алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты.

Қайрат ЖАҚЫП


Мереке қарсаңындағы жылы жүздесу

Күні: , 192 рет оқылды

12768201_1560079740970270_3644939392169915844_o8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында 2 наурыз күні Жалпақтал ауылдық округі әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі аналармен, қыз-келіншектермен кездесті. Кездесуге мекеме басшылары, әлеуметтік саланың мамандары, кәсіпкерлер қатысты. Жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы құттықтап, қоғамдағы әйел қауымның алар орын ерекше екеніне тоқталды. Аудан көлемінде атқарылып жатқан үлкенді-кіші жұмыстардың барлығында да аналарымыз бен қыздарымыздың қолтаңбалары бар екенін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам өміріне белсене араласып, қазіргі таңда кәсіптерін ашып, өз істерін дөңгелетіп отырғандарын да айтып өтті. Осы кездесуде аналарымыз бен қыз-келіншектеріміз өз ойларын ашық айтып, ұсыныс пікірлерін нақты жеткізе білді. Кейбір аналарымыз аудан орталығында спортпен шұғылдануға жағдай жасалса десе, ал кейбіреулері несие алуға қолдау білдірілсе дейді. Шара барысында аналарымыз жақсы тілектер айтып, Жалпақтал мәдениет үйініңі өнерпаздары әннен шашу шашты. Аналар да өз кезектерінде шара ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым жанашыр болып жүретін кәсіпкер Гүлбану Шукаева алғыс хатпен марапатталды. Отырыс соңында аудандық ерікті мүгедектер қоғамы бірлестігі атынан аналарға мерекелік сыйлықтар табысталды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Көктемнің алғашқы күнінде сәби үні естілді

Күні: , 136 рет оқылды

12803024_1559680687676842_7006540081192649402_n1 наурыз Алғыс айту күніне орай Жалпақтал аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде жаңадан туылған сәби дүние есігін ашты. Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде болып, 1 наурыз Алғыс айту күнінде нәрестелі болған Данира Сейтқалиеваны құттықтап, жас анаға және оның нәрестесіне мықты денсаулық, отбасына амандық тіледі. -Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының аналарға, әсіресе жас аналарға деген қамқорлығы ерекше. 1 наурыз Алғыс айту күнінде нәрестелі болуымыз – отбасымыз үшін зор қуаныш. Жолдасымыз Амангелді екеуміз Али есімді ұл тәрбиелеп отырмыз. Енді міне 2 келі, 500 грамм салмақпен Айя есімді жас нәрестемізді қолымызға алып, қуанып жатырмыз. Біздің отбасымздың қуанышын бөлісуге келген Жалпақтал әкімшілігіне алғысымыз шексіз. Сондай-ақ осы сәбиді аман-есен дүниеге әкелуіме көп көмек жасаған перзентхананың дәрігерлеріне, медбикелеріне алғысымды жеткіземін. Әр үйде іңгәлаған сәбидің даусы естіліп, өмірге келген сәбилер ата-аналарының көз қуанышы болсын,-дейді жас ана Данира Арманқызы Жалпы Жалпақтал аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде жыл басынан бері 15 сәби өмірге келген. Бұл көрсеткіш ауылымыздағы демографиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанының дәлелі.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ МЕРЕКЕ

Күні: , 134 рет оқылды

12768363_1559502161028028_8111426058141388451_o1 наурыз. Орталық алаң. Аудан орталығының халқы осы жерге жиналуда. Бір-бірін «Алғыс айту» күнімен құттықтап жатқан жұртшылық. Алғыс айту күніне жиналғандар алдында аудан жастарының флешмобы ұйымдастырылды. Осы бір алғаш рет аталып отырған мерекеде аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жиналған жұртшылықты құттықтап, көктемнің алғашқы мейрамы әрбір шаңыраққа бақыт әкелсін деген тілегін жеткізді.

Сонымен қатар мерекеде сөз алған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Әкімалиев, еңбек ардагері Теміртай Нұғыманов та құттықтауларын айтса, ұлты неміс Александр Гефнейдер, -мен қазақ халқына борыштармын. Өзімнің болмысымды қазақ деп санайтын дәрежеге жеттім. Жұбайым Надя екеуміз 40 жылдан астам сіздердің араларыңызда өмір сүріп келе жатырмыз. Балаларымыз да осы жерде өсті. Менің Отаным — Қазақстан. Сондықтан мен барлығыңа рахмет айтамын, -деп жүрекжарды сөзін арнады. Сондай-ақ биылғы «Алтын белгіден» үміткер мектеп түлектері де жүрекжарды тілектерін білдірсе, жиналған көпшілік еркін микрофон арқылы өз лебіздерін білдіріп жатты. Осындай жүрекжарды алғыс айтулар ән-бимен өріліп, мерекенің сәнін ажарландыра түсті. Жиналған көпшіліктің алдында еңбек ардагері Жұмажан Қиясов ақ батасын беріп, еліміздің аспаны ашық болсын деген тілегін жеткізді.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ


Жерлес палуандар жеңісі

Күні: , 172 рет оқылды

10295713_1557676641210580_7397613806792018642_nЖақында Елордамыз Астана қаласында 1997-1998 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен және Өскемен қаласында дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты оздырылып, біздің жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпақтал ауылындағы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері Өскемен қаласында өткен ел чемпионатында жақсы нәтижемен оралды. Елордамыз Астанада өткен ел біріншілігінде 66 келі салмақта қазақ күресінен Нұрдәулет Жәрдемов қола жүлдеге ие болды. Қазақстан Республикасыны чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде Бейбіт Мәдиев І орынды жеңіп алып, жеңімпаз атанды. Ал 66 келі салмақта Саят Сейтқалиев күміс медалді олжаласа, 60 келіде Бақытжан Амангелді, 66 келі салмақ дәрежесінде Серікбай Ниғмет қола жүлдені иеленді. Бүгінде бұл шәкірттердің жаттықтырушылары Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Қауметовтің, Ғаділбек Сатыбалдиевтің, Жеңіс Стамғазиевтің еңбектері орасан зор. Қазіргі уақытта палуандар алдағы өтетін сайыстарға дайындық үстінде. Олардың әлемдік додаларда топ жарып, әнұранымызды асқақтатынымызға кәміл сенеміз.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Алғыс-бата алған күн

Күні: , 182 рет оқылды

12771946_1557271204584457_4311822207168431757_oБүгінде елімізде өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасып, қиын қыстау кезінде келген ұлтты жеріне паналатқан қазақ халқының дархандығын қалай десек те мақтауға лайық. Бұл өзіміз және өзгелер үшін ұмытпайтын тарих. 1 наурыз Елбасының Жарлығымен «Алғыс күні» жарияланған болатын. Осы мақсатта 24 ақпан күні Жалпақтал ауылында «Алғыс бата ал» акциясы ұйымдастырылды. Бұл шараға Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігінің жетекші маманы Айдана Серікқызы, Жалпақтал аймағы бойынша жалғысбастылармен үйден көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Мерует Нұралиева және Жалпақтал ауруханасының әлеуметтік қызметкері Рабиға Жұмаева акция шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат Сәрсембиевтің, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, жағдайы төмен отбасылардың шаңырақтарында болды. Олар 14 отбасылардың шаңырақтарында болған кездесуде арнайы азық-түліктермен қамтамасыз етіп, қал-жағдайларымен бөлісті. -Елбасының «Алғыс айту» күні мерекесін жариялағанын дұрыс деп есептеймін. Біздер ауылдық жерде қазақтармен қарым-қатынасымыз жақсарып, бүгінде бірі-бірімізбен құда болып жатқан жағдайымыз бар. Қазіргі уақытта еліміз тыныш, әлеуметтік қызметкерлер күнбе-күн келіп, жағдайымызды біліп тұрады. Қолдарынан келгенше көмектерін аямаған емес. Ұлттардың бір-біріне және қазақтарға алғыс айту мерекесі тойшыл қазаққа артық етпес деп есептеймін,-дейді орыс ұлтының өкілі, зейнеткер Валентина Молоткова. Осындай кездесу барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Жұбат атамыз өзінің ақ батасын беріп, елдің амандығын тіледі.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


МҮГЕДЕКТЕР МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Күні: , 116 рет оқылды

12768292_1556850857959825_63255426466705922_oБүгінгі таңда мемлекетіміз мүгедектерге әлеуметтік көмек жасау мәселесіне үлкен көңіл бөліп отыр. Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы еліміздің барлық әлеуметтік сала мекемелерінде қолға алынған. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі де мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда. Соның бір айғағындай 22 ақпан күні аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мүмкіндігі шектеулі Оралхан Әубекіров арнайы ұялы телефон, сағат, көпжүйелі дыбыс шығарғыш құралымен, ал Жақсылық Әлмурзин ұялы телефонмен қамтамасыз етілді. Ауданымызда алдағы уақытта да мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы талаптары бойынша қамтамасыз ету жұмыстары жалғаса бермек.

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.