АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Апрель, 2016


ӘНМЕН СУСЫНДАТҚАН МЕЙРАМГҮЛ ОРАШЕВА. ЗАЛДА 30 ШАҚТЫ КӨРЕРМЕН. ТЫҢДАРМАНЫ ЖОҚ ӘН – ЖЕТІМ

Күні: , 170 рет оқылды

13055278_1587961618182082_4921593332799062319_o 13071723_1587961641515413_986942719010517789_o 13116414_1587961714848739_7812362905019274498_oӨнерден өзіндік орнын ойып алатын Қаламқас Орашева өмірден ерте кетті. Халқың сусындата алмай кетті… Бірақ Қаламқас апамыздың өнерін әрі қарай жалғастырып келе жатырған сіңілісі Мейрамгүл Орашева бұл күнде еліміздің өнерлі қыздарының бірі. Ал, оның жұбайы Мақсат Тілепберген де өнер жолындағы азамат. 26 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде Мейрамгүл Орашева жұбайы Мақсатпен және Қаламқас апамыздың жан құрбысы Набат Ойнарова әннен шашу шашты. Олардың орындауындағы Нұртуған, Майлықожа, Базар жыраудың термелері мәдениет үйінің ішіне сыймай, көгілдір көктемнің ен даласына самғап бара жатты… Сондай-ақ Ғарифолла Құрманғалиевтің асқақ әндері шырқалып, Ғарекең бір ортамызда ән салып тұрғандай әсер болды. Ал, Мақсат ағамыз күмбірлеген күй тартып, поэзиядан да сусындатты. Мейрамгүл апамыз көрермендерін де сыйлай біледі екен. Оның айғағы – көрермен болып отырған жастарға арнап, бүгінгі күннің әндерін де орындап, бір серпілтіп тастады. Осындай әсерлі ән кешіне келген 30 шақты көрермен (мәдениет үйі 300 орындық) орындарынан тұрып, қол соқты. Бұл шын таланттарға деген құрмет деп түсінеміз. Енді жоғарыда айтқандай Мейрамгүл апамыз, — көрермендерін сыйлай біледі, — дедік. Ал, біз со-о-о-нау алыстан келген халқымыздың талантты ұл-қыздарын сыйлап жүрміз бе? Концерттің ортасында Набат апамыз қазақтың қасиетті қара домбырасымен күй орындап жатқанда бір жас әйел адам екі баласын жетектеп шығып бара жатты. Шаруасы болған болар, бірақ екі баласының өмірдегі жолы үшін күй аяқталғасын да кетуге болатын еді. Набат апамыз орындап жатқан күйін тоқтатып, ренішін білдірді. Сондай-ақ 30 шақты көрерменнің болуы да қынжыларлық жағдай. Мекемелердегі компьютерге үнілген шенеуіктер мен қызметкерлер өнерді сыйлап, сағат жарым уақыттарын бөлгенде ештеңе қирап қалмас еді. Мына қызықты қараңыз, мекеме қызметкерлері концертке сатылған билетті сатып алған да, өздері қатыспаған. Сонда олар өнерді азын-шоғын тиын-тебеннің құны арқылы бағалап тұрған сияқты көрінеді. Жасанды дауыспен ән айтқан «Сайлаубектерді» тыңдауға уақыт табамыз. Әннің тыңдарманы болмаса, ол –жетім. Ал, біз өнерді жетімсіретпейік, ағайын! Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова өнер адамдарына алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.

Жұлдыз АСҚАР


ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Күні: , 212 рет оқылды

13055846_1587705244874386_2797087397463875722_o26 сәуір күні Қазталов ауылдық округі әкімдігі мен аудандық жастар кеңесі және аудандық жастар ресурстық орталығы Чернобыль апатын жоюға қатысқан жерлестермен кездесу өткізді. Биыл Чернобыль апатына 30 жыл толып отыр. Бұл апаттың адамзатқа төндірген қаупінің қандай болғанын қазіргі күнде көзі қарақты адамдар түсінуде. Өйткені ядролық қоймалардың немесе оны өңдейтін зауыттардың айналаға аждаһа болып, өлім себері сөзсіз. Сондықтан бұндай апаттардан еліміз аман болсын дейік. Кездесуде Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушылар Бекболат Ғазизжанов, Әлібек Жұмағалиев сол кез туралы әңгімеледі. Қазталов ауылдық округі әкімдігі атынан апат зардабын жоюшыларға алғыс хат табысталып, дендеріне саулық тілеген лебіздер айтылды.

Қайрат ЖАҚЫП


«МАЙМЫЛСЫҢ!» — ДЕП ЕКІ КҮНГЕ ҚАМАЛДЫ

Күні: , 140 рет оқылды

Адам баласы шатасайын десе аяқ-асты емес пе? Тап осындай шатасу Бостандық ауылында орын алды. Отызында орда бұзар А. деген азамат шынының ішіндегі «мөлдір суға» қанып алып, ол аз болғасын ауылдың қақ ортасында тұрған «Мөлдір» дүкеніне бет бұрады. «Мөлдір» дүкенінен Г-ден қарызға «мөлдіреген су» сұрайды. Ақылы бірде кіріп, бірде шығып тұрған А-ға қайдан қарызға бере қойсын? Ашудан қаны басына шапқан А. Г-ні «ата-тегіне» теңеп бір тастайды. Былайша айтқанда, «маймылсың!», — дейді. Бұндай сөзге кім шыдасың? Оның әрекеті құқық қорғау органдарына хабарланады. Нәтижесінде А. ӘҚБт-К-нің 434 – бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін 2 (екі) тәулік әкімшілік қамауға алынды.
(Материал Қазталов аудандық сотынан алынды), (ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ)  

Әсем БОЛАТ


«ЖАС ҚЫРАН» ӨЗ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Күні: , 154 рет оқылды

13041436_1587187291592848_7529966876772320545_oБүгінгі таңда өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттауда мектептерде оқытылатын алғашқы әскери дайындық пәнінің берері мол. Осы орайда 25 сәуір аудан орталығындағы «Достық» саябағында Алма Оразбаева атындағы мектебінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Жас қыран» әскери-патриоттық сайысы өз жалауын көтерді. Ұйымдастырылған шараға ауданымыз мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері мен 9-10 сынып оқушылары қатысуда. Сайыстың ашылу салтанатында сөз алған аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Тоясов, аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Нұрлан Нұрғалиев, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрлан Кенжин және А.Оразбаева атындағы мектебі директорының міндетін атқарушы Інжумаржан Ғазизова қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Сайысқа аудандық қорғаныс бөлімінің және №2036 әскери бөліміне қарасты шекара заставасының қызметкерлері қатысып, төрелік етуде.

Қайрат ЖАҚЫП


«ӨНЕРПАЗДАР» КОМАНДАСЫ ҚОРЖЫНДАРЫН ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСПЕН ТОЛТЫРДЫ

Күні: , 140 рет оқылды

13083246_1587153778262866_5545396056371605245_nКеше ғана ауданда өткен «Жайдарман» ойынында Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінің талантты оқушыларынан құралған «Өнерпаздар» командасы бас жүлдені қанжығаларына байлап, аудан әкімінің кубогін иеленген болатын. Осы өнерлі жастардың астарлы әзілдері мен ойын өрнектерінің шеберлігі көрерменге риясыз күлкі сыйлады. Міне, нағыз өнердің ортасында қайнаған талабы таудай талантты жастарымыз тағы да қоржындарын жеңіспен толтырды. 23 сәуір күні Жəнібек ауданының Жақсыбай ауылдық округінде Дуитов Миршат Еркінұлына арналған қайырымдылық кешіне орай «Жайдарман» ойыны өткізілді. Осы жарыста «Өнерпаздар» командасы ауданның намысын қорғап, ауыспалы кубокті иеленіп қайтты. Жарыста өнер көрсеткен Əлібек Сартөк, Нұргелді Камалидденов, Еркін Ерболат, Әли Қадержанов,Ниязбек Жумин, Айбек Ғазизовтер әлі де биік белестерді бағындырып, аудан намысын қорғап жүретініне біз сенімдеміз. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!

Жұлдыз АСҚАР


«МЕНІҢ ӨНЕРЛІ ҰЖЫМЫМ» АТТЫ ВОКАЛДЫ ТОПТАР БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Күні: , 228 рет оқылды

13029552_1586487928329451_2815055745412520743_o 13041253_1586487758329468_8628076824863769684_o 13086696_1586487164996194_5477907272166851201_o 13086931_1586487618329482_2817572681717468193_oСәуір айының басында басталған «Менің өнерлі ұжымым» атты вокалды топтар байқауы 23 сәуір күні өз мәресіне жетті. Сәуір айының басында басталған байқауда «Балдәурен» «Ертегі» бөбекжайының, Жалпақтал «Қазпошта», Ғ.Молдашв, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің, Жалпақтал колледжі, аудандық киножүйесі мекемелері қатысқан болатын. Бүгінгі күні сол мекемелер «Тәуелсіздікті жырлаймыз» атты патриотық әндерден және еркін тақырыпта әндерін шырқады. Әділқазылардың әділ бағалауларының арқасында «Бәлдаурен» бөбекжайы, аудандық киножүйесі, Жалпақтал колледжі үшінші орын алса, Жалпақтал «Қазпошта», «Ертегі» бөбекжайы екінші орындарды қанағат тұтты. Ал Ғ.Молдашев атындағы орта мектептің ұжымы бірінші орын алса, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің ұжымы бас жүлдені және «Алтын микрофонды» иеленді. БАРЛЫҚ ҚАТЫСҚАН ӨНЕРЛІ ҰЖЫМҒА ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ


БОЗ КІЛЕМДЕ БАЛУАНДАР БЕЛДЕСТІ

Күні: , 164 рет оқылды

13063309_1586473448330899_4328392072661854268_o23 сәуір күні Қараөзен ауылдық округінің мектеп-лицейінің спорт залында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және грек-рим күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Мұрат Жұмашевті еске алуға арналған 2001-2003 жылы туылған және 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир оздырылды. Ашық турнирге облыстық спор интернат, Орал қаласы, Теректі ауданы және ауданымыздың Жаңажол, Қараөзен, Қазталов ауылдық округтерінің, Жас елді мекендерінің командалары қатысты. Ашылу салтанатында ауыл әкімі Бауыржан Қобдолұлы, мектеп-лицей директоры Мәншүк Жексенова, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев, аудандық мәслихат депутаты Нұрлыбай Жолдыбайұлы, аудандық мәдениет, тілдірді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы Ербол Аяпов сөз сөйлеп балуандарға сәттілік тіледі. Осы жарысқа Мұар ағамыздың шәкірті Артур Үмбетқалиев қатысты. Бір өкініштісі облыстық ашық турнирге маманын жібергенінше сала басшысының өзі қатысқаны және осы салаға жетекшілік етіп отырған басшылардың қатысқан жақсы бола деген ойдамын. Жарыстың қорытындысы «Ауыл айнасы» газетінде жарияланатын болады.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ


«ТӘУЕЛСІЗДІКТІ ЖЫРЛАЙМЫН» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

Күні: , 139 рет оқылды

13063068_1585961478382096_7796240267001846305_o 13064702_1585962028382041_7261117115318714818_o22 сәуір күні аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты фестиваль жалғасын тапты. Фестивальді аудандық орталық аурухана, аудандық туберкулезге қарсы аурухана, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерінің қызметкерлерінің бірігуімен көрерменге керемет кеш сыйлады. Кешті «Тәуелсіздік» әнімен тербеткен Лаура Құсайынова өзінің нәзік те әдемі дауысымен қалың көрерменнің көңілінен шығып жатты. Сондай-ақ өз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен батыр ағаларымыздың ерліктеріне арнап Азидолла Жасқалиев «Біздің елдің жігіттері» термесі киелі домбырамен әуелеп жатса, Азамат Пшенбаев пен Бақытжан Нағымовтың орындауындағы «Жаса қазағым» әні көрермендердің туған елге деген рухтарын бір серпілтіп тастады. Сахнада «Жастар биі». Иә, осы жастардың бойларыңнан Отанға, елге деген патриоттықты байқайсың. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, шынайы жүрекпен жеткізген жастардың биі «қазақ» деген елімді сүйемін әрі мақтанамын деген сезімді білдірді. Осы сәттерден кейін арман қала Астанаға арнап Ләззат Хайрушева ән орындағанда әсем қаланың әсем бейнесі әсем дауыспен жаңғырып жатты… Сонымен қатар «Қазақ биі», «Орыс биі» (орындаған Ж.Айдарбекова), «Өзбек биі» өз ырғағымен биленіп жатса, Ж.Есмағұлованың «Ақ бидай», А.Бақытова мен А.Аяпбергеннің «Ақ халатты абзал жандар», жеке дауыста Ә.Тасболатов хор «Атамекен» әндері, Ж.Сатқанованың «Туған жер», Г.Қарсақованың «Тәуелсіздік тәтті үмітім едің сен» атты мәнерлеп оқулары көрермендердің көңілінен шықты. Кеш соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева осындай керемет кеш сыйлаған мекеме, ұйым жетекшілеріне ризашылығын жеткізді. «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты өнер фестивальінің эстафетасы келесі мекемеге тапсырылды.

Жұлдыз АСҚАР


КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТОСҚАУЫЛ БОЛМАЙДЫ

Күні: , 134 рет оқылды

13041048_1585934141718163_3318278819374541338_o22 сәуір күні Қазталов аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен кәсіпкерлермен және бақылаушы органдармен кездесу жиналысы өтті. Кездесуде аудан прокурорының орынбасары Адат Мұқанғалиев кәсіпкерлер құқын қорғау, оларға мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдаулар, құқықтарының бұзылмауы жөнінде айтып өтті. Кездесуде аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Аманжол Нығметов, аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы Талғат Хайдаров,- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қолдау және кәсіп иелерінің өз кәсіптерінде санитарлық — гигиеналық талаптарды орындау, тиісті заңдылықтарды сақтау жөнінде пікірлерін ортаға салды. Кездесуді қорытындылаған аудан әкімінің орынбасы Нұретдин Құтхожин,- ауданымыздағы кәсіпкерлік саласының дамуына атқарушы органдар тарапынан әркезде де қолдау болып келе жатырғанын, алдағы уақытта да бола беретінін жеткізді.

Әсем ХАЛИУЛЛИНА


ЖАЛПАҚТАЛДА «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Күні: , 138 рет оқылды

13041320_1585915858386658_3299858586573357099_o22 сәуір күні аудандық қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемесінде Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты акциясы оздырылды. Шарада білім беру бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Күнсұлу Шаканайқызы акцияның мән-мағынасын түсіндіріп, қамқорланушыларға жылы лебізін білдірді. Мұнан кейін қос білім ордаларының басшылары Гүлмайра Әбуғалиева, Салтанат Өтеғұлова да құттықтау лебіздерін жеткізіп, қариялардың дендеріне саулық тіледі. К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің жанындағы өнер бөлімінің ұстаздары ән-жырдан шашу шашты. Сонымен қатар кәсіподақ ұйым атынан қамқорланушылардың барлығына сый-сияпат табыс етіліп, қамқорлаунушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Тұрарбек АҚМУРЗИН


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.