АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 01.02.2016


«Болашаққа қаржы саламыз» акциясы жалғасын таппақ

Күні: , 177 рет оқылды

12631330_1545847682393476_3084403985902999826_n26 қаңтар күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Жалпақтал колледжінің студенті Әлихан Сахиповты, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің оқушысы Мұрат Бажекеновты қабылдады. Бұл қабылдауға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы «Бақыты балалық» жобасы аясында «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясы басталған болатын. Осыған орай аталмыш акция саяси ұйымның барлық филиалдарында жалғасын тауып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы есепшоттар ашылып, салымдар салынды. Ауыл әкімінің қабылдауында аудандық мәслихат депутаттары Мағауия Есмағұлов, Дулат Ихсанов екі балаға есеп шот ашып, Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі бойынша ақшалай салым иегерлері — жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған Әлихан мен Мұратқа сертификаттарды табыс етті. «Бақытты балалық» партиялық жоба аясындағы шараның негізгі мақсаты — екінші дәрежедегі банктерге ақшалай қаржы жинақтау жолымен балалардың жоғары білім алуына ықпал ету. -«Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Білімге салынған инвестиция — болашаққа салынған қаржы» — деп атап өтті. Бұл білімге салынған инвестицияның араға жылдар салып еселеп қайтатынын меңзеп, ұрпақтың білімі мен ой-санасының ұшқыр болуы жолында ештеңе аямайтын елдің еңсесі биік екенін дәлелдейді», — дейді аудандық мәслихат депутаттары. Осындай қолдау білдіріп, көмек қолын созған ел ағаларына Әлихан Сахипов пен Мұрат Бажекенов өз алғыстарын білдірді. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

ЖАС ҒАЛЫМ

Күні: , 227 рет оқылды

12615685_1546585822319662_4059594729191217232_oАғжан Тұрақбай Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы. Аудандық, облыстық білім сайыстарының жүлдегері. «Үздік аттестаттан» үміткер. Былтырғы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Мәңгілік ел болуға ат салысқан жергілікті майдангерлердің өмірі» атты слайд-презентация жұмысы Республикалық «Жас ғалым»журналы өткізген ғылыми жобалар арасында үздік деп танылып, «Жас ғалым» медалімен марапатталды. Ақжанның ғылыми жетекшісі — Ақмарал Омарова. Ақжанның ізденіс барысында ұстазынан тәлім-тәрбие алып, және өз–өзіне сенімді болғаны бәрімізді ерекше қуантады. Мектебінің мақтанышы, оқу үздігі Ақжанның болашағына үлкен үмітпен қараймыз. Қайрат ЖАҚЫП

Жат ағымнан сақ болайық!

Күні: , 218 рет оқылды

12654703_1546586025652975_3527553058206804848_n27 қаңтар күні Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінде Қазталов мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов және Қазталов ауылдық округінің жастар жетекшісі Әліби Жангерей мектеп оқушыларымен және ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға терроризім, экстремизм туралы мәліметтер беру, олардың теріс ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру. Кездесуге қатысқан имам діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті. Дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп берді. Сондай-ақ жас жеткіншектерге тәлімді уағыз айтып, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдеттерден аулақ болуды, елдің патриоты болып, дін атын жамылған теріс ағымдардан аулақ болуды баса назарға алып, түсіндіріп берді. Кездесу соңында оқушылар, ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12512699_1546586012319643_2902290981279865965_n

ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Күні: , 290 рет оқылды

12647064_1546970735614504_2295488983837727310_nЖақында Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебінде бала тәрбиесіне әкенің жауапкершілігін арттыру және мектеппен тығыз байланыс орнату мақсатында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Әке- отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы оздырылды. Желтоқсан айының 4- ші жұлдызында облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «Өскелең ұрпақтың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы әкелер рөлінің өзектілігі» атты әкелер форумына қатысып келген әке Хафизов Райымбек Құмарғалиұлы «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында эссе оқып, облыстық форумнан алған ерекше әсерімен бөлісіп, жолдаған аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері Асыл Кенжеғалиева және Жарқынай Меңдіғұлқызына алғысын білдірді. Форум соңында М. Шахановтың сөзіне жазылған Н. Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнімен аяқталып, әкелер зор ризашылықпен тарқасты Бұл форумды ұйымдастыруға белсенділік танытқан Мирон мектебінің педагог — психологі М. Хафизованың еңбегінің зор екені айтқан жөн. Гүлфия Көшбаева

САҒИТ САДЫҚОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛМЕК

Күні: , 256 рет оқылды

12662547_1547062475605330_833728459839698955_n29 қаңтар күні ауданымыздың тумасы, әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың 90 жылдығын аудан көлемінде атап өту жөнінде ұйымдастыру комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімі орынбасары Зәйлім Мәжитова, салалық мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты. Комиссия отырысына төрағалық еткен аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр биылғы жылды «Сағит Садықов» жылы деп жариялау жоспарланып отырғанын жеткізіп, шараны жоғары деңгейде өткізу мақсатында ұйымдастырылып жатырған жұмыстармен таныстырды. -Мерейтойды жоғары деңгейде өткізу — біздің басты мақсатымыз. Бұл елдігімізге сын – халықтық іс. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бар. Яғни, жерлесіміздің өнері мен өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау — баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы мақсатта, Сағит Садықовтың 90 жылдығы аясында өткізілетін шаралардың қоғамға маңыздылығын ескере отырып, баршаңыздың атсалысатындарыңызға сенім білдіремін, — деді аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр. Сонымен қатар мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова осы мерейтойға байланысты ұйымдастырылып жатырған жұмыс жоспарымен таныстырды. -Алдағы уақытта Сағит Садықовқа арнап кеудетұғыр орнатылып, аудан көлемінде сазгер әндерінен фестивальдар ұйымдастырылып, бейнефильм де түсіру жоспарлануда. Сонымен қатар баспасөз беттерінде естелік мақалалар жарияланып, Сағит Садықовтың халыққа әлі де таныс емес қырларын кеңінен ашып, таныстыруымыз керек, -деді Зәйлім Исатайқызы. Комиссия мәжілісі соңында қаралған мәселелерге сәйкес тиісті салалық мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасылар – басты назарда

Күні: , 256 рет оқылды

12650810_1547129215598656_7660551610769230802_nЕлбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»-атты Жолдауында: «Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және тағы басқа атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады» — деп атап көрсеткен болатын. Осы бағытта Жалпақтал ауылында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен. Қайырымды іс жасау, мейірімділік таныту, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – әрбір адамның азаматтық борышы. Осы орайда 29 қаңтар күні Жалпақтал ауылында «Қайырымдылық акциясы» оздырылды. Бұл шараға Жалпақтал ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Нұрлы Химиденова, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің мамандары Айдана Серікқызы, Ерболат Сатыбалдиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі Мира Амангелдіқызы, Жалпақтал аудандық ауруханасының медбикелері Райгүл Сәрсенғалиева, Қарлығаш Сапарова, Рабиға Жұмаева ауылымыздағы мүмкіндігі шектеулі және жағдайы төмен 11 отбасылардың шаңырағында болды. -Осындай қайырымдылық шараларды ұйымдастырып тұру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Олардың қал-жағдайларымен танысып, қолымыздан келгенше көмек көрсету,-дейді Жалпақтал ауылдық аналар кеңесінің төрайымы. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасылар шешімін таппай жүрген мәселелерін айтып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Тұрарбек АҚМУРЗИН

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ»

Күні: , 148 рет оқылды

12647223_1547370918907819_441370461312745903_n29 қаңтар күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай эстрада жұлдызы, жерлесіміз Дәурен Сейітжанов еліне келіп, шығармашылық кешін өткізді. Есімізге түсірсек, былтыр жаздың тамылжыған кешінде де өз өнерін сүйген халқына арнап, елге деген сағынышын әнмен жеткізіп, көрерменді тәнті еткен болатын. Бұл жолы да Дәурен ағамыздың өмірді өрнектеген әндерін тыңдаған халық аз болмады. Бұлай дейтініміздің бір себебі – өмірдің әрбір сын-сағаттарын әнмен әрлеп, «Қайран өмір», -деп әсем дауысымен әуелете жырлай түсті. Иә, жас та «Өнер» деген киелі сахнаның төрінен табылған жерлесіміздің әр жетістігі біз үшін қуантарлық жағдай. Соның айғағындай, ол туған өлке сахнасында сиясы кетпеген «Сүмбіл сезім» әнін орындап шықты. Оның болмысында басқа да әндер, басқа да дүниелер ақтарылып жатты. -Сіздермен орындаған ән – мен үшін бір бақыт,-деген жерлесіміз залда отырған жерлестерімен бірге ән шырқады. Сондай-ақ кеште бала кезінен бірге өскен досы Қуат Ахметов «Зведочка» әнін орындады. Кеште сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, — Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында елім, жерім, -деп еліне өз шығармашылығында арнап жатырғаныңа осы елдің атынан ризашылығымды жеткіземін. Өнерде биік белестерді бағындырып, шығар шыңын биік болсын, -деген тілегін жеткізіп, естелік сыйлық табыс етті.
Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Күні: , 160 рет оқылды

12645255_1547380525573525_3499035153491888623_n29 қаңтар күні көрші Ресей Федерациясы Саратов облысының Александров-Гай ауданында өткен штанганы жатып сығымдап көтеруден өткен ашық біріншілікке Қазталов ауданының да спортшылары қатысып қайтты. Біріншілік нәтижесінде ауданымыздың ауыр атлетикасына қомақты үлес қосып жүрген жігіттеріміз жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарды қанжығаларына байлады. ҚАЙРАТ ЖАҚЫП

ПАЛУАНДАР БОЗ КІЛЕМДЕ БЕЛДЕСУДЕ

Күні: , 166 рет оқылды

12592743_1547386232239621_4123496118422104039_n30 қаңтар күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық спорт кешенінде қазақша күрестен 2002-2004, 2005-2007 жылғы туылған мектеп оқушылары арасында аудандық біріншілік өз жалауын көтерді. Қазақ күресін дамытуға бағытталған додаға ауданымыздың Қазталов, Жалпақтал, Қараоба, Тереңкөл және Қарасу ауылдық округтерінен 14 салмақ дәрежесінде 60-қа жуық палуан қатысуда. Күрес біріншілігінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов сөз алып, жас палуандарға сәттілік тіледі. Тартысты өтіп жатырған жарыс қарқынынан палуандардың тыңғылықты дайындықпен келгенін байқауға болады. Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.