АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Февраль, 2016


ЕРКІН ДЕ, АШЫҚ АЙТЫЛҒАН ӘҢГІМЕ

Күні: , 178 рет оқылды

«Ауыл айнасы» газетінің редакторы Серік Жұмағалиев аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитовамен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту бағытында әнгіме – сұхбат жүргізді. Бұл сұхбатта аудан әкімінің орынбасары өткенімізге шолу жасай отырып, келелі әңгімелердің тиегін ағытты. 25 жылдықты тек тойлау емес, оның ұрпақ алдындағы қандай маңызы бар екені ашық та, еркін айтылды. «Ауыл айнасы» ақпарат

«ҚАЗТАЛОВ НЕСИЕ СЕРІКТЕСТІГІ». БИІКТЕРДІ БАҒЫНДЫРУДА

Күні: , 242 рет оқылды

12662530_1548513702126874_8943582845041813500_n«Қазталов несие серіктестігінің» құрылғанына 10 жыл толып отыр. Әрине, бұл несие серіктестік алғашқы жылдары «ақсақтағаны» белгілі. Алайда Абай Багисов жетекшілік жасаған уақыттан кейін оның жұмысы әрі қарай дамып, «ақсақтаудан» гөрі, желуге көшті. Былайша айтқанда, көшке ілесті. Қазіргі күнде несие серіктестігі 61 шаруа қожалығының және 1 кәсіпкердің басын біріктіріп, үлкен шаруалар тыңдыруда. Биыл тағы да 6 шаруа қожалығы кіруге өтініш білдіріп отыр. 2013 – 2015 жылдары аралығында несие серіктестік 992 ірі қара, 4050 қой – ешкі, 198 бас жылқымен толықтырылса, 15 трактор, 1 экскаватор, 1 камаз, 2 автокөлік және 10 ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықталды. Өзінің БҚО «Аграрлық несие корпорациясы» алдындағы қойған міндеттерін орындауда облыс бойынша 1 орында тұр. Демек, бұл несие серіктестігі Қараөзен мен Сарыөзеннің ортасында орналасқан ауданның ауыл шаруашылығын дамытуда өзіндік ойып алар орыны бар деп білеміз. Қазіргі күнде несие серіктестігі Аграрлық несие корпорациясының бастауымен округтерде ауылдық өндірістік кооператив құруды қолға алуда. Бір таңғаларлығы несие серіктестіктің мүшесі, шаруа қожалығы 2015 жылы 75 млн. несие алуға қол жеткізген екен. Бұл бұрын — сонды болып көрмеген нәтиже. Гүлфия Көшбаева

Өңір басшысының Көктерек ауылына сапары

Күні: , 166 рет оқылды

12647093_1548952902082954_1343808176761857014_nБүгін ауданы әкімі Нұрлан Бекқайырдың аудан тұрғындары алдындағы есеп беруінен кейін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Көктерек ауылында болды. Өңір басшысымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық әкімі аппаратының басшысы Марат Тоқжанов және облыстың бірқатар мекеме басшылары болды. Көктерек ауылындағы орта мектеп жанындағы интернат былтырғы жылы 64 млн 972 мыңға күрделі жөндеуден өткен еді. Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы күрделі жөндеуден өткен 30 орындық мектеп интернаттын аралап, оқушы балалармен жүздесті. Бүгінде бұл интернатта тұрып жатқан оуқышылар өздерінің алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Көктерек тарихи-өлкетану музейінде болды. Мұндағы жәдігерлермен танысқан Нұрлан Асқарұлы өзінің қолтаңбасын қалдырды. Тұрарбек АҚМУРЗИН

Атқарылған жұмыстарға оң баға берілді

Күні: , 222 рет оқылды

IMG_10253 ақпан күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қазталов ауданына іссапармен келді. Бұл күні аудандық мәдениет үйінде халық жиыны өтіп, онда аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жыл ішінде атқарылған жұмыстардан есеп берді. Халық жиынына қатысқан өңір басшысы ауданда атқарылып жатқан істерге оң баға бере келіп, алда тұрған міндеттерге тоқталып, сөз сөйледі. Облыс әкімінің келген іссапарында облыстың бірқатар департамент және басқарма басшылары бірге болды. -Өткен 2015 жыл еліміз үшін шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің кезеңі болды деп айтуға болады. Өткен жылда еліміз экономикада еңселі биіктерді еңсеріп, әлемнің бәсекеге қабілетті ең серпінді дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолында маңызды қадамдар жасады. Еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктері осы залда отырған Сіздердің еселі еңбектеріңізсіз елестету мүмкін болмас еді. Өтіп бара жатқан жыл ішінде жасампаз еңбек, ынтымақ, өзімізге және келешекке деген сенім жас әрі жасампаз мемлекетіміздің дамуы мен табысының негізгі жолы екендігіне көз жеткіздік, -деп бастады аудан әкімі өзінің баяндамасын. Аудан әкімінің баяндамасына құлақ түріп, цифрларға үңілсек, біршама атқарылған жұмыстарды байқауға болады. Өткен мерзім ішінде өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі 359,6 млн. теңге, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2 млрд. 967 млн. теңгені құрады. Өткен жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 4 млрд. 355 млн. 273 мың теңгені құрап, жоспар 104 пайызға игерілді. Ағымдағы жылдың бюджеті 4 млрд. 651 млн. теңге көлемінде бекітіліп, өткен кезеңмен салыстырғанда 11 пайызға өсіп отыр. Бұның өзі қазіргі әлемдегі қаржылық дағдарыстың болып жатқанын оны біздің еліміздің де айналып өтпегенін ескерсек, соған қарамастан аудан бюджетінің қоржынының ортаймағанын байқауға болады. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша өткен жылы ауданға бөлінген 34 млн. 282 мың теңге қаражатқа елді-мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылдың бюджетінде осы бағдарлама бойынша 28 млн. 446 мың теңге қаражат қаралыпты. Ауылдық жерде жұмыс жасап, тұрақтануға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, дене шынықтыру, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шаралары іске асырылуда. Бұл бағдарлама бойынша 2015 жылы мамандарға тұрғын үй сатып алу үшін 89 млн. 190 мың тенге несие бөлініп, 38 маман жеңілдетілген несиемен тұрғын үйге қол жеткізген. Есепті мерзім ішінде 8 млн. 463 мың тенге қаражат бөлініп, 61 маман көтерме жәрдемақы алған. Биылғы жылы мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін тұрғын үй сатып алу үшін 32 маманға 101 млн. 808 мың тенге бюджеттік кредит бөлінсе, 60 маманға көтерме жәрдемақы алуға 8 млн 908 мың теңге қаражат бөлінген екен. Аудан тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығына қатысты екені белгілі. Сондықтан барлық атқарар ісіміз осы ауыл шаруашылығымен байланыстырыла жүргізіліп келеді. Осы орайда ауылшаруашылық тауарын өндірушілер «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда. Өткен жылы республикалық салалық бағдарламасының 6 шебер-жоспары бойынша 34 жобаға 26 агроқұрылымдар қатысып, 403 млн 720 мың теңгеге жұмыстар атқарылған. Ауыл тұрғындары табысының негізін құрайтын мал басы (құстан басқа-84 %) тұрақты түрде өсіп, ірі қара 62 518 бас, қой мен ешкі 211295 бас, жылқы 17 296 бас, түйе 196 бас, құс 13 385 басқа жетіп, өткен кезеңмен салыстырғанда тиісінше мал басы ірі қара-108,3, қой-ешкі-109,9, жылқы 111,9, түйе-108,3 пайызға көбейген екен. Малды асылдандыру бағытында 226 шаруашылық тауарлы аналық малдарға асыл тұқымды бұқаларын сатып алып, түрлендіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекет тарапынан бөлінген 281 млн 826 мың теңге субсидияға қол жеткізген. Ал, 4 шаруашылық 258 бас асыл тұқымды аналық малдарға тұқымын түрлендіру жұмыстарын жүргізіп отырғаны үшін 5 млн 160 мың теңге субсидия алған. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңғырту мақсатында 2015 жылы 83 млн. 7 мың теңгеге 21 шаруа қожалығы лизинг арқылы 20 трактор, 15 түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын, сонымен қатар өз қаражаттары есебінен 29 трактор сатып алып, өз жұмыстарын жандандырып жатыр. Қазіргі күнде мал қыстату науқанының екі ай жарымын артқа тастадық. Қыстату науқаны ауданымызда ойдағыдай өтіп жатыр. Биылғы жылы ылғал және қардың да көп түсіп тұрғаны бәрімізге белгілі. Бұл алдағы көктемгі және жазғы жұмыстарымыздың нәтижелі болуына өз әсерін тигізері анық. Мал қыстағына қажетті мал азығын дайындау жоспары биыл 100 пайызға орындалған. Өткен жылы ауданда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері саны 1222-ге жетіп, 2470 адамды жұмыспен қамтыды. Өткен кезеңмен салыстырғанда өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 10,0 пайызға өсіп, бюджетке түскен салық түсімі 64 млн. 7 мың теңгені құраған. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ауданымызда 2 жоба іске асып, барлығы 16 млн. 950 мың теңгеге қаржыландырылған. Атап айтсақ, Ақпәтер ауылдық округіндегі «Перизат» шаруа қожалығы 9 млн. 350 мың теңгеге МАЗ автокөлігін сатып алса, Қазталов ауылдық округіндегі «Сабира» жеке кәсіпкерлігі «Көбікті бетон өндірісін» ашуға 7 млн. 6 мың теңге несие қаражатына қол жеткізген. Жұмыссыздықты азайту мақсатында қабылданған мемлекеттік «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Республикалық бюджеттен 35 млн. теңге бөлініп, 24 жеке тұлғалар мен кәсіпкерлер несиелендірілген екен. Сонымен қатар республикалық бюджетке қайтарылған қаражат есебінен 27 млн. 900 мың теңге қосымша бөлініп, 13 адам шағын несие алған. Барлығы 62 млн. 900 мың теңгеге 37 азамат шағын несие алып отыр. Соның ішінде1 жүн түтетін цехы, 1 сұлулық салоны, 2 қоғамдық монша, 1 мал сою алаңы, 1 техникалық қызмет көрсету станциясы, 1 дәнекерлеу цехы, 3 наубайхана, 21 малдану бағытында өз істерін жүзеге асырып отыр. «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 9 кәсіпкер 38 млн. 9 мың теңгеге 2 дүкен құрал-жабдықтарын, 2 камаз, 1 газель, 1 автобус автокөліктері, 62 бас ірі қара малы, 120 бас қой малдарын несиеге алып, өз кәсіптерін жалғастыруда. Алдағы уақытта да мемлекетіміздің кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы бекіткен барлық бағдарламаларын орындау мақсатында жұмыстар жалғаса беретін болмақшы. Ауданның білім беру жүйесі 43 жалпы білім беретін мектептерін, 50 мектепке дейінгі, 3 қосымша білім беру ұйымдары және педогогикалық-психологиялық түзеу кабинетін қамтиды. «Балапан» бағдарламасы аясында бүлдіршіндіріміздің 76,2 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылып, өткен кезеңмен салыстырғанда 102 пайызға артқан. Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында Көктерек орта жалпы білім беретін мектебі жанындағы интернат ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы 35 млн. 686 мың теңгеге жаңа оқулықтар сатып алынса, 7 млн. 226 мың теңге мектептердің жылу жүйесіне қажетті құралдарды сатып алуға жұмсалған. Сонымен бірге, бастауыш, аз қамтылған, мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілеріне және асхананы жалға алу үшін 134 млн. 278 мың теңге көлемінде қаржы жұмсалған көрінеді. Ауданның денсаулық сақтау саласында 46 дәрігер, 235 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етуде. Өткен жылы 5 жоғары білімді жас маман жұмысқа орналасыпты. Дейтұрғанмен, әлі де 10 дәрігер мамандар (3 жалпы тәжірибелі дәрігер, 2 анестизиолог, терапевт, невропатолог, рентгенолог, гинеколог, лор) жетіспейтіні байқалып отыр. Сондықтан ауданға келген дәрігер мамандарды тұрақтандыру әрі материалдық жағдайын жақсарту мақсатында тиісті қаржылай және тұрғын үй көмегі ұдайы көрсетіле беретін болады,- деп әкім сөз түйінін жасап кетті. Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, өткен жылы «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бағыты бойынша Көктерек ауылдық округіндегі орта жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатына 64 млн. 972 мың теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрылысқа жергілікті жерден 12 адам жұмысқа тартылды. IMG_1064 Ауданымызда 2011-2012 жылдары 107 несие серіктестіктері құрылып, соның 28-і несие серіктестігі «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 400,0 млн теңге несиелік қаражатқа қол жеткізгені белгілі. Бұл ауылдағы ағайындардың бірлесіп жұмыс жасауларына, серіктестікке берілген несие үшін ынтымақты жауапкершілікте болып, тұрғындардың әл-ауқатының артуына өзінің септігін тигізді. Ауданда жұмыс істегісі келетіндерді мамандыққа қайта даярлау үшін оқыту жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағыты аясында кәсіптік оқуға республикалық бюджеттен бөлінген 3 млн. 522 мың теңге қаражатқа 2014 жылы оқуға түскен 11 адам 2015 жылы оқуларын аяқтап, барлығы күні бүгінге жұмысқа орналасқан. Есепті мерзім ішінде 101 жаңа жұмыс орны ашылып, 646 адам жұмысқа орналастырылған. Азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қаматамасыз ету бағдарламасы бойынша тұрғын үйге мұқтаж 9 азаматқа 13 млн. 620 мың теңге қаражатқа тұрғын үй сатып алынса, Жалпақтал ауылында 110 млн. 301 мың 540 теңгеге 14 бір пәтерлік коммуналдық — жалға берілетін тұрғын үй тұрғындарға пайдалануға берілген екен. Аудан әкімі бұдан басқа да аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала келіп, қаржы мәселесіне байланысты шешімін таппай тұрған мәселелер жөнінде де айтып өтті. Халық жиынында сөз алған аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов газ желісі тартылмаған округтерді көгілдір отынмен қамту, аудан орталығынан 100 орындық интернат салу мәселелерін қозғаса, Тереңкөл ауылдық округінің еңбек ардагері Амангелді Саматов Нұрсай ауылының ауыз судан және техникалық судан қиындықтар көріп отырғанын жеткізсе, еңбек ардагері Меңдіхан Халықұлы Александров-Гай ауданымен қарым-қатынаста әлі де кедергілердің бар екеніне тоқталса, «Дархан» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлыбай Жолдыбаев, «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Гүлфия Көшбаева ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесін лайықты қарсылау үшін «Туған елге тағзым» акциясы аясында халықтың өз қаражатымен Сарықұдық ауылында фельдшерлік пункт ашу, аудан орталығында өнер мектебін салу, Қошанкөл ауылынан атакәсіп – жылқы шаруашылығына жастарды тарту бағытында мұражай және иппадром ашу жұмыстарының басталып жатқанын жеткізді. IMG_1074 Халық жиынында сөз алған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев, -Құрметті аудан тұрғындары! Өткен жылымызды лайықты табыстармен аяқтадық. Түрлі тарихи оқиғаларды атап өте отырып, өткенімізге көз жібердік, -деді. Қазіргі күнде өздерің аудан әкімінің есепті баяндамасынан естіп отырғандай, мемлекеттік бағдарламалар орындалуда. Қаншама қаржы дағдарысы болып жатса да, жұмыстар тоқтап қалып жатқан жоқ. Жалпы облыста газдандыру жұмысы өз дәрежесінде жүргізілді. Дейтұрғанмен, бүгінгі жиында көтерілген кейбір ауылдарға газ тарту жұмыстары энергетика министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес атқарылуда. Ал, біз өз тарапымыздан да бұл мәселе төңірегінде шешілмеген түйіндерді шешу жолында жұмыстанудамыз. Бүгінгі күнде республикада бюджетті оңтайландыру жағдайынан көп істер кейін қалуда. Алайда сіздер мына мәселені басты назарда ұстағандарыңызды қалаймын. Ол – халықты ең бірінші кезекте ауыз сумен қамту. Өздеріңіз білесіздер, барлығымыз көгілдір отынды пайдаланбаған кезде де тұрмыс кештік. Ал, сусыз тұрмыс кешу мүмкін емес. Міне, сондықтан бірнші кезекте облыстың алдында тұрған «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру. Сондықтан сіздердің аудандарыңыздағы көгілдір отын жеткізілмей тұрған ауылдарға басталған жылда бұл жұмыс жүзеге асады деп айту қиын. Ал, түбінде ол іске асырылатын шаруа болатынын түсініңіздер. Сонымен қатар аудан орталығындағы интернат құрылысының жүруіне алғышарттар жасалады деп күтудеміз. Енді бір көтерілген мәселе – көрші Александров-Гай ауданымен байланысты шекарадан өту мәселесін шешу жоғары жақта әңгіме болуда. Бұл Мәскеу мен Астананың өзара келісімге келуінде болып отыр. Тағы бір жиында көтерілген мәселе – аудандарыңызда өз күштеріңізбен демеушілер арқылы іргелі істердің басталып жатқанын айтып өттіңіздер. Ал, бұл жұмыстар сіздердің өзара түсіністік пен келісімдеріңіз арқылы жүргізілетіні белгілі. Бұл істер лайымда жалғасын тапсын деймін. Алдымызда үлкен саяси науқан келе жатыр. Ол – мәжіліс депутаттарын және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау. Бұл сайлауды да қазталовтықтар ұйымшылдықпен өткізеді деп сенемін. Жалпы Қазталов ауданында соңғы жылдары бірлік пен өзара келісім нәтижесінде көптеген істер атқарылып жатыр. Аудан әкімі Нұрлан Мағазұлының елді біріктіріп, жұмыстар атқарып жатқанына мен оң баға беремін. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар жүреді деп санаймын, -деп аяқтады облыс әкімі өз сөзін. Халық жиынына қатысушылар елдегі атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, жарқын көңілмен тарады. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ Қайрат ЖАҚЫПIMG_1106

«Болашаққа қаржы саламыз» акциясы жалғасын таппақ

Күні: , 177 рет оқылды

12631330_1545847682393476_3084403985902999826_n26 қаңтар күні Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Жалпақтал колледжінің студенті Әлихан Сахиповты, К.Меңдәлиев атындағы орта мектептің оқушысы Мұрат Бажекеновты қабылдады. Бұл қабылдауға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы «Бақыты балалық» жобасы аясында «Болашаққа қаржы саламыз!» акциясы басталған болатын. Осыған орай аталмыш акция саяси ұйымның барлық филиалдарында жалғасын тауып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы есепшоттар ашылып, салымдар салынды. Ауыл әкімінің қабылдауында аудандық мәслихат депутаттары Мағауия Есмағұлов, Дулат Ихсанов екі балаға есеп шот ашып, Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі бойынша ақшалай салым иегерлері — жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған Әлихан мен Мұратқа сертификаттарды табыс етті. «Бақытты балалық» партиялық жоба аясындағы шараның негізгі мақсаты — екінші дәрежедегі банктерге ақшалай қаржы жинақтау жолымен балалардың жоғары білім алуына ықпал ету. -«Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Білімге салынған инвестиция — болашаққа салынған қаржы» — деп атап өтті. Бұл білімге салынған инвестицияның араға жылдар салып еселеп қайтатынын меңзеп, ұрпақтың білімі мен ой-санасының ұшқыр болуы жолында ештеңе аямайтын елдің еңсесі биік екенін дәлелдейді», — дейді аудандық мәслихат депутаттары. Осындай қолдау білдіріп, көмек қолын созған ел ағаларына Әлихан Сахипов пен Мұрат Бажекенов өз алғыстарын білдірді. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

ЖАС ҒАЛЫМ

Күні: , 227 рет оқылды

12615685_1546585822319662_4059594729191217232_oАғжан Тұрақбай Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы. Аудандық, облыстық білім сайыстарының жүлдегері. «Үздік аттестаттан» үміткер. Былтырғы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты «Мәңгілік ел болуға ат салысқан жергілікті майдангерлердің өмірі» атты слайд-презентация жұмысы Республикалық «Жас ғалым»журналы өткізген ғылыми жобалар арасында үздік деп танылып, «Жас ғалым» медалімен марапатталды. Ақжанның ғылыми жетекшісі — Ақмарал Омарова. Ақжанның ізденіс барысында ұстазынан тәлім-тәрбие алып, және өз–өзіне сенімді болғаны бәрімізді ерекше қуантады. Мектебінің мақтанышы, оқу үздігі Ақжанның болашағына үлкен үмітпен қараймыз. Қайрат ЖАҚЫП

Жат ағымнан сақ болайық!

Күні: , 218 рет оқылды

12654703_1546586025652975_3527553058206804848_n27 қаңтар күні Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінде Қазталов мешітінің бас имамы Жандосбек Құсайынов және Қазталов ауылдық округінің жастар жетекшісі Әліби Жангерей мектеп оқушыларымен және ата-аналармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – оқушыларға терроризім, экстремизм туралы мәліметтер беру, олардың теріс ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру. Кездесуге қатысқан имам діннің қоғамда алатын орны жайында баяндай келе, халқымыздың дін мен дәстүрді қалай ұйыстырып, өз өмірлерінде шамшырақ етіп ұстанғандығы жайында айтып өтті. Дәстүрге қатысты көптеген мысалдарды аят пен хадис аясында түсіндіріп берді. Сондай-ақ жас жеткіншектерге тәлімді уағыз айтып, иманды болуды, ата-ананы қадірлеуді, жаман әдеттерден аулақ болуды, елдің патриоты болып, дін атын жамылған теріс ағымдардан аулақ болуды баса назарға алып, түсіндіріп берді. Кездесу соңында оқушылар, ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12512699_1546586012319643_2902290981279865965_n

ӘКЕЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Күні: , 290 рет оқылды

12647064_1546970735614504_2295488983837727310_nЖақында Мирон негізгі жалпы білім беретін мектебінде бала тәрбиесіне әкенің жауапкершілігін арттыру және мектеппен тығыз байланыс орнату мақсатында мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Әке- отбасы тірегі» тақырыбында әкелер форумы оздырылды. Желтоқсан айының 4- ші жұлдызында облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «Өскелең ұрпақтың азаматтық және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудағы әкелер рөлінің өзектілігі» атты әкелер форумына қатысып келген әке Хафизов Райымбек Құмарғалиұлы «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында эссе оқып, облыстық форумнан алған ерекше әсерімен бөлісіп, жолдаған аудандық білім беру бөлімінің әдіскерлері Асыл Кенжеғалиева және Жарқынай Меңдіғұлқызына алғысын білдірді. Форум соңында М. Шахановтың сөзіне жазылған Н. Тілендиевтің «Әке туралы жыр» әнімен аяқталып, әкелер зор ризашылықпен тарқасты Бұл форумды ұйымдастыруға белсенділік танытқан Мирон мектебінің педагог — психологі М. Хафизованың еңбегінің зор екені айтқан жөн. Гүлфия Көшбаева

САҒИТ САДЫҚОВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛМЕК

Күні: , 256 рет оқылды

12662547_1547062475605330_833728459839698955_n29 қаңтар күні ауданымыздың тумасы, әуесқой композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың 90 жылдығын аудан көлемінде атап өту жөнінде ұйымдастыру комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімі орынбасары Зәйлім Мәжитова, салалық мекеме басшылары мен ардагерлер қатысты. Комиссия отырысына төрағалық еткен аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр биылғы жылды «Сағит Садықов» жылы деп жариялау жоспарланып отырғанын жеткізіп, шараны жоғары деңгейде өткізу мақсатында ұйымдастырылып жатырған жұмыстармен таныстырды. -Мерейтойды жоғары деңгейде өткізу — біздің басты мақсатымыз. Бұл елдігімізге сын – халықтық іс. Қазақта «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөз бар. Яғни, жерлесіміздің өнері мен өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау — баршамыздың азаматтық парызымыз. Осы мақсатта, Сағит Садықовтың 90 жылдығы аясында өткізілетін шаралардың қоғамға маңыздылығын ескере отырып, баршаңыздың атсалысатындарыңызға сенім білдіремін, — деді аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр. Сонымен қатар мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова осы мерейтойға байланысты ұйымдастырылып жатырған жұмыс жоспарымен таныстырды. -Алдағы уақытта Сағит Садықовқа арнап кеудетұғыр орнатылып, аудан көлемінде сазгер әндерінен фестивальдар ұйымдастырылып, бейнефильм де түсіру жоспарлануда. Сонымен қатар баспасөз беттерінде естелік мақалалар жарияланып, Сағит Садықовтың халыққа әлі де таныс емес қырларын кеңінен ашып, таныстыруымыз керек, -деді Зәйлім Исатайқызы. Комиссия мәжілісі соңында қаралған мәселелерге сәйкес тиісті салалық мекеме басшыларына тапсырмалар берілді. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасылар – басты назарда

Күні: , 256 рет оқылды

12650810_1547129215598656_7660551610769230802_nЕлбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»-атты Жолдауында: «Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және тағы басқа атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады» — деп атап көрсеткен болатын. Осы бағытта Жалпақтал ауылында мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Дана халқымыз «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен. Қайырымды іс жасау, мейірімділік таныту, мұқтаж жандарға қол ұшын созу – әрбір адамның азаматтық борышы. Осы орайда 29 қаңтар күні Жалпақтал ауылында «Қайырымдылық акциясы» оздырылды. Бұл шараға Жалпақтал ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Нұрлы Химиденова, Жалпақтал ауылдық округі әкімінің мамандары Айдана Серікқызы, Ерболат Сатыбалдиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі Мира Амангелдіқызы, Жалпақтал аудандық ауруханасының медбикелері Райгүл Сәрсенғалиева, Қарлығаш Сапарова, Рабиға Жұмаева ауылымыздағы мүмкіндігі шектеулі және жағдайы төмен 11 отбасылардың шаңырағында болды. -Осындай қайырымдылық шараларды ұйымдастырып тұру кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Олардың қал-жағдайларымен танысып, қолымыздан келгенше көмек көрсету,-дейді Жалпақтал ауылдық аналар кеңесінің төрайымы. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жағдайы төмен отбасылар шешімін таппай жүрген мәселелерін айтып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Тұрарбек АҚМУРЗИН

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.