АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 05.01.2016


Облыс әкімінің құттықтау хатын табыс етті

Күні: , 202 рет оқылды

12494810_1705593913045690_6768543467198230811_nЖаңа жыл қарсаңында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Жұмат Сәрсембиевтің отасында болды. Ауыл әкімі «Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіздің зейнетін көріп, әрдайым арамызда ақылшы аға, ардақты азамат, абыройлы ақсақал болып аман-есен жүре беріңіз», — деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтің құттықтау хатын табыстап, сый құрмет көрсетті. Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардагер ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен. Ардагер аудан, ауыл көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайтынын айтып, өз пікірін білдіре отырып, ақ батасын берді. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

ЖАҢА ЖЫЛДА БӨЛІМГЕ ЖАҢА БАСШЫ

Күні: , 246 рет оқылды

691_1535864016725176_632403220282071736_n31 желтоқсан күні Қазталов ауданы әкімінің өкімімен аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөліміне басшы болып Гүлмира Мұқанова тағайындалды. Аталмыш мекеме ұжымына жаңа басшыны аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов таныстырды. Жаңадан отырған бөлім басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеп, -қарсы алғалы отырған 2016 жылы жаңа табыстарға жетейік,- деген тілегеін жеткізді. Қайрат ЖАҚЫП

Медалмен марапаттады

Күні: , 180 рет оқылды

12400807_1535581340086777_6215125013195941192_n30 желтоқсан Қазталов ауданы әкімдігінде мекеме, ұйым басшыларының қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Юрий Кауисов аудан әкімі Нұрлан Бекқайырды 2 мәрте Кеңес Одағының батыры, халық қаһарманы С.Нұрмұғамбетов атындағы медалмен марапаттады. Сондай-ақ Жаңбыртай Мутиев пен Жексенбай Шахаевқа 2 мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бигелденов атындағы медалі табыс етілді. Осы орайда мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізді. Жиын соңында аудан әкімі санаулы сағаттар қалған ертеңгі жаңа жыл мерекесінің дайындық барысымен танысып, ұйымшылдықпен қарсылау жөніндегі ойын жеткізді. Жұлдыз АСҚАР

Туризм орталығы заманауи жөндеуден өтті

Күні: , 166 рет оқылды

535022_1535404510104460_744154280514826633_n30 желтоқсан күні аудандық балалар және жасөспірімдер туризм орталығы ғимаратының ашылу салтанаты болып өтті. Айта кету керек, бұл орталық бұрынғы кезде демалыс орталығының ғимаратында «пәтерде» жүрген еді. Аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр еліміздегі туризмді дамыту ауылдан басталатынын және жасөспірімдердің туған жерді сүюге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жандандыру үшін бос тұрған ғимаратты беруге ықпал жасады. Соның нәтижесінде бұл орталық замануи жөндеуден өткен ғимаратқа қоныс тепті.
Ғимараттың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімі, — туризм орталығының ұжымына жаңа жылда жаңа табыстар тілеп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ауданның келбетін дамытуда жұмыстар жасауына лебізін білдірді.
Жұлдыз Асқарқызы1929834_1535404566771121_6642764329415385011_n

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.