АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Январь, 2016


ФУТБОЛШЫЛАРЫМЫЗ ЖАРАДЫ!

Күні: , 262 рет оқылды

12510511_1544651445846433_7242707527751441453_n15-22 қаңтар күндері Ресей Федерациясының Александров-Гай ауданында ерлер командалары арасында шағын футболдан Александров-Гай ауданының кубогы үшін жарыс оздырылды. Осы жарысқа Қазталов ауданының футболшылары қатысып, жүлделі оралды. Аудан құрамасы топтық кезеңнен бірінші орынмен жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда «Газпром» ЛПУ МГ командасымен кездесіп, 7:3 есебімен жеңіске жетті. Финалда Новоузенск қаласының «Терек» командасымен ойнап, 5 : 4 есебімен есе жіберіп, Қазталов ауданы құрамасы екінші орынға ие болды. Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік қорғаушы» болып Ерлан Нағымов, «Үздік шабуылшы» болып Роман Нағымов танылды.

Самбо күресінен біріншілік

Күні: , 264 рет оқылды

12540782_1543427095968868_6768007324106566689_nЖақында Жалпақтал ауылында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында 2002-2004 жылы және 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында самбо күресінен аудан біріншілік өтті. Біріншілікке ауданымыздың Жалпақтал, Қараоба, Жұлдыз, Тереңкөл, Көктерек, Қазталов ауылдық округтерінен 90 жуық палуандар қатысты. Ашылу салтанатында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық спорт мектебінің директоры Айбар Мұғалбаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Нұрлан Қауметов, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Жұлдыз ауылының қазақ күресінен жаттықтырушы Қабдолла Чекаев сөз алып, палуандарға сәттілік тіледі. Самбо күресін кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын ұстану, палуандардың шеберлігін шыңдауды мақсат еткен спорттық шара өз деңгейінде өтті. Жарыс қорытындысына келер болсақ 2002-2004 жылы туылған палуандар арасында жалпақталдық самбошылар 32 келіде Асылхан Фаритов, 35 келіде Қайсар Бисенов, 38 келіде Абай Елеусінов, 42 келі салмақта Бекзат Серіков, 46 келі салмақ дәрежесінде Сабыржан Балмұхамедов (Қараоба а/о), +46 келіде Еркебұлан Ерсайынов (Тереңкөл а/о), ал 2005-2007 жылы туылған палуандар арасында белдесуде 17 келіде Аңсар Талап (Жалпақтал а/о), 20 келіде Әлішер Меңдіхан (Жұлдыз ауылы), 23 келіде Расул Анарбек (Жалпақтал а/о), 26 келіде Нұрдәулет Мұрадым (Жалпақтал а/о), 29 келіде салмақта Азамат Сергей (Жалпақтал а/о), 32 келіде Нұрлыхан Ғаббасов (Тереңкөл а/о), 35 келі салмақ дәрежесінде Әділжан Хайреденов (Жұлдыз ауылы) қарсыластарынан дара шығып, самбо күресінен аудан біріншілігінің жеңімпаздары атанды. Сонымен қатар Абай Елеусінов «Үздік шеберлігі үшін», Ернұр Марат «Жеңіске деген жігерлігі үшін» номинацияларына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің грамоталарымен марапатталды. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ Жалпақтал ауылы

ҚАЗТАЛОВТАҒЫ ХАЛЫҚ ЖИЫНЫ

Күні: , 216 рет оқылды

12604669_1543794305932147_7278480985512707677_o21 қаңтар күні Қазталов ауылдық округінің әкімі Сәрсенбай Молдашев халық алдында жыл ішінде атқарылған жұмыстардан есеп берді. Халық жиынында сөз алғандар, — көшедегі аутокөлік қозғалысын ретке келтіру, орталық моншаның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету, суармалы жерлерден мал азығын дайындау т.б мәселелер төңірегінде пікір-ұсыныстарын ортаға салды. Жиынға қатысқан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қойылған сауалдарға жауаптар қайтара келіп, аудан орталығында атқарылған істердің бар екеніне тоқталды. Сонымен қатар жоспарланған жұмыстар атқарылатын болады. Ал, қомақты қаражатты қажет ететін жұмыстардың тоқтатыла тұруына түсіністікпен қарау керектігін атап көрсетті. «Ауыл айнасы» ақпарат12509813_1543794299265481_711908126608492599_n

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРСАҚ

Күні: , 174 рет оқылды

12494875_1544081852570059_2189935274949145745_n22 қаңтар күні Қазталов орта жалпы білім беретін мектебінде аудандағы мектептердің директорлары және олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының меңгерушілерінің қатысымен аудандық білім беру бөлімінің кезекті кеңесі оздырылды. Кеңесте аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитова, — Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалға: өсім, реформалар, даму» жөніндегі Жолдауды іске асыру туралы айтып өтті. Сонымен қатар мектепте оқу – тәрбие процессін тиімді ұйымдастыру туралы жұмыстар да айтылды. Гүлфия Көшбаева

Мәуліт мерекесі тойланды

Күні: , 170 рет оқылды

11140284_1544105475901030_1050505168645523003_n22 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығы, жастар кеңесінің ұйымдастыруымен Мұхаммед Пайғамбардың туған күні, яғни Мәуліт мерекесі атап өтілді. Кеш барысында Пайғамбарымыздың өмірбаяны таныстырылып, слайд көрсетілді. Тағылымы мол кеште сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, Қазталов ауылдық округі әкімі Сәрсенбай Молдашев және ауыл имамының көмекшісі Самат Сәрсенов жиналғандарды Мәуліт айымен құттықтап, мұндай шаралардың ел бірлігін нығайтуда маңызы зор екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ «Намаз», «Сәби тәрбиесі» жөнінде бейнеролик көрсетілсе, мәдениет үйінің қызметкерлері «Дүние керуен», «Жаралғанына қуан», «Өсиет» әндерін орындап, өзара кештің мәнін аша түсті. Шара соңында ислам дінін қалыптастырып, дамытудағы тарихи еңбегін терең меңгеру бағытында викториналық сұрақтар қойылып, жауап бергендерге «Дін мен діл», «Имани гүл» кітаптары сыйға тартылды. Сонымен қатар спорттық жарыстың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға алғыс хаттар табыс етілді.
Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ12418032_1544105389234372_5204319196765109925_n

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Күні: , 152 рет оқылды

12509447_1544192179225693_7965029156452541139_n22 қаңтар күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық №19 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері Елбасының 2015 жыл 30 қарашада халыққа жолдаған Жолдауын талқылады. Дөңгелек үстелге қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Абзал Садықов қатысушыларға Жолдаудың мәнін түсіндіріп, оған кеңінен тоқталды. -Жолдау — жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырудың басты құралы, әр мекеменің негізгі бағытын айқындайтын құжат болып саналады. Қазіргі күрделі кезеңде қиыншылықтардың алдын алып, елді дағдарыстан алып шығуда бұл Жолдаудың маңызы зор, -деді Абзал Садықов. Сонымен қатар дөңгелек үстелге қатысқан аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұқанғали Бектілеуов, №19 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Жарас Қаженов Елбасы Жолдауына қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

СЕССИЯДА ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫЛАРЫ САЙЛАНДЫ

Күні: , 182 рет оқылды

12400512_1539984986313079_3157360508918922058_n11 қаңтар күні Қазталов аудандық мәслихатының кезектен тыс 40-шы сессиясы оздырылды. Сессияда Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі және Жалпақтал полиция бөлімінің жергілікті полияция қызметі басшыларын сайлау туралы мәселе қаралды. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов және аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бекбол Уртаев хабарламалар жасады. Сессияда Қазталов аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы болып Әділбек Ғазизов, Жалпақтал полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы болып Серік Ибрашев сайланды. Әділбек Ғазизов бұған дейін аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, Серік Ибрашев Жалпақтал полиция бөлімінің әкімшілік полиция тобы полициясының аға учаскелік инспекторы қызметтерін атқарған. Сессияда басқа да қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. «Ауыл айнасы» ақпарат

«МӘСЛИХАТТЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕДАЛІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Күні: , 162 рет оқылды

1661015_1539987036312874_3944521857062300627_nҚазталов аудандық мәслихаты аппаратында бас маман болып Назгүл Сейфуллина ұзақ жылдардан бері абыройлы қызмет атқарып келеді. Ол халық қалаулыларымен бірлесе жұмыс істей отырып, атқарушы органдармен байланысты тереңдетуге өзіндік үлес қосуда. Осыған орай 11 қаңтар күні Назгүл Сейфуллинаға аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов «Мәслихаттың 20 жылдығы» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етті. «Ауыл айнасы» ақпарат

Облыс әкімінің құттықтау хатын табыс етті

Күні: , 204 рет оқылды

12494810_1705593913045690_6768543467198230811_nЖаңа жыл қарсаңында Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагері Жұмат Сәрсембиевтің отасында болды. Ауыл әкімі «Ел мүддесі жолындағы еселі еңбегіңіздің зейнетін көріп, әрдайым арамызда ақылшы аға, ардақты азамат, абыройлы ақсақал болып аман-есен жүре беріңіз», — деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтің құттықтау хатын табыстап, сый құрмет көрсетті. Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардагер ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен. Ардагер аудан, ауыл көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайтынын айтып, өз пікірін білдіре отырып, ақ батасын берді. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

ЖАҢА ЖЫЛДА БӨЛІМГЕ ЖАҢА БАСШЫ

Күні: , 252 рет оқылды

691_1535864016725176_632403220282071736_n31 желтоқсан күні Қазталов ауданы әкімінің өкімімен аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөліміне басшы болып Гүлмира Мұқанова тағайындалды. Аталмыш мекеме ұжымына жаңа басшыны аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов таныстырды. Жаңадан отырған бөлім басшысына бірқатар тапсырмалар жүктеп, -қарсы алғалы отырған 2016 жылы жаңа табыстарға жетейік,- деген тілегеін жеткізді. Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.