АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 28.12.2015


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ЖАҒЫЛДЫ

Күні: , 250 рет оқылды

862_1532828270362084_5872790510856426647_nСанаулы күндерден соң өткен жылды өткеріп, жаңа бір жылға қадам басатын Жаңа жылдық мереке ауданымызда басталып та кетті. 23 желтоқсан күні кешкі сағат 19.00-де Қазталов ауданы орталығына орнатылған Жаңа жылдық шырша шамдарын жағу рәсімі өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қатысып, жиылған көпшілікті мерекемен құттықтады. – Құрметті аудан тұрғындары! Жақында тәуелсіз қазақ елі 2016 жылға қадам басады. Өткен жылға өкпеміз жоқ, өйткені, көптеген толағай табыстарға жетіп, айтулы шараларды атап өттік. Келе жатқан Жаңа жыл тек жақсылығымен келсін,- деген тілегін жеткізді. Жиналған көпшілікке халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің бишілері даярлаған театрландырылған би көрінісі ұсынылды. Мұнан соң Жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсімі болып, оны аудан әкімі мен қос кішкене бүлдіршін жақты. Шырша шамы жарқырап жанғаннан кейін әр түрлі мерекелік киім киген балалар шыршаны айнала билеп, түнгі аспанды әсем әуенге бөлеген мерекелік концертке ұласты. Қайрат ЖАҚЫП

ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Күні: , 168 рет оқылды

1913940_1532713867040191_6005860761546902290_n23 желтоқсан күні Әжібай ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қараша күні халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөнінде Бірік ауылдық округі тұрғындарымен жиналыс өтті. Жиналыста аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева Жолдаудан туындайтын міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдары туралы хабарлама жасады. Жиналыста Бірік ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Бибігүл Әубекерова, «Ақтілек» балабақшасы меңгерушісі Зульфат Жағыпарова, жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Нұрқадыр Бақтыгереев жарыссөзге қатысып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында қаралған мәселелер мен ұсыныстар бойынша қарар қабылданды. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12391091_1532714597040118_9160051604643268653_n

III ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 226 рет оқылды

10653490_1532626710382240_9212658588537206464_nБиыл 2015 жылғы 17 наурыздағы Елбасының жарлығымен 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені тағайындалды. Аталған төсбелгімен көп жылғы жемісті қызметі, еңбек өнімділігіндегі жоғары жетістіктері үшін материалдық өндірістің әртүрлі салаларының еңбеккерлері мен жұмысшылары марапатталатыны белгілі. Осы «Еңбек Даңқы» орденімен ауданымыздан алғаш рет «Кардон» шаруа қожылығының тракторист-механизаторы Сансызбай Құрманалиев марапатталды. Орал қаласында 15 желтоқсан күнгі өткен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Сансызбай Құрманалиевке мемлекеттік награданы табыс етті.
Сансызбай Құрманалиев мектеп бітіре салысымен жұмыс дегеннен тартынбай, трактордың құлағында ойнады. Міне, содан бері 42 жыл бойы тракторшы болып жұмыс жасап келеді. Ол өз ісіне тиянақты, жауапкершілік сезімі мол жан. Соның арқасында өзі жүрген, еңбек еткен ортада абыройлы, жұрт оны еңбекқорлығы мен үлкенді аға, кішіні іні тұтқан бауырмалдығы үшін қатты қадірлейді. -Тәуелсіз елдің осындай жоғары наградасына ие болу әрбір адам үшін үлкен бақыт деп есептеймін. Осындай мен сияқты жұмысшылардың еңбегін ескеріп, марапаттау бізге шабыт беріп, күш-қуатымызды арттырады, -дейді марапат иесі Сансызбай аға. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12391076_1532626703715574_6825356018061711658_n

ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 218 рет оқылды

1012559_1532615270383384_6677320148620645142_n22 желтоқсан күні Қараоба ауылдық округінде тұрғындардың қатысуымен Елбасының 30 қараша күні халыққа арнаған Жолдауын талқылаған жиын болып өтті. Жиында аудандық әділет басқармасының және зейнетақы орталығының басшылары Эльмира Қайсағалиева, Эльмира Сармалаева Жолдаудан туындайтын міндеттер туралы айтып өтті. Жиынға қатысушылар Елбасы белгілеген міндеттерді орындау жолындағы пікір – ұсыныстарын ортаға салды. Гүлфия КӨШБАЕВА

БІРІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНІП, «ҮЗДІК БӨЛІМ» АТАНДЫ

Күні: , 204 рет оқылды

спортҚазталов ауданының спортшылары соңғы жылдары жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Соның бір айғағы өткенде Шымкент қаласында өткен мемқызметшілер арасындағы сайыста аудан мемқызметшілері жақсы нәтиже көрсетсе, волейбол, футболдан және бокстан да спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп жүр. 18 желтоқсан күні облыстық спорт басқармасында өткен жылды қорытындылаудың алқалы жиынында Қазталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басқа аудандағы әріптестерінен оза шауып, бірінші орынды иеленіп, «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» атанды. Бұл марапатты облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі тапсырды.
Бөлім басшысы Досжан Ахметовке және оның ұжымына алдағы жаңа жылда да осындай биіктерден көріне беріңдер демекпіз! Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.