АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 18.12.2015


ДЕПУТАТТАР ДА, «НҰР ОТАНДЫҚТАР» ДА МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Күні: , 337 рет оқылды

12392025_1529030244075220_3432734957796105636_nСалтанатты жиында облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» аудандық маслихат депутаттары Салтанат Өтеғұлова, Жұмабек Хайруллин, Еркін Ғазизов, сондай-ақ облыстық маслихаттың «Алғыс хатымен» Назгүл Сейфуллина да марапатталды. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының атынан Марат Тоясовқа, Мирбол Адаялиевке төсбелгі тағылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАРҒА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 290 рет оқылды

12346446_1529029227408655_7288711494033413854_nБиылғы Тәуелсіздік мерекесі өткен айтулы мерекелік оқиғаларға толы жылмен аталып өтіп отыр. Күні кеше ғана Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын аталып өтті. Бұған ауданымыздың абзал азаматтары, еңбек адамдары үлкен үлес қосты. Мереке күні осы адамдар да құрметтелді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ. МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ШАПАН ЖАБЫЛДЫ

Күні: , 244 рет оқылды

12342353_1529027417408836_7899913124116410580_nТәуелсіздігіміздің бізге үлкен еңбек пен келегені баршамызға мәлім. Осындай егемендігімізді бізге сыйлаған ауданымыздың азаматтары мен азаматшалары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына белсене жерлестеріміз де болды. Осы салтанатта бір топ желтоқсаншы жерлестерге естелік сыйлықтар табысталды. Мерекеде а12366352_1529026727408905_3518083484891633166_nуданның экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлес

қосқан бір топ еңбек ардагерлеріне «Ауданның құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табыс етілді. Олардың қатарында Ихсан Құтхожин, Шәріп Хайруллин, Сәндеш Жақашева, Жайсаң Ақбай бар. 12241278_1529026740742237_5871467075615459622_nСонымен қатар “Қазталов ауданының құрметті азаматы” еңбек ардагері Мақсот Батыровқа 85 жасқа толуына байланысты құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТӘУЕЛСІЗБІН, ЕРКІНМІН, БАЙТАҚ ЕЛМІН!

Күні: , 236 рет оқылды

10268442_1529025290742382_3632921071157816437_n15 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр өзінің құттықтау сөзінде; — Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.Осынау жарқын мерекеде Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, еліміз биік белестерге жетсін, ата-баба аңсаған азат елдің айбыны асқақ болсын! – деген тілегімізді жеткіземіз, — деді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ҰТЫМДЫ ҚАДАМДАР ЖАСАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Күні: , 372 рет оқылды

12373324_1529020624076182_4193682231467431158_n15 желтоқсан күні аудан әкімдігі мәжілісінде мекеме, қоғамдық ұйым жетекшілерімен актив жиналысы өтті. Актив жиналыста Елбасының 30 қараша күнгі халыққа арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр баяндама жасады.

Актив жиналысында сөз алғандар,- Бұл құжатты терең түсінуіміз үшін әлемде және елімізде болып жатқан жағдайларды саралай білуіміз керек. Өмір өзгеруде. Жаңа үрдістер қалыптасып келеді. Біз мұның барлығын жүйелі түрде қарастыра отырып, тың мүмкіндіктерді көре білгеніміз абзал. Біз өткенге шолу жасап, бұған дейін болған дағдарыстардың қыр-сырын түсіне білсек, көп жағдайда ұтымды қадамдар жасай аламыз. Елбасы Жолдауы қазіргі дағдарысты жаңа мүмкіндіктердің бастауы деп қарастыруға үндеп отыр,-деген пікірлерін ортаға салды. Актив жиналысы қаралған мәселе бойынша тиісті қарар қабылдады.

Қайрат ЖАҚЫП


«Тәуелсіздік – елдің рухани мұрасы»

Күні: , 136 рет оқылды

12369017_1528961244082120_8934618068181605397_n15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапханада «Тәуелсіздік – елдің рухани мұрасы» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді. Кеште сөз алған аудандық тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Сарсеков оқырмандарды мерекелерімен құттықтады.

Сондай-ақ кеште желтоқсаншылар туралы деректі фильм көрсетіліп, көрініс тамашаланды. Тәуелсіздікке күніне әжелер ансамблінің мүшелері С. Бекхожина, К.Хасанова, Н.Хабибуллина «Елім менің» әнін орындаса, А.Оразбаева мектебінің оқушылары сынып жетекші Кәмшат Молдағалиеваның сүймелдеуімен «Үш бақытым», «Елбасы» әндерін шырқады. Кеште еліміздің жыл сайынғы жетістіктеріне тоқталып, жылдар шежіресіне назар аударылды. Сонымен қатар кішкентай Әсел Сәрсенғалиева мен Ерболат Ханзада да Тәуелсіздікке арнаған өлеңдерін тақылдап, мәнерлеп тұрып айтса, Тоғжан Қамжанова «Сезім қазақта» өз туындысын оқыды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ОБЛЫСТЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Күні: , 144 рет оқылды

12359819_1528673930777518_2736444161073265826_nБҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жас журналистер арасында «Қазақ хандығына 550 жыл: Мәңгілік ел – ата-бабамыздың асыл арманы» атты эссе байқауын жариялаған болатын.

14 желтоқсан күні облыстық жастар ресурстық орталығында «Ауыл айнасы» газетінің жауапты хатшысы Мөлдір Әнуарбекқызы байқаудың 3 орын жеңімпазы болып табылып, марапатталды. Мөлдір Әнуарбекқызы түрлі басылымдарда сараптамалық және танымдық мақалаларымен оқырмандар жүрегінен орын алып жүрген жас журналист. Мөлдір Әнуарбекқызын Тәуелсіздік мерекесі күні облыстық деңгейде марапат иегері атануымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.

«Ауыл айнасы» ақпарат


САРЫӨЗЕНГЕ СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНСА…

Күні: , 236 рет оқылды

12342462_1528242470820664_890992501829175288_nҚазіргі күнде адам баласын толғандырып отырған тағы бір мәселе бар. Ол – тіршілік көзі су. Су тапшылығы шөлейтті аудандардың жұртшылығын соңғы жылдары қатты алаңдатуда. Әсіресе, жоғарыдан былайша айтқанда көрші Ресей елі арқылы келетін Сарыөзен мен Қараөзенге келетін су көлемі соңғы жылдары азайып бара жатыр. Ал қос өзеннің бойында ен даланы мыңғыраған малға толтырып, шаруа жасаған еңбек адамдары осы жоғарыдан келетін суға тәуелді. Сарыөзен бойында келген суды ұстап қалу үшін салынған Медетсай және Ақсирақ су қақпалары бар. Ал шындығына келгенде бұл су қақпалары сонау Кеңес кезінде салынған, әрі ескірген. Сонымен қатар бұл өзеннің бойында арнайы су қоймасы да жоқ екені белгілі. Көктем айларында келген суды тоған, көл табандарға толтыруға ғана жасалған қарапайым қоңдырғылар болғанмен, олар бүгінгі күннің талабына сай болмауда. Оның бержағында сонау 1994 жылы су тасқыны кезінде бұл жүйелердің іске шыққаны тағы бар. Тоқетерін айтқанда Сарыөзеннің бойында келген суды ұстап қалып, пайдаға асыратын бір қойма жоқ. 12346568_1528242340820677_327857038162605742_nАудан әкімі Нұрлан Бекқайыр жұртшылықпен кездесіп, пікірлескенде осы мәселе жиі айтылатын. Республикалық деңгейде шешілетін бұл жұмыс аудан әкімін де толғандыратын. Қошанкөл ауылының ардақты азаматы Мендіхан Халықұлы түрлі жиындарда жиі айтатынын да білеміз. Енді осы мәселеге бір «жан» кіргендей болды. 12 желтоқсан күні осы мәселеге орай «Орал су жобалау» ЖШС инженер – жобалаушы Қилыбай Оқашев келіп, болашақта арнайы су қоймасын жасау үшін жобалау жұмыстарын жүргізді. Болашақ үшін бұл маңызды жұмысқа ауданның біртоп мекеме басшылары, ауыл әкімдері және су көздерін жетіп келетін ауыл адамдары да қатысып, өз пікір – ұсыныстарын ортаға салды. Өйткені осы зерттелген мәселе бойынша жобалау — сметалық құжаты жасалатын болғандықтан және көп қаражат талап етілетіндіктен «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген қағида да ұсталынды. Сонымен арнайы маман қатысқан жобаланған бұл жұмыс аллақосса мемлекеттік тұрғыда іске асырылып жатса, аудан жұртшылығының қуанышты көзайымына айналары сөзсіз. Тек іске сәт! – дейік. Гүлфия Көшбаева


«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Күні: , 222 рет оқылды

12347604_1527914880853423_5911289401367380147_n 12 желтоқсан күні аудандық балалар саз мектебінде ұстаздар мен оқушылардың ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік концерт оздырылды. Мерекелік шарада қазақ халқының басынан кешкен қилы заманнан бүгінгі бақытты тәуелсіз өмірімізге дейінгі кезеңді бейнелеген тарихи бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар ән, күй және бимен өрнектелген өз өнерлерін ортаға салды. Концертке келген аудандық білім бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин ата-аналар мен оқушыларды ел мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап, саз мектебінің ұжымына шығармашылық табыс тіледі. Қайрат ЖАҚЫП


ҚАСҚЫРДЫ АҚБӨКЕННЕН АЙЫРА АЛМАДЫ. ЖЕЗКИІК ОҚҚА ҰШТЫ

Күні: , 174 рет оқылды

12316661_1527681540876757_473267142933623687_nҚазталов аудандық сотымен азаматтар А. мен Т.-ға қатысты ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды. Сотпен анықталғандай, сотталушылар 28.10.2015 жылы сағат 08.30-дар шамасында адамдар тобы болып, алдын ала сөз байласып, сотталушы Т.-ның иелігіндегі еш жерде тіркелмеген «Урал» маркалы мотоциклымен жүріп заңсыз аң аулау мақсатында, Қазталов ауданы Саралжын ауылының батыс бағытында 9 шақырым жерде дала жайылысында жалғыз жүрген киікті көріп, еш жерде тіркеуде тұрмаған мылтықпен атып, кетіп бара жатырған кезде «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторларына ұсталынған. Мемлекетке жалпы құны 396 400 теңге материалдық залал келтірген. Сотта сотталушылар өздеріне тағылған айыптарын мойындап, малдардың арасында жүрген киікті қасқыр деп ойлап атқанын көрсетті. Сотпен сотталушылар ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпты деп танылып, сол баппен сотталушы А.-ның 2 (екі) жыл 6 (алты) ай мерзiмге бас бостандығы шектеліп, 1 (бір) жыл 6 (алты) ай мерзiмге аң аулаумен айналысу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, сотталушы Т. 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеліп, оған 1 жыл 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен бірге, мемлекетке келтірілген залал 396 400 теңге сотталушылардан тең мөлшерде өндіріліп, іс бойынша қылмыс құралы болып танылған «Урал» мотоциклы мен мылтық тәркіленді. (Ақпарат аудандық соттан алынды) «Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.