АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 07.12.2015


КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕДЕРГІ БОЛМАУҒА ТИІС

Күні: , 173 рет оқылды

12314130_1525454731099438_1568805615632575385_n4 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі» қоғамдық кеңестің мәжілісі өткізілді.


Мәжілісті аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов жүргізіп отырды. Мәжілісте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Ақмалиев өзінің саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде хабарлама жасады
Мәжілісте сөз алған ҚР аймақтық инспекция бастығы Арген Малахов, аудандық мәслихат депутаты Қайырбай Алтаев тағы басқалары ауданымызда кәсіпкерлікті дамытуда кедергілердің болмауын, заңсыз тексерістердің қайталанбау жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Гүлфия Көшбаева
   

АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Күні: , 134 рет оқылды

5 желтоқсан күні аудандық спорт кешенінде жасөспірімдер, қыздар мен ерлер арасында Тұңғыш Президент күніне арналған штанганы жатып сығымдап көтеруден аудандық ашық турнир басталды. Жарыста Қараоба, Қошанкөл, Тереңкөл, Қазталов, Жалпақтал, Қарасу ауылдық округтерінен және Бөкей Ордасы ауданынан келген спортшылар бақтарын сынауда.12301617_1525714197740158_3944063131456683728_n Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Артур Берденов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, Бөкей Орда ауданы Жәңгір хан орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Рахим Қожағалиев және Батыс Қазақстан облысының 5 дүркін чемпионы Айдын Елемесов барша спортшылар мен жанкүйерлерді мерекелерімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ спортшыларға Аманжол Кәмжанов әсем әннен шашу шашты, Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12246987_1525714161073495_3980297484662822814_n

Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.