АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: Декабрь, 2015


ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ЖАҒЫЛДЫ

Күні: , 244 рет оқылды

862_1532828270362084_5872790510856426647_nСанаулы күндерден соң өткен жылды өткеріп, жаңа бір жылға қадам басатын Жаңа жылдық мереке ауданымызда басталып та кетті. 23 желтоқсан күні кешкі сағат 19.00-де Қазталов ауданы орталығына орнатылған Жаңа жылдық шырша шамдарын жағу рәсімі өтті. Мерекелік шараға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр қатысып, жиылған көпшілікті мерекемен құттықтады. – Құрметті аудан тұрғындары! Жақында тәуелсіз қазақ елі 2016 жылға қадам басады. Өткен жылға өкпеміз жоқ, өйткені, көптеген толағай табыстарға жетіп, айтулы шараларды атап өттік. Келе жатқан Жаңа жыл тек жақсылығымен келсін,- деген тілегін жеткізді. Жиналған көпшілікке халықтық «Қарлығаш» би ансамблінің бишілері даярлаған театрландырылған би көрінісі ұсынылды. Мұнан соң Жаңа жылдық шыршаның шамын жағу рәсімі болып, оны аудан әкімі мен қос кішкене бүлдіршін жақты. Шырша шамы жарқырап жанғаннан кейін әр түрлі мерекелік киім киген балалар шыршаны айнала билеп, түнгі аспанды әсем әуенге бөлеген мерекелік концертке ұласты. Қайрат ЖАҚЫП

ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЙДІ

Күні: , 166 рет оқылды

1913940_1532713867040191_6005860761546902290_n23 желтоқсан күні Әжібай ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қараша күні халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру және іске асыру жөнінде Бірік ауылдық округі тұрғындарымен жиналыс өтті. Жиналыста аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева Жолдаудан туындайтын міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдары туралы хабарлама жасады. Жиналыста Бірік ауылдық округі әйелдер кеңесінің төрайымы Бибігүл Әубекерова, «Ақтілек» балабақшасы меңгерушісі Зульфат Жағыпарова, жастар ісі жөніндегі нұсқаушы Нұрқадыр Бақтыгереев жарыссөзге қатысып, өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында қаралған мәселелер мен ұсыныстар бойынша қарар қабылданды. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12391091_1532714597040118_9160051604643268653_n

III ДӘРЕЖЕЛІ «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 212 рет оқылды

10653490_1532626710382240_9212658588537206464_nБиыл 2015 жылғы 17 наурыздағы Елбасының жарлығымен 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені тағайындалды. Аталған төсбелгімен көп жылғы жемісті қызметі, еңбек өнімділігіндегі жоғары жетістіктері үшін материалдық өндірістің әртүрлі салаларының еңбеккерлері мен жұмысшылары марапатталатыны белгілі. Осы «Еңбек Даңқы» орденімен ауданымыздан алғаш рет «Кардон» шаруа қожылығының тракторист-механизаторы Сансызбай Құрманалиев марапатталды. Орал қаласында 15 желтоқсан күнгі өткен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Сансызбай Құрманалиевке мемлекеттік награданы табыс етті.
Сансызбай Құрманалиев мектеп бітіре салысымен жұмыс дегеннен тартынбай, трактордың құлағында ойнады. Міне, содан бері 42 жыл бойы тракторшы болып жұмыс жасап келеді. Ол өз ісіне тиянақты, жауапкершілік сезімі мол жан. Соның арқасында өзі жүрген, еңбек еткен ортада абыройлы, жұрт оны еңбекқорлығы мен үлкенді аға, кішіні іні тұтқан бауырмалдығы үшін қатты қадірлейді. -Тәуелсіз елдің осындай жоғары наградасына ие болу әрбір адам үшін үлкен бақыт деп есептеймін. Осындай мен сияқты жұмысшылардың еңбегін ескеріп, марапаттау бізге шабыт беріп, күш-қуатымызды арттырады, -дейді марапат иесі Сансызбай аға. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ12391076_1532626703715574_6825356018061711658_n

ЖОЛДАУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Күні: , 214 рет оқылды

1012559_1532615270383384_6677320148620645142_n22 желтоқсан күні Қараоба ауылдық округінде тұрғындардың қатысуымен Елбасының 30 қараша күні халыққа арнаған Жолдауын талқылаған жиын болып өтті. Жиында аудандық әділет басқармасының және зейнетақы орталығының басшылары Эльмира Қайсағалиева, Эльмира Сармалаева Жолдаудан туындайтын міндеттер туралы айтып өтті. Жиынға қатысушылар Елбасы белгілеген міндеттерді орындау жолындағы пікір – ұсыныстарын ортаға салды. Гүлфия КӨШБАЕВА

БІРІНШІ ОРЫН ИЕЛЕНІП, «ҮЗДІК БӨЛІМ» АТАНДЫ

Күні: , 198 рет оқылды

спортҚазталов ауданының спортшылары соңғы жылдары жақсы нәтижеге қол жеткізуде. Соның бір айғағы өткенде Шымкент қаласында өткен мемқызметшілер арасындағы сайыста аудан мемқызметшілері жақсы нәтиже көрсетсе, волейбол, футболдан және бокстан да спортшыларымыз жеңіс тұғырынан көрініп жүр. 18 желтоқсан күні облыстық спорт басқармасында өткен жылды қорытындылаудың алқалы жиынында Қазталов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басқа аудандағы әріптестерінен оза шауып, бірінші орынды иеленіп, «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» атанды. Бұл марапатты облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі тапсырды.
Бөлім басшысы Досжан Ахметовке және оның ұжымына алдағы жаңа жылда да осындай биіктерден көріне беріңдер демекпіз! Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ 39 СЕССИЯСЫ

Күні: , 162 рет оқылды

21 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті 39 сессиясы өтті.

12391340_1531582680486643_695108362570670130_nСессияға аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, аудан әкімі орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен мекеме, ұйым басшылары қатысты. Сессияда «Қазталов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №31-2 «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Ауданның 2016-2018 жылға арналған бюджетін бекіту туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанболат Темірғалиев хабарлама жасады. Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизовтың депутаттарға есебі тыңдалды. Сессияда басқа да қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр мәслихат депутаты Жұмабек Хайруллинге ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны және ерекше қызметі үшін облыстық мәслихаттың Құрмет Грамотасын табыс етті. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

ДЕПУТАТТАР ДА, «НҰР ОТАНДЫҚТАР» ДА МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Күні: , 337 рет оқылды

12392025_1529030244075220_3432734957796105636_nСалтанатты жиында облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен» аудандық маслихат депутаттары Салтанат Өтеғұлова, Жұмабек Хайруллин, Еркін Ғазизов, сондай-ақ облыстық маслихаттың «Алғыс хатымен» Назгүл Сейфуллина да марапатталды. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының атынан Марат Тоясовқа, Мирбол Адаялиевке төсбелгі тағылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАРҒА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Күні: , 290 рет оқылды

12346446_1529029227408655_7288711494033413854_nБиылғы Тәуелсіздік мерекесі өткен айтулы мерекелік оқиғаларға толы жылмен аталып өтіп отыр. Күні кеше ғана Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ата Заңымыздың қабылданғанына 20 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын аталып өтті. Бұған ауданымыздың абзал азаматтары, еңбек адамдары үлкен үлес қосты. Мереке күні осы адамдар да құрметтелді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


«АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАҒЫ БЕРІЛДІ. МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ШАПАН ЖАБЫЛДЫ

Күні: , 244 рет оқылды

12342353_1529027417408836_7899913124116410580_nТәуелсіздігіміздің бізге үлкен еңбек пен келегені баршамызға мәлім. Осындай егемендігімізді бізге сыйлаған ауданымыздың азаматтары мен азаматшалары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына белсене жерлестеріміз де болды. Осы салтанатта бір топ желтоқсаншы жерлестерге естелік сыйлықтар табысталды. Мерекеде а12366352_1529026727408905_3518083484891633166_nуданның экономикасы мен әлеуметтік дамуына үлес

қосқан бір топ еңбек ардагерлеріне «Ауданның құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде табыс етілді. Олардың қатарында Ихсан Құтхожин, Шәріп Хайруллин, Сәндеш Жақашева, Жайсаң Ақбай бар. 12241278_1529026740742237_5871467075615459622_nСонымен қатар “Қазталов ауданының құрметті азаматы” еңбек ардагері Мақсот Батыровқа 85 жасқа толуына байланысты құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.

«Ауыл айнасы» ақпарат


ТӘУЕЛСІЗБІН, ЕРКІНМІН, БАЙТАҚ ЕЛМІН!

Күні: , 236 рет оқылды

10268442_1529025290742382_3632921071157816437_n15 желтоқсан күні аудандық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр өзінің құттықтау сөзінде; — Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз.Осынау жарқын мерекеде Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын, еліміз биік белестерге жетсін, ата-баба аңсаған азат елдің айбыны асқақ болсын! – деген тілегімізді жеткіземіз, — деді.

«Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.