АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 23.11.2015


«Қариясы бар ел — қазыналы ел»

Күні: , 300 рет оқылды

11889411_1484266835218228_1239450764925142034_nЖуарда қайырылымдылық айлығы аясында Казталов аудан әкімінің орынбасры Мажитова Зәйлім Исатайқызының бастауымен Орал қаласындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» және «Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде» тәрбиеленуші ауданымыздың жерлестерімен кездесуге барған болатын. «Қариясы бар ел — қазыналы ел» демекші ақ сақалды аталарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың құрметіне мерекелік концерттік бағдарлама қойылып, мерекелік дастархан әзірленіп, сыйлықтар табысталды. Қариялар өз тарапынан ризашылығын білдіріп, ақ батасын жаудырды. «Көшім балалар мекемесінде» қамқорланушы балаларға аудандық жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Нұрғалиев модульді психикалық дамыту «Ойыншығын» табыстады.

100 қадам-қарышты даму жолы

Күні: , 248 рет оқылды

Болашақты болжай білетін көреген саясаткер, елін сүйген Елбасының тәуелсіздігімізді алғаннан бері барлық буын өкілдеріне, ұлт өкілдеріне деген өлшеусіз қамқорлығын сезініп келеміз. Соның бір дәлелі-ғасыр жобасы деуге тұрарлық «Нұр Отан» партиясның XVI съезінде ұсынған Елбасының Ұлт жоспары — бес институционалдық реформасы-қарышты дамудың тың әрі серпінді қадамы деп білімен. Бұл салмақты реформаның басты бағыты-қоғамдағы заңның үстемдігін арттыру, экономикасы орныққан, болашағы бір тұтас мемлекет құру. Өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы: «Мен реформа жоспарын Ұлт жоспары деп атадым, өйткені, реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі. Реформалардың мәні – ұлтты жаңғыртуда. Ұлттың сапасы, халық рухының күші, уақыт сын-қатерлерін қабылдай білу және тек қана алға басу бұрын да мемлекет табысының айқындаушы факторы болған және бола береді. Мен реформаларды жүзеге асырудың қатаң бірізді болуын қалаймын», деген болатын. Қараөзен ауылдық округі де осы шаралардың орындалуынан тысқары қалып жатқан жоқ. Елбасының «5 реформа және 100 қадам» Ұллтық жоспарын насихаттау мақсатында ауылдық кітапханада кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әкім аппаратының қызметкерлері, ұстаздар мен мектеп оқушылары, медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел оздырылды. Ұлт жоспарын жүзеге асыру қажырлы, тынымсыз еңбекті қажет етеді. Сондықтан да оны орындап, іске асыру мемлекеттік қызметшілерге жүктелген міндет деп санаймын. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттік қызметтің қоғамның эталоны болуға бағыттайды.

«КӘРІ ҚҰДАҒА» ӘЗІРЛІК БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Күні: , 298 рет оқылды

12278823_1520351648276413_6202607575581582022_n18 қараша күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың төрағалық етуімен аудан әкімдігінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте, -ауданда мал қыстату науқанын ұйымшылдықпен өткізу, -мәселесі туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов хабарлама жасады. Ауданда қыс айына 64737 ірі қара, 242778 бас қой, 18182 бас жылқы, 197 бас түйе малы кіргелі отыр. Аудан бойынша 113 мың тонна мал азығы дайындалса, сонымен қатар өткен жылдан қалған 65 мың тонна табиғи шөп бар. Былайша айтқанда, тапсырма 102 пайызға орындалып отыр. Сонымен қатар Қазталов, Жалпақтал ауылдарында құрама жем де сатылуда. Ал, Ақпәтер ауылдық округінің 2 шаруа қожалығы Қостанай облысынан құрама жем алуды жоспарлауда. Жалпы алғанда қыс айына әзірлік жұмысы ойдағыдай деуге болады. Мәжілісте өткен қайырымдылық айлығының қорытындысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева хабарлама жасады. (толық мәтіні газетте жарияланатын болады.) Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ12246851_1520351498276428_5844357102622598529_n

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Күні: , 168 рет оқылды

12279045_1520356168275961_438150720536004400_n18 қараша күні аудандық ардагерлер кеңесінің конференциясы болып өтті. Конференцияда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, -есепті мерзім ішінде атқарылған жұмысынан,- баяндама жасады. Кеңесте тексеру комиссиясының хабарламасы тыңдалды. Қаралған мәселе бойынша Жалпақтал ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Шынболат Өтешқалиев, Қазталов ауылының еңбек ардагері Мұқанғали Бектілеуов, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов, Бостандық, Қошанкөл бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары Серікбай Жапақов, Меңдіхан Халықұлы сөз алып, атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде айтып өтті. Конференцияда сөз алғандар негізінен ауыз су, мал өнімдерін өткізу, бау-бақша өсіру тағы басқа мәселелерді тілге тиек етті. Конференцияда аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, -ауданда ардагерлер үшін жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айта келіп, алдағы уақытта да ардагерлерге қамқорлықтар болатынын жеткізді. Конференция жұмысына қатысқан облыстық ардагерлер ұйымының мүшесі Бауыржан Қойшыбаев облыс бойынша ардагерлерге жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Конференцияда аудандық ардагерлер кеңесінің құрамы бекітіліп, ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Уәлиолла Әбішев қайтадан сайланды. Конференцияда облыстық ардагерлер ұйымының конференциясына делегаттар сайланды. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды. «Ауыл айнасы» ақпарат12239924_1520356011609310_8300770604305618178_n

АНАЛАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Күні: , 154 рет оқылды

11138489_1520358181609093_1153976459906396259_n18 қараша күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен округтерден келген әйел-аналар өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу жиынында ауданда аналар кеңесін құру мәселесі қаралды. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева «Аналар кеңесі туралы» Ережені таныстырып өтті. Жалпы, аналар кеңесінің құрылуының басты мақсаты — әрбір ауылда отбасы тәрбиесі, ынтымақтастықты арттыру тағы да басқа тәрбиелік бағытта жұмыс жүргізу болып табылмақ. Жиында аудандық аналар кеңесінің төрайымы болып Нұрия Хабибуллина сайланды. Құрылған кеңес өзінің жұмыс жоспарын бекітті. «Ауыл айнасы» ақпарат12240042_1520358191609092_5077274775718661753_n

КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ

Күні: , 140 рет оқылды

12274475_1520361218275456_3383945050247806190_n18 қараша күні Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық, демографиялық саясат» және «Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық, өзара іс-қимыл үйлестіру» жөніндегі комиссиялардың мәжілісі өткізілді. Мәжілісте ардагерлер арасында мәдени көпшілік жұмыстарының жүру жәйі туралы, -аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметов, -отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде, -аудандық ішкі істер бөлімінің орынбасары Әділбек Ғазизов, -аналардың денсаулығын қорғау туралы, -аудандық орталық аурухананың директоры Қайырбай Алтаев хабарламалар жасады. Сондай-ақ комиссия мәжілісінде, -ауданда үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, -аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, -үкіметтік емес ұйымдардың кәсіпкерлік саладағы үлесі туралы, -аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Айбек Акмалиев өз хабарламаларын жасады. Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабыланды. «Ауыл айнасы» ақпарат

ЖАС МАМАНДАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Күні: , 193 рет оқылды

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасында денсаулыққа байланысты айырықша алға қойылған міндеттер – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту делінген. Елдің дамуы үшін білім берумен қатар, маман дайындау мен оларды жұмыспен қамтып, әлеуметтік қолдау көрсету бірінші кезекке қойылып отыр. Осыған орай ауданымыздағы ауруханаларда да Елбасының қолдауымен «Дипломмен – ауылға!» атты бағдарлама шеңберінде жас дәрігерлер жұмысқа қабылданып, халық денсаулығын жақсарту үшін еңбек етуде. Соның бір айғағы, 20 қараша күні Жалпақтал ауылының әкімі Самиғолла Ақмурзин Қазталов аудандық ауруханасына жаңадан келген келген жас маман, оташы Зейнұр Жүсіпұлын қабылдап, жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауыл әкімі жас дәрігерге қызметтік үйдің кілтін табыс етті. Ауданымызда ауылға келген әр маманның әлеуметтік жағдайын көтеруге барынша қолдау білдірілуде. Осындай шарапатты сезінген жас мамандар ауылдағы еңбектерін жемісті қып, ауыл тұрғындары үшін үшін аянбай қызмет жасауға ниетті. «Ауыл айнасы» ақпарат


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.