АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 16.11.2015


Өз өнімін өз дүкенінде сатады

Күні: , 136 рет оқылды

10653279_1517312371913674_8316467495858706425_nҚазталов ауылдық округіне қарасты «Дулат» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлан Малаев атакәсіпті дамытуда алдыңғы қатарда жүрген еңбек адамының бірі. Жұбайы Маншүк екеуі ен даланы малға толтырып қана қоймай, оның өнімдерін халыққа ұсынуда. Аудан орталығындағы тұрғындар дастархандарына ет, сүт өнімдері қажет болса, Маншүк апаны іздей бастайды. Енді Малаевтар тағы бір шаруаны ойдағыдай аяқтады. Соның айғағы -9 қараша күні аудан орталығынан мал өнімдерін және азық-түлік тауарларын сататын жаңа дүкен ашты. Дүкеннің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, — Мына пайдалануға беріліп жатқан дүкен халыққа қызмет етсін, әрбір кәсіп иесі өз өнімдерін халыққа ұсынып жатса, өнімдеріміздің «Қазақстанда жасалған» мақсатының орындалғаны, -деді. Дүкеннің ашылу салтанатында кәсіп иелері аз қамтылған үш отбасына азық-түліктен тегін қолдау көрсетті. Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

Ардагер-ұстаздармен кездесу өткізілді

Күні: , 250 рет оқылды

12 қараша күні аудандық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен ардагер-ұстаздармен кездесу өткізілді. Кездесуге мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин, ардагер-ұстаздар мен Қазталов және А.Оразбаева мектептерінің директорлары қатысты. Жиында сөз алған аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Уәлиолла Әбішев, — Қазіргі уақытта ардагерлер ұйымы, әсіресе ардагер-ұстаздардан құрылған ұйым қоғамға қажет. Қандай да болмасын ел арасында болып жатырған түйткілді мәселелердің жөнін табуға ардагерлердің ықпалы зор деп білемін, -деді. Сондай-ақ жиын барысында Қазталов ауылының бастауыш ардагер-ұстаздар ұйымын құру жөнінде ұсыныс-пікірлер тыңдалып, олардың басым бағыттарымен танысты. Кездесуде мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин сөз алып, ардагер-ұстаздардың игі істеріне сәттілік тіледі. Қазталов ауылының бастауыш ардагер-ұстаздар ұйымының төрайымы болып Гүлжиян Исмағұлова, орынбасары Рима Ғинятқызы, кеңес мүшелігіне А.Кенжеғалиева (тұрғын-үй және әлеуметтік сала бойынша), Б.Хайырбаева (денсаулық сақтау саласы бойынша), Г.Базартаева (мәдениет саласы бойынша) тағайындалып, ардагер-ұстаздарға қолдау көрсетілетін болады. Ардагер-ұстаздардан құрылған ұйым жас ұстаздарды тәрбиелеуде маңыздылығы зор деп білемін. Жалпы, ардагерлер ұйымы жастармен қарым-қатынаста болып, жастарды тәрбиелеу бағытында ақыл-кеңестерін айтып, сүбелі үлес қосып келеді. Қай заманда болмасын ардагерлерімізді құрметтеу, оларға қолдау көрсету біздің перзенттік борышымыз болып табылады.
Жұлдыз АСҚАРҚЫЗЫ

БӨГЕТ ЖӨНДЕЛУДЕ

Күні: , 192 рет оқылды

12193766_1517735398538038_849602082629801660_n10 қараша күні Қазталов ауданы әкімі Сарыөзен бойында орналасқан Қайып қақпасының жөндеу жұмысымен танысты. Жасыратыны жоқ жыл сайын Қайып тұсындағы бөгетті су жырып кетіп, Бостандық ауылы суға жарымай отырады. Міне, аудан әкімінің тікелей қадағалауымен бөгетте жөндеу жұмыстары қолға алынып жатыр. Алдағы уақытта Қараөзен бойындағы басты проблемаға айналған Гүрілдеуік бөгеті де жөнделмек. Қайрат ЖАҚЫП

НӘТИЖЕЛІ ІСТЕРІМІЗ КӨП БОЛСЫН

Күні: , 170 рет оқылды

12196288_1517728695205375_3032108215660184140_nБүгінгі таңда елімізде орнаған қаржы тапшылығы салдарынан біраз шаруалардың шешілмеуіне әкеліп соғуда. Бірақ та қолдағы бар қаражатты үнемдеп пайдаға жаратуға да болатыны жасырын емес. Соның бір айғағы Қазталов ауданында атқарылып жатырған тыңғылықты істерді атап айтуға болады. Биылғы жылы аудандық бюджеттен аудан аумағындағы бөгет, көлдерді тазалауға, жолдарды жөндеуге аз да болса қаражат бөлінген болатын. Өз шешімін тауып отырған істердің бірі — ауылдардағы бөгеттердің тазартылуы. Сонау Кеңес заманынан бері аршылмаған Никанор, Кіші Талдықұдық, Бейстерек, Бозаба ауылдарындағы бөгеттер тазартылып, ауданымызға қарасты басқа да елді мекендерде жалғасын тауып жатыр. 10 қараша күні Қазталов ауданы әкімі Нұрлан Бекқайыр Хайруш және Нұрсай ауылдарында болып, бөгеттерді тазалау жұмыстарымен танысып қайтты. Тазарту жұмыстарын Нұрлыбек Хайруллин жетекшілік ететін «Қуан Құрылыс» ЖШС-гі атқарып жатыр. Аудан әкімі атқарылып жатырған жұмыстарға оң бағасын беріп, өз ризашылығын білдірді. — Ауданымыздың әлеуметтік инфраструктурасының дамуына аудандық мәслихат депутаты Жұмабек Хайрулиннің және баласы Нұрлыбектің қосып жатырған үлестері зор,- деп айтуға толық негіз бар. «Қуан Құрылыс» мекемесі биылғы жылдың өзінде біраз істерді нәтижелі аяқтап, халықтың алғысына бөленіп отыр,- деді аудан әкімі өз сөзінде. Нәтижелі істер жалғасын таба берсін демекпіз! Қайрат ЖАҚЫП
+14

Ардагер – ұстазға құрмет көрсетілді

Күні: , 222 рет оқылды

12195973_1517668561878055_6425426977607803505_nҚазталов ауданында Құсайыновтар әулеті мәуелі бәйтерек болып саналады. Олай дейтін себебіміз, Кәкім, Мәжит, Нағым Құсайыновтар ауданның мәдениетіне де, әлеуметтік дамуына да өзіндік із қалдырып кеткен абзал ағалар еді.Бұл күнде бұл ағалар арамызда болмаса да, олардың ұрпақтары әртүрлі салада жемісті еңбек етіп келеді. Жақында Нағым ағамыздың жұбайы Рузия апай 80 – нің сеңгіріне шықты. Ол кенже баласы Нұрланның қолында бақытты ғұмыр кешуде. Рузия апай ұзақ жылдар ұстаздық қызметте болып, талай шәкірттерін алысқа ұшырған болатын. Бұл күнде оның шәкірттері еліміздің түкпір – түкпірінде жемісті еңбек етуде. 10 қараша күні аудандық білім, ішкі саясат және аудандық ардагерлер кеңесі Рузия апайдың шаңырағында болып, мерейлі жасымен құттықтап, иығына камзол жауып, естелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар аудан әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Рузия апай осындай құрмет көрсеткендері үшін алғысын айтып, еліміздің одан әрі көркейе беруіне батасын берді. Гүлфия Көшбаева


Алдыңғы толқын ағалардан үйренеріміз көп

Күні: , 146 рет оқылды

12227575_1517665705211674_601551172488872527_n10 қараша күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында Қазталов ауылы ардагерлері мен аудан жастарының кездесуі болып өтті.
Кездесудің басты мақсаты – деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева. – алдыңғы толқын ағалар мен жастардың арасындағы байланыс, бүгінгі жастарымыз қоғамдағы алатын орыны, міне осы мәселелер төңірегінде әңгіме қозғау еді, — деп ашты.
Кездесуде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, еңбек ардагерлері Тұрақбай Дүйсенов, Уахит Ищанов, Жұпар Мұхамбетжанова тағы басқалары жастардың бойында адамгершілік, жауапкершілік, бүгінгі заман ағымынан қалмай әр істе де алда жүрулеріне ойларын жеткізсе, жастар атынан сөз алған Әсем Халиуллина, Алиби Жангерей тағы басқалары өздерінің салалары бойынша атқарып жатқан істерінде қай кезде де алдыңғы толқын ағалардың ақыл – кеңестеріне үнемі жүгініп отыратындарын, үлгі алатындардын айтып өтті.
Сонымен қатар кешегі өткен қайырымдылық айлығы кезінде көптеген ізгі істер осы үлкендерге арналып жасалғанын да тілге тиек етті.
Кездесуде ардагерлер мен жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын ортаға салып, ашық риясыз әңгіменің тақырыбына айналды.
Гүлфия Көшбаева


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.