АЙМАҚ

СПОРТ

ҚОҒАМ

Құттықтаулар

Мұрағат: 09.11.2015


МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР ІССАПАРМЕН АУДАНЫМЫЗДА

Күні: , 208 рет оқылды

12195981_1684148998523515_8222316021140374289_n4 қараша күні ауданымызға Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Талғат Байзатов іссапармен келіп, өлкедегі атқарылып жатқан жұмыстармен, жалпы ауданның тыныс тіршілігімен танысып қайтты. Іссапарын Жалпақтал ауылынан бастаған мемлекеттік инспекторды аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин жай-жағдайымен таныстырды. Ең алдыменен орталық саябақты аралап, мұндағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш тақтаны, футбол алаңын көрді. Астаналық қонақ аудан басшысының бастауымен Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінде болды. Колледж басшысы Мағауия Есмағұлов білім ошағы жайында ақпарат берді. Мұнан кейін Жалпақтал мәдениет үйінде болып, мәдениет үйінің директоры Жанат Қалиұлы М.Ғұмаров атындағы Жалпақтал халық театры, қуыршақ театрының жұмыс жасайтындығын баян етті. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторы орталық алаңды салған жігіттердің еңбегін көріп өз ризашылығын білдірді. Іссапар барысында облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов бірге болып, мемлекеттік инспектор Талғат Әбілсейітұлы Жалпақтал ауылындағы атқарылып жатқан істерді көріп, оң бағасын берді. Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ, Жалпақтал ауылы

АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ, -ДЕЙДІ 90 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ

Күні: , 176 рет оқылды

12208778_1516214758690102_390812675325182136_n27 қаңтар күні Қазталов ауылындағы тыл ардагері Гүландам Құлжанованың үйі отқа оранып, бастарына үлкен бақытсыздық келген болатын. Сол кезде аудан әкімдігі бұл отбасының далада қалмайтыны, оларға тиісті көмек болатынын жеткізген еді. Енді соның сәті түсті. Тікелей аудан әкімі Нұрлан Бекқайырдың жеке өзінің қадағалауымен бұл отбасына үй салу қолға алынды. «Шаңырақ » жеке кәсіпкері жетекшісі Ақылбек Қабдығалиев халық арқылы жиналған қаражаттан сыңғырлаған үйді тұрғызып берді. Гүландам әжеге жолыққанда, — айналайындар, көп — көп рахмет! Бұрынғы үйімнен де жақсы салынды. Ең бірінші халқыма, сосын аудан әкімдігіне және ауыл әкімі Сәрсенбай Молдашевқа, мекемелерге, сонымен қатар Уәлиолла Әбішевке, Салтанат Мырзахметоваға, Ерболат Исмурзинге, Қанат Малаевқа, жеке кәсіпкер Абат Хитаров балаларыма алғысым шексіз, менің жасымды берсін деген тілегімді жеткіземін, — деді. Қуанышқа толы әженің қызы Нұрлы апаның да айтар алғысы осындай. Гүлфия Көшбаева12196330_1516214835356761_7728232448932031518_n

НЕСИЕ ҚАРЖЫ АЛДЫҢ, УАҚЫТЫНДА ҚАЙТАР!

Күні: , 254 рет оқылды

12115878_1515656852079226_5867412754043634645_n4 қараша күні аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың төрағалық етуімен ауданымызда шағын несие алған серіктестіктердің қарыздарын өтеуі жөнінде мәселе талқыланды. Осы мәселе жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жүсіп Шакуов, Қараоба, Бірік, Тереңкөл ауылдық округтерінің әкімдері Нұрлығали Дүйсеков, Бекқали Мусин, Жүсіп Қайыров және «Нұрберді» несие серіктестігінің төрағасы Қайрат Ибатов атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде хабарламалар жасады. Қаралған мәселеге байланысты аудандық прокурор Дәурен Медетбеков, Қазталов аудандық сот орындаушысы Роман Иманғалиев, «Орал» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының заңгері Алтынбек Керешов түсінік берді. Бүгінгі күнде «Орал» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мәліметіне сүйенсек ауданымыздағы 25 несие серіктестіктерінің қарыздары 122 млн.-нан астам теңгені құрап отыр екен. Осы қайтарылмай отырған қарыз жөнінде біршама түсінік жұмыстары жүргізілсе де, ешқандай нәтиже шықпай келеді. Қазіргі күнде қайтарылмаған қарыздарға байланысты 6 несие серіктестігі сотқа жолдануда. Осындай кемшіліктерден ауданымыз несие қаржыны қайтармауда алдыңғы орында келеді. Алдағы уақытта несие қаржы уақытылы мерзімінде қайтарылмаса ол қылмыстық іске дейін жететіні айтылды. Несие қаржыны уақытылы қайтару туралы болған мәжілісте оның кейбір түйткілді мәселелері жөнінде сауалдар қойылып, тиісті жауаптар қайтарылды. «Ауыл айнасы» ақпарат

Лос – Анджелеста жеңіске жеткен Индираға қошемет көрсетілді

Күні: , 178 рет оқылды

12063734_1515301005448144_466774865954990486_nБұдан бұрын газетте жазғанымыздай ауданымыздан №17 Жалпақтал кәсіптік колледжінің оқушысы Индира Абешева шілде айында Американың Лос – Анджелес қаласында арнайы спорт түрінен өткен әлемдік додаға дзюдо күресінен қатысып, күміс медаль иегері атанған болатын. 3 қараша күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Индираға тек ауданымыздың ғана емес, еліміздің мәртебесін көтергені үшін қошмет білдіріп, алғыс хат табыстады. Индира жақын арада Астанада өтетін тағы бір додаға қатысқалы отыр. Жауқазындай өсіп келе жатырған спорттың ерекше бір түрін тандаған, таңдап қана қоймай қайсарлығының арқасында қарсыластарынан боз кілемде мерейі үстем болған Индира сіңіліме алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне бер деген тілегімді жеткіземін. Гүлфия Көшбаева

Республикалық сайысқа қатысқандарға алғыс хат табыс етілді

Күні: , 152 рет оқылды

12189042_1515300065448238_9147244291832603319_n25 – 29 қазан күндері Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада өткен болатын. Сол спартакиадаға ауданымыздан мемқызметкерлер Сағынғали Бекжанов, Нұрбек Ихсанов, Ербол Аяпов қатысты. Нәтижесінде шахмат сайысында аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бекжанов 2 орын алды. Сонымен қатар облыстық футбол командасының құрамында Ербол Аяпов және баскетбол командасында Нұрбек Ихсанов болған еді. Футболдан батысқазақстандықтар 3 орын, баскетболдан 4 орын иеленді. Осы командалық жеңіске біздің ауданның мемқызметкерлерін де үлесі зор. Сондай – ақ 30 қазан – 1 қараша аралығында Орал қаласында БАҚ өкілдерінің арасында Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған республикалық спартакиада өткені белгілі. БҚО журналистерінен құралған волейбол командасында «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Гүлфия Көшбаева да спартакиадаға қатысты. Нәтижесінде бұл команда 3-інші орынға ие болды. Осы ауданымыздан қатысқан түрлі салада қызмет істейтін есімдері аталған қызметкерлерге аудан әкімі алғыс хат тапсырып, облыстық, республикалық додаларға белсене қатысқандары және жеңіске үлес қосқандары үшін алғысын білдірді. «Ауыл айнасы» ақпарат

ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ ТАБЫС ТІЛЕДІ

Күні: , 144 рет оқылды

12191773_1515299792114932_5974954530743479281_n3 қараша күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр облыс орталығына қызметке ауысып жатқан аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Медет Айдынғалиевқе алғыс хат табыс етті. Медет Айдынғалиев жоғарғы оқу орнын бітіріп келгеннен кейін ауданның қаржы саласында жемісті қызмет жасады. Ол өзінің ізденімпаздығын үнемі көрсетіп келе жатырған мемлекеттік қызметкер. Соның бір айғағы Астанадағы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірді. Аудан әкімі білікті де, білімді жастың жаңа қызметте де табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді. Гүлфия Көшбаева

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Күні: , 150 рет оқылды

12190103_1515299668781611_7147106956093105916_n3 қараша күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудандық қорғаныс бөлімінде ұзақ жылдар еңбек еткен Христофор Бабоенкоға Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің медалін табыстады. Христофор Бабоенко көп жылдардан бері аудандық қорғаныс бөлімінде қызмет етіп келеді. Ұлты басқа болса да, қазақ халқымен туысқандай болып кеткен Христофор Қазталов ауылын өзінің туған ауылы санайды. Ол тек адал қызмет етіп қана қоймай, достықты, бірлікті ту еткен азамат деп санаймыз. Гүлфия Көшбаева

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 37 СЕССИЯСЫ

Күні: , 126 рет оқылды

12196010_1515297612115150_8321553243955136093_n3 қараша күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 37 сессиясы оздырылды. Сессияда «Пайдаланмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» аудандық жер қатыныстары бөлімінің басшысы Ролан Сарбупин хабарлама жасады. Сондай – ақ сессияда «Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 18 сәуірдегі №23 -1» «Сайлау комиссиясының сайлау туралы» «шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Қайыржан Өмірәлиевтің хабарламасы тыңдалды. Сессия басқа да қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады. «Ауыл айнасы» ақпарат

ӨНЕР АДАМДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Күні: , 204 рет оқылды

12189063_1513736185604626_7030334929855090864_n29 қазан күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр ауданымызға «Туған елге тағзым» атты концертік бағдарламамен келіп жатырған Батыс Қазақстан облыстық Жастар шығармашылық орталығының бір топ көкркемөнерпаздарын қабылдады.

Кездесуде Жастар шығармашылық орталығының директоры Бауыржан Халиолла, сондай-ақ ауданымыздан шыққан өнерпаздар Айбар Қайырханов, Альберт Ғазизжанов бұл шығармашылық сапарларының негізгі мақсатын айтып өтті. Сондай-ақ кездесуде аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр өнер адамдарына шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тіледі. Концерт 29 қазан күні сағат 19:00-де Қазталов аудандық мәдениет үйінде өтеді. Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ


Қазталов ауданы, Шарафутдинов көшесі 13
zhaik_presscenter@mail.ru
aulainasi@mail.ru

"Ауыл айнасы"

"Ауыл айнасы" газетінің бас редакторы: 8-71144-31-4-68
Тілшілер: 31-4-68, 21-3-70
Жарнама бөлімі: 21-0-42

 

.